Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның
ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).
Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік
құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды
ерекшеленеді.
Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты,
өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет.
Оқу бағдарламалары, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге
бағытталады.
Жоғарыда көрсетілгендей, функционалдық сауаттылық терминіне деген
ықыластың артуы, математика және жаратылыстану бойынша білім нәтижелері
TIMSS (Third International Mathematic sand Science Study) және оқушыларды
бағалау бағдарламасы PISA шеңберінде жүргізілген халықаралық зерттеулердің
жетістіктерімен үйлестірілген. 2009 жылғы, Қазақстан қатысқан PISA
нәтижелерінің талдауы көрсеткендей, зерттеу оқу бағдарламаларын меңгеру
деңгейін анықтауға емес, оқушылардың алған білімі мен білігін күнделікті
жағдайларда қолдану қабілетін бағалауға бағытталған. Қазақстандағы
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша білім беру жүйесіндегі
жағдайдың талдауы төмендегіні көрсетті.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мектеп
оқушылары білім нәтижелерінің мазмұны мен бағасын анықтайтын
институттар: Ұлттық білім академиясы, «Оқулық» Республикалық ғылыми-
практикалық орталығы, Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау
орталығы, аймақтардағы білім саласын бақылау департаменттері дамыды.
Оқушылар жетістіктерін бағалаудың TIMSS, PISA халықаралық зерттемелеріне
қатысу тәжірибесі жинақталды. TIMSS – 2007 халықаралық зерттемесінде
жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.
Құзыреттілік білім моделін жүзеге асыруға бағдарланған 12 жылдық білім
беру стандарты әзірленуде. Білім берудің ұлттық құндылықтары мен
мақсаттары базалық құзыреттер, өмірлік рөлдер түрінде құрастырылған:.
–
мейірімді адам;
–
бауырмал отбасы мүшесі;
–
шығармашыл дара тұлға;
–
жауапкершілікті азамат;
–
салауатты және кемелденуші тұлға.
Базалық құзыреттер тұлғаның басты қасиеттерін сипаттайды және білім
алушылардың қоғамдағы өз орнын табуға, өзін әлемнің бір бөлігі ретінде
сезінуге жағдай жасайды. Олар бағдар ретінде әр адамның өз өмірін құруға,
қоғамдағы тіршілікке өзек болады, сондай-ақ орта білімнің жасампаздық рөлін
күшейтуге негіз болады.
Жалпы мақсат орта білім берудің мақсаттары арқылы нақтыланады. Орта
білім берудің мақсаты – білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына,
14
алған білімін кез-келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен
пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік
беруді қамтамасыз ету.
Түйінді құзыреттер білім алушылардың адамгершілік және этикалық
нормаларға қайшы келмейтін жетістікті шешім қабылдау үшін танымдық және
практикалық біліктері мен дағдыларын кіріктіруге дайындығын байқататын
білім салалары аралығындағы қабілеттер болып табылады. Түйінді құзыреттер
адамның адамгершілік құндылықтары мен ынталарын қалыптастыруға, сондай-
ақ әлеуметтік және мінез-құлықтық әрекеттерінің дамуына алғышарт болады,
әрбір білім салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауға қызмет етеді.
Түйінді құзыреттерге:
–
ақпараттық құзырет;
–
коммуникативтік құзырет;
–
проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады.
Қазақстанда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
іс-әрекетіндегі басты бағыттар ретінде келесілер анықталған:
1.
Нормативтік құқықтық база.
2.
Ғылыми зерттеулер.
3.
Ұлттық стандарт, оқу бағдарламалары.
4.
Оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер.
5.
Оқытудың технологиялары.
6.
Білім жетістіктерінің нәтижелерін бағалау.
7.
Мұғалімдерді даярлау және біліктілігін арттыру.
8.
Ақпараттық орта.
9.
Имидждік жобалар.
2.1
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің Қазақстан Республикасы білім беру
ұйымдарының тәжірибесі
«Білім туралы» Заң отбасын балалардың дер кезінде білім мен кәсіби
дайындық алу, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, еңбекке дағдыландыру,
қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарау, баланың денсаулығы мен оның дене
күшін толыққанды дамыту туралы ерекше қамқорлық жасау үшін қажет жағдай
жасауына міндеттейді.
Отбасы тәрбиесі, кең мағынада – балаларды әлеуметтендіру мен
тәрбиелеудің бастапқы түрі, бұл процестің барысында тұлға дамиды және
қалыптасады.
Отбасының тәрбиелік қызметіне елімізде орын алған келесі үрдістер,
құбылыстар мен процестер ықпал етіп отыр: ата-аналары бола тұра, жетім
балалар, ата-аналар қамқорлығынан айырылған балалар, қараусыз қалған
балалар проблемалары; отбасыларда әйелге (ерлерге), балалар мен қарттарға
зорлық жасау мен қатал қараудың пайда болуы; ата-аналар мен балалары
арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы; балаларының ата-анасына, ата-
15