Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет101/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   211

              200 

 

А.К. Оразова 



Астана қ. (Қазақстан) 

 

ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ҮШІН ШЕЖІРЕНІҢ МАҒЫНАСЫ 

 

Жеті  ата  –  қазақ  халқының  дәстүрлі  салт  санасындағы  адамның  ата  жағынан  тегі 

таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б. жеті атасының 

нақтылы  есімдерін  кішкентайынан  жаттап  өседі.  Бұлардан  тараған  ұрпақтар  бір  атаның 

балалары  болып  саналады.  Ағайындықтары  жеті  атаға  толмай  жақын-жуықтар  бір-бірінен 

қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін 

жағдай  туса,  ру  ақсақалдары  бір  пәтуаға  келіп,  боз  биені  сойып,  баталасып  барып  рұқсат 

ететін  болған.  Ататек  атаулары:  ата,  әке,  бала,  немере,  шөбере,  шөпшек,  немене.  Бұдан  әрі 

туыстық  атаулар:  жүрежат,  туажат,  жұрағат,  жат  жұрағат,  жегжат,  жамағайын  болып  кете 

береді.  Өз  ата-бабасын,  жеті  атасына  дейін  білу  әрбір  азамат  үшін  міндет  болған  және  сол 

білігі  арқылы  ол  өз  халқының  дәстүрін  жалғастырып  отырған.  Жеті  ата  мен  ру  шежіресін 

білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болды. Жеті атасын, руы 

мен  жүзін  білген  соң,  қазақтар  туған  жерінің  кез  келген  шалғайында  өзін  туысқандарының 

ортасында жүрген алып бір жанұяның мүшесіндей сезінген [1]. 

Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер 

заманның атасы». Ендеше бұрынғылардың перзенті ретінде, біз мейірімділік пен бейбітшілік 

өсиеттерінің мирасқоры бола отырып, әкелеріміздің еңбегінің игілігін көрудеміз.  

Біз  қазіргі  таңдағы  қам-қаракеттермен  өмір  сүре  жүріп,  балаларымыз  бен 

немерелеріміздің болашағы үшін де іргетас қалап жатырмыз. 

Жаңа тарихты жасаушы бола отырып, біз өз тамырымызды ұмытпауға тиіспіз, өйткені 

ғұмыр-тіршілік ақиқаты алға тартқан сауалдар жауабын әрқашан содан таба аламыз [1].  



Сонымен, шежіре, шежіреші деген сөздердің мағынасын нақтылап алайық. 

Шежіре  (арабша  шаджарат  –  бұтақ,  тармақ)  –  тарих  ғылымының,  халықтың  шығу 

тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру тайпалардың тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген, 

қалыптасқан  ресми  Шежіре  барлық  халықтарда  кездеседі.  Шежірені  шежіреші  қарттар 

ауызша  таратып  отырған.  Жалпы  шежірені  жинақтаған  көнекөз  қариялардың  көмегімен 

қазақтың  ру-тайпаларының  өткені  туралы  біршама  мәліметтер  алуға  болатындығы  18  ғ. 

белгілі болды. 



Шежіреші  –  халықтың өткен тарихын, тұрмыс-тіршілігін ауызша таратып, ұрпақтан-

ұрпаққа  жеткізуші.  Шежірешілер  әрбір  рудың  белді  тұлғаларының  ел  үшін  жасаған  ерлік 

істерін  жастарды  патриоттық  тұрғыдан  тәрбиелеу  мақсатында  жиын-тойларда,  мерекелерде 

үнемі  айтып  отырған.  Кейбір  шежірешілер  руаралық  қақтығыстарда  дау-дамайларды  әділ 

шешу  үшін  де  билерге  өз  мағлұматтарын  беріп,  этникалық  аумақ  бірлігін  нығайтуға 

атсалысқан [2]. 

Өткен өмір ертегі сияқты... 

Үлкендердің айтқанына сенбей, осы күні көпшілігіміз жеті ата, оның мағынасы, адам 

өміріне  маңызы  қандай  екенін,  не  бергенін  білмейміз.  Мысалы:  бала  өмірге  келгенде 

келбетін,  мінезін  біреуге  ұқсатып,  «тұқым  қуалайды»  атасына  немесе  әжесіне  ұқсап  туады. 

Өз  отбасымды  әкемнің  айтқандарынан  Темірбек  балам  Құтжан  әкеме  ұқсайды,  атамды 

танып,  білген  құрдастары,  тұстастары  ағама  қара  Құтжан  деп  айтып  жүреді.  Әкем  атамның 

қолынан  келгенше  жақсылық  істеуге  дайын  тұратын  жан  еді,  көбінесе  тұрмысы  төмен 

отбасыларына  көмектесіп  жүруші  еді  -  дейді.  Өкінішке  орай  біз  атам  Құтжанды,  ол  кісінің 

ерте  қайтыс  болғанына  байланысты  көрген  емеспіз,  тек  үйде  фото  суреттері  сақталған.  Біз 

отбасымызда  8  баламыз.  Темірбек  ағам  –  ата-анамның  тұңғышы,  үйдің  үлкені.  Ағамның  іс-

әрекеттерінен, 

бауырмал, 

жанашырлық 

мінездерінен 

атама 

тек 


келбетінің 

ғана 


ұқсамайтынын аңғардым.  

Біздің жанұямызда ұлдар да, қыздар да жеті атамыз, руымызды жатқа білеміз. 




              201 

 

Қазіргі  уақытта  байқағаным  орта  мектептердің  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  оқу 



жылының  I  жартыжылдығында  үй  тапсырмасы  ретінде  «Жеті  аталарынды»  сұрап,  біліп 

келіңдер,  -  деп  жатады.  Көп  ата-аналар  білгендерін  жазып  беріп  жатса,  кейбіреулері 

білмейді. Ал, мектеп оқушыларының, жастардың бойында шыққан тегін, ата-бабаларын білуі 

маңызды. 

«Жеті  атасын  білген  ұл  жеті  жұртқа  жөн  айтар»  деген  аталы  сөзді  арқау  етіп,  сол 

арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. Ел-жұрт тарихын білу ер-

азаматты ерлікке, елдікке, отансүюшілікке баулайтынын білген. 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  2017  жылғы  12  сәуірдегі  «Болашаққа  бағдар:  рухани 

жаңғыру»  атты  мақаласында:  Біз  жаңғыру  жолында  бабалардан  мирас  болып,  қанымызға 

сіңген,  бүгінде  тамырымызда  бүлкілдеп  жатқан  ізгі  қасиеттерді  қайта  түлетуіміз  керек. 

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен 

айтқанда  ұлттық  рухымыз  бойымызда  мәңгі  қалуға  тиіс  [3].  Ол  қасиеттер  қазағымыздың 

бойында  бар:  мәдениеттілік,  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  қылу,  қарапайымдылық, 

бауырмалдылық, қонақжайлылық т.б. Осы қасиеттеріміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, 

жойылмауы керек. Өзіңіз, өз әулетіңіз, жақындарыңыз туралы болашақ ұрпақ білуге тиіс. 

Қазақ баласы үшін өз шыққан тегін, тарихын білу зор қуаныш. Жас буын тәрбиелеуде 

үлкендеріміздің айтқан ақыл-кеңестерінің зор әсері бар. 

Әдебиеттер 

1.  Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3 т. Г-Ж. – Алматы, 2001. – 671 б. 

2.  Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9 т. Ұ-І. – Алматы, 2007. – 489 б. 

3.  Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, 2017 ж. 12 сәуір 

4.  Қазақтар. Тарихи оқиғалар. 1 т. – Алматы, 1998. – 5 б. 

 

 

 



Г.С. Сулейменова  

г. Астана (Казахстан) 

 

ОТ «ЖЕТІ ЖАРҒЫ» ДО КОНСТИТУЦИИ 

 

Конституция  –  Основной  Закон  общества  и  государства,  выражающий  общую  волю 



народа, обладающий наивысшей юридической силой и закрепляющий важнейшие принципы 

и институты социально-экономической, общественно-политической и духовно-нравственной 

жизни общества. 

История  формирования  национального  права  Казахстана  связана  с  периодом 

возникновения  казахской  государственности  –  Казахского  ханства.  По  свидетельству 

Мухаммеда  Хайдара  Дулати,  «...  начало  правления  казахских  султанов  пошло  с  870  года 

Хиджры», что соответствует 1465-1466 гг. 

Одним  из  основоположников  судебно-правовых  уложений  Казахского  ханства  был 

Майкы би – крупный дипломат и общественный деятель, советник Чингизхана. Усиление и 

укрепление государства связано также с именем Касым хана (1511-1518 гг. (1523 г.) – сына 

Аз-Жанибек  хана.  При  его  правлении  впервые  в  истории  была  проведена  систематизация 

правовых обычаев и  норм,  получившая  название  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»  («Столбовая 

дорога Касыма»). Именно он сумел объединить казахов в единое ханство и упрочить его. В 

«Тарих-и Рашиди» отмечается: «Касым хан подчинил своей власти весь Дешт-и Кипчак так, 

как  никто  после  Джучи  хана  не  смог  этого  сделать.  Например,  численность  его  войска 

превысила тысячу тысяч (миллион) человек». 

Политику  Касым  хана  продолжил  Есим  хан  (1598-1628  гг.),  создавший  свод  законов 

«Есім  ханның  ескі  жолы»  («Древняя  дорога  хана  Есима»). Есим  хан  внес  заметный вклад  в 

развитие правовой  системы  казахского общества.  Он  значительно  усилил  воинские  законы, 



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау