Қазақстан республикасы ауыл шаруашылық министрлігі


Еңбек қорғау ғылымына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар



жүктеу 35,05 Kb.
бет3/3
Дата16.01.2023
өлшемі35,05 Kb.
#40943
1   2   3
Оразалиева

Еңбек қорғау ғылымына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар
1934 жылы негізі қаланған Сәтбаев университеті содан бері елдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласып келеді. Қазақстанның қарыштап аға даму тарихында университет ерекше роль атқаратыны алғашқы күннен бастап-ақ белгілі болды. Сол кездегі Қазақтың тау-кен металлургия институты аз ғана уақыт ішінде республикадағы тау-кен металлургия, геология, құрылыс және басқа да өндірістік салаларға қажетті инженерлік кадрларды даярлап шығаратын негізгі базаға айналды. Сөйтіп институт Қазақстанның геология, тау-кен ісі және металлургия саласындағы ғылыми-практикалық қызметі қалыптасып, одан әрі нығаюы жолында ерекше роль атқарды. Ал университет жанынан құрылған ғылыми мектептер (мысалы, Байқоңыров мектебі) республиканың шикізат-кен байыту базасының дамуына сүбелі үлес қосып, тау-кен металлургия өндірісінде жаңа технологияларды игеруге атсалысты. Университеттің қалыптасуы сондай-ақ белгілі ғалымдардың есімдерімен де тығыз байланысты. Олар: Ө. А. Байқоңыров, Х. К. Аветисян, И. И. Бок, А. В. Бричкин, Л. Г. Кушев, В. Д. Пономарев, А. С. Попов, В. В. Стендер, А. А. Цефт, Е. Д. Шлыгин, Кеңес Одағының Батырлары М. Баймұқанов, В. А. Засядько.
Қазақ тау-кен металлургия институтының қалыптасып, дамуына академик Қ. И. Сәтбаев баға жетпес, орасан зор үлес қосты. 1937-38 жылдары алғашқы инжерен-геолог түлектерінің біріруінен бастап Қ. И. Сәтбаев Мемлекеттік емтихан комисссиясына төрағалық етті. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары институттағы Ғылыми кеңестің мүшесі болды.
Соғыс жылдарынан кейін еліміз экономикасын қалпына келтіріп, әрі қарай дамыту жолдары білімсіз, инженер кадрлардың көмегінсіз мүмкін емес еді. Сондықтан да ғылыми зерттеулерді, энергетиканы, мұнай өндіру және басқа да салаларды жылдамдата дамыту қажет болды. Сөйтіп, 60-жылдарға таман Қазақ тау-кен металлургия институты елдегі көпсалалы жоғары оқу орындарының біріне, әрі техникалық бейіндегі ең ірі ғылыми ұйымға айналды.
Қазақ тау-кен металлургия институты 1960 жылы Қазақ политехникалық институты болып атын өзгертіп, ондағы ашылған ғылыми мектептер отандық инженерлік ғылымның мақтанышы мен абыройына айналды. Қ. И. Сәтбаев, И. И. Бок, Г. Ц. Медоев сынды белгілі бір топ ғалымдардың басшылығымен жаңа геологиялық пән – металлогения дүниеге келіп, Қазақстанның тұңғыш металлогениялық жобалық картасы жасалды. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Е. А. Анкинович соған дейін белгісіз болып келген минералдардың авторы атанды. 1978 жылы институт өзінің ғылыми-педагогикалық потенциалы жағынан Кеңестер Одағындағы жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналып, заңды түрде елдегі жоғары техникалық білім беру саласының үздігі атанды. Ал 1984 жылы кәсіптік мамандарды даярлауға және ғылыми зерттеулерді дамытуға қосқан зор үлесі үшін В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Еңбек Қызық Ту орденімен марапатталды.
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
1899-1964
Томск технологиялық институтының түлегі, тау-кен инженері, геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Ғылым академиясының және КСРО Ғылым академиясының академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, көрнекті ғалым-геолог, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның ғылымы мен өнеркәсіптік дамуының көшбасшысы, кемеңгер ғалым. Қаныш Сәтбаев инженерлер мен техниктер даярлауды өзінің өмірлік ісі етті, ал Қазақстанда инженерлерді даярлайтын алғашқы Қазақ тау-кен металлургия институты (қазіргі Satbayev University) 1934 жылы Алматыда ашылды. Қазақтың шексіз даласын, сансыз жер асты ресурстарын бүкіл әлемге паш еткен ғұлама ғалым, Ұлы даланың ұлы перзенті Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі орасан зор, сондықтан да оның туған күні – 12 сәуір – Қазақстанда Ғылым күні ретінде аталып өтіледі. Дәл сол күні Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні де атап өтіледі. Геология саласымен, тау-кен ісімен және металлургиямен айналысуға ұмтылған жас ұрпаққа көрнекті ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі әрқашан үлгі бола алады.
Машанов Ақжан Жақсыбекұлы
(әл-Машани)
1906-1997
Қазақ тау-кен металлургия институтының түлегі (1939), тау-кен инженері, геолог, профессор, еңбек жолын Қаныш Сәтбаевпен бірге бастаған, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының іргетасын қаласқан және оның академигі, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер. Машановтың ғылыми дүниетанымы тек қана геология және тау-кен ісі ғылымдарымен шектелмейді. Ол Шығыстың ұлы ойшылы Әбу-Насыр әл-Фарабидің мұрасын зерттеудің негізін салып, фарабитанудың абызы атанған ұлы тұлға. А.Ж.Машанов Сәтбаев Университетін (Satbayev University) «Тау-кен инженері, геолог» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген алғашқы түлегі, «Маркшейдерлік іс» кафедрасының тұңғыш аспиранты, тұңғыш ғылым кандидаты. Ақжан Машани – 1000 жылдан бері «Шығыстың Аристотелі» деп танылған әл-Фарабидің Отырардан шыққан қазақ ұрпағы екендігін дәлелдеп берген және ұлы ұстазға арналған 16 томдық еңбек жазған ғалым. Жалпы А. Әл-Машани 200-ден астам ғылыми мақала, монография, оқулықтар мен ғылыми-көпшілік кітаптар жазып, артына өшпес мұра қалдырған ғалым. Осы еңбектері арқылы ғалымның кемеңгерлік қырлары жарқырай көрініп, есімі елге мәшһүр болды. А. Әл-Машанидің ғылымға қосқан зор үлесін және ғылыми педагогикалық қызметін жұртшылық пен Үкімет жоғары бағалады. Ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Сәтбаев Университетінің Базалық білім беру институтына Ақжан Әл-Машани есімі берілген.
Байқоңыров Өмірхан Аймағамбетұлы
1912-1980
Қазақ тау-кен металлургия институтының түлегі (1940), тау-кен инженері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері. 1952 жылдың қараша айында Ө.Байқоңыров Қазақ тау-кен металлургия институтының директоры болып тағайындалды. Институт 1960–1962 жылдың маусым айына дейін политехникалық болып қайта құрылды. Институт ректоры қызметін атқару барысында еліміздегі алғаш инженерлік-техникалық жоғары оқу орнының қалашығы қаланды. Ол студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бар күшін салды, институт аумағында жаңа жатақханалар, профессорлық-оқытушылық құрамға арнап тұрғын үйлер салғызды. Ө.Байқоңыров ғылыми-педагогикалық жұмысын қоғамдық қызметпен табысты ұштастыра білді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Алматы қалалық кеңесінің депутаты, Қазақ КСР ҒА президиумының мүшесі, Еңбекті қорғау қоғамының орталық кеңесінің төрағасы, Қазақ КСР «Білім» қоғамы президиумының мүшесі, Қазақ КСР ҒА Әлем және Жер туралы ғылымдар бөлімі бюросының мүшесі, Республикалық түсті металлургия ғылыми-техникалық қоғамы президиумының мүшесі болды. Оның еңбектері Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдерге де танымал. Өмірхан Аймағамбетұлы өмірлік, кәсіби біліктілік арқылы жиған мол тәжірибелерімен, энциклопедиялық білімімен артында өшпес із қалдырды. Ол 60-тан аса ғылым кандидаттарын, 10 техника ғылымдарының докторларын дайындады, 300-ден аса ғылыми еңбектері және 30-ға жуық өнертабысы жарық көрді, көптеген монографиялардың авторы. Академик Ө.А.Байқоңыров Отан алдындағы зор қызметі, дүниежүзілік ғылымға және жоғарғы білімге қосқан үлкен үлесі үшін сол кезеңнің ең жоғарғы наградасы – Ленин орденімен, «Шахтер даңқы» белгісімен және көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен жоғары бағаланған. Академиктің есімін есте қалдыру мақсатында Жезқазған университетіне, Сәтбаев Университетінің Геология және тау-кен институтына Ө.А.Байқоңыровтың есімі берілді.

ҚОРЫТЫНДЫ


Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған жұмсалатын қаржы көздері ұжымдық шартпен айқындалып, нақтылы орындалып отыруы тиіс. Бірінші кезекте әр сала бойынша нұсқамалық ержелер жасау, онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті болып саналады. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. https://topuch.com/ebekti-orau-pni/index.html

  2. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z930003000_

жүктеу 35,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау