ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
3 деңгейде
СМЖ құжаты
2016 жылғы «08» шілде №2 басылым
Е 029-04.14.2.70.12-2016
Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу
университетінің Зияткерлік меншігі туралы
Е Р Е Ж Е
Е 029-04.14-2.70.12 ─ 2016
Алматы 2016
Е 029-04.14.2.70.12.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
11 беттің 2- беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
АЛҒЫ СӨЗ
1 «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ғылым департаментінде ӘЗІРЛЕНДІ
Ғылым
департаментінің директоры
«____» _________ 2016 ж.
_____________ Г. Жүнісова
2 КЕЛІСІЛДІ:
Ғылым жөніндегі проректор
«____» _________ 2016 ж.
___________ М.Орынханов
Қаржы және есеп
департаментінің директоры
«____» ___________2016 ж.
____________ К. Жумабаева
Корпоративтік даму
департаментінің директоры
«___» __________ 2016 ж.
___________ Ж. Файзуллаева
Мониторинг және білім сапасын
бағалау басқармасының бастығы
«____» ___________2016 ж.
_________
А. Сауранбаева
Заң және құжаттамалық
қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
«____» _________ 2016 ж.
______________ Б.Туткина
Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі ______________
3 Ректордың 2016 жылғы «____» ____ № ___ бұйрығымен БЕКІТІЛДІ
4 2015 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 1 басылымның орнына ЕНГІЗІЛДІ
Е 029-04.14.2.70.12.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
11 беттің 3- беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
МАЗМҰНЫ
1 Негізгі ережелер
4
2 Қызметтің нормативтік негіздемесі
5
3 Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер
7
4 Патенттеу мекеме өтінімді рәсімдеу мен беру тәртібі
7
5 Авторлық құқықтың қызметтік нысандары
8
6 Зияткерлік меншік саласындағы құқық қорғау бойынша міндеттер
11
7 Зияткерлік әлеуетті ынталандыру және дамыту
8 Іс жүргізу және құпиялылық
11
11
Өзгерістерді енгізу парағы
12
Е 029-04.14.2.70.12.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
11 беттің 4- беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
1 Жалпы ережелер
1.1 Негізгі міндеті
Осы Ереже Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық теxникалық зерттеу
университетінің (бұдан әрі – университет) зияткерлік қызмет нәтижелеріне –
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған зияткерлік меншік
құқығын қамтамасыз ету тәртібін орнатады.
Осы құжат төмендегіге бағытталған:
- нарық қажеттіліктеріне бағдарланған, ғылыми-білім беру мен инновация
қызметін дамытуға бағытталған, зияткерлік меншік саласында Университет
саясатын жасау және жүзеге асыру, оның нәтижелерін коммерциялау,
инвестициялар тарту және Қазақстан Республикасы мен шет елдердің өндірістік
кәсіпорындарымен және ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту;
- Университеттің зияткерлік әлеуетін сақтау және дамыту;
- университеттің ғылыми-инновациялық және білім беру қызметі
нәтижесінде құрылатын зияткерлік меншік нысандарының (бұдан әрі мәтін
бойынша ЗМН) бәсекеге қабілеттілігін, инвестициялық қызығушылықты және
тиімді коммерциялануын қамтамасыз ету үшін құқық шарттарын құру;
- нарықта келешегі зор болатын және коммерциялық қызығушылық
тудыратын
нысандарды
шығару
мақсатында
ғылыми-зерттеу
қызметі
(теxнологиялық аудит) нәтижелерінің коммерциялық әлеуетін сараптамадан
өткізу;
- унивеситеттің зияткерлік меншік нысандарын заңсыз және рұқсатсыз
пайдаланудан және жосықсыз бәсекенің өзге түрлерінен қорғау.
1.2 Университеттің зияткерлік меншігін анықтау.
1.2.1 Университеттің зияткерлік меншік нысандары тиістілігінің негіздемесі
университеттің ғылыми, білім беру және өзге қызметінің нәтижесінде, оның
ішінде мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын, оған қоса
Университеттің тақырыптық жоспарына қосылған немесе зияткерлік меншіктің
қызметтік нысандарына жататын ЖОО тапсырысы бойынша орындалатын
қызметтердің ғылыми зерттеулерін орындау, инновациялық әзірлемелер мен оқу-
ғылыми жұмыстарын дайындау кезінде алынған зияткерлік меншіктері болып
табылады:
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық, теxнологиялық
әзірлемелерді орындау барысында әртүрлі зияткерлік меншік нәтижелері
алынуы мүмкін. Осыған байланысты мыналар Университеттің зияткерлік меншігі
болып табылады:
- өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер (патенттік құқық
нысандары);
- ЭЕМ мен дерекқор бағдарламалары, авторлық оқу курстары, оқулықтар
мен оқу құралдары, мақалалар, монографиялар және т.б. (Авторлық құқық
нысандары);
Е 029-04.14.2.70.12.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
11 беттің 5- беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
- өндірістік құпиялар (ноу-хау);
- ғылыми-инновациялық, білім беру және өзге іс-әрекеттер нәтижесінде,
оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражатынан және университеттің бюджеттен
тыс қаражаттарынан қаржыландырылатын, оған қоса тақырыптық жоспарларға
қосылған қызметшілердің кез келген ғылыми зерттеулерін, ғылыми-теxникалық
және оқу-әдістемелік әзірлемелерін орындау кезінде құрылған заңды тұлғаларды,
тауарлар, жұмыстар, қызметтер мен кәсіпорындарды жеке меншікке айналдыру
құралдары (фирмалық атауы, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және
т.с.с.).
1.2.3 Университеттің зияткерлік меншік нысандарын құқықпен қорғау
саласындағы құқықтық қарым-қатынас субъектілері:
Зияткерлік меншік нысандарын құқықпен қорғау саласындағы құқықтық
қарым-қатынас субъектілері болып табылады:
- бірегей білім беру - ғылыми-өндірістік кешен ретінде «Қ.И.Сәтбаев
атындағы Қазақ ұлттық теxникалық зерттеу университеті»;
- Университет қызметкерлері – қызметтік зияткерлік меншік нысандарының
авторлары;
- зияткерлік меншік нысандарын құруда, құқықтық қорғау мен пайдалануға
үлес қосқан тұлғалар.
Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Университет пен оның
қызметкерлері арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамаға сәйкес
реттеледі.
2 Қызметтің нормативтік негіздемесі
2.1 Бөлімнің қызметі келесі нормативтік құжаттармен реттеледі:
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-1V
«Ғылым туралы» Заңы, 2014 жылдың 29-шы қыркүйегіне дейінгі өзгертулермен;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-111 «Білім
беру туралы» Заңы, 2016 жылдың 9-шы наурызына дейінгі толықтырулар мен
өзгертулермен;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазанындағы №381-V
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтер нәтижесін коммерциялау
туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №427 «Қазақстан
Республикасының Патентті заңы», 2015 жылдың 07-ші сәуіріне дейінгі
толықтырулар мен өзгертулермен;
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №427
«Инновациялық патент немесе өнертабысқа патент және өтінім беру үшін
ресімдеу бойынша нұсқаулық», 2015 жылдың 07-ші сәуіріне дейінгі
толықтырулар мен өзгертулермен;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 07 сәуірдегі №300-V
«Интеллектуалды меншік мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер
Е 029-04.14.2.70.12.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
11 беттің 6- беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
мен толықтыруларды енгізу туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымындағы №6
«авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», 2012 жылдың 24-ші
желтоқсанына дейінгі толықтырулар мен өзгертулермен;
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қарашадағы № 258-ІІ
Халықаралық патенттік жіктеме туралы Страсбург келісіміне Қазақстан
Республикасының қосылуы туралы заңы;
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қарашадағы № 258-ІІ
Халықаралық жіктеме туралы Ницца келісіміне Қазақстан Республикасының
қосылуы туралы заңы;
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 291-ІІ Қазақстан
Республикасының Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесін жасау туралы
Локарно келісіміне қосылуы туралы заңы;
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 09 қаңтардағы №534-IV
«Мемлекеттік индустрия-инновациялық қызметін қолдау туралы» Заңы, 2014
жылдың 29-шы қыркүйегіне дейінгі толықтырулар мен өзгертулермен;
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 қарашадағы №603-ІІ
«Техникалық реттеу туралы» Заңы, 2014 жылдың 29-шы желтоқсанына дейінгі
толықтырулар мен өзгертулермен;
«Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын құратын конвенция» (1967
жылы 14 шілдеде Стокгольмде қол қойылған, 1979 жылы 02 қазанда өзгертілген).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№520 Министрдің бұйрығымен бекітілген 2014-2018 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық
жоспары;
Еуразиялық патент конвенциясын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 18 шілдедегі № 2364 жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 01 тамыздағы
№874 «2015-2019 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриалды-
инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлығы,
ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген 2016 жылдың 6-шы маусымындағы
№315 бұйрығына толықтырулар мен өзгертулер енгізумен;
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2016 жылғы 16 қазанындағы №602 бұйрығымен бекітілген
«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жарғысы;
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің
Даму Стратегиясы-2020, Университеттің Ғылыми кеңесінің 2012 жылғы 28
қаңтардағы № 7 хаттамасымен бекітілді;
Университет ректорының, жетекшілік ететін проректордың бұйрықтары
мен өкімдерімен және осы Ереженің талаптарымен жетекшілік етеді.
2.2 Осы Ережеде келесі нормативті құжаттардың талаптары сақталған:
КЕАҚ «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» сапа бойынша нұсқаулығы;
Е 029-04.14.2.70.12.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
11 беттің 7- беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
ҚР СТ ИСО 9001:2008. Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар;
ҚР СТ 1157-2002 «Жоғары кәсіпті білім. Білім беруді ұйымдастыруда
сапа менеджменті жүйесі»;
Салалық стандарттар ҚР СТ 1157-2002 «Жоғары кәсіпті білім. Білім
беруді ұйымдастыруда сапа менеджменті жүйесі»;
КЕАҚ СТ 38944979-07-2015. Университеттің нормативтік құжаттары.
Жасау, келісу, бекіту, тіркеу және жаңарту реті.
3 Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:
3.1 Айрықша құқық - өз қалауы бойынша кез келген әдіспен өндірістік
меншік нысанын пайдалануға патент иесінің мүліктік құқығы.
3.2 Зияткерлік меншік нысандары – зияткерлік қызмет нәтижелері мен
азаматтық айналым қатысушыларын, тауарлар, жұмыстар мен қызмет
көрсетулерді дараландыру құралдары.
3.3 Қорғау құжаттары – Қазақстан Республикасының Патенттеу заңына
(1999 жылғы 16 шілдедегі №427) сәйкес берілген инновациялық патенттер мен
өнертабыс патенттері, өнеркәсіптік үлгілер мен пайдалы модельдер патенттері.
3.4 Қызметтік өнертабыстар - өзінің қызметтік міндеттерін немесе жұмыс
берушінің нақты тапсырмасын орындау кезінде жұмысшымен құрылған
өндірістік меншік нысандары.
3.5 Лицензиялық келісім шарт – патент иесінің (лицензия) сәйкес өндірістік
меншік нысанын белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын өзге жаққа
(лицензия) беру туралы келісім-шарт.
3.6 Өндірістік меншік нысандары - өнертабыстар, пайдалы модельдер мен
өнеркәсіптік үлгілер.
3.7 Париж конвенциясы – 1983 жылдың 20 наурызындағы өндірістік
меншікті
қорғау
бойынша
Париж
конвенциясы,
өзгерістер
және
толықтыруларымен.
3.8 Патент иеленуші – қорғау құжатының иесі «Қ.И.Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық теxникалық зерттеу университеті».
3.9 Өндірістік меншіктің патенттелген нысандары – қорғау құжаттары
берілген өндірістік меншік нысандары.
4 Патенттеу мекемесіне өтінімді рәсімдеу мен беру тәртібі
4.1 Патенттік құқық нысанының (өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік
үлгі) авторы (университет қызметкері) Ғылым департаментінің патент
жүргізушісіне түсіндірме сызбалары, суреттерін және патенттеу ұсыныстарымен
бірге жазбаша түрде өзінің теxникалық шешімін жұмыс істейтін бөлімше атынан
өткізеді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік
құқығы институтының нұсқаулығына сәйкес, өнертабысқа берілетін өтінім
рәсімделуі сатылап жүзеге асырылады:
Е 029-04.14.2.70.12.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
11 беттің 8- беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
- патент жүргізушімен бірге өнертабыс нысанын айқындау;
- патент жүргізушімен бірге Халықаралық патенттік жіктеу бойынша
өнертабыс класын айқындау;
- теxникалық шешімнің жаңалығы мен прототипін (түптұлға) автордың өзі
анықтайды (өнертабыстың ӨХЖ бойынша патенттік зерттелуі жүзеге
асырылады);
- теxникалық деңгейін анықтау мен прототипті таңдағаннан кейін автор
мен патент жүргізуші өтінімді жазу мен тапсыру бойынша нұсқаулықтың
жетекшілігімен, құқықтық өріс көлемін анықтайтын өнертабыс формуласымен
өнертабысқа беру өтінімінің сипаттамасын құрайды.
4.2 өнертабысқа беру өтінімін рәсімдеу.
Келесі құжаттар рәсімделеді:
- Инновациялық патент, патент беруге белгіленген нысандағы өтініш;
- келісім-шарт жасалады (бірлескен авторлар мен Жұмыс берушілер)
арасында өнертабыс патентін жүзеге асырудан алынған табысты бөлу жөнінде);
- «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-сы мен Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігіне (өтінім ҰЗМИ-дың Алматы филиалына
жіберіледі) өтінім берілуі, барлық құжаттар тізімі мен өтінім материалдарын
ілеспе xатпен жіберу арқылы жүзеге асырылады;
- сараптама сұратылған жағдайда, автор патент жүргізушімен бірге
сұранысқа жауап дайындайды (сұраныс жауабы ҰЗМИ-дың Алматы филиалына
жіберіледі);
- теxникалық шешім жаңалығын сақтау мақсатында өнертабысқа, пайдалы
модель немесе өнеркәсіптік үлгіге берілетін өтінімнің рәсімделу үрдісі құпия
түрде сақталады.
4.3 Қорғау құжатын алу.
- «Қорғау құжатын беру жөніндегі шешім» алынған жағдайда авторға
сараптама шешімі жөнінде xабарлайды және қажет болған жағдайда патентті
қолдау туралы Өтініш береді (патенттің жүзеге асырылуын растайтын
құжаттармен бірге);
- дайындау сатысында жатқан жаңа теxникалық шешім, теxникалық
шешімнің жаңалығын сақтау мақсатында, басымдығын орнату мерзіміне дейін
ашық баспада жарияланбауы тиіс;
- Ұлттық зияткерлік меншік институтында жүргізілетін заң бойынша
маңызды барлық әрекеттер мен қорғау құжатын беру үшін төленетін Мемлекеттік
баж патент иесімен төленеді.
5 Авторлық құқықтың қызметтік нысандары
5.1 ЭЕМ, дерекқор бағдарламалары.
Авторлық құқық, жарыққа шығарылған және шықпаған кез келген ЭЕМ
мен дерекқор бағдарламаларына, олардың материалдық тасымалдаушысына,
Е 029-04.14.2.70.12.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
11 беттің 9- беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
міндеті мен құндылығына қарамастан таралады, және олар автордың
шығармашылық әрекетінің нәтижесі болуы керек.
ЭЕМ мен дерекқор бағдарламаларына берілетін авторлық құқық олардың
құрылуынан бастап күшіне енеді. Бұл нысандарға берілген авторлық құқықты
мойындау мен жүзеге асыру үшін тіркеудің немесе өзге ресмиліктің сақталуы
талап етілмейді.
Жоғарыда көрсетілгендер авторлық құқықтың барлық нысандары үшін
ортақ ереже болып табылады, алайда ЭЕМ мен дерекқор бағдарламаларының
ерекшелігін ескере отырып, заңмен олардың тіркелу құқығы қарастырылған.
Құқық иеленуші (ЭЕМ немесе дерекқор бағдарламасына берілген барлық
мүліктік құқық иесі) ЭЕМ немесе дерекқор бағдарламасына берілген айрықша
құқығын қолдану мерзімі ішінде оларды Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігі Зияткерлік меншік комитетінде тіркеуге құқылы. Мұндай тіркеу түрі
факультативті сипатқа ие, алайда ресми тіркеу дерегі құқық иеленушісінің
басымдығы мен осы нысандарға берілген айрықша құқық тек оған тиесілі екенін
растайтындықтан, шиеленіс жағдайлар туындаған кезде құқық қорғауда өз үлесін
қосады.
Өздерiнiң құқықтары туралы хабарлау үшiн құқық иеленушi авторлық
құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына
қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады:
- қоршауға алынған латынша «С» әрпі
;
- құқық иеленуші атауы (есімі);
- ЭЕМ немесе дерекқор бағдарламасының алғаш жарыққа шыққан жылы.
Келесі әрекеттерді жүзеге асыру және (немесе) жүзеге асыруға рұқсат
берудің айрықша құқығы құқық иеленушісіне тиесілі:
- туындыны кез келген түрде, кез келген әдіспен іске қосу;
- тарату;
- тарату мақсатында туындының түпнұсқасын немесе көшірмесін
импорттау;
- туындының түпнұсқасын немесе көшірмесін жалға беруді жүзеге асыру;
- туындыны өңдеуге;
- жаппай мәлімдеуге дейін жеткізу;
- өзге пайдалану түрлері.
Жұмыс берушінің қызметтік міндеттерін немесе тапсырмасын орындау
барысында құрылған ЭЕМ мен дерекқор бағдарламаларына берілетін жоғарыда
көрсетілген мүліктік құқық жұмыс берушіге-университетке тиесілі.
Автордың жеке мүліктік емес құқықтары (авторлық құқығы, атау құқығы,
беделін қорғау құқығы) оның мүліктік құқықтарынан тәуелсіз авторға тиесілі
және мерзімсіз қорғалады.
Мүліктік
құқығы
Университетке
тиесілі
ЭЕМ
және
дерекқор
бағдарламасының құрылу дерегін құжатты түрде растау үшін, нысан авторы,
құқық иеленуші – Университет атауы, нысанды құрған күн көрсетілген авторлық
Е 029-04.14.2.70.12.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
11 беттің 10- беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
құқық нысанының бақылау данасы (кез келген материалдық тасымалдағышта)
нысан құрылған бөлімше мұрағатында сақталуы тиіс.
5.2 ғылыми туындылар (оқулықтар, оқу құралдары, дәріс курстары және
басқалар).
Авторлық құқық туындысының мақсаты мен маңызына, сондай-ақ берiлу
әдiсiне қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылыми
туындыларға қолданылады. Туынды белгiлi бiр объективтi түрге ие болу керек
(қолжазба, машинамен жазылған, компьютерлік мәтін, көпшілік алдында айту,
дыбыс- немесе бейне жазба және т.с.с.).
Авторлық құқық жарияланған және жарияланбаған туындыларға
қолданылады және оның жасалу дерегiне қарай туындайды. Туындыны дайындау
дерегі құжат түрінде расталуы қажет.
Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны
тiркеу, туындыны өзге де арнайы рәсiмдеу немесе қандай да болсын
шарттылықты сақтау талап етiлмейдi.
Өздерiнiң айрықша авторлық құқықтары туралы хабарлау үшiн құқық
иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi
туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен
тұрады:
- қоршауға алынған латынша «С» әрпі
;
- құқық иеленуші есімі немесе атауы;
- туындының алғаш жарияланған күні.
Университет үшін мақалалар, оқулықтар, оқу құралдары, дәріс курстары,
монографиялар сияқты ғылыми туындылар мен басқа туындылар авторлық құқық
нысандары болып табылады. Жұмыс берушінің қызметтік міндеттерін немесе
қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен шығарылған туындылар қызметтік
туындылар болып табылады. Қызметтік туындының айрықша құқығы жұмыс
беруші – университетке тиесілі.
Қызметтік туындыны дайындау дерегі құжат түрінде расталуы қажет. Ол
үшін құқық иеленушісі ретінде университеттің, автордың және туындыны
дыйындаған күні көрсетілуімен, ғылыми туындының бір данасы нысан құрылған
бөлімшенің мұрағатында сақталуы тиіс.
5.3 Әдеби, ғылыми, драмалық, сценарийлік туындылар құқығын тіркеу.
Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
туралы” Заңының 9-1 бабының 3 тармағына сәйкес әдеби, ғылыми, драмалық,
сценарийлік туындылар құқықтарын тіркеу кезінде келесі құжаттар ұсынылады:
- құқық иеленуші атынан өтініш;
- туындының бір данасы;
- өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
- мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың
түпнұсқасы.
Е 029-04.14.2.70.12.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
11 беттің 11- беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
- еңбек шартының көшірмесі, қызметтік туындыны пайдаланудың тиесілі
мүліктік құқығы жөнінде автор мен жұмыс беруші арасында қосымша келісім
шарт жасалған жағдайда – осы келісім-шарттың көшірмесі.
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
- тіркеуге ұсынылатын материалдар нөмерленуі, тігілуі және парафирлеу
(құқық иеленуші немесе авторы әрбір бетте қол қою) керек.
6 Зияткерлік меншік саласындағы құқық қорғау бойынша міндеттер
6.1 Осы Ереже талаптарын орындамайтын немесе орындалуын қамтамасыз
етпейтін, яғни, зияткерлік құқықтың бұзылуына әсерін тигізетін, сонымен қатар
Университет пен оның серіктестерінің құқықтарын бұзу деректері мәлім болған
жағдайда, оларды бұлтартпау бойынша қажетті және жеткілікті шаралар
қабылдамаған қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнама мен
Университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жауапкершілікке
тартылады.
6.2 Зияткерлік меншік мәселелері бойынша даулар ҚР заңнамасына сәйкес
шешіледі.
7 Зияткерлік әлеуетті ынталандыру және дамыту:
7.1 Университеттің өндірістік және зияткерлік меншігінің авторларына
сыйақы төленуі ҚР Патенттеу заңына сәйкес жүргізіледі.
7.2 зияткерлік меншік нысандарының байқауын өткізу. Байқау Университет
пен Қазақстан Республикасының ғылыми-инновациялық қызметінің дамуы үшін
маңызды әзірлемелер негізінде жүргізіледі.
8 Іс жүргізу және құпиялылық
8.1 “Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғылыми және инновациялық қызметі”
605 құжатталған процедурасының талаптарына сәйкес, Университет ректорымен
бекітілген, “Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ істерінің жиынтық номенклатурасы”
бойынша әрбір зияткерлік меншік бойынша ісжүргізіледі:
8.2 Бөлімнің әрбір қызметкері, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау
барысында алынған құпия ақпаратты сақтау мен жарияламау жауапкершілігін
толығымен өзіне алады.
Е 029-04.14.2.70.12.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
11 беттің 12- беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
Өзгерістерді енгізу парағы
Өзгерістің
реттік
нөмірі
Құжаттың
бөлімі мен
тармақтары
Өзгерістің түрі
(өзгерту, қосу,
жою)
Хабарламаның
күні, нөмірі
Өзгеріс енгізілді
Күні
Тегі, аты-
жөні,
лауазымы,
қолы
Достарыңызбен бөлісу: |