«smartbank» ЖҮйесінде жұмыс істеу бойынша пайдаланушының НҰСҚаулығЫ (web қосымша)



жүктеу 101,55 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.11.2017
өлшемі101,55 Kb.
#1338


                                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

«SMARTBANK» ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША 

ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ (WEB - ҚОСЫМША) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Мазмұны 

 

Терминдер ...................................................................................................................................... 4 

Жалпы ақпарат ............................................................................................................................ 4 

«SMARTBANK» жүйесінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары ......................... 5 

«SMARTBANK» жүйесіне қосылу тәсілдері ............................................................................ 6 

«SMARTBANK» жүйесінде жұмыс бастау ............................................................................. 7 

«SMARTBANK» жүйесінің негізгі мәзірі .................................................................................. 8 

Жүйеге кіру .................................................................................................................................... 8 

Шоттар ........................................................................................................................................ 8 

Қызметтерді төлеу ................................................................................................................... 15 

Өтініш ......................................................................................................................................... 16 

Хабарлама .................................................................................................................................... 18 

Тапсырмалар реті ...................................................................................................................... 19 

Бөлімшелер мен Банкоматтар ............................................................................................... 19 

Күйге келтіру .............................................................................................................................. 19

 

 



  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 



Терминдер: 

 

        SMARTBANK  бұл жеке тұлғаларға әлемнің кез келген түкпірінен аптасына 7 

күн  24  сағат  Internet  желісі  арқылы  қашықтан  жедел  түрде  банктік  қызмет  көрсетуді 

ұйымдастыруға  арналған  әмбебап  шешім.  Жүйені  пайдалану  үшін  лицензия  алудың 

немесе арнайы бағдарлама орнатудың керегі жоқ – интернетке қолжетімділіктің болуы 

жеткілікті.  

        Банк – «Еуразиялық банк» АҚ. 

              Браузер    веб-парақшаларды,  веб-құжаттардың  мазмұнын,  компьютерлік 

файлдар  мен  олардың  каталогтарын  қарауға,  веб-қосымшаларды  басқаруға,  сондай-ақ 

басқа тапсырмаларды орындауға арналған бағдарламалық жасақтама. 

              Клиенттер – төлем картасы / ағымдағы және басқа шоттары бар «Еуразиялық 

банк» АҚ-тың жеке тұлғалары.   



        Құрылғы    техникалық  құрылғы:  смартфон,  планшет,  компьютер  және 

басқалар. 



 

Жалпы ақпарат 

 

«SMARTBANK» жүйесі «Еуразиялық банк» АҚ-тың картасы, ағымдағы, депозиттік 

шоты бар клиенттер – жеке тұлғаларға арналған. 

 

«SMARTBANK» жүйесі келесілер арқылы қолжетімді: 

 

https://my.smartbank.kz/



 мекенжайы бойынша web-қосымша;  

  iOS, Android, Windows арналған ұялы қосымша. 



 

Ұялы қосымшалар Play Market (Android үшін), App Store (iOS үшін), Windows Store 

(Windows Phone үшін) қосымшаларының онлайн-дүкендерінен жүктеледі. 

Жүйедегі жұмыстың қолайлылығы үшін интерфейстің тілін таңдау (орысша, қазақша, 

ағылшынша, немісше, французша, түрікше) қарастырылған. 

Жүйеге логин мен құпия сөзді немесе ұялы қосымшадан Passcode пайдалана отырып 

кіруге болады. 

 

   SMARTBANK-та Сізге кез келген банктік операциялар қолжетімді: 

- 500 астам қызметтер мен тауарларды жеткізушілердің мекенжайына төлемдер 

(коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс және телекоммуникациялар, интернет 

және тағы басқалар); 

- egov.kz электронды үкімет қызметтерін төлеу (салықтар, ЖҚЕ бұзғаны үшін 

айыппұлдар және бюджетке төленетін өзге төлемдер); 

- USD, EUR, RUR, KGS, CNY, GBP немесе CHF жүргізілетін банкішілік аударымдар; 

- KZT жүргізілетін банкішілік және банкаралық аударымдар (жеке және заңды 

тұлғалардың шоттарына); 

- USD, EUR, RUR жүргізілетін халықаралық аударымдар; 

- KZT, USD, EUR, RUR жүргізілетін депозиттерді онлайн ашу; 

- кредиттерді өтеу; 

- төлем карталарын оқшаулау/оқшаулаудан алу; 

- карталар бойынша интернет-транзакцияларға қолжетімділікті ашу/жабу; 



 

- кез келген кезең үшін банктік шоттар мен үзінді-көшірмелердің жағдайын қарау;  



- кредиттер бойынша ақпараттарды қарау; 

- төлемдер мен аударымдардың үлгілерін құрастыру;  

- тұрақты төлемдер мен аударымдарды ресімдеу;  

- валюталарды айырбастау.   

- Банк жаңалықтарын, хабарламалары мен арнайы ұсыныстарын қарау. 

      «SMARTBANK» жүйесінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары

   

 

«SMARTBANK» жүйесінде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті арттыру үшін Сізге 

келесі шараларды қолдану қажет: 

1)  Банктің аталған қызмет туралы ұсынған ақпаратымен толық танысқаннан кейін 

ғана қызметтерді қолдану керек; 

2)  «SMARTBANK» қызметін қолданатын құрылғыңызда логин мен құпия сөзді 

сақтамаған жөн; 

3)  Ешкімге Өз логиніңіз бен құпия сөзіңізді бермеңіз

4)  Өз құрылғыңыздың қауіпсіздігі мен вирусқа қарсы базасының жаңартуын мерзімді 

түрде тексеру; 

5)  Құрылғыны оқшаулау қызметін қолдану, оқшаулау құпия сөзін қайта-қайта 

ауыстырып отырған жөн.   

 

«SMARTBANK» жүйесімен жұмыс істеуге арналған жұмыс орнын ұйымдастырған 

кезде:    

  Сенімсіз ДК (интернет-кафе, киоскалар және с.с.) жұмыс істемеуге тырысыңыз. 

Сенімсіз ДК қолданған кезде тіркеулік деректеріңізді (логинді / құпия сөзіңізді) 

ұрлау қаупі анағұрлым ұлғаяды. Ішінде логин мен құпия сөз сақталған ұялы 

телефон жоғалғанда Тіркелік деректеріңізді рұқсатсыз пайдалану қаупі 

ұлғаяды. Бұның алдын алу үшін дереу Банкке қызметтерді оқшаулау өтінішімен 

хабарласыңыз;  

  Іске қосулы «SMARTBANK» қосымшасымен құрылғыңызды бақылаусыз 

қалдырмаңыз. Назарыңызды аз уақытқа басқаға бұратын болсаңыз да, 

«SMARTBANK» жүйесінен шығыңыз. «SMARTBANK» жүйесімен жұмыс 

жасайтын құрылғыңызға бөтен жандардың қолжетімділігін шектеңіз;   

  Құрылғыңыз вирустармен зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Вирусқа қарсы БЖ 

орнатып, оны іске қосыңыз. Вирусқа қарсы базаңызды тұрақты түрде жаңартып 

отырыңыз. Вирустардың әрекеті Сіздің құпия сөзіңіз туралы ақпаратты есте 

сақтауға және рұқсат етілмеген операцияларды жүргізу мақсатында үшінші 

тұлғаларға беруге бағытталуы мүмкін екендігіне назар аударыңыз.     

 

      «SMARTBANK» жүйесінде құпия сөзді құрастыру кезінде келесі ережелерді сақтаған 

жөн:     

  АТМ немесе смс-хабарлама арқылы алынған уақытша құпия сөзді 24 сағат ішінде 

ауыстыру қажет; 

   Құпия сөздің ұсынылатын ұзындығы 8 белгіден кем болмауы тиіс;   




 

   Әртүрлі регистрлерде терілген латын әріптерін, !, #, *,),& және т.с.с. арнайы 



белгілерді қолдану ұсынылады;   

  Жүйеге кіруге арналған құпия сөзді ауыстырған кезде жаңа мән алдыңғысынан 

ерекшеленуі қажет;   

  Жүйеге кіруге арналған құпия сөздің жаңа мәні бірнеше рет ауыстырылған 

алдыңғы құпия сөздермен сәйкес келмеуі тиіс;     

  Құпия сөз басқа адамдар оңай тауып немесе біліп алатын ақпараттарға (есімдер, 

телефон нөмірлері, пайдаланушының туған күні, сәйкестендіргіштері және т.с.с.) 

негізделмеуі тиіс;  

  Дербес ақпарат (отбасы мүшелерінің аттары мен туған күндері, мекенжайлар, 

телефондар және т.с.с.) құпия сөз болмауы қажет;   

  Сөздік сөз (мысалы, «12345Abc» - бұл сенімсіз құпия сөз) құпия сөз болмауы 

тиіс;  


  «SMARTBANK» жүйесіне кіруге арналған құпия сөзді мерзімді түрде ауыстырып 

отыру қажет;   

  Банк қызметкерлерін, туысқандар мен өзге үшінші тұлғаларды қосқанда Құпия 

сөзіңіз туралы ақпаратты ешкімге ешбір жағдайларда да хабарламаңыз.     

  Құрылғыны қосқанда кез келген тасымалдаушыда «SMARTBANK» жүйесіне 

кіруге арналған Құпия сөзіңіз туралы ақпаратты сақтамаңыз.   

 

    Келесі күдікті жағдайлар туындаған кезде:  

  Жүйеде Сіз жасамаған әрекеттер бар;  

  «SMARTBANK» жүйесіне қосылуға арналған мекенжайдың өзгеруі;   

  Жүйеге қосылу жүзеге асырылған IP мекенжайдың өзгеруі (желі өзгерген);   

  Жүйеге кіруге арналған құпия сөздің сәйкес келмеуі себепті «SMARTBANK» 

жүйесіне қолжетімділіктің мүмкін еместігі;   

  «SMARTBANK» жүйесімен жұмыс жасау жүзеге асырылатын құрылғының күдікті 

жұмыс істеуі. Құрылғының зиян келтіретін бағдарламалық жасақтамалармен 

зақымданғаны немесе Құпия сөзіңіздің бөтен адамдарға мәлім болғаны жайлы 

күдік туындаған кезде келесі әрекеттер орындалуы қажет:  

 

- «SMARTBANK» жүйесінен шығыңыз;   



 

- құпия сөзді ауыстыру үшін Банктің жақын маңдағы бөлімшесіне барыңыз, 

7722 нөмірі бойынша Байланыс орталығына хабарласыңыз немесе карточкаңыз бар 

болса жақын маңдағы банкоматтан құпия сөзіңізді ауыстырыңыз;  

 

- аккаунтты оқшаулау туралы жазбаша өтінішті ресімдеген кезде міндетті 



түрде құпия сөздің әшкерелену немесе рұқсат етілмеген қолжетімділік жайттарын 

немесе күдігіңізді тудырған фактілер бойынша басқа ақпараттарды түсіндіре 

жазыңыз.        

 

- Банк филиалына немесе бөлімшесіне Өзіңіз өтінішпен келген кезде 



«SMARTBANK» жүйесіне кіруді қалпына келтіріледі.    

       «SMARTBANK» жүйесіне қосылу тәсілдері

   

  

Қызметке төрт тәсілдердің бірімен қосылуға болады:    




 

Назар аударыңыз! «Еуразиялық банк» АҚ-тың қолданыстағы картасы бар болса клиент 



тіркеудің үш түрінің бірін таңдай алады:  банкомат арқылы, 

https://my.smartbank.kz/ 

веб-

сайты арқылы, Банктің жақын маңдағы бөлімшесіндегі ақпараттық төлем терминалы 

(АТТ) арқылы тіркеу.  

Тек депозиттік немесе ағымдағы шот болған кезде тіркелу Банк бөлімшесі арқылы ғана  

жүзеге асырылады. 

 

1)  «Еуразиялық банк» АҚ қолданыстағы картасы бар болса клиент банкомат арқылы 

тіркеле алады:  

  Карточкаңызды банкоматқа салыңыз;   

  Картаның Дсн-кодын енгізіңіз;   

  «SMARTBANK» қосымшасына басыңыз; 

  «Телефон нөмірін тіркеу / өзгерту» операциясын таңдаңыз; 

  10 таңбалы ұялы телефон нөмірін (оператор кодымен бірге) енгізіңіз;   

  «Енгізуді» басыңыз. 

«SMARTBANK» жүйесіне тіркелу сәтті өткеннен кейін банкомат клиентке ішінде 

логин мен жүйеге кіруге арналған уақытша құпия сөз жазылған чек шығарады. (Назар 

аударыңыз: жүйеге бірінші кіргенде құпия сөзді тұрақтыға ауыстыру қажет!

2) 


https://my.smartbank.kz/ => Тіркеу

 сілтемесі арқылы веб-сайт арқылы тіркеле аласыз

.

 

3)  Сондай-ақ Банктің жақын маңдағы бөлімшесінде орналасқан ақпараттық төлем 



терминалдары арқылы тіркелуге болады. 

4)  Карта болмаған жағдайда жеке басыңызды куәландырушы құжатпен Банктің 

жақын маңдағы бөлімшесіне жұмыс уақытында өтінішпен бару қажет.   

 

«SMARTBANK» жүйесіне қосылған кезде Сізге логин беріледі және 



өзіңіздің ұялы телефоныңызға смс-хабарлама түрінде уақытша құпия сөз 

жолданады. Алынған деректердің көмегімен жүйеге кіріп, өзіңіздің ағымдағы 

құпия сөзіңізді тұрақтыға ауыстыру қажет ( «Күйге келтіру» бөлімін қараңыз).   

Қосымша ұсынымдар: жүйеге уақытша құпия сөзбен кіру қолжетімділігі тіркелген мезеттен бастап 

24 сағат ашық болады. Егер Сіз 24 сағат ішінде жүйеге кіріп, уақытша құпия сөзді тұрақтыға 

ауыстырып үлгермесеңіз, Сізге Банк бөлімшесіне барып немесе банкомат арқылы немесе қалалық 

телефоннан 8 (727)2599599 телефоны бойынша немесе ұялы телефоннан 7722 (қоңырау шалу тегін) 

нөмірі арқылы Байланыс орталығынан жаңа құпия сөз алу қажет.  

 

«SMARTBANK» жүйесінде жұмыс бастау

 

 

           Жүйені іске қосу үшін Интернетке қолжетімділіктің бар-жоғын тексеріп, web-

браузерді ашып, 

https://my.smartbank.kz/ 

сілтемесі бойынша «SMARTBANK» жүйесінің 

басты парақшасына өту қажет.        

     Жүйені «SMARTBANK» ұялы қосымшасы арқылы іске қосу үшін Android, iOS, 

Windows Phone платформаларында жұмыс істейтін және Интернетке қосылған 

құрылғы қажет. 

 



 

   



«SMARTBANK» жүйесінің негізгі мәзірі

   

   

Жүйеге кіру  

 

   


«SMARTBANK» жүйесінің авторландыру бетінде «Логин» мен «Құпия сөзді» енгізіп,  

   Бұдан әрі «Кіру» ФБ-сын басыңыз. 

 

 

 



Шоттар 

 

 

Аталған бөлімде «SMARTBANK» пайдаланушының «Еуразиялық банк» АҚ-та ашылған 



қолданыстағы шоттарының толық тізімі мен жай-күйі көрсетіледі.    

 

 



 


 

 



   

«Карточкалық шоттар мен карталар» бөлігінде пайдаланушының карточкалық 

шоттарының тізімі, ағымдағы қалдығы, резервтелген сомасы, кредит лимиті туралы 

мәліметтері көрсетіледі.  

    «Ағымдағы шоттар» бөлігінде пайдаланушының ағымдағы шоттарының тізімі, 

ағымдағы қалдық, төмендетілмейтін қалдық сомасы көрсетіледі.     

    «Депозиттер» бөлігінде депозиттік шоттардың тізімі, % мөлшерлеме, депозиттің 

әрекет ету мерзімі, қалдық, бір айға есептелген сыйақы сомасы, бүкіл кезең үшін 

сыйақы сомасы көрсетіледі. 

    «Кредиттер» бөлігінде пайдаланушының кредит шоттарының тізімі, негізгі борыш 

сомасы көрсетіледі.  

    «Үзінді-көшірмелер» бөлігінде шот бойынша көрсетілген кезең үшін үзінді-

көшірме құрастырылады.   

 

Шоттың жай-күйі көрсетілген тұсы функционалды болып табылады: оны басқанда 

таңдап алынған шоттың көмегімен жүргізуге болатын операциялардың тізбесі көрсетіледі.   

 

Карточкалық шотты таңдау кезінде:   



 

 

 



«Жаңа төлем» ФБ-сы. «Қызметтерді төлеу» нысанына өтеу жүзеге асырылады, бұнда санаттарға 

бөлінген қызметтер тізімі (коммуналдық, бюджетке төленетін төлемдер, ұялы байланыс қызметі, 

интернет-дүкендер және т.б.) көрсетіледі. Өзіңізге қажетті ұйымды таңдап, нысанды толтырғаннан 

кейін Сіз таңдалған компанияның мекенжайына төлем жүргізе аласыз.   

 



10 

 

 



 

«Жаңа аударым» ФБ-сы, «Өз шоттары арасындағы». 

«Шоттан» жолағында автоматты түрде есептен шығару шоты көрсетіледі, алайда клиентте 

бірнеше шот болса, онда клиент есептен шығару шотының бірін таңдау қажет. 

«Шотқа» жолағынан ақша қаражаты есепке алынатын шот нөмірін таңдаңыз.  

«Сома» жолағынан аударым сомасын таңдау қажет. 

«Комиссия» жолағында Банк тарифтеріне сәйкес ұсталатын комиссия сомасы көрсетіледі. 

Сонымен қатар аударымды жолдау кезінде мына жерге қанат белгісін қою қажет: 

 



Аударым ережелерімен таныстым 



 

 

 



 «Жаңа аударым» ФБ-сы, «Банк ішінде аударымдар». 

«Алушының шоты» жолағында алушының 20 таңбалы шот нөмірін жазу қажет. 

Алушының 20 таңбалы шот нөмірі жазылғаннан кейін «Алушы банктің БСК» жолағы автоматты 

түрде шығады. 

«Алушының ЖСН» жолағында алушының ЖСН көрсету қажет. 

Алушының ЖСН жазылғаннан кейін «Алушының ТАӘ» жолағы автоматты түрде шығады. 

«Мақсаты көрсетілген ТМК таңдаңыз» түсетін мәзірден келесі мақсаттардың бірін таңдау 

қажет: 


 


11 

 

 



 

«Шоттан» жолағында автоматты түрде есептен шығару шоты көрсетіледі, алайда клиентте 

бірнеше шот болса, онда клиент есептен шығару шотының бірін таңдау қажет. 

«Сома» жолағынан аударым сомасын таңдау қажет. 

«Комиссия» жолағында Банк тарифтеріне сәйкес ұсталатын комиссия сомасы көрсетіледі. 

Сонымен қатар аударымды жолдау кезінде мына жерге қанат белгісін қою қажет: 

 



Аударым ережелерімен таныстым 



 

 

 



Операцияны смс-кодпен растау 

Аударымды смс-кодтың көмегімен растау кезінде: 

- Жүйе клиенттен SMARTBANK жүйесіндегі операцияны растау үшін алты таңбалы код сұрайды; 

- Клиент ұялы телефон нөміріне жолданған смс-хабарламадан алынған мәнді енгізеді; 

- Енгізілген мәндердің аталған клиенттің Жүйедегі растау кодына сәйкестігі автоматты түрде 

тексеріледі; 

- Егер мән қате енгізілсе, Жүйе қате туралы хабарлама шығарады және алты таңбалы кодты қайта 

енгізуді сұрайды. 


12 

 

 



 

 

Операцияны сеанстық кілттердің көмегімен растау 

Аударымды сеанстық кілттердің көмегімен растау кезінде: 

- Жүйе клиенттен SMARTBANK жүйесіндегі операцияны растау үшін алты таңбалы код сұрайды; 

- Жүйе жазылуы тиіс жиынтықтың реттік нөмірін көрсеткен жерге Клиент АТМ арқылы басып 

шығарылған чектен мәнді енгізеді

- Енгізілген мәндердің аталған клиенттің Жүйедегі растау кодына сәйкестігі автоматты түрде 

тексеріледі; 

- Егер мән қате енгізілсе, Жүйе қате туралы хабарлама шығарады және алты таңбалы кодты қайта 

енгізуді сұрайды. 

 

 

 

«Жаңа аударым» ФБ-сы, «ҚР ішінде теңгеде». 

«Алушының шоты» жолағында алушының 20 таңбалы шот нөмірін жазу қажет. 

Алушының 20 таңбалы шот нөмірі жазылғаннан кейін «Алушы банктің БСК» жолағы автоматты 

түрде шығады. 

«Алушының ЖСН» жолағында алушының ЖСН көрсету қажет. 

Алушының ЖСН жазылғаннан кейін «Алушының ТАӘ» жолағы автоматты түрде шығады. 



13 

 

«Мақсаты көрсетілген ТМК таңдаңыз» түсетін мәзірден келесі мақсаттардың бірін таңдау 



қажет: 

 

 



«Сома» жолағынан аударым сомасын таңдау қажет. 

«Комиссия» жолағында Банк тарифтеріне сәйкес ұсталатын комиссия сомасы көрсетіледі. 

Сонымен қатар аударымды жолдау кезінде мына жерге қанат белгісін қою қажет: 

 



Аударым ережелерімен таныстым 

 

 



 

Карта бойынша үзінді-көшірме. Карта бойынша үзінді-көшірме көрсетілген кезеңге 

құрастырылады.   

Карта бойынша үзінді-көшірмені құрастыру үшін «Үзінді-көшірме» қосымшасына кіріп, «Шот» 

мәзірінен картаны таңдаңыз, бұдан әрі «Кезең басы» мен «Кезең аяғы» күнін көрсетіп, 

«Құрастыру» ФБ-сын басу қажет. 

 «Жаңа депозит» ФБ-сы жаңа депозитті онлайн ашуға өтінішті толтыру үшін нысанға өтеуді 

жүзеге асырады. 

 



14 

 

Ағымдағы шотты таңдау кезінде: 



 

 

 

«Жаңа төлем» ФБ-сы тауарларды/қызметтерді жеткізуші компаниялардың мекенжайына төлем 

жүргізуге арналған нысанға өтуді жүзеге асырады. 

 «Жаңа аударым», «Өз шоттары арасындағы аударымдар» ФБ-сы Өз шоттарыңыз арасында 

аударымды жүргізуге арналған нысанға өтуді жүзеге асырады. 

 «Жаңа аударым», «Банк ішінде аударымдар» ФБ-сы 3-ші тұлғаның шотына банкішілік 

аударым жүргізуге арналған нысанға өтуді жүзеге асырады. 

 «Жаңа аударым», «ҚР ішінде теңгеде» ФБ-сы ҚР ішінде аударым жүргізуге арналған нысанға 

өтуді жүзеге асырады. 

 

Ағымдағы шот бойынша үзінді-көшірме. Ағымдағы шот бойынша үзінді-көшірме көрсетілген 

кезеңге құрастырылады.   

Ағымдағы шот бойынша үзінді-көшірмені құрастыру үшін «Үзінді-көшірме» қосымшасына кіріп, 

«Шот» мәзірінен ағымдағы шотты таңдаңыз, бұдан әрі «Кезең басы» мен «Кезең аяғы» күнін 

көрсетіп, «Құрастыру» басу ФБ-сын қажет. 

 «Жаңа депозит» ФБ-сы жаңа депозитті онлайн түрде ашу туралы өтінішке арналған нысанға 

өтуді жүзеге асырады. 

«Тапсырмалар реті» бөлімінде клиенттің бүкіл кезең үшін жасаған барлық операцияларының 

тізімі көрсетіледі.  

 

Депозиттер. Депозитті таңдау кезінде Сіз келесі ақпаратты қарай аласыз: % мөлшерлемені, 

депозиттің әрекет ету мерзімі, қалдық, бір айға есептелген сыйақы сомасы, бүкіл кезең үшін 

сыйақы сомасы және т.с.с. 

 

Кредиттер. Егер клиентте кредит бар болса, ол осы бөлімнен өзінің кредиті туралы ақпаратты 

қарай алады. 

 

Шот бойынша үзінді-көшірме. Шот бойынша үзінді-көшірме көрсетілген кезеңге 

құрастырылады.   

Шот бойынша үзінді-көшірмені құрастыру үшін «Үзінді-көшірме» қосымшасына кіріп, «Шот» 

мәзірінен ағымдағы шотты таңдаңыз, бұдан әрі «Кезең басы» мен «Кезең аяғы» күнін көрсетіп, 

«Құрастыру» ФБ-сын басу қажет. 

 



15 

 

 



Қызметтерді төлеу 

 

Аталған бөлімде мекенжайларына төлем жасау қарастырылған тауарлар/қызметтерді 

жеткізушілердің тізбесі жарияланған.   

 

 



 

Төлем Өзіңізге қажетті қызметті таңдағаннан кейін жүргізіледі. Мысалы: «Қазақтелеком» АҚ 

қызметтерін төлегім келеді.. 

«Телекоммуникацияларды» таңдаймын. 

Төлем нысаны ашылады. Төлем нысанында телефон немесе дербес шот нөмірін көрсете отырып, 

төлем тәсілін таңдау қажет.  

 



16 

 

 



Өтініш 

 

Аталған бөлімде келесі әрекеттер жасауға болады: 

- Жаңа депозит ашу; 

- Картаны оқшаулау/ оқшаулаудан алу; 

- Карта бойынша интернет-транзакцияларға қолжетімділік ашу. 

 

 



 

Жаңа депозит ашу 

 

Депозитті келесі валютада ашуға болады: KZT, EUR, RUB, USD. 

Депозитті ашу үшін өтініш нысанын толтыру қажет: 

 



17 

 

 



 

Картаны оқшаулау/ оқшаулау алу 

Аталған нысан уақытша немесе тұрақты түрде оқшаулауға, сондай-ақ қажеттілік болғанда 

Картаңызды оқшаулаудан алуға мүмкіндік береді.   

Уақытша оқшаулау уақыт өте келе картаны оқшаулаудан алуға мүмкіндік береді. Картаны 

тұрақты түрде оқшаулауда оқшаулаудан алу мүмкіндігі болмайды. Соңғы айтылған жағдайда 

Сізге картаны қайта шығару үшін Банктің жақын маңдағы бөлімшесіне бару қажет.      

 

 



18 

 

 



Карта бойынша интернет-транзакцияларға қолжетімділікті ашу/жабу 

Интернет-транзакцияларға қолжетімділікті толық ашу отельдерді, билеттерді брондау және 

автоны жалға алуды қосқанда барлық интернет-транзакцияларды жүргізуге толық қолжетімділік 

береді. Интернет-транзакцияларға қолжетімділікті оқшаулау кезінде жоғарыда көрсетілген 

транзакцияларды жүргізуге тыйым салынады.    

 

 



Хабарлама 

 

 



 


19 

 

Аталған бөлімде Банк «SMARTBANK» жүйесін пайдаланушыларға жолдайтын «Арнайы 



ұсыныстар», «Жаңалықтар», «Хабарламалар» тізімі көрсетіледі.  

Тапсырмалар реті  

 

 

 



«Тапсырмалар реті» бөлімінде клиенттің бүкіл кезең үшін жасаған барлық операцияларының 

тізімі көрсетіледі.  



Бөлімшелер мен Банкоматтар 

 

 

 



Бұл бөлімде «Еуразиялық банк» АҚ-тың бөлімшелері, банкоматтары, ақпараттық төлем 

терминалдарының орналасқан жері туралы ақпарат берілген.  

Банкоматтар бойынша деректерді қарау үшін түсетін тізімнен «Банкоматтарды», банк 

бөлімшелері бойынша – «Бөлімшелерді», ақпараттық төлем терминалдары бойынша – 

«Ақпараттық төлем терминалдарын» таңдау қажет. 

Күйге келтіру 

 



20 

 

 



 

Аталған бөлімде келесідей мүмкіндіктер қарастырылған: 

•  Құпия сөзді ауыстыру жиілігі мен сессияның ұзақтығын белгілеу; 

•  белсенділік журналын қарастыру; 

•  интерфейстің түсін ауыстыру; 

•  жүйеге кіруге арналған құпия сөзді ауыстыру



•  жеке ақпараттарды қарау. 

жүктеу 101,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау