14
Дербес ересектік өмірге дайындық шеңберінде кәсіптік бағдар
мен оқыту бағдарламасы енгізілген, маманданушылық бейіндерінің
тізбесі кеңейтілген. «Қолөнер фабрикасы» бағдарламасы бойын-
ша дайындық ерекше тармақ болып табылады. Бұл жерде ұлттық
қолданбалы өнерге оқытылады, этникалық стильдегі әшекейлер жаса-
лады. Қыш құмырашылық ісіне мамандану жолға қойылған, осының
негізінде қыш бұйымдар жасайтын шағын зауыт жасау ойластыры-
луда. Бұйымдар конкурстарға қатысады, мекеменің ішінде, қалалық
және республикалық дәрежеде жәрмеңкелер ұйымдастырылады.
Жұмыстың тағы да бір бағыты шығыс философиясымен танысу
болып табылады. Өзін-өзі ретке келтіру мен өзін-өзі тану дағдыларын
зерделей отырып, тәрбиеленушілер Ци Гуннің негізінде ушу практи-
касымен айналысады. Өзін-өзі ретке келтіру іс-тәжірибесіне арнайы
сабақтарда және істермен айналысқан кезде уақыт бөлінеді – денелік
жеңілдену минуттары, дем алумен жұмыс дағдылары, өзін-өзі тану,
релаксация, санамен және пайымдауды дамытумен жұмыс.
Мамандандырылған «Жанұя» кешені Монтессори мен Вальдорф
мектептері педагогикалық жүйелерінің элементтерін алған. Педа-
гогтармен эмоциялық байланыстарды ұстап тұру педагогтардың
тәрбиеленушілерді вальдорф жүйесі бойынша бастауыш буыннан
бітіруші сыныптарға дейін жетекшілік етуі есебінен жүзеге асырыла-
ды. «Жанұядағы» әрбір топ отбасы деп аталады. Отбасы өзіне гүлдің
атауын таңдап алады, оның нышандылығын, тарихын ұғынады,
гүлдердің сондай түрін өсіреді. Сондай-ақ өзін-өзі басқару жүйесіне
де көп көңіл бөлінеді.
атырау облыстық с. Қазыбаев атындағы №1 мектеп-интер-
нат 2004 жылдан бастап «Өзін-өзі тану» пәні бойынша экспери-
менттік алаң, ал 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап «Өзін-өзі
тану» бойынша тіректік мектеп болып табылады. Эксперименттің
мақсаты тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы сапалық өзгерістерге
ықпал ететін өнегелік, рухани құндылықтарды қайта жаңғырту бо-
лып табылады. Бүкіл оқу-тәрбие процесі өзін-өзі танытуы мен өзін-
өзі білдіруі үшін баланың жеке тұлғасын дамытуға бағытталған.
Мектеп-интернатта балалар абырой мен беделді бағалауға,
сүйіспеншілік пен төзгіштікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа,
жылы ықыластылыққа үйренетін: тренингтер, дөңгелек үстелдер,
шеберлік сыныптары өткізіледі. Отаншылдық, құқықтық тәрбиелеу,
салауатты өмір салтын қалыптастыру, эстетикалық, экологиялық,
еңбек тәрбиесі бойынша тәрбиелік шаралар өткізіледі.
15
атырау қаласындағы «ақбота» облыстық балалар үйінің
тәрбие жұмысы балалардың әр түрлі шараларды өткізуге көбірек
қатысуы мүмкін болатын мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға
негізделеді. Бұл ұшін балалар үйінде қызығушылықтар бойынша
үйірмелер, бейнелеу студиясы, шахмат мектебі, ағылшын тілінің
үйірмесі, домбыра, баян, қобыз сыныптары бойынша облыстық
музыкалық мектептің филиалы жұмыс істейді. Мұнымен қатар бала-
лар үйінде балаларды өздігінен өмір сүруге дайындайтын мақсатты
жұмыс жүргізіледі: балаларға ас әзірлеудің қарапайым білімі, үй
шаруашылығын жүргізу, қоғамдық орындарда болған кездегі мінез-
құлық мәдениеті үйретілетін «Қане, құпиямызды бөлісейік», «Жас
аспаз» үйірмелері жұмыс істейді.
тараз қаласындағы «ұлан» балалық шақ үйі республикалық
маңызы бар бірден бір ұлттық үй болып есептеледі. Оқу-тәрбие
процесі «Жамбыл облысы білім беру мекемелері үшін 2006-2011
жылдарға арналған тәрбие процесінің кешенді бағдарламасына»
сүйене отырып, халықтық педагогиканың ең жаңа технологияларына
негізделеді. Мекеменің мақсаты жаңа үлгідегі балалық шақ үлгісін
құру болып табылады.
Балалар үйінде сегіз: бейнелеу өнері, аспаздық, қолданбалы
өнер, ағылшын тілі, ұлттық аспаптар, ән, хореография, сахналық
өнер үйірмелері жұмыс істейді, бұл тәрбиеленушілердің жан-жақты
дамуы мен жеке қабілеттіліктерін ашуға мүмкіндік береді.
Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында
лекциялар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен
кездесулер жүйелі өткізіледі. Осындай мақсатқа лайықталып
өткізілген жұмыстардың нәтижесінде тәрбиеленушілердің арасында
қалалық ІІБ есебінде тұратындар жоқ.
алматы қаласындағы №2 балалар үйі тәрбие процесінің негіз-
гі тақырыптары «Жетім балаларда өзіндік сананың қалыптасуы мен
дамуы», «Дербес өмірге дайындау мен бейімделу, әлеуметтендіру»
болып табылады.
Тәрбие процесі мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
1. Қазақстандық отаншылдық пен азаматтылық.
2. Рухани-өнегелік тәрбие.
3. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
4. Эстетикалық, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
5. Экономикалық мәдениет пен кәсіптік бағдарды қалыптастыру.
16
6. Саяси және құқықтық мәдениетті тәрбиелеу.
7. Қыздарды «Қыз – елдің көркі» бағдарлама бойынша
өнегелілікке тәрбиелеу.
Балалар үйінде қыздарды өнегелілікке тәрбиелеу бойынша жұмыс
«Қыз – елдің көркі» бағдарламасымен, құқық бұзушылықтардың ал-
дын алу бойынша «Девианттық мінез-құлық», «Норма және патоло-
гия», «Ықпалға қарсы тұруды үйренеміз»; кәсіптік бейімделу бойын-
ша «Ерте кәсіптік бағдар», «Кәсіпті таңдау жеке іс», «Қолданбалы эко-
номика», «Отбасылық тәрбие», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау»
бағдарламаларымен жүргізіледі.
Еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен қосымша білім
алу бойынша – ағылшын тілінің курстары, би үйірмесі, имиджмек-
кинг, интерьер дизайны, оригами өнері, колледжге түскісі келетін бі-
тірушілерге математика мен басқа да пәндерден қосымша сабақтар
өткізу жұмысы өткізіледі.
Балалар үйінде: жеке ән салу, би, спорт (дзюдо, волейбол, баскет-
бол, акробатика), тігін, қол іскерлігі, қазақ халқының мұрасын (салт-
тарын, дәстүрлерін, халықтық өнерін) зерделеу үйірмелері жұмыс
істейді.
Қостанай облыстық балалар үйінде құқықтық тәрбие, сала-
уатты өмір салтын қалыптастыру, эстетикалық, экологиялық, еңбек
тәрбиесі бойынша тәрбиелік шаралар өткізіледі. Азаматтылық пен
отаншылдық және өз Отанына деген сүйіспеншілікке, халықтық
дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу, дүниежүзілік және отандық
мәдениет жетістіктеріне араластыру жұмысы жүргізіледі.
Балалар үйіндегі рухани-өнегелік мәдениетті дамытуға: домбыра,
«Алтын Сабан», «Қыздарай» вокалды-аспаптық, фортепиано, флей-
та, гитара, жеке ән салу, оркестр, аккордеон, баян, хор үйірмелері,
«Жастар» жеке ән салу студиясы жағдай жасайды.
Тәрбиеленушілердің құқықтық білім мен мәдениетті меңгеруі
мақсатымен учаскелік инспектормен жеке әңгімелесулер,
тәрбиеленушілер тобын Қостанай қаласындағы түзету мекемелеріне
экскурсияларға апару жүргізіледі.
Тәрбиеленушілермен түпнегіздік кәсіптік бағдарлау жұ-
мысы жүргізіледі: оқу орындарына экскурсиялар жасау және
мамандықтармен танысу, оқу орындары өкілдерімен әңгімелесу,
Қостанай қаласы кәсіпорындарына экскурсиялар жасау, сондай-
ақ жеке тұлғаның қызығушылықтарын айқындау мен кәсіптік
бағытталуын болжамдаудың әр түрлі әдістемелерін пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |