Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет5/15
Дата21.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#23430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Пікірталас  ғылыми  жетістіктерді  (зерттеушілік,  инновациялық  аспектілер) 

қолдану  мүмкіндігіне  қатысты,  сол  сияқты  этикалық  және  экологиялық 

аспектілерді қозғауы мүмкін. 

Бұл  тестіден  жекелеген  сабақтар  ғана  емес,  тұтас  сабақтар  блогы 

толығымен өтуі тиіс, бірақ әрбір сабақтың дерлік мазмұны осы шартты тесттің 

кем дегенде бір сұрағына оң жауап беруі қажет екені түсінікті. 

Мұғалім 

оқушылардың 

жаратылыстану-ғылыми 

сауаттылығын 

қалыптастыру  міндетін  қойған  кезде  оның  құзыреттілігіне  де  қойылатын 

талаптар туындайды. 

Біріншіден,  мұғалім  өзі  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылықты  құрайтын 

құзыреттіліктерді игеруі тиіс, ал ол көп жағдайда орын ала бермейді. Тек осы 

жағдайда  ғана  ол  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылықты  оқу  процесінде 

мақсатты  түрде  қолданады,  тіпті  өздігімен  осындай  тапсырмаларды  әзірлей 

алады.  

Екіншіден, мұғалім оқушылардың жоғарыда аталған нәтижелі іс- әрекетінің 

ұйымдастырушысы  (немесе  үйлестірушісі)  болуы  тиіс.  Бұл  оның 

педагогикалық құзыреттіліктеріне белгілі бір талаптар қояды.  

Талаптардың  осы  екі  түрі  жаратылыстану-ғылыми  пәндер  циклі 

мұғалімдері дайындығының да, сонымен қатар біліктілігін арттыру мазмұнын 

да анықтайды. 

 

Сонымен, 



талаптардың 

бірінші 


түрі 

(жаратылыстану-ғылыми 

сауаттылықты  меңгеру)  шындығында,  белгілі  бір  деңгейде  мұғалім  ғалым- 

зерттеуші  біліктілігін  меңгеруі,  яғни  өзінің  кәсіби  даярлығы  кезінде 

(біліктілігін  арттыруымен  бірге)  жаратылыстану  ғылымдары  саласында 

зерттеушілік  қызмет  тәжірибесін  алуы  және  толықтыруы  тиіс  екендігін 

білдіреді.  

Біліктілікті  арттыру  бағдарламасының  бір  модулі  осындай  тәжірибені 

қалыптастыруға бағытталуы мүмкін. 

Басқа  модуль  оқушылардың  жаратылыстану-ғылыми  және  оқу 

сауаттылықтары  қалыптастыру  көзделген,  құзыреттілікті-бағдарлы  деп 

аталатын, тапсырмаларды әзірлеуге бағытталуы мүмкін.  

Үшінші, 

соңғы 


модуль, 

нәтижелі 

іс-әрекетті 

ұйымдастыру 

технологиясының  мазмұнына:  зерттеушілік  қызметтің  түрлері  мен 

элементтеріне,  модель  құруға,  деректерді  талдауға,  жобалауға,  пікірталас 

жүргізуге және т.б. арналуы мүмкін. 

Сонымен,  оқыту  процесінде  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

дамыту  проблемасы  оқу  қызметі  мазмұны  мен  мұғалім  құзыреттілігі 

аспектісінде жүзеге асырылуы тиіс [12].  



 

 

 

 

 

 

12 


 




Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудағы 

мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны  

 

Білім беру нәтижелері оқушыларды мектепте оқыту процесінің соңғы өнімі 



болып  табылады  және  білім  алушы  тұлғасындағы  сапалы  өзгерістерді 

дәлелдейді,  оның  мінез-құлқында,  әлеуметтік  ортамен  өзара  іс-әрекет  етуінде 

көрініс табады. 

Білім беру нәтижесін көрсету деңгейінің бірі – функционалдық сауаттылық, 

ол  тұлғаның  білім,  білік  және  дағдылар  негізінде  әлеуметтік  қатынастар 

жүйесінде  қалыпты  қызмет  ету,  нақты  мәдени  ортаға  барынша  жылдам 

бейімделу қабілеті ретінде анықталады.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2012  жылдың 

27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының 

басты бағыты» атты Жолдауында: «Білім жүйесі тек білім ғана емес, сонымен 

қатар,  оны  әлеуметтік  бейімделуде  қолдану  білігін  беруі  тиіс»,  −  деп  атап 

көрсетілген.  Осыған  орай,  Мемлекет  басшысы  мектеп  оқушыларының 

функционалдық сауаттылығын одан ары дамыту қажеттілігін атап өтті [3]. 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық 

және  оқу-әдістемелік  қамтамасыз  ету  жөніндегі  іс-шаралар  кешенін  «Мектеп 

оқушыларының 

функционалдық 

сауаттылығын 

дамыту 

жөніндегі  



2012-

2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қамтиды [1].  

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  қазіргі       

11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім 

беру стандартын жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі 

ретінде айқындалады.  

Бұл  ретте  функционалдық  сауаттылықты  дамыту  нәтижесі  білім 

алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және 

әлеуметтік  бейімделу  процесінде  сәтті  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  негізгі 

құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік − бұл 

мемлекеттің  орта  мектепті  бітіруші  тұлғаның  сапасына  МЖБС-да  және  оқу 

бағдарламаларында  көрсетілген  білім  беру  нәтижелері  түрінде  қоятын 

талаптары. 

Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген: 

Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); 

Ақпараттық  (өзіндік  танымдық  қызметке  қабілеті  немесе  өмір  бойы  білім 

ала білуі); 

Коммуникативтік  (қазақ,  орыс  және  ағылшын  (шет)  тілдерінде  ауызша, 

жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті); 

Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті); 

Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-

өзі анықтау, төзімді болу қабілеті); 

Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің 

Отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);  

13 

 



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау