Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет15/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   113

47
Мультимедиалық құралдар информатикалық білімнің 
негізгі құралы болғандықтан, оның көрсеткіштерін – пайдалану 
тəсілін, түрлерін, т.б қасиеттерін білмегенше түсінуге болмайды. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын білім беруде 
пайдаланудың негізгі классификациясына тоқталайық.
Ақпараттың жіктелінуінің себептердің (критерийлердің) бір 
неше түрі бар. Бірінші көрсеткіш бойынша ақпаратты қабылдаудың 
ең қарапайым түрін айтуға болады, ол адамның көру есту, дəмін сезу 
сияқты ақпарат қабылдау қасиеттері. Ақпараттық көзқарас бойынша 
адам компьютерлік жəне коммуникациялық техниканы қолданғанда 
алатын əсерін анықтауға болады. Оны барлық ақпаратты қабылдау 
түрі бойынша негізгі үш түрге бөле аламыз:
1. 
Адамның көру қабілетімен қабылданатын ақпарат, яғни 
көрермендік немесе визуалды ақпарат. Бұл ақпарат түріне 
мəтін, графикалық суреттер, фотосуреттер, мультфильм жəне 
бейнефильмдар жатады.
2. Адамның есту аппаратымен қабылдайтын ақпараты, яғни 
дыбыстық ақпарат. Бұл ақпараттарға сөйлеу, музыкалық 
шығармалар, шумдар жатады.
3. 
 
Адамның сенсорлы (сезгіштік) жүйесімен қабылдайтын 
ақпараты, яғни сенсорлы немесе такттік ақпарат. Бұл арнайы 
техникалық құрылғылыр көмегімен алынатын ақпараттар.
Ақпараттың барлық көрсетілген түрлерін басқа да критерий-
лер көмегімен жіктеуге болады. Оның бір түрі ақпаратты адамның 
қабылдау тəсілі. Осыған байланысты қабылданатын ақпаратты 
ассоциативті жəне тікелей деп ажыратамыз. 
Адамның бұрын қабылдаған ақпаратының негізінде ойын-
да пайда болған басқа бір ақпаратты ассоциативті ақпарат ретінде 
анықтаймыз. Олай болса бұл ақпарат жіктемесіне мəтін, сөз, су-
реттер мен мультфильмдерді жатқыза аламыз. Оған мысал ретінде 
оқушылардың ботаника пəнін оқығанда танысатын өсімдіктердің 
мəтін немесе сөз түрінде жазылған анықтамаларын айтуға бола-
ды. Бұл жағдайда мəтінді оқу немесе оқытушының сөзін тыңдауы 
оқушының ойында бұрыннан өсімдікті көріп пайда болған 
ақпаратымен бірге жаңа ассоциациялы ақпарат пайда болады. 
Барлық оқушы ақпаратты бірдей қабылдамайтынын ескеру қажет, 
себебі əр оқушы ақпаратты өз алдына басқаша да қабылдауы мүмкін. 
Адамға тікелей ақпарат ең керекті, соның ішінде оқу мақсаты, 
нысана қасиеті сияқты ақпараттар жеткізеді. Бұл ақпараттарға тағы 


48
фотосуреттерді, бейнефильмді, шум ғылымында əуен деп аталатын 
дыбыстарды жатқыза аламыз. Мультимедиалық құралдардың ең бір 
ерекшелігіне тікелей ақпаратты көрсете алуы жəне оны өңдей алуы 
жатады. Мысалы, ботаника курсында өсімдіктерді оқып үйренуде 
мультимедиалық құралдарды қолдану оқушының танысып жатқан 
өсімдігін жəне онда жүретін үрдістерді көруіне, өсімдікті тануға 
қосымша мəліметтер беретін əуендерді тыңдауына, нақты нысана 
мен өмірдегі үрдістерді салыстыруына мүмкіндік тудырады. 
Ақырында, мультимедиа жəне мультимедиалық құрал түсінігін 
дербес жағдайда бір жағынан, əр түрлі ақпарат беретін əрі оны 
өңдейтін компьютерлік техникамен, екінші жағынан, білімнің 
тиімділігіне əсер ететін Ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құрылғыларымен тығыз байланысты деп айта аламыз. Білім беру ар-
насына мультимедиалық құралдарды енгізу жаңа оқыту əдістерін жа-
сауда, компьютерлің бағдарламаларды толтыруда əрі оқытушының 
кəсіби қызметін дамытуда өте тиімді. 
Мысалы, білім беру жүйесінде бейнефильмдерді сақтап, өңдеп, 
əуендетіп алатын мүмкіндігі бар мультимедиалық құралдардың пай-
да болуы оқушылардың қызығушылығын арттыратын компьютерлік 
бағдарламаның жасалуына əкелді. Бұл өз кезегінде сабақ уақытында 
оқушының компьютермен жұмыс істей отырып, сабаққа байланыс-
ты бейнеүзінділер көруімен қатар оқуға деген ынтасын арттыратын 
жаңа əдістемелік сценарийлер туғызды. Қазіргі уақытта білім бе-
руде қолданылатын бейнематериалдар мультимедиалық құралдар 
арқасында сапа жағынан өзгергені айқын.
Басқада көптеген сөздер сияқты «мультимедиа» сөзі де əртүрлі 
мағыналарға ие екенін түбегейлі түсіну керек.
Мультимедиа - бұл:
- зерттеме, функциялау, əртүрлі ақпаратты өңдеуге өңдеу 
құралдарын пайдалану тəртібін түсіндіретін технология;
-  əртүрлі типтегі ақпаратты өңдеу жəне тарату технологиясының 
негізінде пайда болған ақпараттық;
-  əртүрлі типтегі ақпаратты тарату жəне өңдеуге байланысты 
компьютерлік бағдарлама;
- əртүрлі типтегі ақпараттармен жұмыс істеу мүмкіндігін 
қамтамасыз ететін компьютерлік-аппараттық жүйе;
-  өз алдына визуалды (мəтін, графика) жəне динамикалық (сөз, 
əуен, бейнефрагмент) ақпараттарды біріктіретін ақпараттың 
бір түрі.


49
Ақырында, «мультимедиа» термині кең мағынада 
пайдаланушының əртүрлі бағдарламалық жəне техникалық 
құралдарды қолдануда пайдаланатын ақпараттық технологиясы 
дегенді білдіреді.
Ақпараттандыру құрылғыларында мультимедианы қолдану 
арқылы графикалық, əуендік, фото жəне бейнеақпараттарды бірдей 
қосуға болады. Бұл құрылғылар арқасында жұмыс тəжірибесі əрі 
белсенді, əрі эмоциялы болады.
Мультимедиа жүйесінің пайда болуы адамның көптеген қызметтік 
арнасында революция жасады. Мультимедиа технологиясының ең 
кең қолданылған саласы – білім беру орталығы. Себебі, мультиме-
диа саласында жасалған ақпараттық құралдар білім беру жүйесінде 
білімнің тиімділігін арттырады. Оқушы материалды ауызекі 
оқығанда 1 минутта ақпараттың 1000-ға дейін шартты бірліктерін, 
ал көру органдарын қосқанда 100 мыңға жуық бірліктерді қабылдай 
алатын қабілеті бар екені тəжірибе жағынан дəлелденген. 
Қазіргі уақытта мультимедиалық жасалып жатқан құралдардың 
мыңға жуық атауы бар. Мультимедиалық технологиялар жəне 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары өте тез дамып 
келуде. 
Мультимедиалық технология мен құралдардың төмендегі əдістері 
аудиовизуалды ақпараттарды өңдеуде, мотивацияны жоғарылауда 
қолданылады: 
-  визуалды ақпаратты «манипуляциялау» (қабаттасу, ауыстыру) 
-   əртүрлі аудиовизуалды ақпараттарды араластыру;
-  анимациялы эффекттерді нақтылау;
- визуалды ақпараттарды деформациялау (суреттерді қысу, 
қысқарту, үлкейту);
-  аудиовизуалды ақпаратты тарату;
- суреттерді бояу;
- өз алдына алмастырылуына керекті ақпараттың бөлігін 
белгілеп алу; 
-  бір экранда аудилвизуалды ақпаратты көбейтіп көрсету мыса-
лы: бір терезеде – бейнефильм, біреуінде – мəтін);

нақты уақытта өтіп жатқан үрдістерді деформациялау.
Білім беру жүйесінде қолданатын мультимедиа мен Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құрылғыларға байланысты бірнеше 
түсініктер бар. Соның бірі иллюстрация. «Иллюстрация» термині 
екі түрлі мағынада қолданылады.


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау