Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің
мазмұны мен түрлері
Әдістемелік құрал
Астана
2013
1
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2 хаттама).
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп
және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері. Әдістемелік құрал. –
Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 38 б.
Бұл әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен
түрлері қарастырылған, отандық және шетелдік тәжірибе талданып, әдістемелік
ұсыныстар берілген.
Әдістемелік құрал мектеп басшылары мен мұғалімдерге, педагог-
зерттеушілерге, ата-аналарға арналған.
©
Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
2
Кіріспе
Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік
әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі
терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру
процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі
кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық
сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда
оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік
жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның
әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма
қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен
қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін атап көрсетті [2]. Осы орайда,
өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылдық
Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау бойынша нақты міндеттер Мемлекет
басшысының 2012 жылдың 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленді
[3].
Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында
тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім
қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы
–
оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады.
Аталған
функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы
білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі
және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның
табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру
болып табылады [4].
«
Функционалдық сауаттылық» түсінігі алғаш рет өткен ғасырдың 60-
жылдарының соңында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейінірек
қолданысқа енді.
Функционалдық сауаттылық, кең түсінікте, білім байланысы мен адамның
көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы кіріккен, тұлғаның әлеуметтік бағдарлану
амалын көрсетеді. Заманауи әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың
әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық іс-әрекетіне, сол сияқты өмір
бойы білім алуға белсенді түрде атсалысуына ықпал ететін базалық
факторлардың бірі болып табылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда балаларды оқыту
мен тәрбиелеу процесіндегі маңызды фактор – ата-ананың белсенді рөлі
3
екендігін PISA (Programmer for International Student Assessment) –
15 жастағы
жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами
іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас
пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу
қабілеттерін бағалау) зерттеулерінде үнемі көшбасшы елдер қатарынан
табылатын Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік
Корея және т.б. нәтижелері көрсетіп отыр.
«Отбасы» ұғымына – отбасы тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылық,
ата-аналардың саналылығы, тәрбие, тәрбиенің бірізділігі, отбасы құрылымы,
отбасының жіктелуі, тәрбиенің оң тәжірибесі, құқық, заң, құқықтық тәрбие,
тәрбиенің ауытқуы, әлеуметтену, сауықтыру, отбасы мәдениеті жатады.
Отбасы тәрбиесі мазмұнын анықтайтын ең маңызды құндылықтар: отбасы,
отбасы әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, баланың отбасына құқығы, қарашаңырақ,
шежіре, әке және ана, әкенің және ананың беделі, ата-ана махаббаты мен
қамқорлығы, баланың отбасында қорғалғандығы, қарттарға, кішілерге,
науқастар мен мүгедектерге қамқорлық болып табылады.
Отбасы бала бойында балалық кезеңнен адамгершілік құндылықтарды,
парасатты және тиімді өмір дағдыларын құру бағытын қалыптастыруы тиіс.
PISA-2009
зерттеуі баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне ата-аналардың
қатысуы функционалдық сауаттылық деңгейіне оң әсер ететінін көрсетті.
Осыған байланысты, ата-аналарды мектеп өміріне белсенді түрде қатыстыруға
бағытталған шаралардың тұтас жүйесін: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар
қауымдастығын, ата-аналар университеттерін құру қажет.
Ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер және жалпы білім
беретін мектептер мен отбасы жұмысының заманауи өзара іс-әрекеті
практикасының талдауы көрсеткендей, көптеген педагогтар ата-анамен
байланыстың мазмұны, түрлерін және әдістерін жеткілікті дәрежеде толық
меңгермеген. Бір жағынан, бұл міндетті тиімді шешуде ата-анаға тиісті
педагогикалық білім жетіспейді. Отбасы және мектеп іс-әрекетінің жеткілікті
түрде үйлеспеуі ата-аналардың тәрбие түрлері мен әдістерін тиімді жүзеге
асыруға даяр болмауынан көрінеді, мектеп тарапынан оқушыларда
функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы әрекетінің нәтижелілігін
төмендетеді.
Екінші жағынан, мектептің отбасымен әрекеттілігін қалыптастырудағы
әкімшілік және ағартушылық көзқарастары отбасы әрекетін шектейді,
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы әлеуетін
ашпайды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын айтарлықтай арттыру
мүмкіндігі мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі, ұлттық құндылықтар
басымдығын қамтамасыз етудегі отбасы және мектептің бірлескен жұмысын
ұйымдастырудағы субъектілік принциптерін, іс-әрекеттік және құзыреттілік
тұғырын жүзеге асырудағы мектеп пен отбасы әрекеттерінің өзара кірігуінде
болып табылады.
4