31
Жекелеген
санаттағы
балаларды
жұмыспен
қамтуды
және
сауықтыруды ұйымдастыру
Басым тәртіпте сауықтыру демалысымен 500 мыңға жуық немесе 70,9%
халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары қамтамасыз етілді (2014 ж. –
449 894).
Жыл сайын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың (2015 ж. - 1 млн. 035 мың), аз қамтылған отбасы балаларының (2015
ж. - 1 млн. 730 мың) демалысына бөлінетін қаржы ұлғаюда.
Аталған санаттағы балаларды жүз пайыз қамту Алматы қаласында (23 573
бала), Ақмола
(21 179 бала), Ақтөбе
(22 224 бала), Атырау
(27 122 бала),
Жамбыл
(29 780 бала), Маңғыстау
(12 530 бала), Павлодар
(19 094 бала)
облыстарында байқалады.
Төмен қамту көрсеткіштері Астана қаласының (58%), Қарағанды (55%),
Оңтүстік Қазақстан (48%) облыстарының үлесінде.
Жазғы демалыспен 26 269 (87%) жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылды, 2014 жылы - 34 122 (72,6%).
Аз қамтылған отбасылардың 193 540 (80,7%) баласы, 2014 жылы 225 104
(86,4%).
Дарынды балаларды тегін демалдыруды ұйымдастыру үшін ағымдағы
жылы жергілікті бюджеттерден 131,1 млн. теңге (2014 ж. - 233,1 млн. теңге)
бөлінді. Сауықтырумен түрлі салада жетістіктерге қол жеткізген 400 мыңнан
астам немесе 79,1 % оқушы қамтылды (2014 ж. – 369 мың 81,5%).
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жазғы демалыспен қамту артты (2015 ж. –
31 409 немесе 38,1%, 2014 ж. – 18 663 немесе 23,7%).
37 081 немесе 68% девиантты мінез-құлықты балалар жазғы
жұмыстылықпен қамтылды (2014 ж.- 48 486 немесе 85%).
Павлодар облысында «қатерлі» топтағы балалар үшін «Заң» жоғары сынып
көшбасшыларының көшпелі мектептері, туристік өлкетану экспедициялары,
әскери-патриоттық, спорттық лагерьлер ұйымдастырылды. Ақмола облысында
жыл сайын аталған санаттағы 400-ден астам балалар облыстық туристік-скаут
лагерьлерде демалады.
Бұл өңірлердегі «қатерлі» топтағы балалармен жұмыстың үздік тәжірибесі
зерделенді және республиканың білім беру ұйымдарында тәжірибелік жұмыста
пайдалануға ұсынылды.
Қолайсыз отбасылардың балаларын сауықтыру мен жұмыспен қамтуды
ұйымдастыру бойынша жеткіліксіз жұмыс Астана қаласында, Қызылорда,
Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалады, мұнда аталған
32
санаттағы балалардың қамтылуы 50 пайыздан 58 пайызға дейінгі көрсеткішті
құрады.
«Бөбек» және «Балдәурен» республикалық орталықтарында 558 бала,
Түзету педагогиканың Ұлттық орталығында мүмкіндігі шектеулі 296 бала
сауықтырумен қамтылды.
Жазғы каникул кезеңінде балаларға арналған әлеуметтік маңызды шаралар
өткізілді: балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Таң Шолпан»
конкурсы ( 67 балалар үйлерінің 400 баласы қамтылды), «Жұлдызай» мүмкіндігі
шектеулі балаларға арналған шығармашылық фестивалі (7780 бала қамтылды),
«Bala Turkvizyon» халықаралық балалардың ән байқауы (2150 бала қамтылды).
Жазғы каникул кезеңінде балалармен жұмыс істеу үшін 45 мыңнан астам
педагогикалық және медициналық қызметкерлер, 97 педагогикалық отрядтар
тартылды, онда 3 538 колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері
жұмыс істеді.
Өңірлерде «Жылдың үздік лагері» байқаулары өтті . Қарағанды облысында
«Үздік қауіпсіз лагерь», «Үздік спорт лагері», «Үздік зияткерлік лагері»,
Маңғыстау облысында «Үздік мектеп жанындағы лагері», «Үздік шатырлы
лагері», Ақтөбе облысында «Аумақты абаттандыру бойынша үздік лагері»,
Батыс Қазақстан облысында «Жазғы демалыс үздік ұйымы» және басқа
номинациялары белгіленді.
Жазғы сауықтыру және демалыс лагерьлерінде балалардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің 2015-2016 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл ведомствоаралық
жоспары аясында жүзеге асырылды.
Балалардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз
ету үшін жазғы каникул кезеңінде білім басқармалары, тұтынушылардың
құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық департаменттердің және кәсіпкерлердің
арасында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумдар жасалды.
Сонымен бірге, жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар
проблемалар анықталды.
ҚР ІІМ ақпараты бойынша 2015 жылы 26 балаларға арналған сауықтыру
ұйымдары өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұза отырып пайдаланылған. ҚР БҒМ
аталған бұзушылықтарды жою жөнінде Алматы, Ақмола, Атырау, Шығыс
Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік
Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне хат жолдады.
Балалардың жаппай улану жағдайлары анықталды. Солтүстік Қазақстан
облысы «Серебряный бор», «Заря» лагерьлерінде орын алған жаппай улану
фактілері бойынша қызметтік тексеру жүргізілді, нәтижесінде мемлекеттік
органдардың басшылары мен мамандары (7 адам) тәртіптік жауапкершілікке
тартылды.
Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде оқушыларды демалыспен қамту
жұмысы жеткіліксіз. Ең төменгі көрсеткіш - 2% немесе 1207 бала Астана
қаласында, 5% немесе 5054 - Ақтөбе, 5% немесе 3982 - Атырау, 8 % немесе
9216 – Кызылорда облыстарында.