32
өзіндік ерекшеліктері бұзылудың келесі түрі ретінде байқалады, ал олардың
байқалу деңгейі тілдік потологияның көлемімен анықталады.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар оқушылар үшін зейіннің тұрақты
болмауы, алаңдаушылық, тілдік құбылыстарға байланысты байқағыштықтың
жеткіліксіз болуы тән. Олар ауызша материалды есте сақтау барысында
қиындық көреді, өз бетінше орындаған оқу тапсырмаларында көптеген
қателер жібереді.
Жазбаша тіл ауызшаға қарағанда екінші орында болады және ауызша
тілдің негізінде құрастырылады, сол себепті жазбаша тілді меңгеру деңгейі
сөйлеу тілінің даму деңгейімен анықталады.
Тұтығу, ринолалия (дыбысты айтудағы кемістік) және дисфонияның
(дауыс сапасының бұзылуы) ауыр түрлерімен ауыратын балалар сөйлеу
қабілеті күрделі бұзылған оқушылардың ерекше тобын құрайды. Аталған
жағдайлардың әрқайсысы негізгі кемістікте өзіне тән көрініске ие. Мысалы.
кекештену – бұл сөйлесу кезінде селкілдек тырыспа түрінде, ринолалияда –
дыбыстарды айтудың және фонематикалық қабылдаудың бұзылуынан,
дисфонияда – дауыстың бұзылуынан байқалады. Алайда, бұл оқушылардың
жалпы білім беретін мектеп жағдайында білім
алу процесін қиындататын, осы
санаттағы балаларға ортақ ерекшеліктер де байқалады. Бұл ерекшеліктердің
арасынан сөйлеу және мінез-құлықтық негативизмді (қарама-қарсы теріс
әрекет) атап өту қажет, аталған ерекшеліктер баланың әлеуметтік
бейімсізденуіне, оқуда үлгермеушілігіне, тұлға жүйкесінің жұқаруына
(ашушаң болуына), бейәлеуметтік тәртіпке, мектепке барудан бас тартуға
әкеледі. Оқушыларда сөйлеудің өзіндік қисынды құрылымы, оқу және жазу
барысында өзіне тән тұрақты қателер, эмоционалдық-еріктік жүйенің
қалыптасуында ауытқулар байқалады.
кейбір қияли ауру адамдардың қарама-қарсы теріс әрекеті
кейбір қияли ауру адамдардың қарама-қарсы теріс әрекеті )
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытудың арнайы
жағдайлары
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған балаларды оқытудың
негізгі
міндеттері МЖБС сәйкес жалпы білім беру, сонымен қатар олардың сөйлеу
тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды, соған байланысты пайда болған
балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріндегі кемшіліктерді жеңуді,
олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін теңгеруші (компесаторлық)
дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады.
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып
жағдайын да (қажетті психолог-педагогтік қамтамасыз ету барысында),
сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге
асырылуы мүмкін.
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып
жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:
- бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар;
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі мектепті
бітіргеннен кейін жеткіншек білімін ТжКБ ұйымдарында жалғастыра алады.