Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы  мәселелерін  зерттеу



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет2/15
Дата21.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#23430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы  мәселелерін  зерттеу 

әдіснамасы 

 

Қоғам  дамуының  заманауи  кезеңінде  постиндустриалдық  әлемдегі 

өзгерістерге  тез  бейімделетін  адамдар  қажет.  Жаңа  жағдайларда  мектептегі 

оқыту  процесі  «өмір  бойы  оқыту»  тұжырымдамасын  жүзеге  асыруға  ықпал 

ететін  құзыреттерді  дамытуға  бағдарлануы  тиіс.  Құзыреттілікті  дамытудың 

алғышарты  ретінде  белгілі  бір  функционалдық  сауаттылық  деңгейдің  болуын 

атауға болады.  

Білім беру жүйесін жаңғыртудың басты бағыты ретінде оқушылардың өзін 

дамытуы және қоғам өміріне пайдалы үлес қосуы үшін ақпаратты өздігінен алу, 

талдау, құрылымдау және тиімді пайдалануын көрсетуге болады.  

Функционалдық  сауаттылық,  яғни  «адамның  өмірдің  және  іс-әрекеттің 

түрлі  саласында  қолданбалы  білім  негізінде  қалыпты  тіршілік  міндеттерін 

шешу қабілеті» – осы процестің өзегі болып саналады [5, 27].  

Осыған  орай,  білім  беру  ұйымдарындағы  оқыту  процесі  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  дамытуға  бағытталуы  тиіс.  Пәндік  талаптарды 

жеке  пәндердің  құралдары  арқылы  жүзеге  асыру  мүмкін  болса,  білім  берудің 

тұлғалық  және  метапәндік  нәтиже  талаптарын  мектептің  негізгі  білім  беру 

бағдарламасына  енетін  барлық  оқу  пәндері,  курстары  және  модульдерінің 

бірлескен және келісілген әсері арқылы жүзеге асыруға болады.  

Отандық және  шетелдік  білім  беру  теориясы  мен практикасына  жүргізген 

зерттеулер  көрсеткендей,  мектеп  және  отбасы  өзара  іс-әрекетінің  көптеген 

аспектілері  зерделенген,  мектеп  −  отбасылық  қатынастардың  тиімді  дамуына 

кедергі келтіріп отырған себептер анықталған, проблемаларды шешудің тиімді 

жолдары (Х.А.Арғынбаев, Н.Н.Архангельская, К.Т. Атемова, С.В.Дармодехин, 

Е.Г.Замолоцких,  М.  Кабакова,  И.А.  Корнилко,  К.К.Құнантаева,  И.Н.Миняйло, 

Е.С.Муляр, О.А.Перегудова, Г.В.Сабитова және т.б.) іздестірілуде. Мектеп пен 

отбасында тәрбие берудің (Ш.А. Амонашвили, С.Г. Вершловский, Г.Н. Волков, 

Н.В.  Бордовская,  Қ.Б.  Бөлеев,  Қ.Б.  Жарықбаев,  Л.Н.  Ибраимова,  С.Қ.  Қалиев, 

К.Ж.  Қожахметова,  И.С.  Кон,  Ә.Т.  Табылды,  С.А.  Ұзақбаева  және  т.б.), 

құзіреттілік бағыт әдіснамасының (В.А. Болотов, М.Ж. Жадрина, А.К. Маркова, 

С.Д. Мұқанова, Ф.Ш. Оразбаева, Г.К. Селевко, В.В. Сериков, В.А. Сластенин, 

А.В. Хуторской және т.б.) өзекті мәселері зерттелуде. 

Білім  сапасының  мәнін  ашу,  педагогикалық  квалиметрия,  оқушылардың 

білімдік  және  біліктік  сапасы,  оқушылардың  деңгейлік  тұрғыдан  білімділігі, 

білім  беру  сапасының  мониторингі  және  диагностикасы,  оқушылардың 

жетістіктерін бағалау, құзыреттілік тұрғы сияқты мәселелерге соңғы жылдары 

көп көңіл бөлінуде.  

Өкінішке  орай,  білім  сапасын  бағалаудың  педагогикалық  және 

дидактикалық-әдістемелік,  мониторингтік  және  диагностикалық  зерттеулері 

жиі кездеспейді және сондықтан да көптеген мәселелер жеткілікті зерттелмей 

отыр.  



 




Мектептегі білім беру сапасын бағалау әдістемесінің негізгі проблемалары, 

біріншіден,  бағалау  қажеттілігін  (оқыту  сапасы  нәтижелері,  білім  беру 

стандарты,  оқушылардың  білімділік  деңгейі,  мектеп  түлектерін  даярлау 

сапасына  қойылатын  талаптар  проблемалары),  және  екіншіден,  бағалау  қалай 

жүзеге  асырылғанын  (бағалау  кезеңдері,  принциптері,  түрлері,  әдістері, 

құралдары)  айқындаудан  тұрады.  Соңғы  жылдары  оқытудың  теориясы  мен 

әдісінде  білім  беру  сапасын  бағалау  проблемасы  өзекті  сипат  алып  отыр. 

Мәселені  зерттеу  бұл  бағытта  мектеп  түлектерін  даярлау  сапасын  бағалау 

бойынша білім мазмұнының міндетті минимумы, мектеп түлектерін даярлауға 

қойылатын талаптар көрсетілген жұмыстар жарияланғанын көрсетті. Білім беру 

процесі  нәтижесінің  сапасын  бағалау  проблемасы  жағдайын  талдау 

қорытындысы  біздің  қоғамның  жаңа  әлеуметтік-мәдени  жағдайлары,  білім 

берудегі  бұрынғы  құндылықтар  мен  басымдықтардың  дағдарысы,  білім  беру 

жүйесінің  пәнді  оқыту  сапасын  бағалаудың  озық  үлгілері  мен 

технологияларына  көшуі  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

бағалаудың  заманауи  теориялары  мен  әдістерін  құру  қажеттілігін  көрсетті. 

Функционалдық сауаттылықтың ерекше сипаттары: 

 

1) тұрмыстық проблемаларды шешуге бағыттылығы;  



2)  нақты  әлеуметтік  жағдаяттарда  көрінетіндіктен,  тұлғаның  ахуалдық 

сипаттамасы болып табылады; 

 

3) стандартты, стереотиптік міндеттерді шешумен байланысты; 



 

4)  бұл  үнемі  дерлік  оқу  және  жазу  білігінің  кейбір  қарапайым  (базалық) 

деңгейі;  

5)  көп  жағдайда  халықтың  ересек  тобының  сапасын  бағалауда 

қолданылады;  

6) 


ең  бастысы  сауатсыздықты  жоюдың  жеделдетілген  тәсілдерін  іздеу 

проблемасымен  контексте  мағыналы.  С.А.  Крупник,  В.В.  Мацкевичтің 

пікірінше,  жеке  жағдайда,  мемлекет  өткеннің  орнын  толтыру,  басқа  елдерді 

басып  озу  қажет  болған  кезде  ғана  сауаттылық  проблемасы  (функционалдық 

сауаттылық)  өзекті  болады.  Сол  себепті,  функционалдық  сауаттылық  түсінігі 

қоғам  өмірінің  сапасын  (өзінше  мәдени  стандарт)  түрлі  елдердің  әлеуметтік- 

экономикалық  тиімділігін  салыстырудағы  бағалаудың  өлшем  бірлігі  ретінде 

қолданылады  [5].  Сонымен,  функционалдық  сауаттылық  –  оқу  және  жазу 

білігін  күнделікті  өмірде  қолдану  («мәтінмен  жұмыстың  әлеуметтік 

практикасы»).  Басқаша  айтқанда,  бұл  –  адамның  іс-әрекетін  оның  басылым 

сөзін  тұрмыста  қолдануымен  анықтайтын  сауаттылық  деңгейі  [6].  

А.А. Леонтьев өзінің бір еңбегінде функционалдық сауаттылыққа өте орынды 

және  терең  түсінік  берді:  «Егер  формалды  сауаттылық  –  оқу  техникасының 

дағдылары  мен  біліктерін  меңгеру  болса,  функционалдық  сауаттылық  – 

адамның  осы  дағдыларды  нақты  мәтіннен  түсіну,  қысқарту,  тасымалдауға 

қажет ақпаратты алуда еркін қолдану қабілеті» [7].  

Қ.А.  Байтажикованың  пікірінше,

 

білім  беру  қоғамның  экономикалық, 



әлеуметтік  және  рухани  прогресінің  факторы  ретінде  мемлекеттің  жалпы 

тұрақты  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Білім  берудің  бұл  миссиясын  жүзеге 

 



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау