Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет11/15
Дата21.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#23430
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Ата-аналар  –  мектеп  реформаларының  белсенді  қатысушылары.  Кей 

мектептерде  ата-аналар  комитетінің  пікірі  оқу  процесін  ұйымдастыруда,  тіпті 

бағдарламалар мен әдістерді таңдауда басым рөл атқарады [17]. 

Шетелдердің  тәжірибесі  көрсеткендей,  бүгінгі  таңда  тұлға,  отбасы,  білім 

беру  мекемесі  мен  қоғамның  іс-әрекеті  –  ғаламдық,  жалпыәлемдік  проблема 

болып отыр. Отбасы рөлінің төмендеуі және кей жағдайларда оның өз қызметін 

орындауының объективті түрде мүмкін болмауы – даусыз мәселе. Қазіргі отбасы 

бала  дамуы  мен  тәрбиесі  бойынша  барлық  салмақты  өзіне  алуға  даяр  емес. 

Қалыптасқан дәстүр бойынша, педагог отбасы тәрбиесіне жетекшілік, басшылық 

жасауы, өз тәрбиеленушісіне және оның ата-анасына қоғам атынан талап қоюы 

тиіс болды [15]. 

Бүгінгі  ахуал  педагог  алдына  көрсетілген  көзқарастарды  қайта  қарау 

қажеттілігін  қойып  отыр.  Педагогтар,  тәрбиешілер  мен  ата-аналар  баланың 

әлеуметтену процесінің біртұтас аясында серіктестер ретінде қарастырылуы тиіс.  

Отбасы саласындағы мемлекеттік саясат тікелей отбасымен жұмыс жасайтын 

мамандарға сүйенуі қажет, қазіргі таңда оларға деген қажеттілік өте жоғары. Сол 

себепті,  әр  тәрбиеші,  педагог  өзінде  бар  кәсіби  білімі  мен  педагогикалық 

тәжірибесіне  сәйкес  ата-анаға  баланың  дамуы  мен  тәрбиесіне,  олардың 

әлеуметтік-мәдени  бейімделуіне  көмек  көрсетуге  міндетті.  Бұл  педагогтың 

отбасымен тиімді ынтымақтасуына дайындалу сапасын көтеруді талап етеді. 

Отбасы мен білім беру мекемесінің серіктестік пен өзара көмек тұрғысынан 

басымдық 

бағыттардағы 

баланың 


әлеуметтену 

процесінде 

тиімді 

ынтымақтасуына көңіл бөлу маңызды. Отбасы мен отбасылық тәрбие моделінің 



әлеуметтік-психологиялық диагностикасы қажет.  

Отбасы проблемасының, оның әлеуметтік-мәдени рөлінің пилоттық талдауы 

бұл  институт  әлеуметтік  құндылық  болып  есептелінетінін  көрсетті,  ол  бала 

дамуы,  оның  өздік  өмірге,  кәсіби  бағдарлануға  дайындалуы  үшін  жағдай 

тудыруы  керек.  Мысалы,  отбасы  және  мектептің  өзара  іс-әрекетінде  әлемнің 

көптеген  елдерінің  білім  беру  мекемелерінде  құрамына  ата-аналар  кіретін  ата-

аналар комитеті немесе мектеп кеңестері бар. Бірақ бұл органдардың құрамында 

негізінен, тұрмысы жақсы оқушылардың ата-аналары болады. Қиын балалардың 

ата-аналары мектеппен тұрақты байланыс жасамайды.  

Шет  мемлекеттер  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру  бойынша  отбасы  мен  мектептің  өзара  әрекеттесуі  түрлі 

бағыттарда жүзеге асырылады: 

– 

ата-ананың  педагогикалық  мәдениетін  (педагогикалық  жалпыға  міндетті 



оқу,  ата-аналар  үшін  лекторийлер,  педагогикалық  оқулар  және  т.б.)  көтеру 

есебінен бала тәрбиесін оңтайландыру; 

– 

ата-аналарды ішінара оқу-тәрбие процесіне (мектептің және сыныптың ата-



аналар комитеті) қатынастыру; 

– 

өзара  іс-әрекетке  қатысушылардың  ерекше  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру 



үшін  қолайлы  жағдайлар  (демалысты  ұйымдастыру,  кәсіптік  бағдарлық 

кеңестер,  факультативтік  сабақтар,  спорттық  туристік-өлкетанулық  қызметтер 

және т.б. ) жасалғандағы өзара серіктестік іс-әрекет.  

24 


 


Ресей  Федерациясында  бала  тәрбиесінде  отбасы  белсенділігі  артуда.  Ата-

аналар  балаларымен  мектептегі  табысты  оқуына  қажет  біліктерді  меңгеру 

даярлығын  қамтамасыз  ететін  іс-әрекет  түрлерімен  көбірек  айналыса  бастады. 

Олар мектеп таңдау ісіне зор жауапкершілікпен қарауда, балаларының бастауыш 

сыныптардағы  оқуына  қолдау  көрсету  ісіне  көп  көңіл  бөлуде.  Негізгі  мектеп 

сатысында балаларының біліміне деген ата-аналар мүддесінің төмендеуі заңды 

да, есесіне, мектептің жоғары сатысында отбасылардың қосымша білім қызметі 

мен репетитор қызметін төлеуге даярлығы артқаны байқалады. Отбасыларында 

кітап, журналдар, компьютерлердің болуымен жағдай жақсарды. Тәрбиелеу және 

білім  беру  міндетіне  бағытталған  әртүрлі  ата-аналар  клубтары  мен 

қауымдастықтары дамуда.  

Жапон  қоғамында  отбасы  және  мектептің  өзіндік  ерекше  педагогикалық 

қызметі бар: отбасы тәрбие ұясы, ал мұғалімдер – басты білім тасымалдаушы деп 

саналады.  Жапон  ғалымдары  отбасы  –  тұлғаның  өзін-өзі  тануының, 

әлеуметтенуінің,  адамгершілігі  қалыптасуының  басты  көзі  деп  есептейді.  Бұл 

көзқарасты  көптеген  ата-аналар  да  қостайды.  Жаппай  сұрау  кезінде  ата-

аналардың  64%  бала  тәрбиесінде  басты  рөл  атқаратынын  айтса, 

респонденттердің  қалған  бөлігі  бала  тәрбиесі  толығымен  ата-ананың  ісі  деп 

санайтынын  білдірген.  Жапонияда  отбасы  мен  мектептің  тәрбиелік  қызметі 

нығая түскен, әсіресе мектептің рөлі барынша мәндірек бола түсуде. Осы пікірді 

сұралған  ата-аналардың  75%  қолдаған.  Отбасының  тәрбиелеу-білім  беру 

қызметінің төмендеу себебін көрсете отыра ата-аналар бала тәрбиесіне мүдделі 

болмауы  мен  отбасылық  міндеттерді  репетиторға  аудара  салу  үрдісі  туралы 

айтқан. Алайда, жапон мектебінде оқшаулану дәстүрі сақталуда. Ата-аналар үшін 

оқу  процесі  (бағдарламалар,  оқытудың  әдістері  мен  тәсілдері)  тыйым  салу 

аумағы болып қала береді.  

Францияда  жалпы  білім  беретін  оқу  мекемелері  ата-аналарының                     

3  жалпыхалықтық  бірлестігі  бар:  екеуі  –  қоғамдық  және  біреуі  –  жекеменшік 

білім беру саласында. Қоғамдық мектеп оқушыларының ата-аналар федерациясы 

саны жағынан ең көп және белсенді болып табылады. Ата-аналар бірлестігінің 

мүшелері түрлі білім беру құрылымына: мектептік және сыныптық кеңестерге, 

стипендиялық комиссияларға т.б. кіреді. Кейбір мектептерде ата-аналар балалар 

үйірмелеріне, клубтарға жетекшілік етеді, кітапхананы меңгереді, шет тілдерінен 

факультативтік  сабақтар,  спорттық  үйірмелер  жүргізеді,  оқу  саяхаттарын  және 

т.б. ұйымдастырады [13]. 

Жалпы,  Еуропа  елдері  өз  мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын – мектепте алған білімді өмірде қолдану, жанрлары жағынан түрлі 

мәтіндерден  ерекше  ақпаратты  табу  және  оған  өз  көзқарасын  тұжырымдау 

білігін – жоғары бағалайтынын айта кетуге болады.  

 

 

 

 

25 


 


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау