Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет60/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97

125 
 
сабақтастырып  қайта  қарап  шығу  бүгінгі  күн  талабының  ӛзекті  мәселелерінің  бірі  болып 
отыр. 
Оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  тәрбиенің  әсері  туралы  К.Д.  Ушинский, 
Н.К.Крупская және т.б. педагогтардың еңбектерінде қарастырылса, ал жеке тұлғаны дамыту 
мәселелері  Л.С.  Выготскийдің,  Л.В.  Занковтың,  Д.Б.  Эльконинның  еңбектерінде 
қарастырылды.  В.М.  Коротов,  Н.И.  Болдырев,  О.С.  Богданова,  В.И.  Петрова  және  т.б. 
ғалымдар  тәрбие  жұмыстарын  жүйелеп,  зерттеп  педагогикалық  тұрғыдан  эксперимент 
жұмыстарын жүргізіп, зерттеулер нәтижесінде кӛптеген кӛлемді еңбектер жазды. 
Білімді  ӛз  бетімен  және  шығармашылық  тұрғыда  игерудің  әр  түрлі  аспектілерін 
кӛптеген  ғалымдар  экперимент  түрінде,  сондай-ақ  теориялық  тұрғыдан  да  зерттеді.  Оқыту 
барысындағы  шығармашылық  қызметтің  маңызы  туралы  мәселелер  белгілі  педагогтардың 
еңбектерінде  сипатталып  жазылған.  Неғұрлым  елеулі  нәтижелер  М.А.  Даниловтың,  Б.Т. 
Есиповтың,  М.И.  Махмутовтың,  П.М.  Эрдниевтің  және  тагы  басқа  ғалымдардың 
еңбектерінде сипатталып жазылған. 
Баланың  сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  математикаға  қызығушылықтарын, 
шығармашылық  қабілеттерін арттыруға үлес қосқан ғалымдар А.М.Пышкало, В.П.Труднев, 
М.А.  Бантова,  Т.Қ.  Оспанов,    Ә.  Бидосов,  Б.  Қосанов,  ал  математика  сабақтарында  тарихи 
материалдарды қолдану туралы Г.И. Глейзер, А.А. Свечников, А. Кӛбесов, М.Ӛ. Исқақов, С. 
Елубаев, С. Елубаева болды.  
Ұлттық  менталитеті  жетілген,  бүгінгі  қоғамдық  қатынастарға  еркін  араласа  алатын, 
логикалық  ойлау  қабілеті  жоғары,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  дайындауда  -  бастауыш 
сыныптарда  стандартты  емес,  шығармашылық  жаттығулар  орындаудың,  қызықты 
математика сабақтарын жүргізудің маңызы зор [5]. 
Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін қызықты математика сабақтарының 
негізгі мақсаты - әрбір баланың бойындағы табиғи қасиеттерін ашып, қарқынды дамып бара 
жатқан қоғамда ӛмір сүруге бейімделген жеке тұлғаны қалыптастыру; олардың практикалық 
дағдылары  мен  білімдерін  тереңдете  түсу;  логикалық  ойлауын,  тапқырлығын, 
математикалық қырағылығын дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды таныта 
білу,  олардың  ой-ӛрісінің  әрі  қарай  дамуына  кӛмектесу,  математикаға  қызығушылығын 
арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа, шығармашылықпен 
жұмыс істеуге баулу. Дарынды, білімді жастар ғана егемен елдің экономикасын жетілдіріп, 
еліміздің  ертеңін  ойлай  алады.  Сондықтан  да  уақыт  талабы  оқушыларға  сапалы  білім 
берумен  бірге  олардың  ӛзіндік  жұмыс  жасау  қабілетін  жетілдіруді,  ақыл-ой  белсенділігін 
дамытуды міндет етіп қойып отыр. 
Қызықты математика сабақтары бастауыш сынып оқушыларының сабақ үстіндегі алган 
білімдерін  жетілдіре  отырып,  шығармашылықпен  практикалық  жұмыс  жасау  қабілеттерін 
дамытады.  Қызықты  математика  сабағы-  балалардың  қызығушылығы  мен  ынталарын 
дамытып, еңбектің түрлерін меңгеруге және ӛз беттерінше
 
жұмыс жасауға жол ашады. 
Ойын-балалардың  негізгі  іс-әрекетінің  бір  түрі.  Балалар  білімді  ойын  арқылы  да  ала 
алады  және  үлкендерден  үйренеді.    Баланың  жас  ерекшелігіне,  зейініне  сай,    әдейілеп 
ұйымдастырылған қызықты ұлттық, математикалық ойындар, қазіргі заманғы педагогикалық 
технологияларды  меңгеру  баланың  ақылын,  дүниетанымын  кеңейтеді,  мінез-құлқын,  ерік-
жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады. 
Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере 
ұйымдастырса ғана оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім 
балаларды  үнемі  ойланып  оқуға  бағыттауға  тиіс,  бұған  оқу  үрдісін  жүйелі  ұйымдастыру, 
сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге 
болады.
 
Оқушыларға  ӛз  бетінше  жасаған  ой  операцияларының  дұрыс-бұрыстығын  тексерткізу, 
оларды  бір  мәселенің  ӛзін  түрлі  жолдармен  шешуге  үнемі  бағыттап  отыру,  ойлауды  қажет 
ететін  мысалдар  құрастырту,  қызықты  есептер  шығарту,  логикалық  қызықты  жаттығулар 
орындату,  сиқырлы  шаршылар,  лабиринттер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  санамақтар, 


126 
 
деформацияланған жаттығулар, құрастыру мәселелерімен байланысты және т.б жаттығулар 
орындату яғни, математикадан сыныптан тыс жүргізілетін қызықты математика сабақтары- 
баланың математикаға қызығушылығын арттырудың тиімді жолы. 
Математиканы жақсы білуге, есептеу мәдениетін арттыруға кӛмектесетін жұмыстардың 
бірі  сыныптан  тыс  қызықты  математика  сабақтарындағы  ауызша  есептеулер  болып 
табылады.  Жаттығуларды  ауызша  орындау  оқушылардың  математикалық  түсініктердің, 
анықтамалардың,  түрлендірулердің  мәнін  анық  түсініп,  пәнді  неғұрлым  сапалы  меңгеріп 
алуға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  ол  жаттығулар  оқушылардың  байыптылығын, 
тапқыштығын,  шапшаңдығын,  инициативасын  арттыруға  жәрдемдеседі.  Сондықтан  да 
оқушыларды  ауызша  есептеулердің  кӛптеген  тәсілдерін  тез  және  саналы  түрде  орындауға 
жаттықтыру  маңызды.  Бастауыш  сыныпта  математикадан  жүргізілетін  сыныптан  тыс 
жұмыстар  алуан  түрлі.  Бұл  сыныптан  тыс  математикалық  сабақтар,  математикалық 
бұрыштар,  математика  кештері  немесе  ертеңгіліктері,  математика  үйірмелері,  конкурстар, 
олимпиадалар болып табылады. 
Оқушы  назарын  аударатын,  ойына  түрткі  болатын  математика  туралы  қызғылықты 
материалдар,  әр  түрлі  қызықты  тартымды  есептер,  математикалық  софизмдер,  саяхат 
сабақтар  мен  ойындар  сабақ  үстінде  ӛзінің  орнын  табуы  керек.  Мұндай  есептер 
оқушылардың  математикаға  деген  ынта  ықыласын  арттырып,  есептерді  ӛздігінен  шешуге 
итермелейді, логикалық ой-ӛрісін дамытады [6]. 
Оқушылардың  зейінін  есеп  шығаруға  аударғанда,  алға  қоятын  мақсат  тек  қана  есепті 
шығарып  оның  жауабын  табу  ғана  емес,  кез  келген  есепті  шығара  алу  дағдысын 
қалыптастыру болуы керек [7,8]. 
Сыныптан  тыс  жүргізілген  қызықты  математика  сабақтарының  нәтижесінде 
математикалық кештер ӛткізіледі. Математикалық кеш  - сыныптан тыс жұмыстардың кӛбін 
қамтитын  жұмыс  түрі.  Сондықтан  ол  ойластырылып,  жоспарлы  түрде  ӛткізіледі.  Кеш 
мазмұны  түрліше  болады.  Онда  тақпақ,  хабар,  монтаж,  сӛз  жұмбақ,  есеп,  қысқаша  әзіл 
қойылым, интермедия, фокустар және т.б. болуы мүмкін [9]. 
Бүгінгі  күні  мемлекетіміздің  ӛркениетке  жету  жолындағы  ӛр  талабына  тұғыр 
боларлықтай  ұрпақ  оқытуды,  тәрбиелеу  ісін  жаңа  сапалық  ӛзгерістер  деңгейіне  кӛтеруді 
талап етіп отыр. Мектеп кұрылымында болып жатқан ӛзгерістер, білім беру мақсаттарының 
алмасуы,  оның  дамытушылық  сипаттарының  бекітілуі,  кӛпнұсқалық  оқытуға  кӛшу  сияқты 
мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және 
кәсібилікті талап етеді. 
Мұғалімнің  негізгі  мақсаты-  математика  және  сыныптан  тыс  жүргізілетін  қызықты 
математика  сабақтарында  математикалық  ойлауды  қалыптастыру  арқылы  оқушыны 
ӛздігінен  оқытуға  үйрету.  Ол  үшін  оқушылар  білім  негіздерін  мұғалімнің  басшылығымен 
іздестіре  отырып,  ӛздері  жаңадан  «жаңалық»  ашулары  керек.  Оқу  процесі  осылай 
ұйымдастырылған  жағдайда  оқушылардың  ойлау  қабілеті  кеңейіп,  оқушылардың  сабаққа 
деген  ынтасы
;
  артады.  Жеке  тұлғаны  үйлесімді  дамытуда,  олардың  шығармашылық, 
белсенділік  қабілеттері  мен  ізденістерін  жетілдіруде  қызықты  математика  сабағының 
маңызы аса зор. Мұғалімнің оқушыларға математика негіздерінен білім беруі, басқа ғылым 
салаларымен  ұштастыруы,  ӛзінің  пәнге  деген  қызығушылығын  ӛз  оқушыларының  бойына 
сіңіре білуі қажет. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыга  міндетті  білім  беру  стандарты.-
Астана, 24 қаңтар 2014 жыл. 
2.  Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  жолы  -2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ».- 
«Егемен Қазақстан», 2014, 18 қаңтар. 
3.  «Қазақстан  Республикасында    білім  беруді  дамытудың      2011  -  2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік бағдарламасы».-«Егемен Қазақстан», 2010, 7 желтоқсан. 
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,-«Егемен Қазақстан», 29.10.2011 ж. 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау