187
Қазақстанда лингвист ғалымдар XX ғ. екінші жартысында географиялық атаулар мен
терминдердің шығу тегі мен мағынасына қатысты жан жақты этимологиялық, лексикалық-
семантикалық зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулер барысында кӛптеген атаулардың тілдік
негіздері мен құрылымына, аумақтық, жергілікті таралуына қатысты жаңа нәтижелер
алынып, топонимика ғылымының теориясы байытылды. Бұл ретте әсіресе Ә.
Әбдрахмановтың, Е.Қойшыбаевтың, В.Н. Попованың, Е.Керімбаевтың және т.б. еңбектері
зор. Біз қарастырып отырған аумақты Қ. Рысбергенова тарихи-лингвистикалық тұрғыда
арнайы зерттеген.
Ономастиканың бір саласы ретінде дамытылған топонимикалық бағытты тіл мамандары
осы кезге дейін жемісті дамытуда. Дегенмен, географиялық атауларды тек тілдік және
тарихи тұрғыдан қарастыру атаудың географиялық негіздеріне терең талдау жасауға
мүмкіндік бермейді. Мұның ӛзінен Қазақстанда Ғ. Қоңқашбаев негізін салған
топонимиканың географиялық бағытын дамыту қажеттілігі туындайды. Елімізде географтар
тарапынан соңғы жылдары жүргізілген топонимикалық зерттеулер геофафияның әртүрлі
саласына негізделіп келді. Әсіресе осы салада ҚР БҒМ География институтының
Қазақстандағы топонимдерді жинақтап, бірізге келтіруде қомақты зерттеулер жүргізіп
келеді. Институт еліміздегі топонимикалық зерттеулердің ғылыми қауымдастық таныған
орталығына айналды [3].
Соңғы жылдары арнайы зерттеулер жүргізген К.Д. Каймулдинова (1998 ж.), А.С.
Омарбекова (1999 ж.), Ә.Е. Аяпбекова (2002 ж.), А.У. Мақанова, Қ.Т.Сапаровтың (2004 ж.)
ғылыми нәтижелері топонимика ғылымын табиғатты пайдалану және қорғау, экономикалық
және әлеуметтік, физикалық география, геоэкология бағытында дамытуға негіз болды. Соңғы
үш жұмыстың жеке облыстар топонимиясын зерттеуге арналғанын есекерсек, Қазақстанда
аймақтық топонимикалық зерттеулерге бастама салынды деуге болады. Жеке облыстардың
топонимиялық жүйесін жан жақты зерттеу арқылы кӛптеген атаулардың шығу тегі мен
мағынасына қатысты жаңа деректер алып, атаулардың жергілікті географиялық шындықпен
байланысын аныктауға болады [5].
Қазақстан топонимикасының ішінде ең кӛбі әрі басымдау жататын да монғол тілінен
қалған жер-су, елді мекен атаулары. Қазірдің ӛзінде Қазақстан жерінде монғол тілінен қалған
217 топонимикалық атаулар белгілі болып отыр. Бұлардың басым тобы Шығыс Қазақстан
мен Оңтүстік Қазақстан жерінде сақталған. Қалмақ тіліндегі: Дегерес, Зайсан, Нарынқол,
Түреген, Борандай, Қалдығайты, Сайқан, Қалмақ қырылған т.б. толып жатқан елді мекен,
жер су атауларында халық санасында сақталып қалған талай тарихи қанды оқиғалардың ізі
жатыр. Қазақ жеріндегі ең жас топонимикалық жер атауларына орыс тілінен енген сӛздер
тобы жатады. Қазақстан мен Россия арасындағы әрқилы қарым – қатынас басталысымен-ақ
географиялық жаңаша жер атаулары да біртіндеп пайда болып, жыл ӛткен сайын молыға
түседі. Қазақ жеріндегі топонимикалық атаулар дәл осы кездегідей тез ӛзгеріп кӛрген емес.
Орыс тілінен енген топонимикалық жер атауларының орнығу тарихына кӛз жіберсек, осы
процесті елеулі екі кезеңге бӛлсек, бірінші кезеңге Россия дәуірінде, еріксіз күшпен таңылған
отаршылдық мазмұндағы топонимикалық атаулар тобы жатады [4].
Екінші кезең – Ұлы Октябрь ревалюциясынан кейінгі таптық принцип негізінде пайда
болған жаңа дүниетаным рухындағы топонимикалық атаулардың ӛзгеруі мен жаңадан
қойылуы. Мұнда ең әуелі социалистік негіздегі қоғамның саяси талаптарына сай жүргізілген
әрекет шешуші орынға шықты. Еліміздегі патшалық құрылыстың құлауымен бірге, оның
саяси идеялық дүниетанымынан туындаған қондырмалары да аласталды. Жаңа орнаған
қоғамда ревалюциялық рухтағы топонимикалық жер атаулары ӛмірге ене бастауы заңды
құбылысқа айналды.
Қазақстан аумағындағы географиялық атаулардың этимологиясы мен семантикасына,
олардың географиялық болмыстың ерекшеліктерін сипаттайтын мазмұнына қатысты
зерттеулерде осы аумақты зерттеген саяхатшылар мен ғалымдар еңбектерінде кездесетін
топонимикалық деректердің маңызы ӛте зор. Жалпы алғанда, бұл еңбектердің кӛпшілігінде
зерттеу ауданының ландшафттық сипаты нақты сипатталатындықтан, географиялық
188
атаулардың және олардың негізінде жатқан халықтық географиялық терминдердің
мағынасына айрықша кӛңіл бӛлінгенін және оның географиялық ортамен байланысын табуға
тырысушылық болғанын байқадық. Біздің зерттеу тақырыбымызға сәйкес, қарастырылған
дерек кӛздері арасында әсіресе Қазақстан аумағын ХІХ ғасырда зерттеген ғалымдар мен
саяхатшылар еңбектерінде қазіргі топонимикалық және терминологиялық зерттеулерге арқау
болатындай бастапқы материалдар бар екендігі анықталды.
Ӛткен тарихтың куәсіндей сарғайған еңбектерді ақтарған сәттерде, халқымыздың
мәдени мұрасы ретінде бағалауға болатын географиялық атауларының тамыры тереңде
екендігіне сан рет куә боласың. Осындай мол мұраны еш жерге жазбай-ақ, санасында
ғасырлар бойы сақтаған халықтың кереметтігіне бас иесің. Әйгілі британдық тарихшы Дж.
Тойнбидің мына сӛздері бұған жауап беретін сияқты: «Құрғақ даланы тек малшы ғана игере
алатын еді, бірақ, мұнда ӛмір сүріп, даму үшін, кӛшпенді малшы ӛзінің шеберлігін ұдайы
шыңдап, жаңа дағдыларды игеріп, сонымен қатар айрықша адамгершілік және ақыл-ой
қабілетін дамытуы керек болатын» [5, 185-б.].
Әдебиеттер тізімі:
1. Каймулдинова К.Д. Топонимика –Алматы, Дәуір, 2011. 162-164б.б.
2. География в школах и вузах Казахстана. – Алматы.Августь, 2012.43-45 с.
3. Государственный каталог географических названий Республики Казахстан. Т-
4.Алматы. 2005.391 с.
4. Абдрахманов А. Қазақстан топонимикасының кейбір мэселелері. Филол. ғыл. канд...
дисс. автореф. Алматы, 2010. 29 б.
5. Береговой Г.Т. и др. Исследование природной среды. –Л., Гидрометиздат.1972.
6. Интернет жүйесінен алынған материалдар қолданылды, (мысалы
www.mail.ru
.
немесе
www.rambler.ru
.).
Аннотация
Аталмыш мақалада Қазақстан аумағындағы географиялық атаулардың семантикалық жіктелуі
мен этимологиясының зерттелу барысындағы ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалған. Сондай ақ
мақалада, жергілікті географиялық терминологияның жіктелген сипатын танып-білуге деген
саяхатшылардың қызығушылығын дәлелдей түскенін кӛруге болады.
Аннотация
В статье рассмотрены этимология и семантика географических названий регионов Казахстана,
исследования, характеризующие особенности их содержания и географического видения, важность
топонимических сведений трудов путешественников и ученых, исследовавших данную область. В
общем, в большинстве данных трудах определено точное ландшафтное описание исследуемых
районов, уделено особое внимание содержанию географи- ческих терминов и народных названий,
лежащих в их основе, наблюдалось стремление найти их связь с географи-ческой средой.
Annotation
The article discussesthe etymologyand semantics ofgeographical namesregions of Kazakhstan, research
characterizing thefeatures of theircontentand geographicalvision, the importance of toponymicdatatravelers
and scientistswho have studiedthis area. In general, most of the datadifficult to determinethe exactdescription
of thelandscapeof the study area, paying particular attention to the contentof geographical
termsandvernacular names, the underlying, there was a desire to findtheir relationship withthe geographical
environment.
Достарыңызбен бөлісу: |