28
Оқу әрекетін нормаға сәйкестендіру және оқытудағы қиындықтарды
жеңу барысында арнайы сыныптың оқушысы, оқытудың кез келген
сатысында кәдімгі сыныпқа ауыстырылуы мүмкін.
Қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар интеллектуалдық ауытқуы
байқалатын бала ақыл-есі кем оқушыларға арналған арнайы сыныптарда
оқытылады.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып
жағдайында оқыту түзету компонентін қамтитын арнайы Үлгілік оқу
жоспарларына, сонымен қатар жалпы білім берудің бағдарламалары мен
оқулықтарына жүзеге сәйкес асырылады. Негізгі мектепте оқыту мерзімінің 1
жылға ұлғайтылуына байланысты жалпы білім беру бағдарламаларының
мазмұны балалардың ерекшелігін ескере отырып жаңаша бөлістіріледі және
бейімделеді.
Оқу процесінде оқушылардың қимыл-қозғалыстық және сөйлеу
ерекшеліктерін ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды,
АКТ және басқа да материалдарды қолдану қажет.
Оқушылардың
білім
алудағы
ерекше
қажеттіліктерін
қанағаттандыру
Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге
асырылады, сонымен қатар дене, танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы
ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды. Оқу процесін ұйымдастыру арнайы
әдістер мен тәсілдерді қолдануды, бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен
тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық (алдын ала)
оқытудың арнайы сабақтарын кіргізуді, сонымен бірге дамудағы ауытқуды
түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді
қарастырады. Бұндай сабақтарда алынған білімдер мен дағдылар жалпы білім
беретін пән сабақтарында бекітіледі.
Тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған балаларды оқыту
емдеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылады, бұл
жұмыстардың құрамына: қимыл-қозғалыстың бұзылуын медициналық түзету,
жүйке-психикалық ауытқуды дәрі-дәрмектік емдеу, соматикалық аурулардың
алдын алу кіреді. Емдеу іс-шараларын бала дәрігерлері (педиатрлар),
психоневрологтар, ортопедтар, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) дәрігерлері,
физиотерапевтер, орта және кіші медициналық қызметкерлер жүзеге
асырады.
Мектеп оқушысының қимыл-қозғалыстық, сөйлеу және жалпы
дамуындағы кемшіліктерді жеңу үшін келесі курстар бойынша арнайы оқу
жоспарымен қарастырылған жекелеген және топтық түзету сабақтары
ұйымдастырылады:
1) массаж,
шипалы балшық-сумен емдеу, дәрі-дәрмекпен емдеу аясында
ұйымдастырылатын
ЕДШ
(балалардың
қимыл-қозғалысы
бұзылуы