Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет21/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   97

45 
 
ойын-сауығын  ұйымдастырылуын,  үйлену  тойы,  жерлеу  рәсімдерін  жан-жақты  және 
толығымен  қамтыған.  Шығыстанушы,  түркітанушы  ретінде  ол  қазақтардың  дәстүрлі 
салттары мен жоралғыларының мәселелерімен айналысқан [2]. 
Сонымен  біз,  қазақ  жеріндегі  этнографиялық  ізденістердің  бастауларына  шолу  жасай 
келе, оның кеңестік кезеңге дейін, тіпті кеңес ӛкіметінің Ұлы Отан соғысына дейінгі кезінде 
этнографиялық  зерттеулердің  кәсіби  деңгейде  арнайы  ғылыми  мекемелер  жүйесі  арқылы 
жүргізілмегеніне  кӛз  жеткіздік.  Оған  деген  мүмкіндіктер  кеңес  ӛкіметінің  Қазақстандағы 
ғылыми  мекемелердің  ашылуына  жағдай  жасап,  этнограф  ғалым-кадрларды  дайындауынан 
басталды  десек  те  болады.  Алғашқы  этнографиялық  ізденістердің  басында  Мәскеу, 
Ленинград  ғалымдарынан  тәлім  алған  Н.Сәбитов  тұрды.  Қазақстандағы  этнографиялық 
жұмыстарды  Қазақстан  Ғылым  Академиясының  Тарих,  археология  және  этнография 
институтының этнография секторы атқаруға тиіс болды [3]. 
Кеңестер  Одағындағы  этнограф  кадрларының  жетіспеушілігін  және  олардың  кәсіби 
мамандығын  жетілдіру  туралы  профессор  С.П.  Толстов  ӛз  кезінде  ерекше  айтып  ӛткен 
болатын:  «Подготовка  этнографических  кадров,  особенно  национальных,  находится  в 
неудовлетворительном  состоянии.  Организованная  подготовка  этнографических  кадров 
через  специальные  кафедры  университетов  отсутствует,  за  исключением  Московского  и 
Тбилисского университетов» [4]. 
Кадрлардың  тапшылығы  кезінде  осындай  үлкен  істі  басқару  Н.Сәбитовке  жүктелді. 
Этнография секторы ӛз жұмысын 1946 ж. қаңтарынан бастады. Оның құрамы үш адамнан  - 
бӛлім  меңгерушісі  мен  екі  кіші  ғылыми  қызметкерден  тұратын.  Сектордың  бӛлім 
меңгерушілігіне филология ғылымының кандидаты Н.Сәбитов тағайындалды. Ол ӛз жұмысы 
барысында екі этнографиялық экспедиция ұйымдастырды. Оның бірі Шығыс Қазақстан мен 
Семейге (1946 ж.), екіншісі Алматы мен Талдықорған облыстарына (1947 ж.). 
Алматы мен Талдықорған облыстарына жасалған этнографиялық экспедиция, Кеңестер 
Одағының  Ғылым  академиясының  Этнография  институты  ұйымдастырған,  кешенді 
антропологиялық-этнографиялық  экспедициясының құрамында әрекет етті,  оның жетекшісі 
тарих ғылымының докторы Н.Н. Чебоксаров болды.  
Н.Сәбитовтың бӛлім меңгерушісі және этнограф-ғалым ретіндегі қызу еңбегі басталып 
кетті.  Жаңа  ашылған  этнография  секторына  қазақтың  ұжымшарлық(колхозды)  ауылының 
мәдениеті  мен  тұрмысын  жүйелі  түрде  зерттеу  жүктелді.  Бұл  кезде  жалпы  Орталық 
Комитеттің қаулысы бойынша 1946-1950 жылдарға арналған халық шаруашылығын қалпына 
келтіру  және  дамуының  бесжылдық  жоспары  қабылданған  болатын.  Соғыстан  кейінгі 
қираған  шаруашылықты  қалпына  келтіру  барысында  партия  басшыларына  жаппай  саяси 
жұмыстарды  жүргізе  отырып,  ұжымшарлардағы  үгіт-насихат  жұмысын  да  жүргізу  кең 
ауқымда қолға алынған болатын [5]. 
1946  ж.  Қазақстан  Ғылым  Академиясы  Президиумының  шешіміне  сәйкес  Шығыс 
Қазақстан  мен  Семей  облысына  құрамында  екі  қызметкері  бар  (М.Оралов  –  жетекші  және 
Д.Рахметов)  этнографиялық  экспедиция  ұйымдастырылды.  Экспедицияның  мақсаты 
зерттеуге  алынған  аудандарда  қазақтардың  кӛшпенді  шаруашылығы  мен  тұрмысын,  рулық 
құрылысын  (рулық  және  тайпалық  бӛлінісі)  және  соларға  байланысты  әдет-ғұрыптарын 
зерттеу  болатын.  Н.Сәбитовтың  этнографиялық  экспедицияның  жұмысы  жайында  жазған 
есептік  баяндамасында  экспедиция  мақсатына  тоқтала  келіп,  ол  алға  қойылған  мәселе 
бойынша  толық  мәлімет  жинауды  емес,  оның  бағыт-бағдарын  айқындап,  үлкен  зерттеуге 
жол ашуды мақсат етті дейді [6]. 
Экспедиция  аталған  облыстардағы  қазақтардың  шаруашылығы  мен  ӛмір-тіршілігін 
зерттей  отырып,  олардың  кӛрші  халықтармен  мәдени-тарихи  байланысын  қарастырды. 
Сонымен қатар халық ауыз әдебиетіндегі (аңыздар, мысалдар, мақал-мәтелдер т.б.) бұрынғы 
және  қазіргі  жергілікті  халықтың  зерттеліп  отырған  облыстардағы  тұрмыс-тіршілігі 
жӛніндегі мәліметтерді жинастырды.  
Далалық  экспедиция  жұмыстары  үш  ауданда:  Зайсан,  Тарбағатай  (Шығыс  Қазақстан 
облысы) және Ақсуатта (Семей облысы) жүргізілді. Негізгі жұмыс екі айға созылды (шілде-


46 
 
тамыз).  Экспедиция  мүшелері  Махмұд  Оралов  пен  Дүйсен  Рахметовтар  жергілікті 
тұрғындардың  шаруашылығы  мен  тұрмысы  жайында  мәліметтер  жинады.  Сонымен  қатар 
қазақтардағы  ою-ӛрнектердің  кӛптеген  үлгілерін  алып,  ауыз  әдебиеті  бойынша  кӛп 
мәліметтерді  жазып  алды.  Н.Сәбитов  жинақталған  мәліметтерді  талдап,  оларға  сипаттама 
беріп, мақала жариялады [7].  
Жоғарыда  айтылғандай  экспедицияның  негізгі  қамтыған  аудандары  шығыс  және 
оңтүстік-шығыс  болды.  Мұндай  таңдау  кездейсоқ  емес  еді.  Қазақстанның  шығыс  және 
оңтүстік-шығыс  облыстары  этнографиялық  жағынан  ешқашан  зерттелмеген  деп  айтуға 
болады. Бұған дейін 1927 ж. этнолог С.И. Руденконың Зайсанға барғанын ғана айтуға болады. 
Атап  кеткен  облыстардың  тұрғындары  басқа  облыстармен  салыстырғанда  шаруашылығы 
жағынан  да,  мәдени-тұрмыстық  жағынан  да  ӛз  ерекшелігімен  кӛрінеді  [8].  Сонымен  қатар 
Қазақстанның  шығыс  және  оңтүстік-шығыс  облыстары  Алтай  ӛлкесімен,  Батыс 
Моңғолиямен  және  Шыңжанмен  шекаралас  болып,  тұрғындары  бұрыннан  ӛзара  қарым-
қатынаста болған. 
Бұл облыстардың кӛптеген аудандарында орыстар, украиндар, ұйғырлар мен дүнгендер 
тұрады,  олардан  қазақтар  кейбір  шарушылық  жүргізу  тәсілдері  мен  мәдени-тұрмыстық 
дәстүрлерді  қабылдаған.  Егер  де  мәселенің  географиялық  жағдайына  келетін  болсақ, 
территориясы  тау  жоталары  мен  суға  бай,  кӛкорай-шалғынды,  хайуанаттар  дүниесі  де  аса 
кӛп,  бұл  ӛз  кезінде  жергілікті  тұрғындардың  шаруашылығы  мен  тұрмыс-тіршілігінің 
қалыптасуына әсер еткен. 
1947 ж. кешенді экспедиция ұйымдастырылды. Оған Қазақстан этнографтарымен қатар 
Мәскеу,  Ленинград  этнографтары  мен  антропологтары  қатысты:  белгілі  ғалымдар                         
Н.Н. Чебоксаров (экспедиция жетекшісі), В.В. Гинзбург және т.б. 
Экспедицияның  далалық  жұмыстары  екі  отрядпен:  Шелек,  Кеген  және  Нарынқол 
(Алматы  обл.),  Панфилов  және  Октябрь  (Талдықорған  обл.)  аудандарында  ӛтіп,  тамыз-
қыркүйек  айларын  қамтыды.  Мәліметтер  жинау  этнографиялық  бағдарламаға  сәйкес 
жүргізілді.  Қазақстан  этнографтары  негізінен  рухани  мәдениетпен  айналысса,  Мәскеу, 
Ленинград этнографтары материалдық мәдениетпен айналысты [9]. 
Экспедицияның  негізгі  мақсаты  қазақтар  мен  ұйғырлардың  мәдениеті  мен  тұрмысын 
жан-жақты  зерттеу.  Экспедицияның  басты  қарастырған  мәселесі  аталған  халықтардың 
этногенезі  және  жеке  бір  мәдени-тұрмыстық  құбылыстардың  дамуына  байланысты  және 
олардың кеңестік құрылыс жылдарындағы трансформациялануының тарихи-этнографиялық 
мәселелері.  Сонымен  қатар  экспедиция  қазақтар  мен  ұйғырлардың  этникалық 
антропологиясы бойынша аса бай мәліметтерді жинақтады.  
Экспедицияның 
жұмысы 
жайында 
мынадай 
мақалалар 
жарияланды:                                         
Н.Н. 
Чебоксаровтың 
«Комплексная 
антрополого-этнографическая 
экспедиция 
в 
Казахстане»[10]және  Н.Сәбитовтың  «Этнографическая  работа  в  Казахстане»  [11].                          
Н.Н.  Чебоксаровтың  мақаласында  зерттеуге  алынған  аудандардың  материалдық  мәдениеті 
сипатталса,  Н.Сәбитовтың  мақалаларында  рухани  мәдениеті  кӛрсетілген.  Сонымен  қатар 
Қазақстан  Ғылым  Академиясының  Тарих,  археология  және  этнография  институтының 
мұрағаты  қорында  этнография  секторының  меңгерушісі  Н.Сәбитовтың  баяндамасының 
мәтіні сақталған [12]. Онда екі іс тіркелінген, негізгі мазмұны сол кездегі экспедициялардың 
нәтижелері  жайында  айтылған:  «Отчет  о  работе  этнографической  экспедиции  1946  года 
Института истории, археологии и этнографии АН КазССР. Общие замечание. Зав. сектором 
этнографии  Н.Сабитов.  20.  ХІІ.  1946»,  «Доклад  об  итогах  работы  этнографической 
экспедиции  1946  года  Института  истории,  археологии  и  этнографии  АН  КазССР.  Зав. 
сектором этнографии Института истории, археологии и этнографии АН КазССР Н.Сабитов. 
15.V. 1947» [13]. 
Кеңестік  кезеңдегі  қазақ  ұжымшарының  шаруалары,  тұрмысы  мен  мәдениеті  тіпті 
зерттелмеген  «терро  инкогнита»  деп  айта  алмаймыз.  20-30  жылдардың  ӛзінде-ақ  Қазақстан 
жерінде Мәскеу, Ленинград, Ташкенттен келген кӛптеген этнографиялық экспедициялар мен 
этнографиялық  отрядтардағы  ғалымдар  жұмыс  істеді.  Сонымен  қатар  жергілікті 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау