Қазақстан републикасының білім және ғылым


ИНФОРМАТИЗАЦИЯ АРХИВА: СОСТОЯНИЕ И АКТУАЛЬНЫЕ



жүктеу 5,16 Mb.
бет2/16
Дата28.02.2018
өлшемі5,16 Mb.
#10874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ИНФОРМАТИЗАЦИЯ АРХИВА: СОСТОЯНИЕ И АКТУАЛЬНЫЕ

ЗАДАЧИ РАЗВИТИЯ
А. Ботанов - директор КГУ Центрального государственного архива г. Алматы
Проблема информатизации архивной сферы не нова. Ещё в 2006 году Комитет архивов и документации Республики Казахстан утвердил постановлением Правительства «Программу развития архивного дела и документации на 2007-2009 годы». Согласно ей началось внедрение информационно-коммуникационных технологий во все сферы архивного дела. В архивной службе Алматы, прежде всего, проводилось обеспечение архива компьютерной техникой, внедрения нескольких версий Программы «Архивный фонд». Но централизации этого вида работ не было.

Существующая в настоящее время в нашем архиве автоматизированная информационная система представляет собой, в основном, учетно-справочные данные, информация в которых, как правило, статична. Используются они в работе отдельных подразделений архива и обеспечивают автоматизацию процессов повседневной деятельности. Формирование электронных банков данных проводилось по некоторым направлениям, которые можно разделить по нескольким блокам:

  1. Электронные копии архивных источников;

  2. Базы данных по архивным документам;

  3. Справочники; каталоги;

  4. Информационная служба в рамках функционирования делопроизводства архива.

С момента завершения вышеназванной программы в республике и архивном деле произошли изменения: принят ряд законов, постановлений, обязывающих изменить положение в области информатизации архивной сферы. Вопрос широкого внедрения информационных и коммуникационных технологий в архивной сфере поднимался не раз, но единых подходов к

10

решению этого вопроса не было. В сентябре текущего года в г. Кзыл-Орде состоялось Республиканское совещание «Информационный Казахстан -2020. Актуальные вопросы создания и хранения электронных документов», организованное Комитетом информации и архивов Министерства культуры и информации Республики Казахстан. На совещании представители архивных учреждений всех регионов Казахстана подняли вопрос о необходимости создания специализированной государственной структуры, основной задачей которой будет разработка Единой системы электронных архивов и её интеграция с Единой системой электронного документооборота в целях объединения ведомственных архивов и государственных архивных учреждений в единую информационную сеть. Именно она поможет ориентироваться и определять цели и направления развития информатизации архивных учреждений.

К сожалению, сегодня законодательно в Казахстане не до конца решена проблема юридической силы большинства существующих электронных информационных ресурсов. Однако это не препятствует их использованию.

Возьмем, к примеру, хотя бы одно из направлений этого процесса -развитие предоставления государственной услуги «Выдача архивной справки» в электронной форме. Оно, конечно же, предполагает повышение качества информационного обслуживания населения, получения гражданами и организациями преимуществ от применения информационных и телекоммуникационных технологий за счет обеспечения равного доступа к информационным ресурсам архива. Так, внедрение в практику архива работы с обращениями граждан посредством информационных электронных технологий способствует упрощению процедуры подачи заявления и созданию удобного графика работы архива для иногородних и иностранных граждан. Появление на веб-портале акимата г. Алматы удаленной формы обработки обращений граждан, увеличило количество обрабатываемой информации через электронный формат.

Наш архив активно включается в коммуникационные процессы, используя свои технические ресурсы. Информационно-коммуникационные технологии в последние годы распространились во всех сферах архивного дела. Они облегчают учет и описание фондов, поиск сведений в электронных справочниках. Но этого недостаточно. Предстоит осуществление комплекса мероприятий, часть которых уже реализуется. Развивается веб-сайт архива. В этом году размещен справочник по фондам, ряд тематических перечней и обзоров документов. В перспективе станет возможным размещение оцифрованных описей фондов наиболее востребованных пользователями, что позволит им реальную возможность прямого поиска информации посредством Интернета.

Ещё одно из коммуникационных направлений, которые над которым нам необходимо работать - это автоматизация внутриархивной деятельности архива. Имеющиеся у нас программные средства в большинстве своем простые, уже устарели, не интегрированы друг с другом. Необходимы

типовые программные продукты-модули, которые архив сможет доработать с учетом своей специфики, к примеру «Контроль движения дел», «Работа с источниками комплектования», «Выполнение запросов граждан», Электронный читальный зал» и др.

Иная ситуация складывается с информационно-поисковыми системами. Определение возможности поиска заложена в Программе «Архивный фонд», что достаточно для обеспечения архива. Однако для решения более сложной и объемной задачи - общеархивного поиска через Интернет - требуется дополнительная разработка.

Актуален вопрос на сегодня оцифровки документов. Нами этот вид работы осваивается.

Со временем должно поменяться само содержание работы архивистов с документами, если их электронная публикация станет наряду с формированием дел фондов и составлением архивных описей результатом подготовки к научному использованию.

Информатизация деятельности архива, внедрение электронного делопроизводства, несомненно, поспособствуют повышению его роли в обеспечении эффективной политики управления документацией. Правда, это повысит требования к квалификации и уровню образования архивистов.

Развитие информационных технологий, хранение и обработка оцифрованных материалов, обеспечение их сохранности требует архивиста совершенно нового типа, хорошо владеющего информационными технологиями, умеющего обращаться с современной компьютерной техникой. Поэтому необходимо и вузам, готовящим будущих специалистов архивов иметь это в виду, и ввести в учебную программу соответствующий курс.

Безусловно, работа предстоит нам большая, но переходить на новый уровень и соответствовать требованиям завтрашнего дня необходимо.

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНАН МАМАНДАР ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Т.Омарбеков - т.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі
Бүгінгі жаңа технологиялардың қарыштап дамуы жағдайында ақпараттық технология мүмкіндіктерін тарихшы мамандар дайындауда пайдалана білудің болашағы аса зор. Әсіресе, бұл мәселеде әртүрлі қазақстандық телеарналардан үздіксіз беріліп келе жатқан тарихи тақырыптарға байланысты хабарлардың және құжаттық телефильмдердің зор маңызы бар. Олар бәрінен бұрын дәрістерде және семинар сабақтарында пайдалануға аса тиімді екендігін ескере бермейміз. Бұлардың ішінде жекелеген тарихи тұлғаларға арналған телехабарларды тарихшылар

дайындау ісінде пайдалануға әлі күнге дейін жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Мұндай хабарларды ұйымдастырушы жұрналшылар әдетте, мәселенің тарихи мазмұнына қатысты тарихшы мамандармен қатар, тарихи оқиғаға куәгерлерді, тақырыпқа қатысты көркем шығармалар жазып жүрген білімділерді, және т.б. мамандық иелерін «сөйлетеді». Мұндай телехабарлар сабақ пен дәрістің қызықты да тартымды өтуіне айтарлықтай ықпал жасай алады. Соңғы жылдары тарихшылар дайындауда онлайн-семинарлардың мүмкіндіктерін пайдалануға да ықылас арта бастады. Мұндайда, болашақ тарихшылар басқа мемлекеттегі, басқа қаладағы өздерінің әріптестерінің дәрістерін тыңдап, көтеріліп отырған мәселе төңірегінде сұрақ-сауалдар қойып, өзіндік ой өрітуге мүмкіндіктер алады. Нақты мысалға жүгінер болсақ, тарих факультетінің оқытушыларының Мәскеудегі өздерінің әріптестері профессор Д.Аманжоловамен Алаш қозғалысына байланысты онлайн-семинар өткізіп, пікірлесулерін айтар едік. Мұндай маңызды әңгіме әрине, екі жаққа да аса пайдалы болды. Сонымен қатар, соңғы жылдары әртүрлі киностудияларда арнайы тарихи тақырыптарға түсіріліп жатқан құжатты, немесе көркем фильмдердің де маңызын да әлі толық түсіне қойған жоқпыз. Сондықтан да оларды болашақ тарихшыларды дайындау ісіне пайдалануға жеткілікті көңіл бөліне қойған жоқ. Сөзіміз түсінікті болу үшін мысал келтіре кетелік. Жақында ғана осы жолдар авторының ғылыми кеңесшілігімен Қазақфильмнің белгілі режиссеры Е.Рақышев «Ашаршылық» атты тарихи-құжаттық кинофильм түсірді. Онда бейне құжаттар жетісе бермейтін тұстарды актерлардың рөлдерде ойнауы толықтырып отырады. Ал мұның өзі тарихи қасыретті студенттердің бейнелі түрде, толғаныстармен қабылдауларына жол ашады. Сондықтанда мұндай картиналарды оқыту удерістеріне кеңінен тарту жолдарын іздестіруіміз керек.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Қазақстан тарихы кафедрасы бүгінгі күні тарихшы ғалым оқытушыларды топтастырған Республикадағы бірден-бір ғылыми-әдістемелік орталық. Мұнда Қазақстан тарихының әртүрлі кезеңдерінен типтік бағдарламалар, элективтік курстар бойынша дәрістер нұсқалары, оқулықтар мен оқу құралдары дайындалады, және олар Республиканың тарихшылар дайындайтын басқа университеттеріне үлгі ретінде ұсынылады. Мұндайда электрондық тәжірбие алмасу жүйесінің маңызы өлшеусіз. Кафедра білім жетілдіру мақсатымен басқа университеттерден келген мамандарды өздеріндегі электрондық көшірмелермен қамтамасыз етіп, тәжірбие алмасуға баса көңіл бөліп келеді. Қазіргі кезде университеттің зерттеу университетіне айналу ісіне басты мән беруіне байланысты күн тәртібінде профессор-оқытушыларды белгілі бір сала бойынша ғылыми жобалармен жұмыстар жасайтын, және оқулықтар мен оқу құралдарын дайындайтын ғылыми бағыттарға топтастыру қолға алынуда. Осындайда ақпараттық технология мүмкіншіліктерінің аса мол екендігі де басшылыққа алынуда. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, бұл бағытта іске асырылуға тиісті жұмыстар аса көп. Олардың бәрі болашақ еншісіндегі мәселелер бола тұрса да, әсіресе, электронды оқулықтар

дайындау ісінің тарихшы-мамандар дайындауда аса маңыздылығын бір сәтте естен шығаруға болмайды.

Мұндайда Қазақстан тарихы пәнінің жалпыуниверситеттік маңызын да ескеруге тура келеді. Әсіресе, иновациялық-индустриялық саясат орын алып отырған кезеңде жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша мамандар дайындауда Қазақстан тарихының рөлін және маңызын көтеру негізгі мәселеге айналып отыр. Мұның өзі қазақ тарихын азаматтарды отаншылдық рухта тәрбиелеуге үлкен ықпал ететін маңызды пәнге айналдыруды аса қажет ететінін түсінгеніміз жөн.

Қазақ ұлтының рухани болашағы оның тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен тарихының сақталуына және жүйелі түрде өрістеп, өркендеуімен тығыз байланысты екендігін кез-келген азамат жақсы түсінетін заманда өмір сүріп отырмыз. Бұл тәуелсіздіктің бәйтерегінен өркен жайған сан шұғылалы жетістігіміздің тағы бір айшықты да нұрлы қорытындысы болып табылады. Алайда мәселенің мәнін нақты түсіну бар да және оны берік ұстанымды басшылыққа алып, табандылықпен өмірге енгізу бар. Осы тұрғыдан алғанда көбіміз ұлт тарихының қазақтың болашағы үшін, оның жаңа ұрпағының саналы да сауатты, елін ет жүрегі езіле сүйген отаншыл болып қалыптасуы жолындағы атқарар арқалы да, жауапты міндетін шынайы түсіне бермейміз. Осы тұрғыдан алғанда таяуда ғана «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты және Ұлттық Ғылым академиясында өткен маңызды форумдағы ғалымдардың басқосуында елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихшылардың жаңа ұрпағын дайындау туралы қоғамның алдына нақты және айқын міндет қоюы жоғарыда айтылған мәселенің мәнін дөп басып тұр.

Шындығында да «ақтаңдақтары» әлі де аса мол, өздерін зерттейтін білімді де, адал тарихшылардың жаңа ұрпағын күтіп жатқан тарихымыздың ауыр жүгін алда кім арқалайды? Оның құнды тарихи деректерін жан-жақты тереңдете зерттеп, әлемге кім танытады? - деген сауал бәрімізді мазалауы керек. Мұның өзі ең алдымен тарихшылардан ақпараттық технология жетістіктерін терең және жан-жақты меңгеруді қажет етеді. Өйткені, тарих «ақтаңдақтары» қазірдің өзінде көптеген телефильмдерде және кинофильмдерде көтеріле бастады. Мысал ретінде бірғана Шыңғысханға байланысты бірнеше елде көпсериялы фильмдердің түсіріліп, олардың басқа елдер тілдеріне аударылып, насихаттала басталуын айтар едік.Тарихты жан-жақты зерттеу үшін алғаш елбасы айтқандай сан салалы тарих мамандарын, дәлірек атап айтар болсақ, деректанушыларды, тарихнамашыларды, археологтарды, этнографтарды және тағы да басқа тарих ғылымына қызмет ететін талантты да тиянақты зерттеушілерді және оқытушыларды жүйелі түрде дайындауымыз керек. Олар бүгінгі күннің ақпараттық технологияға қатысты жетістіктерін қабылдап отыруға және оларды өздерінің күнделікті жұмысында пайдалануға бейім болулары керек. Ал бұл шынында да аса күрделі және жауапты жұмыс.

Тарихымызды жазуда және оқытуда орын алған кемшіліктерді айтуға келгенде бәріміз де алдымызға жан салмаймыз. Ақиқатына келсек, тарихқа

басыбайлы құлындай адал қызмет ететін тарихшының өзін дайындау бүгінгі күні аса маңызды мәселе болып тұр. Мұндай маман әрине, ақпараттық технологияны өзінің күнделікті ғылыми және оқытушылық қызметінде жан-жақты пайдалана білетін болуы тиіс. Осыған көзіміз жететін уақыт болды деп ойлаймыз. Алайда, қазіргі тәуелсіздік тұсында тарихшы мамандар дайындау ісі қоғамның сұранысын қанағаттандырудан әлдеқайда алыс екенін де түсініп отырмыз. Мұның себептері көп. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін тарихшы мамандар дайындаудың басты ордасы десек, ешкім дауласа қоймас.

Бүгінде тарих ғылымында әйгілі болған академиктер мен профессорлардың басым көпшілігі осы оқу орнынан білім алып, ғылыми дәрежеге ие болып, түлеп ұшқан түлектер болып табылатыны көпшілікке белгілі. Сондықтан да тарихшыларды дайындау туралы мәселені көтергенде, алдымен ауызға алатынымыз және басты назарымызды аударатынымыз, осы ұлттық университеттегі атқарылып жатқан абыройлы шаралар. Алайда осы алтын ұяның профессорларының бірі ретінде бүгінгі білім беру ісінің талаптары тұрғысынан қарар болсақ, Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде қалыптасқан және қатталған дәстүрлер мен игі міндеттер алда атқарылар шаруаның қисапсыз көптігін және олардың үлкен реформалық өзгерістерге мұқтаж екендігін айқын аңғартады.

Қазіргі кезеңдегі біздің ең басты қиыншылығымыз, менің ойымша, мынадай мәселелерге келіп тіреледі: біріншіден, біз кеңестік кезеңде қалыптасқан тарихшыларды дайындау және жұмысқа орналастыру жүйесінен әлі де толық бас тартқан жоқпыз. Ал бұл жүйе қазіргі нарықтық қатынас заманының талабына мүлде сәйкес келмейді. Сондықтан да тарих факультетін бітірген білімді мамандарымыз көбіне нарықтық қоғам қағидаларының ықпалымен оқытушылық жұмысқа немесе зерттеу жұмыстарына барудан бас тартады. Тамаша білімді, талантты зерттеуші болады-ау деген шәкірттеріміздің көбіне әкімшілік жұмысқа орналасып, мүлде басқа салаға қызмет кетуге бет бұрғанын да көріп отырмыз. Екіншіден, тарихшыларды өз мамандығы бойынша қызмет етуге бағыттау үшін оларға мемлекет және қоғам тарапынан материалдық және рухани қолдау қажет-ақ. Мұнсыз қазіргі материалдық және экономикалық мәселелер бірінші орынға қойылған қоғамда тарихшы маманды қалыптастыру мүлде мүмкін емес. Тарихшы мамандығының халқымыз үшін, еліміз үшін аса маңыздылығын қанша насихаттасақ та, тұрмыс тапшылығы дегенін істеп, тарихшыны күнкөріс халін жақсарту жолында басқа мамандықты игеруге мәжбүрлейтінін де байқап жүрміз. Үшіншіден, тарихшыларды батыстық үлгіде дайындау қажеттігін күн сайын айтсақ та, бұл бағытта кемшіліктеріміз шаш етектен. Ең бастысы кеңестік жүйедегі маман даярлау үлгісінен бас тартпай жатып, жаңа батыстық жүйені қабылдауға кірістік. Осылайша, бүгінгі университеттердегі мамандар дайындау жүйесі бұрынғы кеңестік білім беру мен кейінгі жаңашыл оқыту бағытымен мидай араласып, адам түсінбес шатасу басталды.

Философия докторы (РЮ) мен кеңестік жүйедегі ғылым кандидатын қатар дайындауымыз осылайша адасқандығымыздың айқын көрінісі.

Бұл аталған қиыншылықтар әрине, ең бастылары ғана. Бұларды жеңетін де, және сапалы маман дайындаудың жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыратын да бәрінен бұрын өзіміз екенін ұмытпауымыз керек. Осы тұрғыдан алғанда елбасы жоғарыда көтерген сапалы тарихшы мамандар және тарихшы ғалымдар дайындаудың іргелі орталығы ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің мүмкіншілігі аса зор екендігін атап көрсеткен жөн. Бұл факультетте шынында да батыстық өркениет үлгісінде ұлтымызға қызмет ететін кәсіби тарихшыларды дайындаудың негізі - іргелі зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Мұнда қолданбалы тарихи зерттеулер мемлекеттік бағдарламаға «Ұлттық идея - Қазақстан дамуының негізі» деп аталатын мемлекеттік маңызы зор зерттеу жобасы аясында енгізілген. Қазірдің өзінде қазақ халқының тарихи-этнографиялық мұраларына қатысты деректерді жинау, оларды жүйелеу және жариялау ісі жолға қойылған. Мұнда болашақ мамандар қазақ халқының дәстүрлі қоғамының бастаулары мен рухани негіздеріне қатысты көптеген жұмыстармен жүйелі түрде танысып, білімін толықтыра алады. Ғалымдардың бір тобы қазақты құраған ру-тайпалардың сонау сақ, үйсін және қаңлы дәуірлерінен бері қарайғы ежелгі және ортағасырлардағы тарихын тиянақты түрде оқып, осы саладан сапалы білім алып шығады.

Ғалымдардың үлкен тобы Қазақстанның тарихи мұраларын және қазіргі қоғамдағы рухани-мәдени даму бағыттарына қатысты нақты проблемаларды зерттеумен айналысып, осындай маңызды зерттеу бағыттарының нәтижелерін оқу үстінде кеңінен пайдалануда. Жоғарыда аталған «Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарламаға да факультет ғалымдары белсене атсалысуда. Мұнда ғалымдардың мемлекеттік музейлерде жинақталған этнографиялық заттарды зерттеумен айналысуы да әдеттегі қалыптасқан зерттеу бағыты болып саналады.

Тарих факультетінде мамандарды дайындау бакалавриатта, магистратурада және докторантурада жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Біздің жобалауымызша осы сатылардан түгел өткен, ақпараттық технология жаңалықтарын меңгерген болашақ маман өз ісіне берілген тарихшы-зерттеуші болып қалыптасуы тиіс.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетінде Қазақстандағы диаспоралардың тарихи және мәдени мұралары да нақты археологиялық және музей материалдары негізінде зерттелуде. Сонымен бірге елбасымыз атап көрсеткендей, тәуелсіз Қазақстанның болашағын белгілейтін, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ғылыми-техникалық бағдарламасын 2009-2011 жылдарға арнап жасап шығу ісіне де факультет ғалымдарының белсене қатынасу ойлары бар. Сонымен қатар тарих факультетінің ғалымдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жинақталған көптеген деректерге деректанулық талдаулар жасау да факультеттің жоспарлап отырған ғылыми гуманитарлық бағдарламасының

негізі болып табылады. Бұл алда 2008-2010 жылдар аралығында жүзеге асуы тиіс аса маңызды шаралар. Осы мәселені айтқанда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңінің басталуына байланысты алға қойған нақты міндеті еріксіз еске түседі.

«Мәдени мұра» бағдарламасының алғашқы кезеңінде шет елдерден
әкелінген сан мыңдаған деректердің алда мұрағат қойнауларында шаң басып
жатып қалу қаупі бар екені құпия емес. Сондықтан да оларды ғылыми
айналымға қосу қажеттігі туралы мәселені елбасы ғалымдармен жоғарыда
аталған кездесуде нақты атап көрсеткен еді. Сондықтан да тарихшыларымыз
осындай игілікті іске зерттеушілерді және болашақ тарихшыларды
жұмылдыра отырып, деректермен жұмыс істеуді жетілдіруде осыған
байланысты халықаралық-республикалық ғылыми-практикалық

конференциялар өткізуде. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша мақалалар жинақтарын шығаруды, оқу құралдарын жариялауды, оқу процесіндегі арнайы курстарда ғылыми зерттеудің нәтижелерін өмірге енгізуге баса мән беруді көздеп отыр.

Осындай игілікті және көп салалы шараларды жүзеге асыру әрине тарихшы ғалымдардың отандық және шет елдік жоғарғы оқу орындарымен және ғылыми зерттеу орталықтарымен байланыстарын күшейте түсуді қажет етеді. Мұның өзі ғалым және ғалым-педагог кадрлар дайындау жүйесін жетілдіруді, жаңа ғылыми орталықтар мен зертханалар ашуды қолға алуды қажет етеді.

Осы жұмыстардың бәрін қолға алуды мақсат етіп отырған әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих мамандарын еңбек нарқының
сұранысына иемдеу бағытын ұстануда. Бұл үшін тарих факультеттерінде
тарихшы-оқытушы дайындаумен ғана шектелуге болмайды. Бірнеше жылда
бір рет қоғамды әлеуметтік сұрастыру ұйымдастырып, оның негізінде қандай
тарихшы мамандарына сұраныс бар екендігін анықтау және осындай
сұранысқа бейімделу алғашқы орынға шығуы керек. Сонымен бірге
тарихшылардың жаңа мамандықты игерген немесе қосымша мамандығы бар
мамандарын дайындау қолға алынуы керек. Қазіргі қоғам тарихшыны
талантты зерттеуші немесе қабілетті оқытушы ретінде қабылдаумен шектеле
алмайды. Өйткені, қоғамдық өміріміздегі жаңа сұраныс шет ел тілдерін жете
меңгерген тарихшыларға және тарихшы-антропологтарға, тарихшы-
өнертанушыларға, тарихшы-әлеуметтанушыларға, тарихшы-

шығыстанушыларға және тағы басқаларға мұқтаж. Сондықтан да тарихшы дайындайтын факультеттер осындай сұранысқа орай бейімделіп, тарихшы мамандардың жаңа тұрпатты сапалық деңгейіне көтерілуі керек. Мұнсыз біз нарықтық экономика жағдайында тарихшының қоғамда өзіне лайықты орнын табуына алғышарттар жасай алмаймыз.

Әрине, бұл айтылғандардың бәрі оқыту жүйесінде бакалавриатта және магистратура мен докторантурада күрделі өзгерістер жасауды талап етеді. Бұл өзгерістер өркениетті елдердегі оқыту жүйелерінің нұсқасына сәйкес болуы тиіс. Сонда ғана біз әлемдік тарих ғылымында «судағы балықтай» өзін

еркін сезінетін жаңа тұрпатты тарихшылар дайындай аламыз. Өкінішке орай, бұл айтылғандардың барлығын жүзеге асыруға көптеген жергілікті университеттер мен педагогикалық институттардың шама-қарымдары жете бермейді. Алайда олардың үлгі алар және үйренер орталығы бар. Ол - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті. Қазірдің өзінде кеңестік кезеңнен қалған жоғарыда аталған кемшіліктер мен қиыншылықтарды жою және жаңа сапалық деңгейдегі тарихшыларды дайындау бағытында ұлттық университетімізде көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа даму стратегиясын белгілеу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Елбасының «Мәдени мұраға» байланысты бағдарламасын жүзеге асырудағы тарихшыларды дайындауға байланысты міндетін жүзеге асыру біздерді осындай қорытындылар жасауға итермелеп отыр.

Тарихшы боламын деген әрбір азамат бұл мамандықтың бүгінгі күні жаңа талаптар биігінде көрініп отырғанын, ұлттың тарихын шынайы жазу үшін бүгінде еліңді, отаныңды шын жүрегіңмен сүю, оны қадірлеу жеткіліксіз екендігін, сонымен бірге бүгінгі тарихшы өзінің отанын басқаларға таныту үшін өзі әлемдік өркениетке белсенді араласа алатын жан-жақты бесаспап маман болуы қажет екендігін ертерек түсінсе, біз бұдан көп нәрсе ұтар едік. Бұл міндетті жүзеге асырудың балалар бақшаларынан, мектептерден басталатынын да ұмытпағанымыз жөн. Осыны қоғам болып ескерсек, қазағымыздың жазба тарихы өзімізге ғана қызмет етіп қоймай, бүкіл адамзат өркениетіне кеңінен танымал болатын жолға түсер еді.

Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылға жуық уақыт өткеніне қарамастан қазақ халқының шығу және қалыптасу тарихы әлі күнге дейін әртүрлі этногенетикалық және этно-саяси мәселелер төңірегінде айтыс-тартыстар туғызып, ғылыми негізі берік емес біржақты тарихи болжамдарға жол ашуда. Мұның әрине өзіндік себептері бар. Олардың бәріне тоқталып жатпай, ең бастыларының біріне назар аударар болсақ, қазақ халқының этникалық тарихына қатысты пікір білдірушілер нақты және әмбебап, әр түрлі ғылымдар саласындағы мамандардың ғылыми ізденістерінің негізінде тарихи-салыстырмалы зерттеулер жүргізу қажеттігін ескере бермейді. Қазақ тарихы осындай жолмен жазылғандағана бір ізге түсіп, жүйелі сипат алатынын ұмытпауымыз керек еді. Өкінішке орай, әсіресе ежелгі және ортағасырлардағы тарихи кезеңдерді зерттеудегі мұндай бағыттағы ізденістеріміз әліде мардымсыз.

Бүгінгі күні жазылып жатқан тарих біріншіден, ұзақ уақыт қалыптасқан еуроцентристік қате тұжырымдардан әлі күнге дейін бас тарта алмай отырса, екіншіден, ежелгі және ортағасырлардағы тарихымызға қатысты деректердің жеткіліксіздігінен, әсіресе, өзіміздің көшпелі бабаларымыз қалдырған нақты жазба жылнамалардың жоқтығынан өткенімізді баяндау тәрізді аса жауапты мәселеде әр түрлі үстірт, публицистикалық сипаттағы болжамдар мен тұжырымдарға мүмкіндік берілді. Мұның өзі университет партасында отырған болашақ тарихшыны ақиқат жолынан ауытқытып жіберетін,

тарихымызды жалған концепцияларға сүйеніп насихаттайтын қауіпті бағыт-бағдар екенін ұмытпайық.

Бүгінде тарихқа қатысы бар ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар ғылыми жұмыстарға қатысты обьективті сын-пікірлер жазуды тоқтатты десек жалған сөйлемейміз. Қанша қараласақта кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында орталықта жарық көретін ғылыми басылымдарда сын-пікірлерге арнайы орын берілетін еді, және оларда зерттеу жұмысының табыстары мен қатар олқылықтары да кеңінен әңгіме болатын. Бүгінде осындай ғылыми сыннан айырылып қалдықта, тарихымыз туралы әркім ойына не келсе соны айтатын, ақ пен қараны ешкім ажырата алмайтын кезеңге аяқ бастық. Оның үстіне қазіргі басылымда жарық көретін ғылыми пікірлер ғалымдардың бірін-бірі бірыңғай мерейтойлық марапаттауымен және олардың жарық көрген жұмыстарын көтермелеп көрсетумен шектелетін болып алды. Мұның зияндылығы- тарихымызда жаңа мамандар даярлау ісіне кері әсерін тигізетіндігінде. Тарихшылардың жаңа ұрпағы кез-келген маңызды тарихи мәселеге сын көзбен қарап, салыстырмалы талдаулар негізінде ақиқатты айқындау рухын жоғалтып алса, бұл біздің елеулі жеңілісіміз болып шығады.

Тарихты жазушылар ескере бермейтін тағы бір маңызды мәселе, қазақ деген кеңпейіл де жомарт халықтың тарихын жазуға бет бұрған адам ең алдымен өзінің жүрегін пендешілік және басқаларға деген өшпенділік пиғылдардан тазалап алуы керек. Үлтымыздың біртұтас тарихын белгілі бір қазақ жүзін, немесе нақты қазақ тайпасын басқаларынан аспандата асыра дәріптеу және өзіне ұнамайтындарды кемсіту немесе мұқату, тіптен басқа тайпаластардан өш алу тұрғысынан жазуға ешкімнің қақысы жоқ. Өткенді әңгімелегенде өзгелерге деген реніш сезіміңізді ұлт тарихына енгізбеңіз. Қазақты құраған жекелеген тайпаларды асқақтату неліктен басқалардың рөлін төмендету есебінен жүзеге асырылуы тиіс? Өткенімізді шұқшия зерттеу, В.Бартольд тәрізді Наймандарды, Керейлерді, Дулаттарды «олар түркілер емес, монғолдар болатын» деп мәселенің байыбына тереңдете бармай, оларды осылайша қорлау арқылы жүзеге асырылуы тиіс пе? Бүгінгі университетте тарихшы мамандар даялау ісінде осындай бұрмалаулардың шынайы мәнін әшкерелеу-тәуелсіз елдің оқытушы-профессорларының басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Мұндай ұстанымдардың негізсіздігін тіптен, халқымыз орысқа басыбайлы отар болып отырған 1897 жылдың өзінде-ақ қазақ арасында болып, халқымыздың қадыр-қасиетін орынды бағалай білген, орыс ғалымы Н.Аристов әділдікпен айтып кеткен еді. Өкінішке қарай, бүгінде еліміз тәуелсіздік алған заманда өзіміздің қандастарымыздың кейбіреулері В.Бартольдтың таптаурын жолына түсіп, тарихымызды жауапсыздықпен бұрмалауға бет бұрғандарын аңғара алмай отыр. Ал басқаларға келер болсақ, Н.Аристов тәрізді қазақтың этникалық тарихын қастерлейтіндер орыс зерттеушілері арасында бұрын да, қазір де саусақпен санарлықтай аз болғаны ешкімге құпия емес. Кезінде оның еңбегіне сын көзбен қараған В.Бартольд

бұдан тағы да біржақты қорытынды жасап, Н.Аристов көтеріп отырған қазақтың этникалық тарихының мәселелері туралы айтқанда, «... пополнение этого пробела во всемирно-исторической литературе возможно только при деятельном участии русских ученых» (қараңыз: Бартольд В.В. Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов. -М., 2002. С.279). -деп жазғанын жақсы білеміз.

Амал қанша орыс ғалымдарының айтқандарын ғана дұрыс деп танитын және өздерінің зерттеулерінде солардың тұжырымдарына ғана жүгінетін осындай біржақты пиғылдардан кейбір қазақ тарихшылары әлі де арыла алмай отыр. Мұндай ұстанымдағы кісілер әдетте дәстүрлі қазақ деректерін менсінбейді, ал көне дәуірдің бірден бір куәгерлері болып табылатын қытай деректерін және Орхон ескерткіштерін орыс тарихшыларының тұжырымдарынан кейінгі қатарға ысырып қояды. Мұндай «зерттеулер» барысында туындаған пікірлердің тарихи шындықты қалпына келтіруге қызмет етудің орнына, оны одан әрі былықтыра түсуге, әртүрлі бұрмалауларға алып барары сөзсіз. Әдетте мұндай зерттеулер ұлттық рухтан жұрдай болып келеді. Бұлардан туындайтын тұжырым: қазақ халқының қалыптасуының этникалық мәселелері рухани дәстүрлі болмысты ашатын, аса маңызды бағыттар бойынша ғылыми негізді, және нақты деректерге сүйенген басалқалы да, байыпты тұжырымдарға, қорытындыларға аса мұқтаж болып отырғаны құпия емес. Мұндай олқылық осы нәнді жоғарғы оқу орнында оқыту сапасына да кері әсерін тигізіп отыр.

Осы айтылған міндеттерді жүзеге асыруға әл-Фарби атындағы ҚазҰУ-ң Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушыларының қосар үлесі де аз емес. Дегенмен де, іргелі міндеттерді жүзеге асыру көп болып жұмыла қолға алуды қажет етеді. Мұндайда әрбір профессор-оқытушының бұрынғы кеңестік замандағыша диссертация қорғап алған соң, немесе ғылыми атақтар алған соң тек оқытушылық міндетпен шектелмей, тарихымыздың методологиялық, және әдістемелік принциптері мен негізгі қағидаларын әрқашан басшылыққа алғандары жөн. Бүгінгі университет оқытушысы өзінің ғылыми-оқытушылық қызметін ақпараттық технологиядан бөле-жара қарай алмайтынын түсінетін уақыт жетті деп ойлаймыз. Сондықтанда, компютерлік сауаттылық, жаңа техологияны меңгеруге деген құштарлық пен ұмтылыс жоғарғы оқу орны қызметкерінің күнделікті шығармашылық қызметінде басты мәселеге айналуы тиіс.

жүктеу 5,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау