Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет82/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95

172 
 
Қазақстанның  Арал-Сырдария,  Балқаш-Алакӛл,  Ертіс,  Есіл,  Нұра-Сарысу,  Тобыл-
Торғай,  Орал-Каспий,  Шу-Талас  ӛзендері  аумағында  су,  су  түбі  экожүйесінің,  табиғи 
ландшафтының  биоалуантүрліліктің  азаюы  мен  ондағы  тіршіліктің  биологиялық  ӛнімділігі 
тӛмендеген.  
Қазақстанның  негізгі  ӛзендері  болып  табылатын  Ертіс,  Сырдария,  Талас,  Шу,  Іле 
ӛзендері қазіргі кездегі қалыптасқан классификация бойынша «ластанған» ӛзендер қатарына 
жатады, ондағы судың беткі қабаттары мұнай ӛнімдерімен, фенол, биогенді   заттармен, ауыр 
металдардың қоспаларымен ластанған. Кейбір су нысандары пестицид, формальдегид, сынап 
және т.б. зиянды заттармен ластанған.   
Ресми  мәлімет  бойынша  Қазақстанның  әрбір  екінші  тұрғыны  суды  гигиеналық 
талаптарға  сай  қолданбайды.  Жыл  сайынғы  тек  судың  ластануы  бойынша  ішкі 
экономикалық,  экологиялық  және  әлеуметтік  шығын  мӛлшері  10  млрд  теңгені  құрайды.  
Қазақстанның  су  шаруашылығы  аудандарында  қалыптасатын  экологиялық  мәселелердің 
кӛбісі Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Ӛзбекстан арасындағы трансшекаралық ӛзен су 
ресурстарын шаруашылыққа пайдалану туралы шешімдерді қабылдау кезінде туындайды.  
Трансшекаралық  ӛзен  су  ресурстарын  пайдалануды  теңдестіру,  тең  құқылы  дәрежеде 
табиғатты пайдалану мынадай міндеттерді шешумен бірге жүруі тиіс: 
-  Қазақстанның  агроӛнеркәсіптік  кешенінде  табиғатты  пайдаланудың  экологиялық-
адаптивті тұжырымдамалық негізін жасау қажет
-  экологияның  тұрақтылығын  және  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  су  және  жер 
ресурстарын пайдалану деңгейіне зерттеулер жүргізу; 
-  табиғи  және  техногенді  факторлар  мен  үдерісті,  трансшекаралық  ӛзендердің  тӛменгі 
сағасындағы  шӛлейттену  процесінің  даму  деңгейін  анықтайтын  маңызды  кӛрсеткіштерді 
жүйелендіру; 
- трансшекаралық ӛзен суларын пайдалануда әлемдік тәжірибелерге талдау жасау; 
- трансшекаралық ӛзен суларын пайдаланудың экологиялық-экономикалық аспектілерін 
дайындау; 
- су ресурстарын тиімді пайдаланудыі әдіс-тәсілдері мен экологиялық үлгісін даярлау; 
-  трансшекаралық  ӛзен  суларын  халықаралық  тең  дәреже  пайдалану  принципін 
дайындау; 
-  агроӛнеркәсіп  мен  табиғи-шаруашылық  кешенін  басқару  іс-шараларын  атқаратын 
және тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жүйені дайындау. 
Қазіргі  таңда  су  саясатына  қатысты  басшылықтың  алдында  шынайы  мәселелерді 
анықтау жұмысы тұр. Ӛйткені ел арасында әртүрлі қайшылық тудыратын пікірлер таралуда. 
Осы кезде мынадай пікірлер таралу үстінде: 
1. Қазақстанда су жетіспеушілігі мәселесі. 
2.  Су  саясатына  қатысты  Ертіс  пен  Іле  ӛзендерінің  су  ағыстарын  тартып  алып  жатқан 
Қытай мемлекеті қауіп туғызады. 
3. Суды халық пен ӛнеркәсіп артығынан қолданатындықтан – суды пайдалану мӛлшерін 
азайту қажеттігі. 
4.  Суландыру  үшін  су  жетіспейді,  сондықтан  контррегуляторлар  соғу  қажет.  2005 
жылдан бастап су ресурстарының кӛлемі тӛмендеуде. Сонымен шекаралас жатқан елдерден 
ағып келетін ағын су мӛлшері азаюда (2-кесте). 
 
Кесте № 2. Қазақстандағы су ресурстарының көлемі 
 
Жыл 
Су ресурстарының кӛлемі, млрд м³ 
Барлығы 
Соның ішінде 
ҚР аумағында 
қалыптасатын 
Кӛршілес жатқан 
елдерден келеді 
2004 
115,7 
60,1 
55,6 
2005 
123,7 
57,8 
65,9 
2006 
112,7 
58,9 
53,8 


173 
 
2007 
117,5 
64,9 
52,6 
2008 
89,7 
50,3 
39,4 
 
Қырғызстан мен Ӛзбекстаннан ағып келетін ӛзендердің ішнде Талас ӛзенінің су ағысы 
тӛмендеуі байқалуда. Ал басқа ӛзендерге қырғыз су қоймалары энергетикалық кезеңге ауысу 
уақытындағы қалыптасатын проблемалары тән, жазда су кӛлемі азаяды. 
Қытайдан  ағып  келетін  траншекаралық  ӛзен  суларының  кӛлемі  жай  болса  да  азаю 
үстінде.  Жақындағы  5-10  жылда  Іле  ӛзеніне  қатысты  проблемалар  туындамауы  мүмкін. 
Алайда  Ертіс  ӛзеніне  қатысты  жағдай  бұрынғыдан  нашар  болғанымен,  критикалық  жағдай 
қалыптаспады.  Ресейден  ағып  келетін  ӛзен  ағыстарына  қатысты  проблемаларға  да  ерекше 
кӛңіл  аудару  қажет.  Жайық  ӛзенінің  жағдайы  күрделі  мәселелердің  қатарына  еніп  келеді. 
Ӛзен  суы  тартылып,  балық  қоры  азайғаны,  ӛсімдіктердің  кӛп  түрі  мен  ӛзен  жағалауын 
мекендейтін  жануарлар  саны  жылдан-жылға  кему  мәселесі  сан  мәрте  кӛтерілген  болатын. 
Бұрындары  Жайықтың  мақтанышы  аталған  бекіре  тұқымдас  балықтар  Орынборға  дейн 
баратын, қазір Орынбор түгілі Оралға да жетпей қалды. Соңғы кездері Орал тауынан бастау 
алатын Жайық ӛзенінің жоғарғы ағысын Ресей ӛзіне қарай тарту үстінде. Осының есебінен 
Жайық  ӛзенінің  орта  ағысында  және  етек  жағында  орналасқан  атырау,  Батыс  Қазақстан 
облыстарына  су  керекті  мӛлшерде  жетпейді.  Сонымен  бірге  ӛзен  суы  ауыр  металдармен 
ластануы да жылдан-жылға арту үстінде.  
Трансшекаралық  ӛзен суларының ластану проблемасы күрделі  мәселеге айналып отыр 
және  ӛзен  суының  тӛменгі  ағысында  орналасқан  елдер  қатты  зиян  шегеді.  Тағы  бір  қауіп 
тудыратын үрдіс жоғары ағыс бойында жатқан елдер ӛзен суларын территориалды егемендік 
доктринасы  негізінде  ӛздерінің  стратегиялық  ресурс  түрінде  қабылдап,  халықаралық  су 
ресурстарын  шектеусіз  пайдалану  еркі  ӛздерінде  деп  ойлайды.  Алайда  Қазақстан  мұндай 
мәселемен келіспейді. Су проблемасының жаһандылығы айқын кӛрініп тұр, оны шешу үшін 
суды тиімді пайдаланудың ұлттқ және халықаралық стратегиясын дамыту қажет.  
Ертіс  бассейнінде  қалыптасқан  су  шаруашылығы  мен  экологиялық  жағдайды 
сарапшылар шиеленіскен деп айтуда. Бұл ӛзеннің экономикалық маңызы айтарлықтай артты: 
бассейн  маңында  (Қазақстан)  2,5  млн  адам  тұрады,  мұнда  ірі  ӛнеркәсіп  орталықтары 
орналасқан  -  Ӛскемен,  Семей,  Павлодар.  Ертіс  суымен  Орталық  Қазақстан  қамтамасыз 
етіледі.  
Қазақстан  мен  Қытай  арасындағы  трансшекаралық  ӛзен  сулары  проблемасы  енді 
қалыптасып жатқан жоқ. Кеңес одағында 70-80 ж. ӛзінде пайда болған мәселелердің бірі. Ол 
кезде ҚХР-мен халықаралық шарт құру келісілген болатын. Алайда мәселені шешу жолдары 
түрлі болуына байланысты  келісімге отыру созылып кетті. КСРО-ның ыдырауы мен осыған 
қатысты басқа да оқиғаларға байланысты бұл мәселе екінші кезекке қойылған еді.  
Кейбір  саясаткерлердің  ойынша  бұл  мәселені  Қазақстан  мен  ҚХР  шекараларының 
белгіленуімен  қарастырады.  Бұл  мәселе  «траншекаралық»  және  «шекаралық»  сӛздерінің 
ұқсастығына  байланысты  алғаш  солай  кӛрінуі  мүмкін.  Алайда  бұл  дұрыс  емес.  Себебі, 
мәселенің мәні – «транс» жалғауында, ол ӛзенді бӛлісу емес (ол бойынша шекара анықталып 
қойған), оны ортақтасып пайдалануды білдіреді. Ӛзен бәріне ортақ, олар бӛлмейд, керісінше 
біріктіреді.  Тек  оны  болашақта  ортақтаса  отырып  тиімді  пайдалану  жобасын  түзу  қажет. 
Ӛзен  суларына  мониторинг  жасау  жүйесін  реттеп,  қажеті  ақпаратпен  бӛлісу,  әр  ел 
ойластырып  отырған  экономикалық  шаралармен  таныстырып,  оның  салдарын  бірлесе 
отырып  қарастыру,  сарапшылардың  тығыз  қарым-қатынасын  ұйымдастыру  мәселелерін 
реттеу керек. Осы мәселені шешуде Астана осындай ұсыныстар беріп, Қытай жағын толық 
түсіністікке шақырады [2].  
Қорыта  айтқанда,  Ел  ішінде  су  ресурстарын  қорғау  мен  ұтымды  пайдалану  үшін 
интеграцияланған  басқарудың  ұлттық  жоспарын  қабылдау  және  тұтастай  оңалту 
жұмыстарын,  қолданыстағы  су  шаруашылығы  инфрақұрылымын  жетілдіру  қажет.  Жаңа  су 
үнемдеу технологияларын, ӛндірістік үрдістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін 
енгізуді қажет етеді.  


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау