Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Қарағанды облыстық Білім Басқармасы
Ақтоғай ауданы «Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Шашубай кенті «Мектеп – балабақша кешені»(мектеп жанындағы интернатымен) ММ
Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процестерді зертт
Секция: Экономика
Тақырыбы: «Ауыл жастарын кәсіпкерлікке тарту жолдары»
Жобаның авторлары: 9«А»сынып оқушысы Қуанышбек Олжас
10 «А» сынып оқушысы Хожанова Клара
Жетекшісі: Экономика пәнінің мұғалімі
Нығметуллина Шамшибану Кабылхаировна
Қарағанды 2013
МАЗМҰНЫ
Аңдатпа................................................................................................................. 2
1.Кіріспе................................................................................................................ 3
2. Зерттеу бөлімі…………………………………………………………………..5
2.1 2009-2011 жылдар арасындағы ауыл жастарының жастардың
жұмысбастылық деңгейін анықтау………………………………………. .5
2.2 Ауыл жастарының кәсіпкерлік қабілеттілік деңгейін анықтау ……………6
2.3 «Іскер» мектеп компаниясының жұмысына талдау жасау……………... 8
3. Ұсыныстар................................................................................................... 14
4. Ауыл жастарын кәсіпкерлікке баулу молелі...............................................15
4.Қортынды..............................................................................................................16
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................17
«Ауыл жастарын кәсіпкерлікке тарту жолдары»
тақырыбына арналған ғылыми жобаға
Аңдатпа ( аннотация).
Жоғарғы сынып оқушыларының ғылыми жобасында қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «жастар арасындағы кәсіпкерлік іс» тақырыбы қарастырылған.
Оқушылар жастардың жұмысбастылық деңгейімен таныса отырып, өздері тұратын қоныс жастарының қазіргі таңдағы іс әрекеттерін зерттеп, жұмыссыздық деңгейін, оның туындау себептерін анықтай келе, болашақта осы мәселені шешу жолдары ретінде өздерінің «қаржылық сауаттылық экономикалық білім негіздері» курсының практикалық бөлімі «Іскер» мектеп компаниясының жұмыс нәтижесімен таныстыра отырып, ауыл жастарына кәсіпкерлік іспен шұғылдану процесінің моделін жасап, бірнеше ұсыныстар жасалған.
1.Кіріспе
Жобаның өзектілігі
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі еліміздегі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің өсуі болып отыр. Ауылдық жерлерде жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін білім беру, консультациялық және басқа да қызметтер көрсетуді және жастарға қызмет көрсету қызметтерінің, орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігі атап көрсетілген.
Жастар ортасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және девиантты көріністердің деңгейін төмендету әлеуметтік қызметтер, спорттық конкурстар мен жарыстар, бос уақыт дұрыс ұйымдастыру проблемаларымен айналысатын кентте жастар ұйымын құруды ұсынады.
Мақсаты:
Ауыл жастарын кәсіпкерлік іске бағыттау
Міндеттері:
1) Зерттеуді теориялық тұрғыдан оқып білу;
2) Кенттегі ауыл жастарының санын анықтау; жұмыс бастылық деңгейін
анықтау;
3) Жастар бойындағы кәсіпкерлік дағдының деңгейін анықтау;
4) «Іскер» мектеп компаниясының жұмысын анализдеу;
5) Кәсіпкерлік іспен айналысу әдіс-тәсілдерін, моделін ұсыну.
Жаңалығы:
Елімізде қазіргі таңда шешімін табу үлкен қиындықтар туғызып отырған жастардың жұмыссыздық деңгейін азайтуда, нарықтық экономикалық жүйеде әрбір жастың өз білімін, қабілетін, дағдысын орынды дұрыс пайдалана отырып, жоғарғы сынып оқушыларының мектеп қабырғасында айналысып отырған шағын кәсіпкерлік лабораториясының жұмыс нәтижесі ауыл жастарының кәсіпкерлік іске қызығушылығын танытуы. Мектеп компаниясының акционерлері кәсіпкерлік іспен айналысудың қыр сырларын ауыл жастары арасында насихаттап, бірнеше ұсыныстар жасап отыр.
Ауыл жастарының әлеуметтік мәселесін шешу үшін, көзі қарақты белсенді жастардың пікірімен санасу керек. Сонда ғана, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңірген жастардың қоғамдағы ролі артады.
Ауыл жастарын кәсіпкерлік іске баулу, жұмысқа орналастыру, оларға заманауи технологияны меңгерту күн тәртібінен түспей отырған өткір мәселенің бірі.
Елбасы Н. Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында жастар саясатын жүзеге асыруға арналған кешенді бағдарламалар жасап, оның орындалуын тікелей өзі қадағалап келеді. Егемен еліміздің болашағы жастар еншісінде. Сондықтан да жастар саясатының тиімділігін арттыруға баса көңіл бөліп келеді. Еңбек етуші халықтың 60 пайызы шағын және орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетінін атап өткен еді.
Жоба тақырыбын таңдаудағы негізгі мақсатымыз – жастар бойындағы елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін арттыру және әрбір жас азаматтың көкейінде жүрген мәселелерді зерделеп, сол проблемаларды біріге отырып шешудің жолын қарастыру болып табылады. Жалпы, ауыл жастарының мәселелеріне, оның ауылдық жерден қалаларға қоныс аударуына және бұдан кейінгі бейімделуіне, жұмысқа орналасуына қатысты түйінді мәселелер аз емес. Жастардың кейбір бөлігі өздерінің күш- қуаты мен білімін қайда жұмсарын білмейді. Жастар проблемаларының бүгінгі жағдайы бұл жұмыста жаңа басымдықтармен тетіктерді әзірлеуді талап етеді.
Мемлекет үлкен өмірге қадам басқан әрбір жігіт немесе бойжеткен өзінің еңбегімен және ықыласымен 4 негізгі құқықтарымен міндеттерін, яғни жақсы кәсіби білім алуды, лайықты деңгейде ақы төленетін тұрақты жұмыс болуын, отбасын құру үшін өз баспанасының болуын, салауатты өмір салтын жүргізу мүмкіндігінің болуын іске асыру үшін барлық жағдайды туғызуы тиіс, – деді Елбасы. Жастар – еліміздің ертеңгі болашағы. Сол ұрпақты саналы да білімді етіп тәрбиелеу – төл міндетіміз. Ендеше, бүкіл ұжым болып бұл дағдарыстан өз біліктілігімізбен, игілікті істерімізбен шығатынымызға сенім мол. Ел үшін, ұрпақ үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кез келді. Бұл Жолдау біздің бағыт-бағдарымызды айқындап, ертеңге деген сенімімізді нығайта түсті.[2]
2. Зерттеу бөлімі
Жылдар
|
Жастар саны
|
Жоғарғы оқу орындарында оқитындар
|
Колледж,лицейде оқитындар
|
Жұмыс істейтіндер
|
жұмыссыздар
|
2009
|
92
|
7
|
7,6%
|
22
|
24%
|
35
|
38%
|
28
|
30,4
|
2010
|
64
|
6
|
9,3%
|
20
|
31,5%
|
28
|
43,7%
|
10
|
15,6%
|
2011
|
68
|
7
|
10,%
|
30
|
44,1%
|
18
|
26,4%
|
13
|
19,1%
|
2.1 2009-2011 жылдар арасындағы ауыл жастарының жұмысбастылық деңгейін анықтау.
2.2 Ауыл жастарының кәсіпкерлік қабілеттілік деңгейін анықтау
Жоғары сынып оқушылары және ауыл жастары арасынан «Жастардың кәсіпкерлік деңгейі» деген тақырыпта ашық түрде сауалнама алынды. Сауалнамаға 85 респондент қатысты. Сауалнама 10 статистикалық тақырыптағы және 5 жанама сұрақтармен қамтылған. Оқушылар сауалнаманы қызығушылықпен толтырды. Сауалнама толтырғанан кейін «Мен кәсіпкермін» деген тақырыпта тренинг өтті. Трениг-ойын, жарнама түрінде өтті. Оқушылар осы жобаға үлкен қызығушылық танытты.
1.Салауатты өмір салтына деген көзқарасыңыз қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |