174
Әдебиеттер тізімі:
1. Суханбердин Х. Су – тіршілік мәні. //Атамекен №10 (469), 2011–3 б.
2. Идрисов Е. Трансграничные реки должны стать мостами добрососедства и дружбы.
//Казахстанская правда, 20.11.1999
3. Водные ресурсы Казахстана в новом тысячелетии. Обзор. Автор книги: ПРООН РК.
Алматы, 2004.
4. Ибатуллин С.Р. Водные ресурсы Казахстана и возможности развития ирригации //
Проблемы инновационного развития общества: настоящее и будущее. – Алматы: «Эверо»,
2009.
5. Нурмаганбетова А.К. Трансшекаралық ӛзен су ресурстарын пайдалануды басқаруды
жетілдіру (Қызылорда облысының мәліметтері негізінде): Экономика және бизнес магистрі
академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Қызылорда,
2012
6. Исламов Б.А. Материалы Круглого стола на тему "Нормы международного права по
трансграничным водным объектам и региональные проблемы их использования". Ташкент,
2009.
Аннотация
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының трансшекаралық ӛзен
су ресурстарын пайдаланудың
ерекшелігімен одан туындайтын мәселелер қарастырылады.Трансшекаралық ӛзен суларын тиімді
пайдалануының экономикалық және экологиялық маңызы кӛрсетіледі.
Аннотация
В этой статье рассматривается вопросы особенности использования трансграничных ресурсов
речных вод Республики Казахстан. Раскрывается экономическое и экологическое значение
эффективного использования трансграничных речных вод.
Annotation
This article discusses the features and make use of transboundary resources of river waters of the
Republic of Kazakhstan. Reveals the economic and environmental value of the effective use of
transboundary river water.
ӘОЖ 372.857
Б 34
БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Бегалиева С., Ахимбекова А.Н.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ақтоған орта мектебі, Т. Рысқҧлов ауданы, Жамбыл облысы
ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдердің қауамдастығына
кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке кӛтерер білімді, білікті, адамгершілігі
жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. «Болашақта еңбек етіп, ӛмір
сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан
солдеңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деген Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстен республикасының «Білім беру туралы» заңында ұлттық және жалпы
азаматтық құқықтар. Ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
беру және жеке адамның
шығармашылық, рухани күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына
жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті кӛзделген.
175
Жаңа білім алу үдерісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға
итермелейді, себебі оқушы білімді ӛздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім
оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты
жан-жақты дайындау қажет, сабақ үстінде қандай болсын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар
туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Сонымен
қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни
білім алу жетекшісі болу тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу
белсенділігін жоғарлату мақсатында жаңа технологияларды меңгеру қажеттілігі туындап
отыр.
12 жылдық оқуға кӛшу барлығы Қазақстандық білім сапасын кӛтеруді және
халықаралық деңгейге жеткізуді кӛздейді. Осы проблемалар мектептегі биология пәнінің
оқытылуына да тікелей қатысты. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға
бағытталған технологияларға сын тұрғысынан ойлау, жобалау, проблема туғызу, ұжымдық
қарым – қатынаста оқыту жатады. Қызығушылық деп оқушының бір нәрсеге зейін қоюын,
кейбір заттар мен құбылыстарды танып білуге ұмтылуын айтамыз.
Сабақта интерактивті тақта колдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар
оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың ӛз бетінше білім
алуына себеп болады. Ӛз бетінше білім алу - білім сапасын кӛтерудің бірден бір жолы екенін
естен кетірмеу қажет. Мұғалімнің алдындағы мақсат оқушының оқуға ынтасын кӛтеру,
қызығушылығын арттыру, бұл білім сапасын кӛтеру деген сӛз. Сабақты құру негізі
оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Бұл сабақтың маңызың және әдісін анықтайды.
Сондықтан таңғалған әдіс сабақ барысының тиімділігін кӛрсетеді.
Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жеке
қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. Қиын шығармашылық
тапсырмаларды тек қыбілеті жоғары оқушыларға беру карек. Шығармашылық деңгейі
жоғары тапсырмаларды орта деңгейлі қабілеті бар оқушыларға беру олардың ӛзін-ӛзіне
деңгей сенімін түсіріп, келе-келе сабаққа деген ынтасын жоғалтпауының себебі болады.
Оқушылар сабақ меңгеру барысында әртүрлі іс-әрекет жасайды: мұғалімді тыңдайды,
оқулықты оқып, қосымша әдебиетпен жұмыс жасайды, зертханалық тапсырмаларды
орындайды.
Жоғарыда аталған іс-әрекет бӛлек психикалық үрдіске жатады: жады, қабылдау, ойлау,
ойша бейнелеу. Аталған прцестер ішінде ойлау ең негізгі болып табылады. Ойлау мен жады
арасында тығыз байланыс бар. Ой елегінен ӛткен материал жадада жақсы сақталады. Ойлау
басқа да танымдық әрекеттерге әсерін тигізеді. Оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіру
дегеніміз-ол ойлау қабілетін белсендіру деп айтуға болады. Оқушыға оқу барысында тек
берілген танымдық тапсырмаларды орындау әдістерін үйретуге ғана емес, сол
тапсырмаларды ӛздігінен орындауға ынталандыру қажет. Оқушылардың оқуға деген ынтасы
мен қызығушылығын арттыру казіргі заманғы мектептің басты талабы.
Әр сабақ тақырыптан басталады, тақырыпты жай ауызша мәлімдеу керек емес,
тақырып айтпас бұрын қызығушылығын арттыру керек, ӛйткені тақырыптың
маңыздылығын, бұрын ӛткен сабақпен байланысын кӛрсету маңызды. Оқушы тақырыптың
маңызын түсіну барысында игеруге талпыныс жасау керек, әр сабақты міндеті - білім
алушының танымдық құзырлығын дамыту. Ол үшін мыналарды ескеру қажет:
- Оқушының материалды қабылдау ерекшелігін ескеру;
- Оқыту үрдісіндегі ашықтық,
еркіндік;
- Оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыру;
- Жеке дара оқыту үрдісін ұйымдастыру.
Танымдық қабілетті арттырудың жолдары:
- Ақпаратты ӛмірмен ұштастыру,
байланыстыру;
- Мәселелік жағдаятты туғызу;
- Әдеби, ғылыми-кӛпшілік әдебиеттерді қолдана білу;
- Салыстыру, талдау, жинақтауды үйрету.