Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет79/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   211

              156 

 

жоралғылар,  ұлттық  психологияның  элементтері,  саясат  пен  қоғам  идеологиясы  әсер  етеді. 



Осы  тұрғыдан  ұлттық  тәрбиені  қалыптастыратын  мәселелердің  өрісі  жайлы  айтылып  жүр. 

Мұның  арасынан  тек  мектеп  оқушылары  ғана  емес,  жоғары  білімді  мұғалімдерді  ұлттық 

тәрбие  беруге  дайындаудың  теориясы  мен  практикасының  қолға  алынуы  құптарлық  нәрсе. 

Дегенмен,  осы  кешенді  құбылыстардың  арасынан  ұлттық  тәрбие  процесінде  ұлттық 

психология үлесінің қомақты екендігі дау тудырмаса керек.  

Мұның  өзі  қазіргі  егеменді  тәуелсіз  еліміздің  әлеуметтік-саяси  және  экономикалық 

жағдайында  ерекшеленіп  отыр.  Оған  нарықтық  қатынастар  дәуірінің  өмір  салтының 

психологиялык,  дәстүрлік  өзіндік  қасиеттері  қосылады.  Соған  орай  көптеген  тарихи-

дәстүрлік  белгілер  жаңа  рухымызға,  ұлттық  тәрбиге  үйлесімді  жүзеге  асуы  қажет.  Бүгінгі 

педагогика  ғылымы  халқымыздың  ұлттық  психологиясындағы  құндылықтарды  жоғалтпай, 

оларды  заманауи  талаптармен  толықтыра  отырып,  тұлға  тәрбиелеп  шығаруға  басты  назар 

аударып отыр.  Ол  үшін  ұлттық  тәлiм-тәрбие   саласының түрлi  проблемалары,  әсiресе  қазақ 

халқы психологиясының сан ғасырлық тарихы зерттеу нысандарына айналуда. 

Ұлттық  тәрбие  мен  салт-дәстүрде  мынадай  әдіснамалық  талаптар  орын  алғаны  дұрыс 

сияқты.  Ұлттық  тәрбие  жалпыазаматтық  өнегенің  құрамдас  бөлігі  ретінде  өрбуі  тиіс.  Ұлттық 

тәрбие  өз ерекшелігін шешумен қатар ұлттық  шектеушілік пен басқа да тар өрісті  белгілерден 

аулақ болғаны жөн.  

Ұлттық психологияның ұлттық тәрбиеге ықпалының барысында ескі мен жаңа қасиеттер 

үйлесімділікті қажет етеді. Ескінің барлығы қазіргі заманға толық сіңісе алмайды. 

Тарихи мәдениет, оның өрістері ұлттық рухтың көзі болғандықтан тәрбие процесіне әсері 

жүйелі әрбір әлеуметтік топтың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілгені дұрыс.  

Сондықтан  балабақшалардағы,  мектептің  әрбір  сыныптарындағы  ұлттық  тәрбиенің 

барысы ерекшеленіп тұруы қажет. Мұндағы ескерілетін жағдай – еліміздің көп ұлттылығы.  

Қоғамның  қазіргі  даму  кезеңінде  болып  жатқан  әлеуметтік,  саяси  және  жаңа 

технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің 

ісін  жаңа  сатыға  көтеру  қажеттілігі  туындап  отырғаны  мәлім.  Осыған  орай,  бүгінгі  таңда 

қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, 

ұлттық  тәрбиенің  озық,  өнегелі  дәстүрлерімен  тереңірек  таныстыру,  соның  негізінде  жеке 

тұлғаны  қалыптастырып,  оның  шығармашылық,  рухани  мүмкіндіктерін  дамыту  көзделеді. 

Өйткені,  еліміздің  болашағы,  оның  материалдық  және  рухани  дамуы  жас  ұрпақтың  білімі  мен 

тәрбиесінің деңгейіне байланысты. 

 

Әдебиеттер 



1.  Назарбаев  Н.  Қазақстан  халқына  арнаған  «Қазақстан  –  2050»  стратегиялық 

Жолдауы. 

2.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы: Білім, 2007. 

3.  Қазақстастан  Республикасының  Білім  берудің  дамытудың  2005-2010  жылға 

арналған бағдарламасы\\ Егемен Қазақстан, 2004, 16 қазан. 

4.  Бөлеев Қ. Ұлттық тәрбие мәселесі. – Алматы: Мектеп, 2008. – 175 б. 

5.  Қожахметова К.Ж. Ұлттық  білім және тәрбие // Білімдегі жаңалықтар. 2009. – №3. 

 

 



Қ.Ш. Аубакирова  

Астана қ. (Қазақстан) 

 

ТҮРІКМЕНСТАНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛ 

 

Түрікменстан  –  посткеңестік  кеңістіктегі  ең  жабық  елдердің  бірі  болғандықтан,  бұл 



елдегі болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік процестер кез келген қоғам тарапынан 

үлкен қызығушылық туғызуда.  




              157 

 

Жаһандану  дәуірінде  ел  өзінің  ұстанымдарын  естен  шығармай,  оларды  берік 



ұстануда.  Орталық  Азия  елдері  ішінде  тек  Түрікменстан  ғана  барынша  бейтарап  саясат 

ұстанып келеді. Бұл өз кезегінде елдің дамуын тежеп отыр. Халықаралық қауымдастық үшін 

бұл  ел  әзірге  беймәлім,  өз  алдына  құпия  мемлекет  есебінде.  1985-2006  жылдар  аралығында 

елді  басқарған  Сапармұрат  Ниязовтан  кейін  билік  басына  келген  Гурбангулы 

Бердімұхамедов та батыстың үмітін ақтамады. 

Қазіргі  таңда  елдің  басқару  органдарындағы  нормалар  мен  заң  актілері  бір  жүйеге 

келтірілмеген күйде қалып келеді. Кадр мәселесі – күн тәртібіндегі өзекті проблеманың бірі. 

Жалпы  ел  бес  уалаятқа  бөлінсе,  сол  аймақтардан  шыққан  әрбір  шенеунік  мансапқа  қол 

жеткізу  жолында  бір-бірін  аямайды.  Билік  басында  отырған  екі  үлкен  күш  бар.  Олар  – 

Ахалтекеліктер  мен  Чарджаулықтар  болып  табылады.  Батыстың  бұқаралық  ақпарат 

құралдарына  елде  қызмет  етіп,  хабар  таратуға  тыйым  салынды.  Сапармұрат  тұсында  елде 

шет  тілдерін  оқытуға  тыйым  салынды.  Шетелдік  оқу  орындарының  дипломдары  танылған 

жоқ [1]. Білім саласында мамандар тапшы, оның ішінде техникалық мамандықтарды игерген 

жастар  қауымы  ел  дамуы  үшін  аса  қажет.  Элитаның  саны  басқа  посткеңестік  елдермен 

салыстырғанда өте төмен екенін атап өткен жөн. Азаматтардың жүріс-тұрысын құқық қорғау 

органдары  қатаң  бақылауда  ұстайды.  Билік  басына  Бердімұхамедов  келгелі  сыбайластық 

жемқорлық деңгейі 80%-ға дейін төмендеді. Билік бұл ретте төменнен бастап жоғарыға дейін 

тазалық жұмыстарын жыл сайын жүргізуде. 

Түрікменстан – Орталық Азиядағы спининг саясатын ұстанып отырған бірден-бір ел. 

Ел  өзінің  сыртқы  саясатын  бейтараптық  қағидасына  сүйеніп  жүргізіп  келеді.  БҰҰ 

қаулыларына  сай  өзіне  жүктелген  міндеттерді  мінсіз  орындап  келеді.  Басшылық  саяси 

климатты өзгертуге талпынуда. Бірақ бұл бірден жүзеге аса қоймайды. 

2015 жылдан бері экономиканы құрылымдық реформалау үрдісі жүргізілуде. Дәл осы 

жылы  экономика  экспортқа  тәуелділіктен  құтылды.  Экономиканың  негізгі  маманданған 

саласы  –  мұнай-газ  секторы.  Аграрлық  салада  жетекші  орынға  астық  пен  мақта  өңдеу 

шығады. Осы жылы ел диқандары 1 млн. 400 мың тонна астық өнімін алды. Сонымен қатар 

елдегі көлік кешенін дамыту қолға алынды. Ел билігі Каспий теңізінде сауда флотын құрмақ 

ниет танытып отыр. Газ ресми түрде үш бағытта тасымалданды. Негізгі тұтынушылар: Ресей, 

Қытай  және  Иран.  Ел  байлығының  70%-ы  газ,  ал  қалған  30%-ы  мұнай  болып  табылады. 

Экономика  қазірдің  өзінде  кезең-кезеңмен  реставрациялану  үстінде.  Инвесторларға  жағдай 

жасалып,  бюрократиялық  кедергілер  жойылуда.  Сонымен  мемлекет  бірте-бірте  ашылу 

фазасына  түсті.  Мемлекет  бұл  орайда  тек  өзіне  жақын  саналатын  Түркиямен  ерекше 

байланыс орнатқан [2].  

«Түрікменстанның  инвестициялық  әлеуеті»  атты  сараптамада  елдің  мүмкіндіктеріне 

жан-жақты  анықтамалар  беріледі.  Ел  Орталық  Азия  елдері  ішінде  халық  аз  қоныстанған  ел 

болып  саналады.  Инвестицияның  басым  бөлігі  Түркия  азаматтары  тарапынан  қазынаға 

түсуде.  Иран,  Пәкістан,  Швейцария,  Швеция,  Австрия  сынды  елдерден  де  инвестиция 

құйылуда.  Ел  2006  жылға  дейін  қатаң  бақылауда  болғандықтан,  инвесторлардың  біразы 

идеяға күмәнмен қарайды.  

Аталған  ел  табиғи  газ  қоры  жөнінен  әлемде  төртінші  немесе  алтыншы  орынды 

иеленеді.  Бұл  ел  Каспий  мен  Орталық  Азия  газ  нарығындағы  ықпалды  ойыншы  болуға 

талпынуда.  Каспий  аймағындағы  көлік-транзиттік  дәлізге  айналу  мақсатын  көздеп  отырған 

Түрікменстан  экономикасының  70-80  %-ын,  яғни  мемлекеттік  кірістердің  басым  бөлігін 

табиғи  газды  сатудан  түскен  кірістер  құрайды.  Энергетика  бағасының  төмендеуі,  жаңа 

нарықтардың  аздығы  бүгінде  Түрікменстан  бюджетіне  түсетін  кірістерді  азайтып  жіберіп 

әлеуметтік  жағдайға  салқынын  тигізе  бастағаны  байқалады.  Ашхабад  соңғы  жылдарда 

бейтарап ұстанымының шеңберінде энергетика, көлік-коммуникация, транзит және тасымал 

салаларында біршама белсенді саясат жүргізіп келгені мәлім. Мысалы, халықаралық жолдар 

желісіне  ену  және  сыртқы  нарықтарға  шығу  үшін  Түрікменстан  «Жібек  жолы»,  «Батыс  – 

Шығыс»,  «Еуропа  –  Кавказ  –  Азия»  жобалары,  «Қазақстан  –  Түрікменстан  –  Иран», 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау