Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет89/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   211

              176 

 

3.  Сағымбаев Экология негіздері. – Алматы, 1995. 



4.  Бродский А.К. Краткий курс общей экологий. – Санкт-Петербург, 1999. – с. 17-22. 

 

 



 

 

Н.Ж. Болатбекова  

Р.Е. Бейсекова  

Астана қ. (Қазақстан) 

 

«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» НЕГІЗІНДЕ ЖАСТАРДЫ 



ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА БАУЛУ МЕН ПАТРИОТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»:  Елдің  ұлттық  рухын  көтеріп,  мәдени  өмірін 



қайта қалайтын, рухани жаңғыруға бет түзеп, өркенін өсіретін жоба болып табылады. Бүгінгі 

таңдағы 


көпұлтты 

Қазақстан 

мемлекетінде 

мекендейтін 

халықтардың 

ұлтаралық 

ынтымақтастығын  нығайту  патриоттық  тәрбиеге  тікелей  байланысты.  Өйткені  бұл  болашақ 

ұрпақты  ұлттық  бірегейлікті  сақтаудың,  ұлтжандылыққа  тәрбиелеудің  басты  жолдарының 

бірі.  Осыған  орай  қазіргі  таңда  жастарды  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  үшін  отан  тарихын 

оқып  үйрену  және  туған  елге  қызмет  ету  мүмкіндігін  туғызу  мақсатында  мемлекеттік 

деңгейдегі  маңызды  құжаттар  орын  алады:  «Қазақстан  Республикасы  Конституциясы», 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы»  Заңы,  Қазақстан  Республикасы  Тәрбие 

тұжырымдамасы,  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарлама,  мемлекеттік  құжаттар 

республикадағы  білім  және  тәрбие  үдерістерінде  басшылыққа  алынып отырған шаралармен 

қатар  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: 

рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласының  орны  ерекше.  Жастар  бойындағы 

рухани жаңғыру және отаншылдық қасиеттерін көтерудің бірден-бір кілті – жастарға дұрыс 

білім беріп, ғылымға тарту. 

Себебі,  қоғам  мен  мемлекеттің  білім  беру  жүйесінің  алдына  қойып  отырған 

міндеттерінің  бірі  –  ұлтжандылыққа    тәрбиелеу  болып  табылады.  Бұл  талаптың 

көкейкестілігі  қазіргі  әлемді  жаһандандыру  жағдайында  бұрынғысынан  да  өзекті  бола 

түсуде. 


Қазақтың  ақын-жыраулары  Асан  қайғы,  Шалкиіз,  Ақтамберді  жырау,  Бұқар  жырау, 

Махамбет  Өтемісұлы  патриоттық  қасиеттерді  жас  ұрпақтың  бойында  тәрбиелеу  туралы 

көзқарастарын  терме-жырлар  арқылы  толғаған.  Өз  еліне,  халқына,  оның  тарихына,  салт-

дәстүріне,  мәдениетіне,  тіліне  деген  сүйіспеншілік,  Отандық  сезімнің  нағыз  үлгісін 

жастардың  бойында  тәрбиелеу  мәселелерін  қазақтың  белгілі  ағартушы  педагогтары 

Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, 

Ж.Аймауытов  және  т.б.  өзіндік  өмірлік-шығармашылық  қызметінде  көрсеткен  еңбектерінде 

аса көп көңіл бөлген. Халық қаһарманы, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Б.Момышұлының 

шығармаларында  ұлтжандылық  тәрбие  мәселелері  кеңінен  көрініс  тапқан.  Ұлтжандылық, 

ұлттық  патриотизм,  қазақстандық  патриотизм  проблемаларына  көптеген  философтар 

М.Қозыбаев,  Ә.Нысанбаев,  А.Қалмырзаев,  Л.Ахметова,  К.Меңлібаев  және  т.б.  аса  назар 

аударды. 

Егеменді  ел  жастарының  санасына  ұлттық  ұлағатты  қасиеттерді  сіңіре  білудің  мәні 

зор.  Ақынжанды,  ақжарқын,  шешен,  өнерпаз,  өнегелі  халқымыздың  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ережелері, рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері 

жас  ұрпақтың  жан  жүйесіне  әсер  етіп,  санасына  сіңсе,  ұлттық  мәдениетті  игерген,  иман 

жүзді, инабатты ұрпақ жалпы азаматтық асыл қасиеттерге де ие болады. 

Отансүйгіштік  –  бұл  Отанға,  елге,  өзің  туып-өскен  жеріңе  деген  сүйіспеншілік. 

Өзіңнің еліңнің өткені мен бүгіні үшін мақтаныш сезімі. Адамның өз ұрпағын Отанын сүюге, 



              177 

 

өз елі мен жерін құрметтеуге үйретуі адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан тарихи 



процесс екені белгілі. 

Жас  ұрпақты  отаншылдыққа  тәрбиелеудің  жалпыға  ортақ  моральдік-психологиялық 

нормасы белгіленіп, дала тұрғындарыныңа биік талаптар қойылды. Олардың ең бастылары – 

атамекенді,  ел  намысын  қорғаудағы  ержүректілік,  жаудан  беті  қайтпау,  ата-тегін  жадында 

сақтау, отаншылдық.  

Қазақ  халқының  бұрынғы  дәстүрлі  қоғамынан  қалған  тарихи-рухани  мұралардағы 

басты  мәселе  –  қоғамның  жағдайы  адамның  өзіне  байланысты  қарастырылған.  Олай  болса, 

бүгінгі  Қазақстан  Республикасының  егемендігі  мен  тәуелсіздігінің  нығаюы  мен  дамуының 

объективті шарттарының бірі – патриотизм. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру турасында 

Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «Қазақстанда  тұратын  әрбір  азамат  өзін  осы  елдің  перзенті 

сезінбейінше,  оның  өткенін  біліп,  болашағына  сенбейінше,  біздің  жұмысымыз  ілгері 

баспайды...»  және  «біз  Қазақстандық  патриотизмді  Отанын,  жері  мен  суын  шексіз  сүю, 

халқының  өнеге  дәстүрін,  әдет-ғұрпын,  елінің  тарихын  құрмет  тұту,  бостандығы  мен 

құқығын  қорғау,  әр  адамның  күш-жігерін  ел  бірлігін  нығайтуға,  азаматтық  татулықты 

баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау», - деп атап көрсеткен. 

Отансүйгіштік  сезім  жеке  адамда  өмір  бойы  қалыптасып,  саяси  процестерге 

қатысудан,  Отанды  қорғаудан  және  қоғамда  алатын  өз орныңның  маңыздылығын  сезінуден 

басталады.  Адамға  жеке  құндылықтардан  басқа  да  жалпыадамзаттық  құндылықтар  қажет. 

Соның  бірі  отансүйгіштік  қасиет  болып  табылады.  Жастар  –  бұл  біздің  қоғамымыздың 

болашағы  және  оның  қандай  болып  қалыптасуына  еліміздің  мемлекеттілігі  байланысты. 

Қазақстандық  отансүйгіштік  және  ұлттық  келісім  Қазақстан  республикасының  азаматын 

тәрбиелеудегі негіз болып табылады.  

Бүгінгі  күні  біз  Қазақстан  Республикасының  тәрбиелік  білім  беру  жүйесінде  бұл 

бағытсыз болашақ жоқ екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл біз үшін жастардың келешекте қандай 

азамат және қандай патриот болып шығатынын толғандыратын мәселе. Халқымыздың батыр 

ұлдарының  бірі  Бауыржан  Момышұлы:  «Патриотизм  –  Отанға,  мемлекетке  деген 

сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығы,  қоғамдық,  мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей 

байланыстылыған  сезіну,  өзінің  мемлекетке  тәуелді  екенін  мойындау,  яғни  патриотизм 

дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі 

күні және болашағымен қарым-қатынасын білдереді», - деп атап көрсеткен.  

Отан – әрдайым туған анамызбен бір деңгейде тұратын, тіпті мазмұны жағынан одан 

әлдеқайда  биік  бағалануға  тиісті  ең  қасиетті,  ең  ұлы  анамыз.  Белгілі  ақын  және  саяси 

қайраткер  М.  Шахановтың  айтуынша,  қазақстандық  патриотизмнің  бастауында  қазақ 

халқының еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресінің танымал негіздегі үш тарихи оқиғасының 

жастар бойындағы патриоттық рух пен ұлтжандылық бітістерін қалыптастыруда ықпалы зор 

екендігін байқауға болады. Ол ірі тарихи оқиғалар: 

1.  Отырар  шайқасы.  Шыңғыс  хан  әскеріне  қарсы  алты  айлық  беріспес  шайқас  қазақ 

халқының батырлық, рухтық деңгейдегі рухани күшін байқауға болады. 

2.  Еркіндік  пен  ұлттық  мемлекетілікті  сақтап  қалу  үшін  болған  бір  жарым  ғасырға 

созылған жоңғар басқыншыларына қарсы күрес. 

3. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Тоталитарлық режимге қарсы алғашқы бас көтеру 

қазақ жастарының ұлттық рухта тәрбиеленіп, отаншылыдық сезімдерін әлемге таныта білді.  

Қазақ елінің батырлығын, елдігін, ұлтжандылығын паш ететін тарихы бай қор болып 

табылады.  Сол  тарихта  орын  алған  тұлғалар,  батырлар  өмірі,  саяси  қайраткерлер,  қиын-

қыстау кезіндегі халықтың ерлігі қазіргі жастарда отансүйгіштік қасиетті тәрбиелеуде үлгіге 

айналуы  тиіс.  Өз  елінің  тарихы  үшін,  ата-бабаларының  жасаған  ерліктері  үшін  үлкен 

мақтаныш сезімін тәрбиелеу арқылы отансүйгіштік қасиетті бойға сіңіре білу. Өзінің тіліне, 

дініне,  тарихына,  діліне  деген  сүйіспеншілікті  қалыптастыру,  яғни  ұлттық  құндылық  басты 

орында болу қажет. Ал, ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, 

жерін аман сақтап, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен қарау. 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау