50
және басқа пәндер бойынша бағдарламаларды меңгеруде сөйлеудің
алғышарттарын қалыптастыруға бағытталған.
4) «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау». Бұл сабақтарда оқушылардың өз
бетінше өмір сүруіне практикалық дайындық, әлеуметтік нормалар мен
ережелерге сәйкес өз тұрмысын құру дағдыларын, қоғамның әлеуметтік және
мәдени өміріне араласу дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сабақтарда сынып 2 топқа
бөлінеді.
5) «Психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамыту» (орташа ақыл-
ой кемістігі бар оқушылар үшін). Бұл сабақтарда оқушылардың сенсорлық
аясын байыту және сенсорлық-естілім қызметін дамыту бойынша жұмыстар
жүзеге асырылады: әр түрлі модальдық түйсінуді белсендіру; қабылдаудың
барлық түрлерін дамыту; кеңістіктік-уақыттық бағдарлауларын қалыптастыру
және графикалық дағдыларын дамыту; танымдық белсенділігін және
дербестігін арттыру.
Білімді балдық бағалау түзету циклінің пәндері бойынша жүзеге
асырылмайды.
Оқушылардың
жетістіктерін
сипаттық
бағалау
пайдаланылады.
Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың еңбек дайындығына ерекше мән
беріледі. Еңбекке баулу баланың ақыл-ой дамуын және оның адамгершілік
тәрбиесін түзетудің қуатты құралы ретінде қарастырылады. Еңбекке
дайындау түлектерге мектеп бітіргеннен кейін өндіргіш еңбекке тікелей
кірісуге мүмкіндік береді. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу балаларда
қарапайым еңбек тәсілдерін, жалпы еңбектік іскерліктер мен дағдыларды
қалыптастырады, өз беттілігін және еңбек қызметіне деген оң уәждемесін
дамытады.
4-6-сыныптарда алдағы уақытта окытылатын кәсіптік-еңбектік оқыту
үшін пропедевтикалық, кәсіптік диагностикалық және кәсіптік бағдарлық
болып табылатын «Жалпы еңбектік дайындық» курсы енгізіледі. Бұл курс
сондай-ақ табысты әлеуметтік бейімдеу мақсатында енгізіледі. Жалпы
еңбектік дайындық процесінде оқушылар тұрмыста әрбір адамға қажетті
еңбек әрекетінің әр түрін меңгереді.
7-сыныптан 9-сыныпқа дейін еңбекке баулу кәсіби бағыттылықпен
жүзеге асырылады. Еңбекке оқытудың бейіндерін өңірдің ерекшеліктерін
және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін ескере отырып, мектеп
әкімшілігі анықтайды. Еңбекке баулу бойынша сабақтарда сынып оқушылары
2 топқа бөлінеді. Топтарды жинақтау оқушылардың танымдық және
психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, дәрігердің ұсынысы
бойынша жүзеге асырылады. Еңбекке оқытудың бейіні баланың
психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынысын және мектептің
мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке анықталады. Қажет болған жағдайда
еңбекке оқытудың бейіні өзгеруі мүмкін.
51
5-6-сыныптарда еңбек тәжірибесі мектеп базасында, 7-9-сыныптарда
мектеп шеберханаларының базасында жүзеге асырылады. Еңбек тәжірибесін
өтудің мерзімі мен тәртібін жергілікті жағдайларды негізге ала отырып,
мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.
Мектепте оқыту еңбекке баулу бойынша емтиханмен аяқталады. Білім
алушылар бітіру емтихандарынан белгіленген тәртіппен босатылуы мүмкін.
Еңбек дайындығы пәндері бойынша бітіру емтиханын орташа ақыл-ой
кемістігі бар оқушылар тапсырмайды.
52
3 Ұйымдастыру-әдістемелік тарау
Психологиялық-педагогикалық қолдау және жеке тәсіл
Қарастырылып отырған топ оқушыларының ерекше білім беруге
қажеттілігінің бірі мұғалімдер және мамандар командасымен (психолог,
логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог, нұсқаушы, ЛФК, дәрігер т.б.)
арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауын қамтамасыз ету болып
табылады. Мамандардың өзара әрекеттестігі ерекше білім беруге қажеттілігі
бар оқушыларды оқыту мен дамыту проблемаларын еңсеруге бірыңғай
тәсілдерді жүзеге асыру мен жасау, оның отбасына көмекті ұйымдастыру,
сонымен қатар күнделікті сыныпта балалармен жұмыс істейтін педагогтарға
бағытталуы керек. Команда мүшелерінің өзара әрекеттестігінің ережесі:
- өзара сыйластық, команданың барлық мүшелері тарапынан өзара
көмекке дайындық;
- нақты педагогикалық міндеттерді шешуде нақты қызметтерді бөлу;
- білім беру және түзету процесінде команданың барлық мүшелері тең
құқылы қатысуы, өзінің және ортақ жұмыс нәтижесіне жауапты болу.
Мамандар командасы әрекетінің мазмұны айтарлықтай әртүрлі:
- мектепке келген балалардың қажеттілігі мен оқытуын қолдауға
дайындықтарын айқындау;
- мектепке бейімделуі мен оқуда қиыншылығы, зейінді және
эмоционалды, физикалық дамуында ауытқушылығы бар оқушыларды
анықтау, егер қажет болған жағдайда ПМПК кеңесіне жіберу;
- оқуда белгілі бір жетістікке жетуін қамтамасыз ететін ПМПК
қорытындысы бар оқушылардың танымдық әрекетіндегі ерекшеліктерді
зерделеу, психологиялық-педагогикалық, түзету, алдын алуын анықтау іс-
шаралары үшін жеке және эмоционалды-ерікті дамуын зерделеу;
- мектепке келген балалардың оқуға дайындығы мен қажеттілігін
қолдауды анықтау мақсатында кешенді зерделеу;
- мектепке бейімделуі мен оқуда қиыншылығы, зейінді және
эмоционалды, физикалық дамуында ауытқушылығы бар оқушыларды
уақытылы анықтау, егер қажет болған жағдайда ПМПК кеңесіне жіберу;
- оқуда белгілі бір жетістікке жетуін қамтамасыз ететін әлеуметтік,
психологиялық-педагогикалық түзету, алдын алуын анықтау іс-шаралары
үшін жеке және эмоционалды-ерікті дамуын зерделеу, ПМПК (сөйлеу, есте
сақтау, зейін, жұмысқа қабілеттігі және басқа да психикикалық функциялар)
қорытындысы бар оқушылардың танымдық әрекетіндегі ерекшеліктер мен
деңгейін анықтау;
-
ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды
психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламаларын әзірлеу
және жүзеге асыру;
- жеке, жұптық, топтық түзете-дамыту сабақтарын жүргізу;
- психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыру;
Достарыңызбен бөлісу: |