125
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
жылға дейін ауытқыған, мұның өзінде орта-
ша мән 8 жылды құраған. Нақты айтар болсақ,
мектеп директорларының 57,5%-ы мектеп ди-
ректоры лауазымында 1-ден 5 жылға дейін,
20,0%-ы 6-дан 10 жылға дейін, 10,0%-ы 11-
ден 15 жылға дейін, 2,5% -ы 16-дан 20 жылға
дейін және 10,0%-ы 21 жылдан астам жұмыс
істегендерін мәлімдеген. Ақырында, 5.2-кесте
мектеп директорларының барлығы жоғарғы оқу
орындарын тәмамдағандарын көрсетеді.
5.2-кесте. Мектеп директорларының
демографиялық мәліметтері
Толық іріктеме
N = 40
n
%
Жынысы
Әйел
27
67,5%
Ер
13
32,5%
Мектеп директоры ретіндегі жұмыс өтілі
1-5 жыл
23
57.5%
6-10 жыл
8
20,0%
11-15 жыл
4
10,0%
16-20 жыл
1
2,5%
≥ 21 жыл
4
10,0%
Білім
алудың жоғарғы деңгейі
Аяқталған жоғарғы білім
40
100,0%
Мектеп директорларының мектептегі
зорлық-зомбылықты түсінуі
Сұхбат мектеп директорларынан олардың
мектептеріндегі зорлық-зомбылықтың жұмыс
анықтамасына қатысты және осы анықтама
балаларға қатысты зорлық-зомбылық түрлеріне
қалай әсер ететіндігі туралы, өткен жылы олардың
мектептерінде орын алған балалар арасындағы
зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің нақты
түрлері туралы ақпарат жинау мақсатында
әзірленді.
5.3-кесте көрсеткендей, мектеп директорларының
тек 27,5%-ы (4-те 1-і) өз мектептерінде күресетін,
балаларға қатысты зорлық-зомбылық түрлеріне
ықпал ететін
мектеп зорлық-зомбылығының
жұмысшы анықтамасының бар екендігін
хабарлаған.
Сұхбат көрсеткендей, мектепте
зорлық-зомбылықтың жұмысшы анықтамасының
болмауы салдарынан мектеп директорларының
көпшілігінде мектептегі зорлық-зомбылыққа
қатысты нақты түсінік болмаған. Мектеп ди-
ректорларынан мектеп зорлық-зомбылығына
(немесе мектептегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылыққа) анықтама беруді сұраған кезде,
директорлардың басым бөлігі нақты анықтама
бере алмаған. Мысалы, мектеп директорларының
бірі түсіндіргендей:
«Белгілі бір нақты термин
жоқ; біз тек «мектептегі зорлық-зомбылық» деп
айтамыз»
[30]. Осыған ұқсас басқа директор
былайша мәлімдеген:
«Біз мектеп директорынан
мектептегі зорлық-зомбылықтың нені білдіретінін
шамамен түсінеміз; алайда бізде мұның нақты
анықтамасы жоқ… Бізде балаларға қатысты
зорлық-зомбылықпен байланысты қандай да бір
жағдай болған емес, ересектердің тарапынан да,
басқа балалар тарапынан да»
[2].
5.3-кесте. Мектептегі зорлық-зомбылықты
анықтау
Толық іріктеме
N = 40
n
%
Мектепте мектептегі зорлық-
зомбылықтың жұмыс
бабындағы анықтамасы
бар, ол балалар бетпе-бет
кездесетін және шешетін
балаларға қатысты күш
қолдану
нысандарына ықпал
етеді.
11
27,5%
Басқа мектеп директорлары олардың пікірінше
мектептегі зорлық-зомбылықтың үлгілері бо-
лып табылатын қылықтардың кең шеңберін
анықтап, анықтама берген; алайда оларда мек-
теп зорлық-зомбылығы туралы және осындай
зорлық-зомбылық ретінде қандай әрекет түрлері
қарастырылуы жөнінде нақты не келісілген
түсінік болмаған. Мысалы, бір директор зорлық-
зомбылықтың үш түрі бар екенін түсіндірген:
«оқушылар арасындағы (қорлау), оқушы мен
мұғалім арасындағы және ата-аналар мен балалар
арасындағы. Біздің мектепте зорлық-зомбылық бар;
балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың белгілі бір
пайызы бар шығар, бірақ ол шамамен 1-3%-дай ғана»
[25]. Салыстыратын болсақ, тағы бір мектеп ди-
ректоры зорлық-зомбылықтың екі түрі бар екенін
сендірген
«моральды және физикалық; физикалық
126
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
зорлық-зомбылық денсаулыққа залал келтірумен бай-
ланысты, ал моральдық зорлық-зомбылық кемсіту
мен қорлаумен тығыз байланысты»
[1].
Мектеп директорларының көпшілігі бала-
лар арасында болатын әрекеттер арқылы
мектептегі зорлық-зомбылыққа анықтама беруге
тырысқанымен, оалар көрсеткен әрекеттер ара-
сында айтарлықтай алшақтық байқалған, мұны
төменде келтірілген цитаталардан көруге болады.
«Мектептегі зорлық-зомбылық – бұл
жоғарғы сынып оқушыларының төменгі сынып
оқушыларынан ақша бопсалауы, оларға қоқан-
лоққы көрсетіп, нашар қылықтарға күштеуі.
Мектептегі зорлық-зомбылық сондай-ақ
оқушылар тарапынан жәбірлеуді қамтиды» [19].
«Зорлық-зомбылық актісі кішкентай оқушыларға
қатысты зорлық-зомбылықты бейнелейді, ол
біреуді қандай да бір әрекетке күштеуді, қыз ба-
лалар арасындағы дауды және ақша бопсалау не
қоқан-лоққыны біріктіреді» [26].
«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық – бұл
оқушылар бір-біріне қоқан-лоққы көрсетіп,
бір-біріне дене күшін қолдануы. Бұл сондай-ақ
балалардың біреуді ауыр нәрселер айтып зәбірлеуі
немесе тіл тигізіп зәбірлеу» [29].
«Зорлық-зомбылық – бұл балалар бір-бірімен
қайшылыққа түсіп, төбелесуі және бір-біріне
зәбірлеуі» [12].
Кейбір мектеп директорлары зорлық-зомбылыққа
анықтама берген кезде өз мектептерінде зорлық-
зомбылықтың жоқтығын сендіріп баққан.
«Біздің мектепте балаларға қатысты зорлық-
зомбылық жағдайлары болған емес, бірақ, менің
пікірімше, балаларға қатысты зорлық-зомбылық
– бұл біреуге тіл тигізу, біреуге қоқан-лоққы
көрсету немесе денесіне зақым келтіру арқылы,
пышақ не таяқ секілді қарудың қандай да бір
түрін пайдаланып күш көрсетіп ақша немесе
киім тәрізді заттарын тартып алу» [31].
Мектеп директорларының көпшілігі мектептегі
зорлық-зомбылыққа балалар арасында болатын
зорлық-зомбылық ретінде анықтама бергенімен,
кейбір директорлар бұл анықтамаға мұғалімдер
тарапынан болатын зорлық-зомбылық актілерін
де қосқан. Екі мектеп директоры түсіндіргендей:
«Мұғалімдер баланың арына тіл тигізгенде, қол
жұмсап, балалардың арасынан өз сүйіктілерін
ерекшелегенде және балаларға қатысты
кемсітушілікті жүзеге асырғанда. Бұл сондай-ақ
мектептері біреуді қорлау немесе ақша бопсалап,
соққыға жығу» [21].
«Бұл оқушылар сабаққа кешігіп, мұғалімнің
айтқанын тыңдамаған кезде оқушылар мен
мұғалімдер арасында туындайды. Бұл үнемі
әлеуметтік қиындық салдарынан бола бермейді.
Балалар да бір-бірен қоқан-лоққы көрсетеді.
Зорлық-зомбылық – бұл балалардың бір-біріне
күш көрсетіп немесе сөзбен белгілі бір әрекетке
мәжбүрлеуі. Қазіргі уақытта балаларды күшпен
не сөзбен мәжбүрлеуге жол берілмейді» [18].
5.3-кестеде көрсетілген
сандық мәліметтер
дәйексөздерде ұсынылған сапа көрсеткіштерімен
үйлесімде мектеп директорларының мектептегі
зорлық-зомбылық туралы нақты түсінігінің
жоқтығын және жеткіліксіз түсіну мектеп зорлық-
зомбылығы жағдайларын анықтау мен тиімді елеу
немесе балалар арасында не мектеп мұғалімдері
мен мамандандырылған қызметкерлер құрамы
тарапына зорлық-зомбылық туындауының алдын
алу қабілетсіздігінің себепшісі болатындығын
дәлелдейді.
5.4-кесте. Өткен жылы мектепте бала-
лар арасындағы зорлық-зомбылық пен
кемсітушілік түрлері
Өткен жылы келесі оқиғалар
орын алды:
Толық іріктеме
N = 40
n
%
Балалар
арасындағы зорлық-
зомбылық және кемсітушілік
(барлық формалары)
20
50,0%
Құрдастары тарапынан болған
балалар арасындағы келемеж
5
12,5%
Балалар арасындағы психоло-
гиялық зорлық-зомбылық
11
27,5%
Балалар арасындағы
физикалық зорлық-зомбылық
7
17.5%
Ғаламтор арқылы қорқыту
1
2,5%
Балалар арасындағы сексула-
ды сипаттағы қорлаулар
3
7,5%
Балалар арасындағы
кемсітушілік
9
22,5%