Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе қалалық білім бөлімі қалалық Ғылыми –Әдістемелік орталығЫ



жүктеу 107,32 Kb.
Дата16.02.2018
өлшемі107,32 Kb.
#9823

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ –ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

5 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП


Ақтөбе қаласы білім бөлімінің

2017 жылғы « » ------------

---------- бұйрығымен



Б Е К І Т І Л Д І
СӨЗ ШЕБЕРІ

элективті курс б а ғ д а р л а м а с ы

5 (қазақ) кластарына арналған

Ақтөбе-2017 жыл

1. Курс бағдарламасының негізі Ә. Болғанбаевтың «Қазақ тілі лексикологиясы» , М. Балақаев, Р. Әміров, Ө Айтбаевтың «Сөз өнері» атты еңбектеріне сүйене отырып, 5 қазақ кластарына арналған «Сөз шебері» атты элективті курс бағдарламасы жасалынды.


Құрастырған: Еспембетова Айнаш Жолшыраковна

№5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Қолданушы: Еспембетова Айнаш Жолшыраковна, Құттыбаева Нұргүл Мұханбетжанқызы, Абилова Кенжегул Садуовна

№5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері




Пікір жазған:

№5 орта мектебінің әдістемелік кеңесі отырысында «Сөз шебері» элективті курсы талқыланды.

-------------------------------------------------------------------------------------------------

Хаттама № « » тамыз 2017 жыл

Мектеп директоры --------------------------- А.А.Тулегенов

(қолы)


Қалалық сараптау комиссиясының отырысында «Сөз шебері» курсы мақұлданды.

Хаттама № « » --------------- 2017 жыл

Сараптау комиссиясының төрағасы------------------ Мухамбетова Ж.Ж.

(қолы)


Ақтөбе каласы, №5 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі А.Ж.Еспембетованың

«Сөз шебері» атты элективті курсына

құрастырылған бағдарламасына

П І К І Р

Аталған еңбек оқушылардың мектеп бағдарламасы бойынша игерген

білімдерін жетілдіріп, теориялық және практикалық жағынан дайындығын одан әрі тереңдетуді мақсат етеді.

«Сөз шебері» элективті курс оқушылардың қызығушылығын ұштап, сөздік қорын молайта түседі, шығармашылықта өзін-өзі жетілдіруде үлкен жетістікке қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Әрбір практикалық тапсырма оқушының ойлау қабілетін ұштап, шығармашылық дамуына, эссе жұмыстарын жазуға септігін тигізеді.

Курс бағдарламасының негізі Ә. Болғанбаевтың «Қазақ тілі лексикологиясы» , М. Балақаев, Р. Әміров, Ө Айтбаевтың «Сөз өнері» атты еңбектеріне сүйене отырып және басшылыққа ала отырып, құрастырылды.

Бағдарлама 5 кластарда лексика, фонетика салаларынан алған білімдерін тереңдету, жинақтау және жүйелі түрде қайталау, тілдік танымдық, коммуникативтік, экспрессивтік тағы да басқа қызметтерімен қатар меңгеру көзделді. Бағдарламада кез келген тақырып бойынша түсінік беріліп, жазбаша жаттығу, талдау жұмыстары,эссе жазу жұмыстары жүргізіледі және тақырыптардан соң нәтиже сабақ тапсырмалары берілген.

«Сөз шебері» элективті курс бағдарламасын жалпы білім беретін орта мектептерде жаңартылған білім мазмұны бойынша 5 кластарға өткізуге болады.

Түсінік хат

Мектептің негізгі деңгейіндегі 5-сынып қазақ тілі пәнін оқыту мақсатында лексикология мен фонетика бөлімі бойынша элективті курс оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас білім беру көзделеді. Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту тіл білімі салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі бастауышта меңгерген сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениетіне қалыптасады.

«Сөз шебері» элективті курсының жылдық сағаты-34 сағат, аптасына 1 сағатқа құрылған. Қазіргі қазақ тілі-мемлекетіміздің өркендеуіне себепші болатын,халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құрал, жұршылықты жаппай ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір құралы. Осы тұрғыдан алғанда « Сөз шебері» курсы оқушының пәнге деген қызығушылығын ұштап сөздік қорын молайта түседі, шығармашылықта биікте шарықтауына мүмкіндік береді.

Курстың мақсаты:

- Оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдерін кеңейту

- Оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа - жағдайда қолдана білуге үйрету.

- Сөз мағыналарын, фонетикасын зерттеу.


Курстың міндеттері:

- Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);

- Оқушыны зейінді ұстау;

- Пәнаралық байланысты сақтау;

- Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау
Күтілетін нәтиже:


  • логикалық ойлауы қалыптасады;

  • мәнерлі ,астарлы сөйлеуге дағдыланады;

  • өз пікірлерін тиянақты, нақты жеткізе алады;


Курстың мазмұны:

-Курс бағдарламасы бойынша барлық пәнге тән терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылады.

-Лексикология тарауы бойынша мақсаты, зерттелуі және лексикалық элементтің дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқылы жасалатындығын, сол арқылы белгілі мағынаны жалпыға білдіру дәстүрі пайда болатындығын оқушыға меңгертіледі.

- Бағдарлама бойынша лексика бөліміне 16 сағат, фонетика бөліміне 12 сағат, бөлімді қорытындылау мақсатында нәтиже сабаққа 2сағат, практикалық тапсырмаларға 2 сағат, талдауға 2 сағат берілген.



  1. Сөз туралы түсінік, сөздің шығу тарихы -5 сағат

  2. Сөздің мағынасын зерттеу,сөздің көп мағыналылығы-8 сағат

  3. Табу.Сөздердің шығу төркіні-3 сағат

  4. Фонетика саласы-12 сағат

  5. Шығармашылық жұмыс- 2 сағат

  6. Нәтиже,қорытынды сабақ-2 сағат

  7. Талдау жұмыстары-2 сағат



«Сөз шебері» элективті курсының бағдарламасы.

(Аптасына- 1 сағат, жылдық сағаты- 34 сағат)





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Күні

1.

Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеттері

1




2.

Сөз. Сөз туралы түсінік

1




3.

Сөздің шығу тарихы

1




4.

Сөзжасам. Сөз құрамы

1




5.

Қосымша. Қосымшаның түрлері

1




6.

Шығармашылық жұмыс. Эссе

1




7.

Сөздің мағынасын зерттеу

1




8.

Тілдік метафора

1




9.

Сөздің көп мағыналылығы, полисемия

1




10.

Омоним. Омонимдік сөздікпен жұмыс

1




11.

Синоним. Синонимдік сөздікпен жұмыс

1




12.

Синоним. Синонимдік сөздікпен жұмыс

1




13.

Антонимдер

1




14.

Нәтиже сабақ

1




15.

Табу. Табу сөздерінің шығу төркіні

1




16.

Эвфемизм

1




17.

Дисфемизм

1




18.

Практикалық тапсырмалар

1




19.

Тіл білімінің фонетика саласы

1




20.

Дауысты дыбыстар, оның түрлері

1




21.

Дауыссыз дыбыстар, оның түрлері

1




22.

Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру

1




23.

Үндестік заңы

1




24.

Буын үндестігі.

1




25.

Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер

1




26.

Дыбыс үндестігі

1




27.

Ілгерінді ықпал

1




28.

Кейінді ықпал

1




29.

Тоғыспалы ықпал

1




30.

Екпін. Тасымал

1




31.

Фонологиялық талдау

1




32.

Орфография және орфоэпия

1




33.

Шығармашылық жұмыс. Эссе

1




34.

Сынақ тапсырма

1




Негізгі пайдаланатын әдебиеттер тізімі

  1. Ә. Болғанбаевтың «Қазақ тілі лексикологиясы» Алматы- 1971ж

  2. М. Балақаев, Р. Әміров, Ө Айтбаевтың «Сөз өнері» Алматы 1968ж

  3. М.Серғалиев, Ш.Бектуров. «Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі». Алматы – 1999ж

  4. Н.А.Оразақынова . Сатылай комплексті талдау. Алматы – 2002ж

  5. С.Мырзабеков. «Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі». Алматы-1999ж

6. Т.Аяпов. «Қазақ тілі», Алматы- 2000жыл

7. С.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. «Қазіргі қазақ тілі» Алматы 1993 жыл

8. Ғаламтор материалдары

Қосымша пайдаланатын әдебиеттер тізімі
1. Ә. Болғанбаев. «Қазақ тілі лексикологиясы» Алматы- 1971ж

2. М. Балақаев, Р. Әміров, Ө Айтбаев. «Сөз өнері» Алматы 1968 ж

3. Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы»

4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы 2010 № 1, 2



5. Г. Қосымова, Ж. Даулетбекова «Қазақ тілі» оқулығы Алматы 2017ж

6. Қазақтың шешендік өнері. Ғылым- Алматы-1984ж
жүктеу 107,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау