174
көрнекiлiк-танымдық құрал-жабдықтар әзiрленедi. Кейде театрландырылған көрiнiс түрiнде
де өткiзiледi. Бұл жұмыс түрлерiнде оқушылардың қосымша бейiм-қабiлеттерi де көрiнедi.
Мәселен, сабақтан тыс жұмыстар үстiнде оқушылар көркем мәтiндер оқиды, жаттайды,
рольдiк ойындар жүргiзедi, газет-журнал материалдарын таңдайды, сурет салады, жұмыс
жүргiзiлетiн орынды безендiредi. Сонда, оқушы тапсырманы жауапты орындауға, ұжым
iшiнде жұмыс iстеуге үйренедi.
Мұндай жұмыс процесiнде оқушының жеке белсендiлiгi жоғарылайды. Мұндай пiкiрдi
зерттеушi-әдiскерлер Л.П. Аристова, Х.И. Лийметстер де бiлдiрiп, оқушылардың белсендiлiгi
мен мiнез-құлқының қалыптасуына сабақтан тыс жұмыстардың мәнi үлкен екенiн айтады [2].
Оқушының оқыту процесiндегi және сабақтан тыс жұмыс үстiндегi белсендiлiгi, оның
үлгерiмiне де, мiнез-құлқы мен қабiлетiне де тiкелей әсер етедi. Бұл жөнiнде зерттеушi
Д.Сейдуалиев мынадай тұжырым жасайды: «В структуре работы учение занимает
определенное место процедуры, пронизывая при этом системы взаимосвязанных реакций
каждой личности, осуществляемых ею в целях преобразования предмета учебного труда в
конечный его результат. Поэтому не случайно учение трактуется как конкретная форма
познавательной деятельности, в которой ученик наиболее полно может проявить свою
способность и склонность, реальную учебную возможность и усидчивость в достижении
намеченных целей предстоящей работы. Именно в процессе активного учения ребенок
конкретно осознает значимость, ценность усваиваемых знаний как пути подготовки себя к
труду и жизни» [3]. Сабақтан тыс жұмыс оқушылардың оқыту процесiндегi игерген бiлiк-
дағдыларын тереңдетiп, олардың қабiлеттiк мүмкiндiктерiн шығармашылық iзденiстерiн
ұштауға негiз болатыны анық.
Қазiргiдей ғылым-техника жаңалықтары дамыған қоғамда әрине, оқушыларды үйiрмемен,
табиғат құбылысына бақылау жасап, саяхатқа шығумен қызықтыру күрделi. Алайда, оқушыға
сабақтан тыс атқарылатын жұмыстың мән-маңызы тереңдей ұғындырылып әртүрлi формада
жүргiзiлсе, қандай да оқушыны қатыстыруға мүмкiндiк бар. Бұл ретте, профессор Р.Г.Лемберг
мұғалiм тәрбие құралы мен әдiс-тәсiлдердi дұрыс саралай алса, бұл жұмысты пайдалы түрде
ұйымдастыруға болатынын айтады [4]. Оқыту практикасында кейбiр мұғалiмдер оқушыға
сабақтан тыс жұмыс үстiнде тым еркiндiк беру, оқудың жүйелiгiн, игеруге тиiстi материалдық
түсiнiктiлiгiн төмендетедi дейдi. Алайда, психологтар, кейбiр мiнез-құлықтағы, тәртiптегi
ауытқушылық оқушыларға ерiк бермеуден, еркiндiктi шектеуден туындайды дегенге саяды.
Шынымен де, оқушы, мұғалiмнiң басшылығымен сабақтан тыс тапсырманы орындап, оның
нәтижесiн бiрлесе талқылап, мадақтау болса, оның көңiлi өсiп, өзiне қанағаттанушылық сезiмi
оянбай ма? Ендеше, кез келген жағдайда оқушыға тапсырма берiп, деңгейiне қарай талаптар
қоюдан тартынбаған жөн. Сабақтан тыс жұмыс түрлерiн мектеп, сынып iшiнде де, одан тыс
жерлерде де ұйымдастыруға болады. Соның iшiнде экологиялық бiлiм мен тәрбие мазмұнын
қамтитын жұмыс түрi өзiнiң жан-жақтылығымен ерекшеленбек. Себебi табиғатты көзбе-көз
бақылау, соған сәйкес әрекеттер атқару, табиғат аясында жұмыстар жүргiзу, табиғатпен етене
араласу, оны ұғы-түсiнуге тиiстi мағлұматтармен, материалдармен танысу оқушыға аса қызықты
болмақ. Онда оқушы бойында әсерлену, қызығу, болжау, бақылау, түсiну, қорытынды шығару
сияқты тiзбектi қасиеттер орныға түседi.
Табиғатты оқытып-үйретуде мұғалiмдер тек қана сыныптағы сабақпен шектелсе, онда
оқушылардың бiлiмiн бiржақты етедi. Ол мiндеттi түрде сыныптан тыс жұмыстың, мектептiң
негiзгi мiндеттерiн шешуге көмегiн тигiзетiн алуан түрлерiн қолдануы тиiс. Оның сыныптан
тыс жұмысының басты бағыты – бағдарламада қаралған бiлiмдi тереңдету, балалардың
табиғатқа ұқыпты қарауы және оны пәрмендi қорғауға тәрбиелеу. Сыныптан тыс
экологиялық жұмыстар жүргiзу үрдiсiнде қарапайым заңдылықтар анықталады, табиғаттың
жекелеген түрлерi мен құбылыстарының арасындағы байланыстар анықталады, сан алуан
табиғат кешендері қарастырылады. Бұл жұмыс балалардың табиғаттың бiртұтастығы туралы
түсiнiктерiн кеңейтедi. Балалардың дұрыс дүниетанымының, ғылыми көзқарасының
қалыптасуына жағдай жасайды.
175
Экологиялық тәрбие беру мақсатындағы сыныптан тыс жұмыста оқушылардың пәннен
алған бiлiмдерiн дамытуға және тереңдетуге оқу iс-әрекетiнде белсендiлiктерiн арттыруға,
табиғатты қорғауға байланысты берiлген экологиялық материалдарды меңгеруiне,
оқушылардың табиғат құбылыстарына бақылау жүргiзуiне, белгiленген әдебиеттердi оқуына
мүмкiндiк бередi. Сондықтан тек қана кешендi түрде жоғарғы дәрежеде шеберлiкпен
ұйымдастырылған экологиялық мақсаттағы сыныптан тыс жұмыстар сабақ үрдiсiмен
байланыстырылып жүргiзгенде нәтижелi болады. Демек, мектеп қабырғасында оқушыларға
табиғат, экология жайында тиянақты бiлiм берiп, оларды табиғат қорғау тәжiрибесiнен
өткiзсек, мақсат түбегелi орындалады. Оқушылар саналы түрде өмiр бойы табиғат қорғау
iсiмен айналасатын болады. Соңғы жылдары оқушыларға экологиялық бiлiм беретiн
бағыттағы авторлық бағдарламалар орталық баспа орындарында жарық көре бастады.
Мәселен, Т.В.Власова, В.А.Еремина, Г.Пристула жазған «Табиғат пен адамның өзара
қатынасы» Ұ.Ә.Есназарованың «Географиядан экологиялық негiздегi бағдарлама», А.Н.
Жировтың «Геоэкология» деген орта мектепке арналған авторлық бағдарламасы оқушыға
экологиялық тәрбие беруде маңызды орын алады. Мазмұндық жағынан бiр-бiрiне жақын
аталған бағдарламаларда антропогендiк ландшафт, геоэкологиялық, әлемдiк және аймақтық
мәселелерi мен табиғатты тиiмдi пайдалану, табиғат қорларын игергенде қоршаған ортаны
ластамау туралы түсiнiктер көптеген еңбектерде көрсетiлген. Осыған байланысты
оқушыларға экологиялық бiлiм мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстарды мынадай
бағыттарды жүргiзуге болады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық бiлiм мен тәрбиелiгiн
қалыптастыру мұғалiмiнiң жеке басына, оның жалпы кәсiби бiлiмi мен шеберлiгiне және
сыныптан тыс түрлi көпшiлiк-қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қабiлетiне байланысты.
Осылардың бәрi бiр-бiрiмен үйлесiмдi, байланысты жүруi оқушыларға сыныптан тыс
жұмыстарда экологиялық тәрбие беруге мүмкiндiк бередi. Оқушылардың экологиялық
тәрбиелiлiгiн қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстың iшiнде үйiрменiң орны
ерекше, себебi экологиялық бiлiм беру жүйесiнде үйiрме жұмыстары ерекше мiндеттi
атқарады. Мынадай мiндеттер оқу үрдiсiмен сыныптан тыс уақытта экологиялық-теориялық
оқып-үйренуге мүмкiндiк туғызады:
- оқушылар теориялық материалды меңгергенде экологиялық және табиғат қорғау
мәселелерiн дұрыс бағалай алатын практикалық дағдыларын дамытуды ұйымдастыру;
- оқушылардың экологиялық қабiлетiн жетiлдiре түсу үшiн олардың әрқайсысының
жеке мүдделерiне сәйкес көзқарастарын және iс-әрекеттерiн iске асыруға мүмкiндiк жасау.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық бiлiм мен тәрбиелiгiн
қалыптастыру, мұғалiмнiң жеке басына, оның жалпы кәсiби бiлiмi мен шеберлiгiне және
сыныптан тыс түрлi көпшiлiк қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қабiлетiне байланысты.
Осылардың бәрi бiр-бiрiмен үйлесiмдi, байланыста жүруi оқушыларға сыныптан тыс
жұмыстарда экологиялық тәрбие беруге мүмкiндiк бередi. Мектептерде өткiзiлетiн
экологиялық мазмұндағы апталықтар мен кештердiң негiзгi мақсаты – қоршаған ортаны
қорғау идеяларын кеңiнен тарату, осы мәселелерге қатысты оқушылардың қызығуын және
оларды табиғатты қорғау бойынша практикалық iстерге бағыттау. Сонымен қатар осы
жұмыстың тәрбиелiк мәнi оқушылардың экологиялық мәдениетiн қалыптастыру екенiн
ұмытпауымыз керек. Тек экологиялық мәдениеттi адам ғана қоршаған ортаны қорғау мен
табиғатты тиiмдi пайдалану мәселелерiн шешуде ұрпақтарымыздың алдында өз
жауапкершiлiгiн сезiне алмақ.
Әдебиеттер
1. Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Өкімімен
қабылданған
«Қазақстан
Республикасының Экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы». «Егемен Қазақстан», 1996
жыл, 1-маусым
2. Экологиялық жаршы. №7, 2002 ж.