Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «авиценна»



жүктеу 260,65 Kb.
бет7/10
Дата29.03.2023
өлшемі260,65 Kb.
#41921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жоба

Көш жер – ұзындық өлшемі. Ол әр түрлі мағына алады. Мысалы,

  1. Қозыкөшжер орта есеппен 14,5 км,

  2. Күзгікөшжер орта есеппен 25,5 км,

  3. Орта көшжершамамен 90 км.

Бұл межелер ауыл ішінде бұл күндері де жиі айтылады.
Ел ішінде тереңдік, биіктік өлшемдері де бар. Бұған терең, тайыз, биік, аласа деген сөздер қолданылады. Бір айта кетерлік жай жоғарыдағы аталған өлшемдер бірі-бірінің орнына жүрмейді.
Ауа райын бақылау, ыстық, суықты және оның өзіне тән өлшемін белгілеуде де халықтың өзіндік тәжірибелері мен қағидалары аз емес. Қанжылым, жылы, ыстық, суық, салқын, мұздай тағы да осылайша анықтап бір заттың, судың, астың немесе ауа райын белгілейді. Ауа райын жылы, ыстық, қапырық, қайнап тұр, күйіп тұр, аспан айналып жерге түскендей, ми қайнататын ыстық... деп жаз айындағы күн райын айтса, қыста: шуақ, май тоңғысыз, шыбынсыз жаз, суық, салқын, аяз, үскірік, бет қаратпас аяз, тіфу десетүкірік жерге түспейтін аяз деген теңеулер арқылы күннің қаншалықты суық екенін анықтап, соған сәйкес әрекет ете бастайды.
Енді осы өлшемдердің қазіргі кездегі халықаралық өлшемдермен салыстырғанда қандай дәрежеге ие болатындығын көрелік. Бір ескерерлік жайт, қазіргі сантиметр, метр шақырымдар шамалап алынған. Өйткені дене мүшелері арқылы өлшенетін өлшемдер адамның дене бітіміне қарай көрсетілген шамадан әлдеқайда қысқа не ұзын болуы мүмкін.
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз, өңделіп, жаңарып жетуі нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасты. Мәселен, тұрмыс-тіршілікте қолданылатын ұзындық өлшемдері:
1)елі ≈ 2-2,5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені);
2)сере ≈ 10-12 см (аздап ажыратылған төрт саусақ ені);
3)тұтам ≈ 8-10 см (жұдырық ені);
4)сынық сүйем ≈ 13-15 см (бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы қашықтық);
5)сүйем ≈ 17-20 см (көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық);
6)қарыс ≈ 20-22 см (көсілген бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық);
7)кез ≈ 70-75 см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық);
1 кез ≈ 7-9 тұтам.
Биіктікті,тереңдікті өлшеу үшін адамның дене мүшелерін немесе қолда бар заттардың ұзындығы пайдаланылған,яғни солардың бойымен өлшенген:
1)оқ бойы ≈ 1,0-1,5 м жебе ұзындығы;
2)найза бойы ≈ 3-5 м
3)арқан бойы ≈10-12 м т.б.
Адамның айқайлаған даусы естілсе, қашықты «шақырым» деп белгілеген, 1 шақырым 1 км. Ауданды өлшеу үшін «шаршы», «танап» өлшем бірліктері пайдаланылса,көлемнің үш түрлі өлшем бірлігі қолданылған:

  1. Қатты денелердің көлемін көз мөлшерімен, тұрмыста жиі кездесетін заттардың көлемімен салыстыру арқылы анықтаған. Ал «текше» деген сөз халық ұғымында сандық пішініне келтіріп бүктелген кілем, көрпе, т.б. үй жабдықтарының көлемін білдірген.

  2. Сұйық дене (қымыз, сүт, су) көлемін ыдыстың сыйымдылығымен өлшеген. Кеңінен тараған негізгі өлшем бірліктері мыналар:

а)қасық ≈ 50 г; ә) ожау ≈ 0,5 л; б) тостаған ≈ 0,5 л; в) аяқ ≈ 1 л;
г) шара ≈ 1,5-2 л; д) тегене ≈ 8-10 л; е) тосық ≈ 8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс) ; ж) көнек ≈ 15-16 л (бие сауғанда пайдаланылатын былғарыдан тігілген ыдыс) ; з) саба ≈ 180-200 л (жылқы терісінен тігілген ыдыс).
3)Сусымалы денелерді өлшеу бірліктері:
а) уыс;
ә) қалта;
б) қоржын ≈ 40 кг;
в) қап ≈ 4 пұт ≈ 54-65 кг;
г) дағар ≈ 6-8 пұт ≈ 100-130 кг;
д) батпан ≈ 3 дағар ≈ 300-450 кг.
4) Салмақ өлшемдері:
а) 1 п.ұт ≈ 16 кг, жарты п.ұт ≈ 8 кг;
ә) қадақ ≈ 400 г, ширекқадақ ≈ 100 г.
б) 1 көнексүт ≈ 6-7 л;
в) 1 шелек ≈ 12,3 л;
г) 1 қапнемесе 4 п.ұт ≈ 65-66 кг;
д) 1 мысқал ≈ 4,46 г;
е) 1 жамбыкүміс ≈ 6 кг;
ж) 1 п.ітір. бидай ≈ 3 кг;
з) 1 ширекшай ≈ 250 г;
и) 1 шөмкешай ≈ 50 г;
к) 1 таймөңкешай ≈ 25 г;
қ) 1 қайнатымшай ≈ 6,5 г;
л) 1 шөкімтұз ≈ 12,5 г.
Құрық бойы – халықтық өлшем. Бұл өлшем құрықтың ұзындығындай ғана жер дегенді, яғни шамамен 4 – 5 метрді білдіреді.
Шідер бойы – жылқының алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғының арасы.
Тұсау бойы – жылқының алдыңғы ек аяғының арасы.
Қадам – адамның адымымен өлшенетін ұзындық: құрылыс, суару жұмыстарында, спорт ойындарында, әскери жаттығуларда т.б қолданылған ұзындық өлшемі. Көптеген мәліметтерге қарағанда , бір қадам шамамен 60 – 70 см-ге тең.
Аршын – шамамен 90 – 100 сантиметрге дейінгі ұзындық өлшемі. Сөздікте аршынға – «метрге тең өлшем, кез» деп түсіндірме берілген. Жалпы, бұл атау парсы тілінен түркі және славян тілдеріне енген. Ғалым Е.Аққошқаровтың айтуынша: «Парсы тілдерінен енген бұл өлшемнің дәл мағынасы – «шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі аралық»,- деп көрсетеді екен. Тілімізде аршын атауымен қолданылған аршынтөс сөз тіркесі бар. Оның білдіретін мағынасы – «төсі жазық, кеудесі кең». Бұл тіркес көбіне көркем шығарма тілінде әдемілікті, сымбаттылықты, сұлулықты сипаттау мәнінде көп қолданады.

жүктеу 260,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау