7
қызмет түрлері ақылы болғандықтан балалардың барлығына бірдей қолжетімді
емес.
Мұндай жағдайдың бірден бір себебі тәрбиені әлеуметтік құбылыс және
мақсатты процесс ретінде жете бағаламаушылық болып табылады. Тәрбие
жастардың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын рухани-адамгершілік
құндылықтар мен қасиеттерді қалайды.
Сонымен, қазіргі жағдайда тәрбиенің үйреншікті үлгісі тиімсіз болып
қалды және жалпыадамзаттық әрі ұлттық құндылықтарға тәрбиеленген
Қазақстан азаматын қалыптастырудың жаңа жағдайлары мен талаптарына
жауап беретін Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың объективті
алғышарттары қалыптасты.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны
және іске асыру механизмдері
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы
жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.
Міндеттері:
-
білім беру ұйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттар-
дың күшін біріктіру;
-
қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу;
-
білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі
мен сабақтастығын қамтамасыз ету.
Нысаны: білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас
педагогикалық процесі.
Іске асыру тетіктері: Білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік
түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды,
тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негіз
болады.
8
Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің нормативтік негізін Қазақстан
Республикасының келесі стратегиялық құжаттары құрайды:
–
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
– «
Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1995 жылы
30
тамызда республикалық референдумда қабылданған. 2011. 02. 02. берілген
өзгертулер мен толықтыруларымен);
− «
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан
Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ Кодексі (2014.
17.11.
берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
– «
Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі
№ 319-III Заңы (2015.13.01. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
– «
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы (2014.29.12.
берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
– «
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республика-
сының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы;
–
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты»;
–
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ»;
–
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»;
–
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен
бекітілген (2014. 12.08. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
–
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі
2013-2020
жылдарға арналған тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы
Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 жарлығымен бекітілген;
–
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің
2014
жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген;
− «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын
күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы;
– «
Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік
жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
2013
жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысымен
мақұлданған;
–
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
9
тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009
жылғы 16 қарашадағы № 521 Бұйрығымен бекітілген;
– «
Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін
пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу
бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Бұйрығы.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Адам құқықтарының жалпыға
бірдей декларациясын, Бала құқықтары туралы конвенцияны, Адамның
экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық
декларациясын, Үздіксіз білім беру бойынша ЮНЕСКО ұсынымдарын
ескереді.