Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет10/15
Дата21.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#23430
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Пайыздық  бөлінуде  оқушылардың  87%  функционалдық  оқуда  базалық 

немесе  одан  жоғары  деңгейге  қол  жеткізді.  Сәйкес  көрсеткіштер  негізінде 

еуропалық  елдер  арасында  эстондық  оқушылар  функционалдық  оқудан  

2-

орында,  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылық  бойынша  −  2  және 



математикалық сауаттылық бойынша 3 орында (2009 жылғы зерттеу бойынша). 

Әлем  бойынша  эстондық  оқушылар  функционалдық  оқудан  7-орын, 

жаратылыстану-ғылыми  сауаттылық  бойынша  −  5  және  математикалық 

сауаттылық  бойынша  10  орынды  иеленді.  Сонымен,  эстондық  оқушылардың 

басым  көпшілігінде  қоғам  өміріне  толыққанды  қатысуы  үшін  қажет  базалық 

білім және дағдылары бар. Функционалдық оқу бойынша орташа нәтижелердің 

негіздемесінде Шанхай (Қытай), Корея, Финляндия, Гонконг (Қытай), Сингапур 

және Канада оқушылары ең үздік нәтиже көрсетті.  

Эстония,  Финляндия,  Норвегия,  Жапония  және  Канада  –  оқушылардың 

әлеуметтік-экономикалық жағдайына нәтижеліліктің тәуелділігі өте төмен елдер 

болып  саналады  –  көрсеткіш  10%-ға  жуық.  Ең  төмен  сәйкес  көрсеткіш 

Исландияда – 7% [15]. 



Сингапур елі білім жүйесі әлем бойынша ең үздіктердің бірі болғандықтан, 

білім беру саласындағы сарапшылардың назарын өзіне ерекше аударып отыр.  

Білім беру процесінің тиімділігін арттыру мақсатында 1979 жылы жаңа білім 

беру  жүйесі  қабылданды.  Ол  бастауыш  және  орта  мектепте  балалардың  білім 

баспалдағы  бойынша  өз  қабілеттеріне  сәйкес  жылжуына  мүмкіндік  беретін, 

сатылы  оқытуды  қарастырды.  Оны  енгізудің  басты  мақсаты  –  әр  балаға  орта 

мектепті  бітірте  отыра,  одан  әрі  қарай  кәсіптік  оқуы  мен  жұмысқа  орналасуы 

үшін базалық білім алуына мүмкіндік беру.  

Сингапурдағы  білім  беру  жүйесі  заманауи  кезеңінің  негізгі  мақсаты  –  әр 

адамды  өмір  бойы  оқуға,  жаңа  білім  және  дағдылар  алуға,  технологияларды 

меңгеруге, инновация және кәсіпкерлік рухын дамытуға, тәуекел ету және өзіне 

жауапкершілік пен міндеттеме ала білуге уәждейтін ынталандыру ортасын құру 

болып  табылады.  Кезеңнің  мәнін  қысқаша  мектептегі  білім  беру  кезеңнің 

әрқайсысында  баланың  қабілеттерін  және  дарынын  анықтау  мен  дамытудың 

институционалдық механизмдерін жасау ретінде сипаттауға болады. Түрлі білім 

беру  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруға  ықпал  ету  үшін  үкімет  Edusave 

ынталандыру  гранттық  жүйесін  әзірледі,  ол  оқушыларға  оқуға,  соның  ішінде 

қосымша білім мен шетелге іс-сапарына байланысты барлық шығынды өтеуіне 

мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ата-аналар балаларын мектепке жібере отыра, 

оларды  туған  мәдениетіне  менсінбей  қарауға  тәрбиелемейтініне  және ана  тілін 

оқитынына сенімді болуы тиіс. 

Сингапурдың  білім  беру  жүйесіндегі  басты  жетістіктер  ретінде  келесі 

фактілерді атауға болады: Сингапур – функционалдық сауаттылық деңгейі әлем 

бойынша ең жоғарылардың бірі (Progress in International Reading Literacy Study); 

сингапурлық  мектеп  оқушылары  математика  және  жаратылыстану  ғылымдары 

бойынша салыстырмалы халықаралық тесттерде (TIMSS) үздік нәтиже көрсетіп 

отыр;  2008-2009  жылдары  сингапурлық  білім  жүйесі  әлем  бойынша  ең  тиімді 

деп  аталды  (McKinsey);  Сингапурдың  білім  жүйесі  ғаламдық  экономика 

22 

 



талаптарына барынша жақсы бейімделген (IMD World Competitiveness Yearbook 

2007).  1997  жылдан  бастап  сингапурлық  білім  жүйесі  білімге  негізделген, 

ғаламдық  экономика  үшін  жұмысшы  күшін  дайындауға  бағытталған  дамудың 

жаңа сатысына көтерілді. Білім беру жүйесінде келесі реформалар өтті: 

   

Екі сатылы бастауыш білім енгізілді: 4 жыл – негізгі бастауыш, қосымша 



2 жыл – бағдарлы оқыту; 

   


Бастауыш  мектепті  бітіру  емтихандар  жүйесі  өзгерді.  Олардың 

қорытындылары  бойынша  оқушыларға  орта  мектептегі  таңдау  бойынша 

ұсыныстар беріледі; 

   


Орта  мектеп  кезеңінде  және  оны  бітіргеннен  кейін  техникалық  және 

кәсіптік  білім  алу  мүмкіндіктері  пайда  болды.  Техникалық  білім  беру 

институтының негізі қаланды. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы  –  бұл  мектеп  оқушыларының 

оқу әрекетінде және одан тыс жағдайда тиімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, 

басты  құзыреттілікті  меңгеру  деңгейін  көрсететін  белгілі  бір  дәрежедегі 

білімділік деңгейі [16]. 

Америкалық  мектепте  функционалдық  сауаттылыққа  оқытуда  оқушы  ерте 

балалық  шақтан  бастап  сөйлемнің  ғана  емес,  тұтас  шығарманың  құрылымын 

меңгереді. Кез-келген пән бойынша орта мектептегі шығарма (essay) тек кіріспе, 

талқылау  және  қорытындыдан  ғана  тұрмайды.  Ондағы  әр  сөйлемнің  орны, 

арналуы  және  көлемі  бірнеше  рет  практикалық  қайталаудан  соң  айқындалады 

және  бекітіледі.  Жоғары  мектепте  шығармашылық  жазу  сабағында  (осындай 

таңдау пәні бар) балалар күніне бір беттен еркін мәтіндер немесе апта сайын бір 

әңгіме жазады.  

SAT  – 

бұл  «сын  тұрғысынан  оқу»  (critical  reading),  оқушылардың  мәтінді 



талдау,  көбінесе  түрлі  авторлардың  ұқсас  тақырыпқа  жазған  екі  мәтінін 

салыстыру  қабілеттерінен  тұрады;  жазу  (writing)  –  ойды  жеткізудің  тиімді 

құралдарын  таңдау  білігі,  жеке  алғанда,  25  минут  аралығында  кіріспе  және 

қорытындымен бірге бес параграфқа шығарма жазу; математика негіздері. Төрт 

мүмкін  нұсқадан  таңдалған  бір  тапсырмадан  бөлек,  SAT-та  еркін  формадағы 

жауапты  талап  ететін  тапсырмалар  да  бар,  ал  тапсырмалардың  күрделілігі  әр 

түрлі.  Ол  3  сағат  45  минутқа  созылады,  және  уақыт  үнемі  жеткілікті  бола 

бермейді.  

Мектепте  шығатын  журналдардың  беттерінде  оқушылардың  үй 

тапсырмаларынан  берілген  әдеби  шығармалары  және  суреттері  басылады. 

Мектеп  кітапханасы  бірнеше  ғылыми  басылымды  қосқанда,  140  журнал 

жазғызып  алады.  Холлдар  мен  дәліздерде  мектеп  оқушылары  еңбектерінің 

көрмесі  бірін  бірі  алмастырады,  мектеп  оркестрлерінің  концерттері,  басқа 

қалашықтармен  өткізілетін  спорттық  сайыстар  көпшілікке  танымал,  бірақ 

жылдың  ең  басты  оқиғасы  –  мюзикл  қойылымына  мектептегілердің  барлығы 

дерлік  жиналады,  тіпті  мұғалімдер  мен  оқушылар  арасында  өтетін  баскетбол 

матчы да осынша көрермен жинамайды [13].  

Америка Құрама Штаттарының әрбір ірі мектебінде ата-аналар мен ұстаздар 

қауымдастығының  жалпыхалықтық  филиалының  жұмысы  назар  аударарлық. 

23 


 


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау