185
"Дән лақтырғыш-сыныптауышты" барлық кәсіпорындар: шаруа және фермер
шаруашылық, дәнді дақылдар ӛндіретін және дән қабылдайтын: элеватор, қоспажемдер
диірмендер, спирто-пиво және маслозаводы болып табылатын. Бүл техниканы және
технологияны дәнді дақылдарды алғашқы ӛңдеуі үшін іс жүзінде барлық ӛндіретін және дән
қабылдайтын кәсіпорындары қажет етеді. Келтірілген экономикалық есеп және маркетинг
зерттеу нәтижесі бойынша "Дән лақтырғыш-сыныптауыштын" құнының ӛтімділігінің
мерзімі 5 ай келеді. ҚРға болжам бойынша: қажеттілігі айтылмыш жабдықта аумақты 3,6
мың дана келеді.
С.З. Қазақбаевтың тікелей басшылығымен ғылыми еңбектері тамақ және дәнді
дақылдарыды ӛңдеу ӛндірісінде: «Махмадов Продукт», АҚ «Ақ-бидай», «Алтын дән», «Ел -
азығы» және «Таукебаева Сауле» шаруа қожалығында енгізілген. Қазіргі кезде дәнді
дақылдарды алдын ала ӛңдейтін инновациялық техника мен технология арнайы әр
шаруашылық қожалықтардын таптарына және қаржы мүмкіншілігінесай жасалуда. АМА
корреспондент мүшесі С.З. Қазақбаевтын жетекшілігімен ғылыми-ізденіс жұмысы «Дәнді
дақылдарды алдын-ала ӛңдейтін және кептіретін инновациялық техника мен технологияны
жобалау және ӛндіріске енгізу» тақырыбында орындалуда.
Әдебиеттер тізімі:
1. Косилов Н.И. и др. Модернизация поточных линий для послеуборочной обработки
зерна в Челябинской области // Достижения науки и техники в АПК. 2008. № 2. С. 3–8.
2. Грачев Ю.А., Коваленко Н.В. Зерноочистительный пункт нового поколения //
Вестник ЧГАА. 2009. Т. 54. С. 109–111. Пневмороторлы сыныптауыш. АК
№65792.Инновациялық патент №23126,берілген күні 04.08.2009ж.
3. Лукомская И.С. Определение функции затрат на доработку и хранение зерна //
Вестник ЧГАА. 2012. Т. 61. С. 138–142.
4. Дән лақтырғыш-сыныптауыш. АК №70124. Инновациялық патент №24531, берілген
күні 01.06.2010ж.
186
5. Инновационный патент РК на полезную модель № 2015/ 140.2 «Зернеометатель-
Классификатор ЗКС».
Аннотация
Жұмыста "Дән лақтырғыш-сыныптауыш" дәндерді лақтырумен қатар тиеу және бір мезгілде
дәндерді майда, ірі кесек, металломагниттік, жеңіл қоспа мен тозаң, және де дәндерді алдын ала
кептіру мен залалсыздандыру үшін қолданылуы қарастырылады. Дәнді-дақылдарды алдын-ала
ӛңдейтін "Дән лақтырғыш-сыныптауыш"ты енгізу нәтижесінде барлық дәнді-дақылдарды ӛндіретін
кәсіпорындарға келетін пайдасы қомақты, атап кетсек ӛңдеу кезінде дәндерді әр түрлі қоспалардан
тазалау ӛнімділігі жоғарылайды, сонымен қатар бидай ӛнімдерін зиянкестерден сақтау мүмкіншілігін
арттырады, сондай-ақ дәндерді алдын-ала кептіру ұрдісіде жағымды жағдайға әсерін тигізеді.
Аннотация
В работе рассматриваются проблемы по созданию высокопроизводительных и эффективных
машин на базе Зернометателя. Исследуются оптимальные параметры как технологической операции
по очистке зерна от различных примесей, так и по разработке оптимальной конструкции
пневмороторного классификатора, позволяющие совмещение перегрузки и первичной переработки с
предварительной сушкой зернопродуктов.
Annotation
In the article the problems of creating high-performance and efficient machines on the basis of grain
casters. Optimal parameters of technological operations for cleaning grain from various impurities.
Development of the optimal design of pneumatic rotary classifier, which allows the combination of the
transfer and primary processing preliminary drying of grain products.
ӘОЖ 502 Қ 34
ТОПОНИМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қонысбекова Қ.Қ., Сабырова Ж.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Топонимика географияның қай саласында болмасын, ӛзіндік орынға ие. Қазіргі заманғы
ӛркениетті географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Топонимдер қоғам дамуының
ажырамас бӛлігіне айналған. Топонимия кез-келген аймақтың, елдің тарихы мен
географиясының, халқының айнасы деуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, топонимдердің
мағынасын, олардың пайда болу жағдайларын, ӛзгеру сипатын зерттеудің маңызы зор [1].
Жер бетінде атауы жоқ белгі – бедер таба алмайтынымыз анық. Ӛйткені, адамзат
қоғамының ілгері дамуы үшін географиялық атаулардың мәні айрықша болған, әлі де бола
бермек. Бір мемлекет ішіндегі кӛптеген халықтар арасындағы саяси - әлеуметтік ӛмір
ырғағын былай қойғанда, ең елеусіз деген хабардың ӛзін белгілі бір мекен – жайын айтып
алмаса түсіну мүмкін емес-ті. Сондықтан, топоним атаулары әр жақтылы хабар беріп
тұрады. Мұның ӛзі белгілі бір ӛңірдің топониміне қарап сол ӛңірді мекен еткен ұрпақтың
тарихы туралы, тіршілік әрекеті, ой-ӛрісі, әрі рухани байлығынан хабар беріп, белгілі
дәрежеде сӛз түйіндеуге мүмкіндік береді. Ең бір елеусіз топонимнің ӛзінде бірнеше немесе
үлкен оқиғаның тұнып жатуы ықтимал.
Қазақстанның географиялық атаулар жүйесі сан ғасырлық тарихы бар, құрылымы мен
тілдік құрамы жағынан аса күрделі түзілім болып табылады. Қазақ топонимикасында
топонимдердің аталу сыры да тереңіректе жатыр. Қазіргі Қазақстан жеріндегі түсініксіз
атауларды зерттегенде қазақ халқының бұрынғы тарихымен байланыста қарастырған жӛн.
Жоғарыда айтқанымыздай жер-су атауларының саяси оқиғаларға, әрі тарихи
құбылыстарға қатысты ӛзгеріп отыратындығы заңды құбылыс. Бірақ осылардың арасынан
жер-су, елді мекендер атауларының тез алмасып ӛзгеріске түсуіне әкелетін елеулі себептер,
кӛбінесе, жаугершілік, отаршылдық, жаулап алушылық әрекеттерімен тікелей байланыста
жататыны да тарихи шындық [2].
Достарыңызбен бөлісу: |