Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет61/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73

129
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
шектеулі бір баланың әпкесі өзінің мүгедек інісін 
мазақ қылған баланы жазалау үшін достарын 
тартқан. 
«Мектепте балалар арасында тіл тигізу 
оқиғалары болып тұрады. Бізде 2010 жылы дема-
лыс кезінде орын алған оқиға болған, біз бұл туралы 
2011 жылдың сәуірінде білдік. Мұғалім жоғарғы 
сынып оқушылары мен 8 сынып оқушысын мек-
теп директорының алдына ертіп әкелген, себебі 
жоғарғы сынып оқушылары сегізінші сынып 
оқушысын дәретхана жанында ұрып тастаған. 
Біл жағдайды зерттеу біздің көп уақытымызды 
алды, бірақ осы мектепте оқитын қыз бала сы-
ныптастарынан сегізінші сынып оқушысын саба-
уды өтінген, өйткені ол мүгедек інісін ренжіткен. 
Біз дереу қыз баланың ата-анасына хабарласып, 
оқиға туралы айттық. Ренжіткен бір бала емес
балалар тобы екендігі анықталды, олар мүмкіндігі 
шектеулі баланы келеке еткен. Біз бұл мәселені 
шешіп, балаларды айрықша бақылауға алдық, 
себебі мүмкіндігі шектеулі баланың тыныш өмір 
сүруін қамтамасыз еткіміз келді. Мұны бұрынғы 
мектеп мұғалімі де, психолог пен әлеуметтік 
педагог те қолдады. Бізде мектебімізде оқыған 
мүмкіндігі шектеулі баламен байланысты басқа 
оқиға орын алды; оны басқа мектептің балалары 
ренжітіп, соққыға жыққан. Біз бұл оқиға тура-
лы зерттедік» [15].
Басқа мектеп директоры әр түрлі әлеуметтік-
экономикалық таптан шыққан балалардың мек-
тепте бір-бірімен төбелесетінін және кейбір 
зорлық-зомбылық оқиғаларының туындауы-
на оқытушылардың кедей отбасынан шыққан 
балаларға қатысты кемсітушілік көрсетуі себепші 
болғандығын мәлімдеген. 
«Қиындық – балалардың төбелесуі болды. Балалар 
әр түрлі отбасынан, әр түрлі әлеуметтік-
экономикалық топтан шыққан, төбелестің ту-
ындауына осы жағдай түрткі болды. Бұған қоса, 
бұл -  беделге қол жеткізу мәселесі, яғни  оқушы 
басқалардан күштірек екендігін көрсетуге тыры-
сып бағады. Оқытушылар балаларға сын айтып, 
қысым көрсетеді; олар сондай-ақ оқушыларға 
психологиялық шабуыл жасауы мүмкін. Олар ба-
лаларды ұруы мүмкін. Балаларды бай әрі кедей 
деп жіктеу және кедейлерді кемсіту оқиғалары 
орын алды» [11].
Ақырында, мектеп директорларының бірі 
әлеуметтік жетімдер деп есептейтін және 
балалар үйінде тәрбиеленетін балаларға қатысты 
зорлық-зомбылықпен байланысты қиындық ту-
ралы мәлімдеген. Бұл балалар өздерінің әлсіз 
мәртебесіне байланысты басқа балалар тарапы-
нан қорлауға түскен.
«Бізге басқа мектептен балаларды қабылдауға 
тура келді. Бұл балалар балалар үінде тәрбиеленді, 
олардың кейбірі кір және ұқыпсыз болғандықтан, 
нәтижесінде басқа балалар оларды мазақ еткен. 
Біз оқушыларымызбен және олардың ата-анала-
рымен әңімелесіп, қазір жағдай өзгерді. Балалар 
ол балаларды мазақтамайтын болды» [5]. 
Мұғалімдер тарапынан балаларға 
жасалған зорлық-зомбылық және 
кемсітушілік
Мектеп директорларына өткен жылы 
мектептерінде орын алған мұғалімдер тарапы-
нан болған зорлық-зомбылық пен кемсітушілік 
дәрежесі туралы сұрақ қойылды. 5.6-кесте 
көрсеткендей, мектеп директорларының  тек 
15,0%-ы өткен жылы мектепте балаларға 
қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік 
(барлық түрлерін)  қолданған мұғалімдер 
болғанын хабарлаған. Атап айтқанда, мек-
теп директорларының 8,5%-ы өткен жылы 
балаларға психологиялық зорлық-зомбылық 
көрсеткен оқытушылардың болғанын және 
5,0%-ы мұғалімдердің балаларға тән жазасы 
мен физикалық зорлық-зомбылық қолданғанын 
мәлімдеген. Ақырында, мектеп директорларының 
тек 5,0%-ы өткен жылы балаларға қатысты 
5.7-кесте. Мектептегі зорлық-зомбылық 
оқиғаларын тіркеу саясаты
Толық іріктеме  
N = 40
n
%
Нормативтік құжаттарға сәйкес 
мектептегі зорлық-зомбылық 
оқиғаларын тіркеуге міндетті 
22
55,0%
Білмеймін 
3
7,5%
Қандай нормативтік құжатқа 
сәйкес мектептегі зорлық-
зомбылық оқиғаларын 
тіркеуге міндеттісіз?
14
35,0%
Білмеймін
2
5,0%


130
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
кемсітушілік оқиғаларының болғандығы жайлы 
хабарлаған. 
5.6-кесте. Мұғалімдер тарапынан балаларға 
қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік 
түрлері 
Өткен жылы төмендегі 
оқиғалар орын алған:
Толық іріктеме  
N = 40
n
%
Мұғалімдердің балаларға зор- 
лық-зомбылық пен кемсітушілік  
көрсетуі (барлық түрлері)
6
15,0%
Мұғалімдер тарапынан бала-
ларға қатысты психологиялық 
зорлық-зомбылық 
3
8,5%
Мұғалімдердің балаларға қатыс- 
ты физикалық зорлық-зомбы- 
лық қолдануы (тән жазасы)
2
5,0%
Мұғалімдердің балаларды 
кемсітуі
2
5,0%
Мектеп директорларының басым көпшілігі 
мұғалімдер тарапынан болған балаларға 
қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілікті 
мойындағанымен, олардың тек кейбірі өз 
мектептерінде мұғалімдер мен мамандар та-
рапынан балаларға көрсетілген физикалық 
және психологиялық зорлық-зомбылық 
оқиғаларымен байланысты қиындықтар тура-
лы баяндаған. Кейбір директорлар балаларға 
зорлық-зомбылық актісін жасаған мұғалімдердің 
сөгіс алғаннан кейін өз тәртібін түзегендігін не-
месе жұмыстан өз еркімен шықандығын не 
шығарылғандығын түсіндірген. 
«Бізде мұғалім балаларға тіл тигізіп, айқайлаған 
жағдайлар болды. Біз мұғаліммен әңгімелесіп, 
оның әрекетін сынадық; осы оқиғадан кейін бізде 
қиындық туындаған жоқ» [5].
«Бастапқыда, мектеп енді ашылған кезде 
дене шынықтыру мұғалімі физикалық зорлық-
зомбылық  көрсеткен, бірақ оқу жылының 
соңында мұғалім басқа жұмыс тауып, жұмыстан 
шығып кетті» [40].
«Бұл оқиға мұғалімнің кінәсінен болды. Оқыту 
барысында мұғалім баланың қолынан ұрған. 
Мұғалім сынып жетекшісі лауазымынан боса-
тылды» [38].
Алайда 3-тарауда көрсетілген қорытынды бой-
ынша, сұрау жүргізілген 4207 баланың 23,9%-
ы өткен жылы мұғалімдер тарапынан зорлық-
зомбылық пен кемсітушілік көргендігін және 
4,6%-ы мектеп директорлары тарапынан зорлық-
зомбылық пен кемсітушілік болғанын хабарлаған. 
Бұған қоса, 4-тарауда 917 мұғалім мен 
мамандандырылған қызметкерлердің 22,4%-
ы мектепте балаларға қатысты психологиялық 
және/немесе физикалық зорлық-зомбылық 
әдістерін, кемсітушілікті пайдаланғандықтары ту-
ралы мәлімдеген.  
Мектепте зорлық-зомбылық 
оқиғаларын тіркеу
Сұхбат сұрақтары қандай да бір қағида/ре-
гламентке сәйкес мектеп директорларының 
мектептегі зорлық-зомбылық оқиғаларын 
тіркеуге міндеттілігін анықтайтындай етіп 
құрастырылған. 5.7-кесте көрсеткендей, мек-
теп директорларының 55,0%-ы (2-ден 1-і) 
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес 
мектептегі зорлық-зомбылық оқиғаларын тіркеуге 
міндетті екендігін мәлімдеген; алайда мектеп 
директорларының 7,5%-ы мұны нормативтік 
құжаттарға сәйкес тіркеуге міндетті екендіктерін 
нақты білмеген. Олардан қандай нормативтік 
құжаттарға сәйкес мектептегі зорлық-зомбылық 
оқиғаларын тіркеу керектігін айтуды өтінген кез-
де, тек 35,0%-ы (3-тен 1-і) білетіндіктерін айтқан, 
5,0%-ы мүлдем білмеген. Мектеп директорла-
ры мектептегі зорлық-зомбылық оқиғаларын 
тіркеуде қандай нормативтік құжаттардың та-
лап етілетінін білмеген және әр түрлі 11 құжатты 
атаған.
5.8-кесте. Мектептегі зорлық-зомбылық 
оқиғаларын тіркеу/есепке алу
Толық іріктеме 
N = 40
n
%
Сіздің мектепте зорлық-
зомбылық оқиғалары туралы 
ақпарат ресми тіркеледі
13
32,5%
Өткен жылы (2011-2012 оқу 
 
жылы) мектепте ресми тіркел- 
ген зорлық-зомбылық оқиғала-
рының санын көрсете алады 
2
5,0%


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау