Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мешіт қызметкері үшін әдістемелік



жүктеу 238,46 Kb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата17.11.2017
өлшемі238,46 Kb.
#1062
1   2   3   4   5   6   7

14

жатпайтын тапсырмалар жүктемеуі;

18)  қол  астындағы  қызметкерлері  мен  әріптестеріне 

қатысты  негізсіз  айыптауларға,  дөрекілік  көрсетуге,  адами 

қадір-қасиетін кемсітуге жол бермеуі

19) мешіт, медресе, намазхана, басқа да діни орындардың 

ішіндегі белгіленбеген орындарда сауда жасамауы; 

20)  өзін  жан-жақты  дамытуы,  қосымша  ілім  алуы, 

зайырлы  білімдерді  меңгеруі,  үгіт-насихат  жұмыста рында 

уағызды  Қазақстан  тарихымен,  салт-дәстүрмен,  әдеп-

ғұрыппен,  би-шешендердің  қанатты  сөздерімен,  мақал-

мәтелдермен ұштастырып, қазақ халқының ұлы тұлғаларының 

(әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Йасауи,  Жүсіп  Баласағұни,  Абай, 

Ыбырай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, т.б.) өсиет өлеңдері және 

ғибратты әңгімелерімен көркемдеп айтуы;

21)  жеке  басының  тақуалығын  арттыруы,  намазға, 

барлық  құлшылықтарға  аса  ыждаһаттылықпен  қарауы,  бес 

уақыт намаз бен жұма, айт, жаназа намаздарын өзі атқаруы

22)  мешітті  ғибадат  орны,  сондай-ақ,  ғылым-білім, 

мәдениет,  әдеп,  инабаттылық  пен  имандылық  ордасына 

айналдыруы; 

23)  шариғат  мәселелерінде  Әбу  Ханифа  мәзһабы ның, 

ал,  ақидалық  және  діни-танымдық  мәселелерде  Матуриди 

мектебінің пікірлерін басшылыққа алуы; 

24)  халықпен  жұмыс  жасағанда  аймақтағы  тілдік, 

мәдени,  рухани  ерекшеліктерге  жіті  мән  беріп,  жергілікті 

тұрғындармен санаса білуі;

25)  діни  қызметтің  беделіне  нұқсан  келтірмей,  пікір 

алмасуларды көркем түрде, әдеппен жүргізуі, өзге діни ағым 

өкілдерімен  пікірталаста  өз  көзқарасы  мен  пікірін  таңбай, 

даналық  көрсетіп,  биязылық  танытуы,  дөрекілікке  жол 

бермеуі; 

26)  Діни  басқармаға  қатысты  жағымсыз  пікір  тарат-

пауы,  арсыз,  ғайбат  сөздерге  жол  бермеуі,  әріптестерінің 




15

жеке басына қатысты сырын ашпауы;

27) өз қатесін мойындай білуі және кемшілігін түзеуге 

тырысуы; 

28)  діни  қызмет  саласында  мансапқор,  мақтансүйгіш 

болмауы; 

29)  ұжымда  іскерлік  танытып,  қызметкерлер  арасын-

дағы  ынтымақ,  бауырмалдық  құндылықтарды  арттыруға 

ықпал  етуі,  олардың  отбасы,  әлеуметтік  жағдайына  мән 

беруі, ұжымда кез-келген мәселе көрініс берген жағдайда дер 

кезінде орынды, оңтайлы шешім қабылдауы

30)  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  Кодексінде 

көрсетілген талаптарды сақтауы, қызметкерлердің белгілен-

ген  жұмыс  уақытын  қадағалауы,  жалақы,  еңбек  демалысы, 

т.б. жағдайларды уақытылы реттеп отыруы;

31)  қызмет  барысында  жеке  мүдде  үшін  коммерци-

ялық,  үкіметтік  емес  ұйымдардың,  отандық  және  шетел-

дік  қоғамдық  қорлардың,  түрлі  компаниялардың,  саяси 

ұйымдардың  жұмысын  насихаттамауы  немесе  қызметкер-

лерді осындай жұмыстарға пайдаланбауы

32)  Діни  басқарма  атынан,  діни  бірлестікке  және 

жалпы  Исламның  имиджіне  нұқсан  келтіретін  орынсыз 

мәлімдемелер мен түсініктемелер бермеуі тиіс.

2. Отбасы мен қоғамға қатысты әдептер

ҚМДБ  қызметкерлері  –  қоғамның  тәрбиешілері. 

Адамдарды  жақсылыққа  шақырып,  жамандықтан  тыюда 

әуелі дін қызметшілерінің өздері үлгілі отбасы болуы тиіс. 



Ол үшін: 

1)  мұсылманшылыққа,  мешітке  кір  келтіретін  теріс 

қылықтардан, кикілжіңнен алыс болуы

2) Отбасы мүшелеріне барлық жағынан қамқор болуы: 

-  ата-аналарды  құрметтеу,  лайықты  өмірлерін 

қамтамасыз ету; 




16

-  зайыбын  құрметтеу  және  оны  қолдау,  азаматтық 

құқықтарын шектемеу; 

- балаларын дәстүрлі құндылықтар рухында тәрбиелеу, 

білімге, отансүйгіштікке баулу және барлық қажеттіліктермен 

қамтамасыз ету. 

3)  көршілерімен,  туған-туыстарымен  жақсы  қарым-

қатынаста болуы, оларға әрдайым құрмет көрсетуі, қайғысы 

мен қуанышына үнемі ортақтасып отыруы

4) әрдайым игі істер мен қайырымдылық шараларына 

өзі бастамашы болуы, қоғамды ізгілікке бастауы

5) қоғамдық іс-шараларға қатысып, белсенділік танытуы 

тиіс. 

Қызметке  тағайындалған  сәттен  дін  қызметшілері 



«Қазақстан  мұсылмандары  Діни  басқармасы  қызмет­

керінің Этикасымен» жазбаша түрде танысуға міндетті.

ОТАНДЫ СҮЮ ЖӘНЕ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

 Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.

Барлық  мадақ  әлемдердің  Раббысы  Аллаға  тән. 

Адамзаттың  асылы  Мұхаммедке,  оның  отбасы  мен 

сахабаларына салауат пен сәлем болғай!



Отанға  деген  ыстық  сезім,  ықылас  –  жалпы 

адамзаттық  адамгершілік  қасиет,  адамдар  арасында 

қалыптасқан табиғи сипат.

Ислам  діні  адам  бойында  болатын  ізгі  қасиеттердің 

барлығын  қолдайды.  Адамдарды  татулыққа,  бірлікке, 

сүйіспеншілік  сезімдерін  қастерлеуге  шақырады.  Соның 

ішінде Отанға деген сүйіспеншіліктің алатын орны ерекше. 

Отан  дегеніміз  –  адамның  туған  шаңырағы,  ата-анасы, 

ағайындары,  өскен  ортасы,  туған  жері  мен  елі.  Ал,  Отанға 

деген ыстық сезім, ықылас жалпыадамзаттық қасиет, адамдар 

арасында қалыптасқан табиғи сезім. 




17

Жалпы отаншылдық, патриотизм – асыл дініміздің 

ұстанымымен тығыз ұштасып жатқан ұғымдар. 

Бұған қатысты Алла елшісінің (с.а.с.) өмірінен нақты 

дәлелдер  келтіруге  болады.  Мысалы,  Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)  өзінің  туған  шаһары  Мекке  қаласына  айрықша 

ықыласпен қараған. Мәдина шаһарына қоныс аударып, 

сонда  орнықса  да,  алғашқы  туған  қаласын  әсте 

ұмытпаған.  Муһажир  сахабаларымен  бірге  Меккені 

сағынышпен еске алып отырған.

Ибн  Аббастан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Алла  Елшісі 

(с.а.с.)  Меккеге  қарап  тұрып:  «Сен  мен  үшін  сондай 

қымбатсың,  сүйіктісің.  Егер  де  тұрғындарың  сенен 

шығармағанда  сенен  басқа  жерде  тұрақтамас  едім»,

  – 

деген[1].

Әрбір  адамның  табиғаты  туған  жерімен  тығыз 

байланысты.  Сондықтан  да  оған  туған  жердің  ауасы  да, 

топырағы да дертке дәру.

Айша  анамыздан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Пайғамбар 

(с.а.с.)  науқасқа  дұға  жасағанда:  «Алланың  атымен. 



Жеріміздің  топырағы,  аузымыздың  суы.  Ауруымыз 

Раббымыз  қалауымен  жазылсын», –  деп[2],  саусағын 

сілекейімен  ылғалдап,  туған  жердің  топырағына  тигізіп, 

науқастың  ауырып  тұрған  жеріне  басып,  дұға  жасаған. 

Ендеше  туған  жерге  деген  махаббат  –  Пайғамбардың 

(с.а.с.)  сүннеті.  Отанды  сүю,  қастерлеп,  қадірлеу,  керек 

болған  жағдайда  қызғыштай  қорғау  –  әрбір  иманды 

жанның міндеті. 

Алланың  Елшісі  (с.а.с.):  «Екі  көзді  тозақ  оты 



шарпымайды:  Алладан  қорқыныштан  жылаған  көз  бен 

Алла жолында елін күзеткен көз», – деген[3]. Бұл тұрғыда 

халық даналығы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді.Елін, 

жерін қызғыштай қорғау, қоғам қауіпсіздігін сақтау – әрбір 

иманды  ердің  борышы.«Отанды  сүю  –  иманнан»



  деген 


жүктеу 238,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау