Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет74/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   113

225
өз бетінше есте сақтау арқылы айтуды талап етеді); тесттер-
типтік тапсырмалар (тапсырмаларды дəлме-дəл, түсіндірілген 
əрекеттердің алгоритмін өзгертілмеген түрде қолдану жолымен ше-
шуге болады)
ІІІ деңгейдегі тесттер мектеп оқушыларының эвристикалық 
типтің өнімді əрекеттеріне дайындығын анықтауға арналады, 
бұл типтік емес тапсырмалар мен жағдайлар (тапсырмада мақсат 
анық, бірақ мақсат жетуі мүмкін  жағдай түсініксіз, типтік 
əрекеттерді игеру ережелерінің алдын-ала өзіндік трасформациясы 
жəне берілген, бейтаныс жағдайларды шешу үшін қолдануда талап 
етіледі).
IV деңгейдегі тесттер мектеп оқушыларының шығармашылық 
біліктілігін, оларың жаңа ақпаратты қабылдаудағы зерттеу 
мүмкіндіктерін анықтауға арналған. Бұл тест-мəселе (шешімі 
белгісіз жəне атақты əдістердің анықталуы жолымен де тікелей 
қабылданбайтын тапсырмалар мен алгоритмдер) 
Бұдан басқа ақпараттандыру үдерісіне тағайындау бойынша 
құрастырылған тесттік материалдар тобы да кіреді. Мұндай топтарға 
жинақталады:
-   ақыл-ой тесттері, танымдық үдерістерді дамыту деңгейін 
жəне мектеп оқушыларының ойлау қабілетінің қызметін тал-
дауда қолданылады;
-   қабілеттілік тесттері, мектеп оқушыларының түрлі қызмет 
салаларын игеру мүмкіндіктерін  бағалауға арналған;
-   жетістіктер тесттері, оқушылардың оқу нəтижесіне байла-
нысты білім, біліктілік, дағдыларының  дамуын бағалайды.
-   тұлғалық тесттер, оқушылардың қызу-еріктік сапаларын 
бағалауда қызмет етеді.
Барлық тест түрлерінің ішінде орта білім беруде кеңінен 
қолданылатын, кең таралған тесттің түрі жетістіктер тесттері болып 
табылады.
Педагогикалық өлшемді автоматтандыруға бағытталған ақпа-
раттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдануда мектеп 
оқушыларының білім нəтижелерін жəне жалпы орта білім беру 
мемлекеттік стандарт талаптарына сай жетістіктерін өлшейтін 
тəсілдердің екеуінің бірін ескеру қажет. Олардың бірі, мөлшер-
ленген тəсіл, мектеп оқушыларының тапсырмаларды орын-
дау шегінде анықталған мазмұнды қабылдау деңгейлерін бір-
бірімен салыстыруды қарастырады. Екіншісі, белгісі бар тəсіл, мек-


226
теп оқушыларының оқу нəтижесінің талаптары түріндегі бағыт 
немесе белгі мазмұнымен қоса білім деңгейлерін салыстыруды 
қарастырады. 
7.2.2 Бақылау-өлшеу материалдарының мазмұнын қалыптастыру
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының мазмұ-
нына кіретін тесттік тапсырмалар ерекше талаптар жүйесіне жа-
уап беру керек. Ол талаптар құрамына бірінші кезекте мазмұнның 
пəндік тазалық, айқындылық, анықтылық, бірмəнділік, оңайлық, 
сенімділік, форма дұрыстығы, жергілікті тəуелсіздік, технологиялық 
жəне тиімділік талаптары кіреді. 
Маңызды жəне функционалдық айқындылықты қарастырайық.
Маңызды айқындылық – бұл тесттің бақыланған оқу материа-
лына сəйкестігі. Функционалдық айқындылық – тесттің бағаланған 
қызмет деңгейіне сəйкестігі.
Тесттің айқындылық (бəріне қолайлылық) талабының орында-
луы əрбір оқушының не орындау керек екенін түсіндіру үшін ғана 
емес, сонымен қатар эталондардан ерекшеленген тура жауаптарды 
табу үшін қажет.
Тесттің оңайлық талабы тест меңгеруде бір деңгейдегі бір тап-
сырмадан тұруы қажет жəне əр түрлі деңгейдегі көп тапсырмадан 
тұрмауы қажет екенін анықтайды. 
Бір мəнділік əр түрлі эксперттермен орындалған тест сапасының 
бірдейлігімен анықталады.
Тесттеудің  сенімділік түсінігі меңгеру деңгейінің дұрыс 
өлшемінің ықтималдылығымен анықталады. Сенімділік талабы 
мектеп оқушысының əр түрлі тест нəтижелерінің орнықтылығын 
қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары қорында 
тесттеуді автоматтандыру жүйесін компьютерлік құрастыру келесі 
кезеңдер есебімен өтеді: 
-   жеке мектеп пəндері жəне осы пəндердің жеке тақырыптары 
бойынша тест тапсырмаларын құрастыру; 
-   тесттік тапсырмалардың құрылымын жасау;
-   мектеп оқушыларының білім нəтижелеріне диагностика жасау-
да түрлі тəсілдерді қолдану; 
-   тесттік тапсырмалардың мазмұнын таңдау белгілерінің 
анықталуы мен қолданылуы;


227
-   білім беру, болжау, бақылауда тесттік бақылау жүйесінің 
қолдану ерекшеліктерін анықтау;
-   тест нəтижесінде оқушының алған бағасын анықтау тəсілдері 
мен шкалаларын белгілеу;
-   білім беру нəтижесінің тесттік өлшемін ақпараттандыру мен 
автоматтандырудың мүмкін жолдарын зерттеу; 
-   Ақпараттық-қатынастық технологиялар бақылап-өлшеу, 
құрамы жəне жасап бітіру құралдарын құрастыру;
-   жалпы орта білім беру жүйесінде ақпараттық-қатынастық 
технологиялар бақылап-өлшеу құралдарын практика жүзінде 
қолдану кепілдіктерін құрастыру;
Тесттік формадағы тапсырмалардың дəстүрлі тапсырмалар 
мен сұрақтардан артықшылығы қыскалық, логикалық жіктелуі, 
стандарттылық жəне тестілеу мен бағалау нəтижесін өткізу 
процедурасының біркелкілігі. Дəл осы артықшылықтар тесттерді 
мектеп оқушыларының білім нəтижелерін бағалау жəне осы 
нəтижелердің мемлекеттік білім беру стандарттарының талап-
тарына сай тексерілуі үшін керек етеді. Тесттік тапсырмаларды 
ұсыну формалары олардың құрамын барынша жеңілдетті жəне 
педагогикалық бақылау мен өлшеу үдерісін автоматтандыра-
тын ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын жасауға 
мүмкіндік жасады.
7.2.3 Оқытудың нəтижелілігін өлшеу əдістемесі 
Бақылап-өлшенген ақпараттық-қатынастық технологиялар құ-
ралдарын құрастыруда қазіргі кездегі дидактиканың жағдайымен 
келісілген кепілдемелер мен талаптарды ескеру қажет. Осындай 
құралдар мен технологияларды əзірлеуде қарастыру қажет:
-   мектеп оқушыларының себебі, олардың назары мен 
қызығушылығын тұғызуға қажетті құралдардың бар;
-   бақылау мен бағалау жүйесіндегі оқу материалдарының, 
тапсырмалар мен жаттығулар қиындылығы мен күрделілік 
дəрежелерінің бөліктелуі;
-   жалпылау үдерісін жеңілдетуге арналған формализациялау 
жəне қажетті тəсілдер құралдарының бар болуы;
-   мектеп оқушылараның бақылау нəтижелері мен білім өлше-
мімен анықталатын қорытынды жалпылауыш сұлбалардың 
бар болуы;


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау