Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Еңбек ресурстарын қалай талдайды?
2.Негізгі құралдарды тиімді пайдалану көрсеткіштері қандай?
3.Материалдық қорларды пайдалануды қалай талдайды?
9 тақырып: Өнімнің өзіндік құнын талдау
Дәріс сұрақтары
1.Өнімнің өзіндік құнын талдаудың ақпарат көздері, маңызы мен міндеттері. 2.Өнімнің өзіндік құнының құрамы.
3.Шығындарды калькуляция баптары бойынша өзіндік құнды талдау.
1.Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі міндеті бұл халықты жоғарғы сапалы өніммен қамтамассыз ету. Өнімді өндіру көлемінің өсу темпі және оның сапаның жоғарлануы, кәсіпорынның тиімділігі және пайдасы - шығын көлеміне әсер етеді.
Кәсіпорынның талдау жұмыстары өнімді өткізу көрсеткіштерін зерттеумен басталады. Оның негізгі міндеттері:
өндірістің өнімін өткізу динамикасы мен жоспарды орындау деңгейін бағалау.
Осы көрстекіштердің өзгеру көлемін анықталған факторларға әсері;
өнімді өткізу және ішкі шаруашылық резервтерді өткізу көлемін анықтау.
Өткізілген резервтердің мейрамға үйреншікті әзірлеу.
Өндірістік көлемінің негізгі көрсеткіші тауарлық және валдық өнім болып табылады.
Валдық өнім – бұл барлық өндірілген өнімнің орындалған жұмыстың құны және соның ішіне өндірістің дайын өнім кіреді.
Тауарлық өнім - өндірістің аяқталмаған қалдықтар мен ішкі шаруашылық айналымды қоспағанда.
Өндіріс көлемінің талдауы базистік және тізбектік өсу темпі мен өсімнен зерттеуі басталады.
Номенклатура – бұйымның атауы мен олардың кодтардың тізімі;
Ассортимент - өнімнің әр түрлеріне байланысты өткізу көлемінің тізімі және атауы;
Талдау процессі кезінде өндірістің тауарлық өніммен көлемінің өзгеруін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар оның өткізу көлемін де. Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі сату көлемінен әсер етеді, және оның қаржылық жағдайымен төлем қабілеттілігінен.
Өнімді өткізу екі нұсқалы әдіспен талдануы мүмкіндік. Кәсіпорынға табыс тауарлық өнімді жөнелту кезінде анықталған болса, онда тауарлық өнімнің келесідей баланс түрлері болады:
2.Ырғақтылық көлем кестесі мен ассортиментіне сәйкес өнімнің біркелкі өткізу жоспарымен қарастырылған.
Ырғақтылыққа байланысты жоспарды орындалуды бағалау тура және жанама көрсеткіштер қолданылды. Тура көрсеткіштер – ырғақтылық коэффициенті, варияция коэффициенті,, әр бір айға және квартал бойынша өндірілген өнімнің үлес салмағы.
Жанама көрсеткіштер ырғақтылығы қосымша жұмыс үшін төлеу, ішкі шаруашылық субъектінің кесірінен төлеу , ақау кесірінен жоғалтулар және т.б.
Өндірістің зиянсыздығын талдау «шығындардың-көлемдердің-табыстардың» арақатынасын талдаудың қисынды жалғасы болып табылады.
Ұйым өзінің күнделікті нақты жағдайын талдау барысында, сол өндірістің зиянсыздығын талдауға басты орын береді. Демек, өндірістің зиянсыздығын талдау моделі біршама шектеулер мен болжамдар тұрғысында құрылуы мүмкін. Бірақ ол осындай жағдайларына қарамастан, шешім қабылдау барысында қолданатын ең күшті құрал болып табылады. Зиянсыздықты талдаудың мақсаты – белгілі бір деңгейде өндіріс көлемі (немесе оның өнімділігі) өзгерген жағдайда, қаржылық нәтижесі нендей өзгеріске ұшырайтынын анықтау болып табылады. Зиянсыздық нүктесіндегі деңгейін талдау ол барлық деңгейдегі басшыларға, болашақта дұрыс шешімді қабылдау үшін, шоғырланған түрдегі ақпараттарды береді. Талдаудың бұл түрі тәжірибеде үнемі қолданады, өйткені оның көмегімен әртүрлі балама бағдарламаға күрделі есептеулер жүргізбей-ақ тексеруге болады.
Сындарлы өндіру көлемінде графиктерді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі – ол күтілетін табыстың деңгейін есептеп шығаруды межейді. Бүгінде бизнестің табыстылығын арттырудың бес әдістері бар:
Сату бағасын көтеру;
Айнымалы шығындарды төмендету;
Тұрақты шығындарды төмендету;
Сату көлемін арттыру;
Сатылатын өнімнің құрылымын жақсарту .
Графиктің экономикалық моделі айнымалы шығындардың жалпы шығындарға тигізетін әсерін тигізеді. Айнымалы шығындардың бұндай функциясы не үдемелі, не жағымсыз болып келуі мүмкін. Ал, бухгалтерлік моделі айнымалы шығындардың тұрақтылығын көрсетеді. Шығындар мен таза табыстың арасындағы тәуелдігін зерттеу мақсатында өндірістің зиянсыздық деңгейін білу үшін талдау жасайды. Осындай талдаудың арқасында, менеджерлер табыстылыққа қарай жетудің жолдарын іздестіреді және сол ізденістер ыңғайлы әдістерді табуға тырысады, сондай-ақ осылардың нәтижесінде тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдауға құштар болады.
Маржиналдық талдау маржиналдық табысты енгізуге және шығындарды тұрақтыға, өзгермеліге топтастыруға негізделген.
Мынаны есте ұстау керек «тұрақты» және «өзгермелі» ұғымдары өнім бірлігінің шығындарына емес, жиынтық шығынға қатысты. Өнім бірлігіне қолдануда кері сурет байқалады; өндіріс көлемі өзгергенде тұрақты шығын өзгеріп, өзгермелі шығын өзгеріссіз қалады.
Мұндай топтастыруда кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің құрылымы мыналарды ұсынады:
1.Сату көлемі.
2.Өзгермелі шығын.
3.Маржиналдық табыс
4.Тұрақты шығын
5.Операциялық пайда (сатудан түскен пайда).
Есеп беруде екі қаржылық көрсеткіш болады: маржиналдық табыс және пайда.
3. Өндірістің технологиялык және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және өндіріс шығындарын есептеудің бірнеше әдістері пайдаланылады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріске кеткен шығындарын есептеудің әдісі деп, кәсіпорынның шығынын бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік кұнын есептеу және өндіріс шығындары туралы ақпараттарды есепте топтастыру, жинау бойынша әдістерінің жиынтығын атайды.
Өнімнің өзіндік құнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлар ретінде мыналарды атауға болады:
- өндіріс типі;
- өндірістің күрделілігі;
- шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты;
- өндіріс циклының ұзақтылығы;
- аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі.
Өнеркәсіп салаларында өнімнің өзіндік құнына бұл факторлардың тигізетін әсері бірдей емес, сондықтан өнімнің өзіндік құньш калькуляциялаудың әртүрлі әдісін қолдануға тура келеді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесінде шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты басты роль атқарады. Әдетте, өнімдер жай жөне күрделі болып бөлінеді. Жай өнім — бұл жеке бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұрмайды. Жай өнім болып: көмір, рудалар, мұнай, газ, цемент, тері, ет және т.б. саналады.
Бұл аталған өнімдердің өзіндік құнын есептеу аса күрделі әдістемелерді пайдалануды талап етпейді. Бұндай жай өндірістерде бір ғана өнім түрі калькуляцияланады.
Күрделі өнім деп жекелеген бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұратын өнімдерді айтады.
Мысалы, машиналар, станоктар, құрал-жабдықтар, автобустар және т.б. Күрделі өндірісте негізгі өнімнен басқа, дайын өнім ретінде оның бөлшектері, түйіндері, детальдары да калькуляцияланады. Бұл соңғылары калькуляциялау әдістемесіне қосымша қиындықтар туғызады.
Калькуляциялау әдістемесін анықтауда өндіріс циклының ұзақтығы басты роль атқарады. Кейбір салаларда оның ұзақтылығы бірнеше сағат кұраса (көмір, кара металлургия, электростанция, т.б.), ал басқаларында бірнеше күнге созылуы мүмкін
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Өнімнің өзіндік құнын қалай анықтайды?
2.Өнімнің өзіндік құныныа әсер ететін факторлар?
3Өнімнің өзіндік құнын қалай төмендетуге болады?
10 тақырып: Қаржылық талдаудың негізі
Дәріс сұрақтары
1.Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеті.
2.Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы қаржылық талдаудың ролі. 3.Қаржылық және басқарушылық талдаудың өзара байланысы.
1.Қаржылық талдаудың мақсаты:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау.
Қаржылық жағдайдың өзгеруі мен уақыт кеңестіктің арасын анықтау.
Қаржылық жағдайдағы өзгеріс кезінде туындайтын негізгі факторларды анықтау.
Қаржылық жағдайдың негізгі тенденциясын болжау.
Зерттеудің мақсат жетістіктері, талдамалық міндеттің нәтижелі қатарлы шығарылған шешімдерден тұрады:
Бухгалтерлік есеп беруді алдын –ала шолу;
Кәсіпорынның мүлік сипаттамасы: ағымдағыдан тыс және ағымдағы активтер.
Қаржылық тұрақтылықтың бағалануы.
Құралдардың деректемелік сипаттамасы: меншік және қарыздық;
Табыстың және тиімділіктің талдауы;
Кәсіпорынның қаржылық –шаруашылық қызметінің жақсарту үшін іс –шараны әзірлеу.
Қаржылық талдау қаржылық менеджменттің негізгі элементі болып табылады.
2.Қаржылық талдау көмегімен мынандай шешімдер қабылданады.
Кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржыландыру ағымдағы активтерді толықтыру.
Ұзақ мерзімді қаржыландыру (инвестициялық жобаларға тиімді капитал салымдар және эмиссиялық бағалы қағаздар).
Акция иелеріне дивидентті төлеу.
Экономикалық өсудің резервтерді жұмылдыру (пайда және сатудан өсу көлемі).
Талдаудың негізгі міндеттері:
Кәсіпорынның қамсыздандырудың бағалауы және зерттеуі және оның толық еңбек ресурстардың құрылымына бөлу, сонымен қатар мамандық категорияға бөлу.
Ағымдағы кадрлардың көрсеткіштерін анықтау және зерттеу.
Еңбек ресурстардың резервтерін және оның толық тиімді қолдануды анықтау.
Жұмыс күшінің қозғалысын сипаттап есептеу үшін және динамикаға талдау жасау келесі көрсеткіштер берілген:
Жұмыскерлерді қабылдау бойынша айналым коэффициенті (Кф.ж.қ.)
Кф.ж.қ. = жұмысқа қабылданған қызметкерлердің саны / ортатізімді қызметкерлердің санына;
Кету коэффициенті бойынша (К.Кф.)
К.кф. = жұмыскерлердің жұмыстан шығып кеткен саны / ортатізімді есептелген қызметкерлерге
Ағымдағы кадрлар коэффициенті (А.к.кф.)
А.к.кф. = өз еркімен шығып кеткен және жұмыс тәртібін бұзған жұмысшылардың саны / ортатізімді есептелген қызметкерлерге.
Кәсіпорынның тұрақты қызметкерлердің коэффициенті (К.т.қ.кф.)
К.т.қ.кф. = 1 жыл жұмыс істеген жұмысшылар саны / ортатізімді қызметкерлерге
Еңбек ресурстардың тлық қолдануды бағалау үшін уақыт кезеңін талдап бір жұмысшының орындалған күндер мен сағатын есептеп, сонымен қатар оны жұмыс уақыт қорын қолданылған дәрежеге бөлу;
Мұндай талдау әр жұмыскерлердің категория бойынша жүргізіледі, әр бір өндірістік бөлімшеге және толық кәсіпорынға.
Жалпыланған көрсеткіштер оларға ортажылдық, орта күндік және орта сағаттық бір жұмысшымен шығарылған өнім жатады.
Жеке көрсеткіштер белгілі бір жұмыс түріне және өндірістік өнімге кеткен уақыт шығыны немесе табиғи түрдегі белгіленген өнімнің түрі бір адам күн немесе адам сағат шығарылған.
Көмекші көрсеткіштер – бір уақытта орындалған жұмыстың көлемі немесе белгілі жұмыс түрінің және орындалған уақыт шығыны.
Еңбек ақы қорды қолдануды талдау кезінде ең алдымен жоспардың көлеміне қатысты фактілік және абсолютті ауытқуды есептеу.
Абсолютті ауытқу толық кәсіпорынмен еңбек ақы қордың жоспарымен қолданылған құралдарымен салыстыру және өндірістік бөлімшелерімен жұмыскерлердің категорияларымен.
Δ ЕА Қоры абс. = Δ ЕАҚ факт – ЕАҚ жоспар
Қатысты ауытқу есептелген еңбек ақы сомасы мен жоспарлық қордың айырмашылығын және коэффициент өндірістік өнімге жоспардың орындалу коэффициентіне:
ΔЕАҚ қатысты = ЕАҚ факт * ЕАҚ корр-ген = ЕАҚ ф –(ЕАҚ жоспардың ауыспалы * Кф. Жоспардың орынд. + ЕАК тұрақты жоспар);
Еңбек ресурстарын физикалық қабілеттілігі бар, еңбекті жақсы меңгерген халықтың бөлігін жатқызады.
Талдаудың негізгі міндеттері:
кәсіпорын және оның структуралық бөлімшелердің еңбек ресурстарымен сонымен қатар профессиялық категориялармен толық қамтамасыз етуді бағалау және оқыту;
ағымдағы мамандардың көрсеткіштерін оқыту және анықтау;
еңбек ресурстарының резервтерін айқындау және оларды толық және эффектілі қолдану;
еңбек күштерінің қозғалысын сипаттау динамиканы есептеу мен талдаудың көрсеткіштері қолданылады.
Жұмысшыларды қабылдау айналымының коэффиценті (Кж.қ.)
Кж.қ. – персоналдардың жұмысқа қабылдау жиыны/персоналдардың орта тізімдік саны
Шығару айналымының коэффиценті (Кш)
Кш – жұмысшылардың жұмыстан шыққан жиыны/персоналдардың орта тізімдік саны
Ағымдағы кодриардың коэффиценті (Ка)
Ка – еңбек тәртібін бұзған және өз бетінше жұмыстан шыққандардың жиыны/персоналдардың ортатізімдік саны
Еңбек ресурстарын толық қолдануын уақыт периодтарын талдауда бір жұмысшының сағат және күнмен жасаған жұмыстың жиынын сонымен қатар жұмыс уақытының қорын қалай қолданғанын бағалауға болады. Бұндай талдау жұмысшылардың әрбір категорияларына әрбір өндірістік бөлімшелерде және толық кәсіпорындарда жүргізіледі.
Жалпылау көрсеткіштеріне – бір жұмысшының өндірген ортажылдық, ортакүндік және ортасағаттық өнімі жатады.
Меншік көрсеткіштері – бұл жұмысшылардың кәсіпорындағы өнім шығарған бірліктердің уақыт шығыны.
Көмекші көрсеткіштер – бұл жұмыстың жасалған көлемінің бірлікте кеткен уақыты немесе белгілі бір жұмысты атқаруға кеткен уақыт бірлігінің шығыны.
Еңбекақы қорларын пайдалануды талдау кезінде ең бірінші нақты көлемді жоспарлауда да абсалютті және қатысты ауқымдарын қарастыру қажет.
Абсалютті ауытқу нақты қолданған қорлардың еңбек ақының жоспарлық қорлармен салыстырғанда анықталады. өндірістік бөлімшелер мен жұмысшының категориялары:
Қатыстылық ауытқу жоспарлық қор мен нақты есептелінген еңбекақы сомасының арасындағы есептесу, өндірген өнімді жоспарлы орындау коэффицентімен корректірленген.
3. Қаржылық және басқарушылықтың талдаудың ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
Қаржылық талдау
|
Басқарушылық талдау
|
Көптеген субъектінің талдаулары мен кәсіпорынның қызмет ақпаратының қолданушылары.
|
Кәсіпорын басқарудың мүддесі нәтиженің бағдарлы талдау мақсаты.
|
Субъектінің таладамалық мүдделері мен жан –жақты мақсаттары
|
Талдау үшін барлық ақпараттық құралдарды қолдану
|
Есеп беру мен стандарттық есебі, типтік әдістеменің бар болуы.
|
Мемлекеттік ұйым жағынан регламенттілік талдаудың жоқтылығы.
|
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы есеп берудің талдауы.
|
Кәсіпорынның қызметін жан –жақты зерттеу жиынтылықты талдау.
|
Алдыңғы фактордың салдарынан талдауын міндеттерін шектеу.
|
Интеграция есебі, талдауы, жоспарлануы және шешім қабылдауы.
|
Кәсіпорынның қызметі туралы қолданушыларға максималдық ашық нәтижені көрсету.
|
Коммерциялық құпияны сақтау мақсатында максималды жабық нәтиже талдауы.
|
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қаржылық талдаудың зерттеу аясы қандай?
2.Қаржылық талдаудың басқарушылық талдаудан айырмашылықтары?
3.Қаржылық талдаудың қайнар көздері?
11 тақырып . Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
Дәріс сұрақтары
Аналитикалық процедураларға сипаттама.
Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау.
1.Талдау міндеттері болып табылады:
кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі құралдарымен қамтамасыз етілуін және олардың жинақтаушы және жеке көрсеткіштер бойынша пайдалану деңгейін, сонымен қатар, олардың өзгеру себептерін анықтау;
негізгі құралдарды пайдаланудың өнім өндірудің көлеміне және басқа көрсеткіштерге әсерін есептеу;
кәсіпорынның өндірістік қуатын және жабдықтарды пайдалану дәрежесін ба
йқау;
негізгі құралдарды пайдаланудың әсерлілігін жоғалту резервтерін айқындау.
Талдау үшін берілген қайнар көздер: кәсіпорын жоспары, техникалық өсу жоспары, кәсіпорын балансы, негізгі құралдар есебінің түгендеу карточкасы, техникалық құжаттама.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты жә не айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
2. Актив құрылымның дәл талдауы оның активтердің әр түрдің қатынасының өзгеруін жүргізіледі.
Актив құрылымын талдау
Көрсеткіштер
|
Абсолюттік мөлшер
|
(%) жалпы көлемдегі пассивтердің үлес салмағы.
|
Ауытқу
|
Жыл басына (кезең)
|
Жыл аяғына (кезең)
|
Жыл басына (кезең)
|
Жыл аяғына (кезең)
|
Абсолюттік мөлшерде
|
Үлестік салмақта
|
% -қ жалпы ауытқу
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1. Ағымдағыдан тыс активтер
|
1137
|
1304
|
58,7
|
58,0
|
+167
|
-0,7
|
+53,9
|
2.Ағымдығы активтер
|
800
|
943
|
41,3
|
42,3
|
+143
|
+0,7
|
+46,1
|
Активтердің қорытындысы
|
1937
|
2247
|
100
|
100
|
+310
|
0
|
+100
|
Ағымдығы активтер және ағымдағыдан тыс активтердің қатынас коэффициенті.
|
0,7
|
0,72
|
Х
|
х
|
+ 0,02
|
х
|
х
|
Міндеттемелердің құрылымын талдау
Көрсеткіштер
|
Абсолюттік мөлшер
|
(%) жалпы көлемдегі пассивтердің үлес салмағы.
|
Ауытқу
|
Жыл басына (кезең)
|
Жыл аяғына (кезең)
|
Жыл басына (кезең)
|
Жыл аяғына (кезең)
|
Абсолюттік мөлшерде
|
Үлестік салмақта
|
% -қ жалпы ауытқу
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1Шынайлық меншік капитал.
|
1684
|
1880
|
87,1
|
83,7
|
+196
|
-3,4
|
+62,8
|
2 Қарыздық құралдар (корректелген ұзақ мерзімді пассивтер + корректелген қысқа мерзімді пассивтер)
|
249
|
365
|
12,9
|
16,3
|
+116
|
+3,4
|
+37,2
|
Қаражат көзінің қорытындысы
|
1933
|
2245
|
100
|
100
|
+312
|
0
|
100
|
Автономиялық коэффициент
|
0,87
|
0,84
|
х
|
Х
|
-0,03
|
Х
|
х
|
Негізгі құралдар мен қарыздық құралдардың коэффициент қатынасы.
|
0,15
|
0,19
|
Х
|
Х
|
+0,04
|
х
|
Х
|
Талдау бойынша меншік капитал салымдардың қатынасы кәсіпорынның стратегиясы құралады. Берілген кестеде меншік капиталдың салым коэффициенті анықталады К салым :
К салым = резервтік капитал + жинақтаушы қор + бөлінбеген табыс – шығын / шынайлық меншік капитал
Жағымды динамика коэффициенті меншік капиталға салымдары түсетінің көрсетеді, ал кері динамика қызмет нәтижесінен меншік капиталдың жоғалтулары болып табылады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қаржылық жағдайды талдау үшін ақпарат көзе\дері қандай?
2.Баланстың активтерін қалай талдайды?
3.Баланс пассивін көлденең талдау қалай жүргізіледі?
12 тақырып . Баланс өтімділігін талдау
Дәріс сұрақтары
1.Өтімділік және төлемқабілеттілік түсінігінің экономикалық мазмұны. 2.Өтімділіктің абсолютті және қатысты көрсеткіштері.
3.Перспективті төлем қабілеттілік
1.Жалпы ұйымдағы ағымдағы активтерді ең өтімді актив, тез өткізілетін активтер, баяу өткізілетін активтер деп бөледі.
Өтімділіктің тұжырымдамасымен келісе отырып біз өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнін де баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділік жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) - айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға айналады.
А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық эконимикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды .
Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.
Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.
А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің I бөлімінің "Тауарлы-материалдық қорлар" бабы және баланс активтінің IІ бөліміндегі "Ұзақ мерзімді инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.
Бірақ бұл кезде "Алдағы кезең шығындары" бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, одан жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайындауға арналған жартыллай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін. Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.
А4. Қиыи өткізілетін активтер - баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады - кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның "өтімділігін" (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, қызметкерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3. Ұзак мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4. Тұрақты міндеттемелер - пассивтің I бөлімінің "Меншікті капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активтің "Алдағы кезең шығындары" бабы бойынша сома азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік "баланстың сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.
2.Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсолютті өтімділіктен азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.
Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорының барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есепке алатын, салмақтық коэффициенттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.
Бұл теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Ол тіркелген кәсіпорынның әр түрлі есепті кезеңдерге жататын баланстарын және әр түрлі кәсіпорындардың баланстарын салыстыруға және егер салмақтық коэффициенттерін келесі шектеулерге бағынған жағдайда қай баланс өтімді екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алдымен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты.
Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым активтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін көре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.
Осылайша кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен кредиторлар алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі төмендейді.
Өтімділікті арттырудың келесі әдістері бар:
а) жарғылық капиталды арттыру;
ә) ұзақ мерзімді заемдар алу;
б) міндеттемелерді қайта құрылымдау;
в) қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;
г) ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;
д) активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар активтердің кейбір бөлігін сату;
е) шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшылардың жалақысын қоса алғанда).
1) Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау. Бұл әрине өз алдына банктің өзінің несиелік саясатын қайта қарауына, яғни не-сие бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне алып келеді. Бірақ кәсіпорын осы іс-шаралардың нәтижесінде өзінің өтімділігінің артуына қол жеткізеді.
2)Тауарлы материалдық қорлардың мөлшерін азайта отырып, ақша қаражаттарының көлемін арттыру. Сол арқылы активтердің абсолютті өтімділігін арттыруға қол жеткізу болады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Баланс өтімділігін қалай анықтайды?
Ең өтімді активтер қандай?
3.Баяу өтімді активтерге не жатады?
13 тақырып . Қаржылық тұрақтылықты талдау
Дәріс сұрақтары
1.Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері.
2.Қаржылық тұрақтылықтың қатысты көрсеткіштері және оларды талдау. 3.Компанияның абсолютті төлем қабілетсіздігі мен тұрақсыздығының түсінігі
1.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты жә не айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
2.Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау оның өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
И.А.Бланк өз еңбегінде іскерлік белсенділікті арттырудың мынадай жолдарын атап көрсетеді:
1.Айналымдағы табыстың үлесін арттыру, яғни бұл негізінен шығындарды азайтуға бағытталады. Осы мақсатта шығындардың қалыптасуына үнемі бақылау жасалынып отырады.
2. Активтердің айналымдылық жылдамдылығын арттыру, яғни кәсіпорын қызметінің рентабельділігін арттыру болып табылады.
Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады . Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды.
Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қосымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн. Сонымен қатар кәсіпорын:
-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.
-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Соңғы жылдары өнімді өндіру мен сату шығындарының өсуі байқалады. Өзіндік құнның өсуіне шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне тарифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен байланысты негізгі құралдардың амортизациялық аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - өзін-дік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.
Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түскен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпо-рын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатын-да көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қол-данылады.
Оның негізгі мақсаттары:
- Өндірістің қаупі көлемін анықтау;
- Өнім өткізуден түскен табыстың қаупті көлемін анықтау;
- Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін есептеу;
- Өткізудің қаупті бағасын есептеу болып табылады.
“Рентабельділік шегі” – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландыру-дың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оны өнімнің рентабельді ассортиментін қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.
Осылайша, бұл іс-шараны жүргізу біздің кәсіпорын үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға және өткізудің қаупті бағасын есептеуге өте қажетті болып табылады.
3.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
• кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша мынайдай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің құрастыру көздерінің сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға негізделеді.
Айта кеткен жөн, қажылық тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсетілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай отырып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рентабельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.
Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражат-тарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі коммерциялық және банктік несиелер болып табылады.
Стртегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны іске асыруға қажетті қаржы қаражаттарының бар болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.
Кәсіпорынның стратегиясы қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс .
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын көрсеткіштер?
2.Қаржылық тұрақтылықты қалай анықтайды?
3.Рентабельділікті қалай анықтайды?
14 тақырып: Ақша ағынын талдау
Дәріс сұрақтары
1.Ақша қаражаттары және олардың баламаларының түсінігі.
2.Компанияның ақша қаражаттарын талдаудың мақсаты.
3.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік.
1. Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарлардың жіберілгендігін немесе қызметтердің көрсетілгенін дәлелдейтін құжататр бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы. Аккредитив бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Оның мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі.
Чек-шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы. Кәсіпорын алатын ақшаның мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіледі, оны бір дана етіп сиямен жазады. Бұл ретте онда түзетулерге жол берілмейді. Чекпен бір мезгілде чек кітапшасында сақталатын түбірі толтырылады. Атаулы /алушының тегі көрсетілген/ және ұсыным /ұсынушыға берілетін/ чектері болуы мүмкін.
Нақты акша жарнасына берілетін хабарлама - шот иесінің банктегі оның шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және нақты ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы
2. Ақшалай қаржыларды талдау үшін ақпараттардың қайнар көзі ақшалардың қозғалысы туралы есеп болып табылады.
Ағымдағы активтерді басқарудың мәні оперативті қызметке қажетті ақшалай қаржылардың минимальды сомасын шотқа сақтау болып табылады. Жақсы басқарудағы қажетті ақшалай қаржылар сомасы - бұл қысқа мерзімді балансталмаған ақшалай қаржылар сомасын жабуға арналған қамсыздандыру қоры. Шоттағы сома кәсіпорынның барлық бірінші төлемдеріне жететіндей болу керек. Кассадағы, есеп айырысу шотындағы ақшалар кіріс әкелмейді, оларды қауіпсіз минимум деңгейінде қолда бар ақшамен ұстау керек. Ұзақ уақыттар бойы ақшалар қалдығының көп мөлшерде бұл айналым капиталын дұрыс пайдаланбауы нәтижесінде болуы мүмкін.
Ақшалардың кәсіпорынға жұмыс істеу үшін оларды табыс табу мақсатында айналымға жіберу қажет:
- оларды айналым капиталы циклында айналдыруда өз өндірісін кеңейту;
- басқа ұйымдарға пайыздар алу мақсатымен табыс жобаларын инвестициялау;
- қызмет көрсету қарызы бойынша шығындарды қысқарту мақсатымен кредиторлық қарыздардың мөлшерін азайту;
- негізгі құралдарын жаңарту, жаңа технологиялар сатып алу және т.б.;
Ақшалардың ағымы айларға бөлініп табыстар мен шығындар жоспарын құру үшін, ал жедел басқару үшін - декадалар, бес күндіктер бойынша жоспарланады. егер ақшалай қаржылардың он қалдығы ұзақ мерзімге жоспарланатын болса, онда олардың пайдаланатын неғұрлым тиімді жолдарын қарастыру керек. Жекелеген кезеңдерде ақшаның жетіспеушілігі болуы мүмкін, ондай жағдайда қарызды қаржыларды тарту жоспарланады. Банк шотындағы ақшалай қаржылардың қалдығының өсуі немесе азаюы ақшалар ағымының балансталмауы деңгейімен, яғни келумен және кетумен шартталады. Келіп түскен ақшалардың шыққан ақшалардан артуын бос ақшалай қаржылардың қалдығын көбейтеді, және керісінше, шығындалған ақшалардың келіп түскен ақшалардан артуы ақшалай қаржылардың жетіспеушілігіне және несиеге қажеттілікке әкеледі.
Талдау процесінде банктегі шоттағы ақшалай қаржылардың қалдығының динамикасын және осы активтер түрінде капиталды табу кезінен зерттеу керек. Қолда бар ақшамен капиталды табу кезінде келесідей түрде анықталады:
Пд.н.=Бос ақшалай қаржылардың орташа қалдығы *Кезең күндері /
Ақшалай қаржылар шоттары бойынша несие айналымдарының сомасы.
Ұйымның өндірістік, қаржылық қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жағдайы тек қана капиталдың бар болуынан ғана емес, оны пайдаланудың тиімділігінен де тәуелді.
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға компанияның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат компанияның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әр түрлі компаниялардағы ақша қаражаттарының болашақтағы түсімдері мен төлемдерінің дисконтталған құнын бағалауға және салыстыруға арналған үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ әр түрлі компаниялардың операциялық көрсеткіштері туралы есептіліктің салыстырмалығын ұлғайтады, бұл бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр алуан әдістерін қолданудан келтірілетін әсерін жояды. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы тарихи ақпарат ақша қаражаттарының болашақ ағындарының сомасының, уақытының және айқындығының индикаторы ретінде жиі пайдаланылады. Ол сондай-ақ ақша қаражаттарының болашақ ағындарының бұрынғы бағалауларының дәлме-дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы және бағалар өзгеруінің әсері арасындағы байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.
Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.
Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.
Инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату.
Қаржы қызметі – компанияның меншік капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет. Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады.
Ақша қаражаттарының қозғалысына баптар, ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттары баламаларының құрамында бөліктері арасындағы қозғалыс жатпайды, өйткені бұл құрамдас бөліктер операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржы қызметінің бөлігі емес, компанияның ақша операцияларын бақылаудың және реттеудің бөлігі болып табылады. Ақша операцияларын бақылауға және реттеуге ақша қаражаттарының баламаларына артық ақша қаражаттарын инвестициялау жатады. Компания операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетіндей береді. Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің компанияның қаржы жағдайына әсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайдаланылады. Бір операцияға әр түрлі жіктелген ақша қаражаттарының түсімі және төлемдері кіреді. Мысалы, кредитті ақшалай өтеуге пайыздар, сондай-ақ борыштың негізгі сомасы да кірсе, онда пайыздарды құрайтын бөлігі операциялық қызмет ретінде жіктелуі, ал негізгі соманы құрайтын бөлігі қаржы қызметі ретінде жіктелуі мүмкін. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері компания операциялары кредиттерді өтеу, операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және залалды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол болашақ кіріс пен ақша қаражаттарын молайтуға арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатында жүргізілген тиісті шығындар туралы айғақтайды. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары мысалдары мыналар болып табылады:
Қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені бұл ақпарат компанияға капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне қатысты талаптарын болжау үшін қажетті.
Компания операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді:
тікелей әдісті, бұл әдіс кезінде жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен төлемдері туралы ақпарат ашылады;
жанама әдісті пайдалана отырып беруі тиіс,
бұл әдіс кезінде таза пайда мен залал ақшалай емес сипаттағы операциялардың, негізгі қызметтен кез келген кейінге қалдырылған немесе есептелген өткендегі немесе болашақтағы ақша түсімдерінің немесе төлемдерінің және инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты кірістердің немесе шығыстардың нәтижелері ескеріле отырып түзетіледі.
Ақша қаражаттарын немесе олардың баламаларын пайдалануды талап етпейтін инвестициялық және қаржы операциялары ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептерден алынып тасталуы тиіс. Операциялар қаржылық есептілікте олар осындай инвестициялық және қаржы қызметі туралы барлық маңызды ақпаратты беруді қамтамасыз ететіндей түрде ашылады.
Инвестициялық және қаржы қызметінің едәуір бөлігі, олар компания капиталының құрылымына және активтеріне ықпал жасағанымен де, ақша қаражаттарының ағымдағы қозғалысына тікелей әсерін тигізбейді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен ақшалай емес операцияларды алып тастау осы есептің мақсатына сай келеді, өйткені бұл баптар ағымдағы кезеңдегі ақша қаражаттарының қозғалысын туғызбайды. Ақшалай емес операциялар мысалдары мыналар болып табылады:
тікелей тиісінше міндеттемелер қабылдау, не қаржыны жалға алу арқылы активтерді сатып алу;
борыштық міндеттемелерді акцияларға конвертациялау.
Операциялық мүмкіндіктердің ұлғаюын білдіретін ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері және операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті түсімдері мен төлемдер туралы деректерді бөлек ашу пайдаланушыларға компанияның өздерінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауына жеткілікті қаражат жұмсағанын анықтауға мүмкіндік береді. Өзінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауға жеткілікті қаражат бөлмейтін компания ағымдағы өтімділік және иеленушілердің арасында қаражаттар бөлу үшін өзінің болашақ пайдаларын қиюы мүмкін.
Сегменттер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді ашу пайдаланушыларға тұтастай алғанда компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы және оның құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланысты, сондай-ақ сегменттердің ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің болуы және өзгермелілігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Ақша қаржыларын талдаудың мақсату қандай?
2.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті қалай талдайды?
3.Ақшаларды тиімді жұмсау қандай көрсеткіштерге әсер етеді?
15 тақырып: Компанияның табыстылығын талдау
Дәріс сұрақтары
1.Компанияның табыстары мен шығыстарын талдау.
2.Таза табыс (шығын) факторларын бағалау мен қалыптастырудың жалпы сызбасы.
1.Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шеге-рімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойын-ша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапа-сымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өт-кізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасын-дағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналы-сатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады .
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
2.Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдолан-ған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары ара-сындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :
Тж = Дн- Кш (1)
Мұндағы: Дн - негізгі қызметтен алынған табыс;
Тж- жалпы табыс;
Кш- кезең шығындары.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың са-лыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын-ның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың фактор-лық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарасты-райық:
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,005 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,003 болды.
Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) кә-сіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсе-теді.
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Та= Тт/ Аа (2)
Мұнда: Аа- ағымдағы активтер.
Тт- таза табыс.
Та- ағымдағы активтердің табыстылығы.
Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,012 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,009 болды.
Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:
Мкт= Тт/ Мк (3)
Мұнда: Мкт- меншікті капиталдың табыстылығы;
Тт- таза табыс;
Мк- меншікті капитал.
Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады.
Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады.
Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,007 пунктке өскен болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.
Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсет-кіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кә-сіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Тұа = Тт/ Ұма (4)
Мұнда: Ұма- ұзақ мерзімді активтер;
Тт- таза табыс;
Тұа- ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,009 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.
Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:
Төқ = Тт / ӨҚ (5)
Мұнда: Тө- Өндірістік қорлардың табыстылығы;
Тт- Таза табыс;
ӨҚ- Өндірістік қорлар.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,04 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,02 пунктке азайып отыр.
Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Тск = Тж / Т өө (6)
Мұнда: Тск - Сату көлемінің табыстылығы;
Тж - Жалпы табыс;
Төө- Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.
Сату көлемінің табыстылық деңгейі жыл басында – 0,023 болса, ал жыл со -ңында оның мәні – 0,001болды.
Жоғарыда жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын қыз-меті шығынды болып табылады, алайда оның қызметі жыл соңына қарай кішкене болса да жақсаруда.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Компания табыстылығы қалай анықталады?
2.Табыстылық көрсеткіштері қандай?
3.Ұйым табыстылығын арттыру жолдары?
3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
1 – тақырып. Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны
1. Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті
2. Объектісі және мазмұны
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
2 – тақырып. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
1. Дәстүрлі әдістері мен тәсілдері
2.Математикалық әдістер
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
3 – тақырып. Факторлық талдау
1.Детерминдік әдістердегі факторлар
2.Стохастикалық әдістердегі факторлар
3.Модельдеу ережесі
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
4 – тақырып. Қаржылық коэффициенттер әдісі
1.Қаржылық коэффициенттер.
2.Төлемқабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері.
3.Табыстылық пен пайдалылық қоэффициенттері.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
5- тақырып. Басқарушылық талдаудың негізі
1.Басқарушылық талдаудың мақсаты мен міндеттері.
2. Басқарушылық және қаржылық талдау арасындағы байланыс.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
6 – тақырып. Компанияның маркетингтік қызметін талдау
1.Маркетингтік қызметті талдаудың мәні мен міндеті.
2.Өнімге сұранысты және тапсырыстар портфелінің қалыптасуын талдау.
3.Өнімді жабдықтау нарығын талдау.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдібиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
7 – тақырып. Өнімді өткізу және өндірісті талдау
1.Өндірістік нәтижелерді талдаудың ақпарат көздері мен міндеттері.
2.Өнімді өткізу мен өндіріс динамикасын бағалау.
3.Жұмыс ырғақтылығын талдау.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
8 – тақырып. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
1.Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.
2.Негізгі құралдар пайдалануды талдау.
3.Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуді талдау.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
9 – тақырып. Өнімнің өзіндік құнын талдау
1.Өнімнің өзіндік құнын талдаудың маңызы мен міндеттері.
2.Өнімнің өзіндік құнының құрамы.
3.Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын талдау
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
10 – тақырып. Қаржылық талдаудың негізі
1.Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеті.
2.Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы қаржылық талдаудың ролі.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
11 – тақырып. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
1.Аналитикалық процедураларға сипаттама.
2.Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау.
3.Балансты тікелей және көлденең талдау.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
12– тақырып. Баланс өтімділігін талдау
1.Өтімділік және төлемқабілеттілік түсінігі
2.Өтімділіктің абсолютті және қатысты көрсеткіштері.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
13– тақырып. Қаржылық тұрақтылықты талдау
1.Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері.
2.Қаржылық тұрақтылықтың үш факторлы моделі.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
14 – тақырып. Ақша ағынын талдау
1.Ақша қаражаттары және олардың баламаларының түсінігі.
2.Компанияның ақша қаражаттарын талдаудың мақсаты.
3.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
15 – тақырып. Компанияның табыстылығын талдау
1.Компанияның табыстары мен шығыстарын талдау.
2.Таза табыс (шығын) факторларын бағалау мен қалыптастырудың жалпы сызбасы.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл
4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
4.1 Өздік жұмыстарды орындауға жалпы нұсқаулар
«Экономикалық талдау» пәнінен өздік жұмыстарды өткізудің әдістемелік нұсқауы студенттердің қаржылық талдау пәнінен оқу барысындағы алған білімдерін дамытуға, тереңдетуге және нақтылай түсуге көмектеседі.
Экономикалық талдау - кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге экономикалық талдауды дамытуға арналған бірқатар құрылымнан тұрады. Курстың басты мақсаты – қаржылық және басқарқарушылық талдаудың негіздерін, әдістерін, тәсілдерін студенттерге меңгерту. Оларға экономикалық талдау ақпараттарын қалай қолдану қажеттілігін және осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Сонымен қатар мұнда талдаудағы өзгерістер де қарастырылады.
Студенттерге қаржылық талдауды оқытуда бағдарлама, яғни осы пәнді оқытуда жұмыс бағдарламасы жасалған. «Экономикалық талдау» пәнінен өздік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар осы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалды. Ол студенттерге қаржылық талдау курсының өздік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға көмектеседі. «Экономикалық талдау» пәнінен жүргізілетін өздік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі.
«Экономикалық талдау» пәнінен жүргізілетін өздік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі.
«Экономикалық талдау» пәнінен өздік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді.
4.2 СӨЖ тақырыптары
1.Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері.
2.Факторлық талдау.
3. Қаржылық коэффициенттер әдісі.
4. Басқарушылық талдаудың әдістері.
5. Қаржылық талдау әдістері.
6. Баланс өтімділігін талдау.
7. Бухгалтерлік баланстың құрылымы және түрлері.
8. Бухгалтерлік балансты талдау.
9. Ақша қаражаттарын талдау.
10.Ұйым табыстылығын талдау .
11.Төлем қабілеттілігін талдау.
12. Баға саясатын және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.
13. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау.
14. Материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды талдау .
15. Өнімді өндіру мен өткізуді талдау .
16. «Директ - костинг» әдісі.
17. «Стандарт - кост» әдісі .
18. Негізгі құралдарды тиімді пайдалануды талдау .
19. Ұйым активтерін талдау
20. «SWOT - талдау» әдісі.
21. Қаржылық жағдайды талдау.
22. Ұйымның іскерлік белсенділігін талдау.
23. Ұйымның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін талдау.
24. Ақша қаражаттаы туралы есептілікті талдау.
25. Пайда және зиян туралы есептілікті талдау.
26. Ұйымның ұйымдастырушылық – техникалық деңгейін талдау.
27. Қаржылық есеп берушіліктің негізгі нысандарын талдау
28. Өндірістік шығындарды талдау
29. Негізгі қаржылық коэффициенттер
30. Ұйымның активтері мен олардың қайнар көздерінің құрылымын жалпы бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |