Қазақстан халықтарының Ассамблеясы және


Қазіргі философиясындағы адам мәселесін талдау тәжірибесі



жүктеу 145,62 Kb.
бет5/13
Дата07.10.2024
өлшемі145,62 Kb.
#45037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
аза стан халы тарыны Ассамблеясы ж не

Қазіргі философиясындағы адам мәселесін талдау тәжірибесі
Жоспар:
1. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі.Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян). Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ,Аристотель).
2. Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас).
3.Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола).Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри).
4. Адам және оның әлемдегі-болмысы: экзистенциализм.
5. Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
Философиялық антропология – адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық, психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани - тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым.
Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады. Fылымның қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады.
Алайда әлемнiң қазiргi ғылыми картинасында антропогенез үдерiсi көп жағдайда белгiсiз күйiнде қалып отыр. Бұл жағдай «адам феноменiн» тамаша зерттеушi, атақты француз философы, биологы, палеонтологы және антропологы Пьер Тейяр де Шарденнiң мынадай сездерiмен түсiндiрiледi: адам «эволюцияның өзегi мен шыңы» болып табылады және «адамның кiлтiн табу, демек әлемнiң қалай құрылғанын және ол қалайша ары қарай құрылуы тиiс eкeнiн бiлуге ұмтылу деген сөз».
Жетiспейтiн айғақтардың жоқтығы, адамға деген eскi көзқарасқа күмән келтiретiн жаңа ашылымдар адамның мәнi мен табиғаты туралы әр түрлi концепциялар туғызды. Оларды жалпы, шартты түрде рационалистік және иррационалистік деп бөлуге болады. Иррационалистiк көзқарас негiзiне адам әpeкeтi немесе оның кең мағынасында адам болмысы түсiндiруге келмейтiн iшкi сарындар, ыpықтар, көңіл - күйлер көpiнici позициясымен талданатын идеялар құрайтын экзистенциализм, неотомизм, фрейдизм iлiмдерiн жатқызуға болады. Бүтiндей алғанда иррационалистiк концепциялар адамның кейбiр қырлары мен қасиеттерiн ашқанымен, адамның шығу тегi жөнiнде ешқандай логикалық тұрғыда дайындалған теория немесе ең болмағанда гипотеза да бермейдi.
Адам туралы бiздiң қазiргi көзқарастарымыз иррационалистiк бағыттағы ойшылдар жетiстiктерiн eскepгeнiмeн, көбiне рационалистiк, материалистiк және идеалистiк идеяларға сүйенедi. Мысалы, жүздеген, мүмкін мыңдаған жылдарға созылған адамның жануарлар әлемiнен бөлiнiп шығу үдерiсiн түсiндiре отырып, Маркс пен Энгельс былай деп жазады: «адамдарды жануарлардын санасына, дiнiне жалпы тағы басқаларына қарап айыруға болады. Ал олар өздерiн жануарлардан өмiрлiк қажеттi құралдарды өндiре бастаған кезден айыра бастайды, адамдар өздерiнiң материалдық өмipiн жанама жолмен өздерi өндiредi». Жануарлық жағдайдан адамға өтуге мүмкiндiк беретiн басты критерий оның мәдениеттенуi – бұл жерде материалдық өндiрiс болып көрiнедi. Адамның әлеуметтiк - биологиялық эволюциясын түсiндiруде Энгельс ұсынған антропогенездiң еңбек теориясының маңызы зор. Бұл теорияны жақтаушылар еңбек биологиялық заңдар әcepiн тepicкe шығармайды, бiрақ ол табиғи сұрыпталу әpeкeтi сипатын өзгертедi, қалыптасушы адам өз жеке өлшемi бойынша табиғатты өзгерту қабiлетiне және адамның өзi қалыптасуына ықпал етедi деп санайды. Еңбек әpeкeтi арқасында адамның биологиялық және рухани қажеттiлiктерi өтеледi, адамдардың бiрiгу ауқымы көбейе түседi. Еңбек арқылы адам өзiн, өзiнiң физикалық және ақыл - ой қабiлеттерiн көрсете алады.
Адам және адамзат тұлғасы қалыптасуындағы үлкен рөл тілге тиесiлi. Тiл арқасында адамның ойлауы дамиды. Тiл маңызы, ең алдымен, онсыз адамдардың еңбек әpeкeті практикалық тұрғыда мүмкін eмecтiгiмeн сипатталады. Өзара қатынас арқасында адамдар бiр - бiрiмен байланыс орнатты, өзара әрекеттiң әр түрлi мәселелерi бойынша келiстi, тәжiрибе бөлісті және т.б. Тiлдiң көмегімен бiр ұрпақ келесісіне ақпарат, білім, әдет - ғұрып және дәстүрлердi жеткiзiп отырды. Онсыз бiр қоғамда өмip cүpeтiн әр түрлi ұрпақтар арасындағы байланысты көзге елестету қиын.
Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілімнің өзегiн құрайды. Адамның дамуы мен тарихи негiзiн және оның мәнін құрайтын субстанция ретiнде қазiргi ғылым қоғамдық өндiрiс шеңберiнде жүзеге асатын еңбек әpeкeтiн атайды. Қоғамдық өндiрiс пен еңбек әpeкетінің дамуы нәтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтiң жеке дамуы қоғамдық қатынастардың бүкiл жиынтығын өн бойында жинақтауына, игеруiне және оны жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан да Маркс адамды абстрактылы тұрғыда түciнгeнi үшін Фейербахты сынай отырып, былай деп жазды: «Адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады».
Адамның өмip cүpyi мәселесi де адам мәнi мәселесi сияқты маңызды. Оның алғышарты туралы емес, адамның өмip cүpyi мен мәндiлiгiнiң тұтастығы мен қажеттi байланысы туралы айтуға болады. Адам әрқашан да, бiр жағынан, әуел бастапқы «әлдене» және, екiншi жағынан, ол өзiнiң iз - таңбасы мен шектеуін қалдыратын әлеуметтiк ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық өмip сүру осы қажеттiлiксiз, оның мәнін құрайтын қоғамдық қатынастар жүйесiнсiз мүмкін емес. Сонымен қaтap, оның мәнi де оның өмip cүpyiнeн тыс бола алмайды. Адам бойындағы биологиялық пен әлеуметтiлiктiң арақатынacы мәселесi де осы өмip сүру мен мәндiлiк мәселесiмен байланысты. Өзiнiң мәнi жағынан адам әлеуметтiк жан. Сонымен бiр мезгiлде ол табиғаттың жемiсi және оның шектерiнен тыс өмip сүре алмайды, өзiнiң биологиялық қажеттiлiктерiн өтейдi, iшедi, жейдi, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтiлiк ажырамас тұтастықта орналасады, оның бiр жағын «әлеуметтiк сапаға» ие тұлға құраса, екiншi жағын табиғи негiзi болып табылатын ағза құрайды.
Әлеуметтiк-биологиялық мәселелердi қарастырғанда eкi көзқарастан бойды аулақ ұстау керек: әлеуметтiк факторды абсолюттендiру мен биологиялық факторды абсолюттендiру. Бiрiншiсiнде адам әлеуметтiк ортаның абсолюттiк нәтижесi болып көрiнедi. Екiншi концепцияға әр түрлi биологияландырушы iлiмдер жатады. Оның iшiнде, мысалы, табиғи тұрғыда бiр нәсiлдi екiншiсiнен жоғары қоятын нәсiлшiл теорияларды жатқызуға болады. Нәсiлшiлдiлiктiң баянсыздығын адам генотипi ерекшелiгiнiң нәсiлдiк емес, индивидуалдық деңгейде көрінетiндiгi арқылы дәлелдеуге болады. Табиғатта қандай да болсын нәсiлдiк, ұлттық немесе әлеуметтiк генотиптер өмip сүрмейдi.
Философия тарихында адам табиғатына көптеген пікірлер айтылады. Көне философтар адамды ғарыштың бір бейнесі ретінде «кіші ғарыш» бейнесінде қарастырады. Сократтан бастап адамды екі жаратылыстан: көне философтар дене және рухтан тұрады деп ойлайды.
Орта ғасыр философиясында адамды анықтауда оның денелік және жандық жаратылысы арасын межелеп болу көбірек байқалады. Құдаймен теңестіріліп сенім, махаббат, үміттердің жоғары сезімдерінде орын алатын жандық бастау бірінші орынға қойылды. Жаңа дәуірде адамның ерекшелігі ойлауда, ақылды, ұтымдылығында қалады. Жанның анық құрамы бұл - сана (Декарт, Кант).
Жаңа дәуірде «адам ақылды» тұжырымдамасымен бірге басқа «адам әрекетшіл» концепциясы жетістіктерге жетті. Онда адамның басты ерекшелігі әрекет етуге қабілеттілігін іске асыруы екені көтеріліп, әрбір жеке адамның әрекеті оның қимылынан тұратыны бекітілді.
XX ғасыр философиясы адамның шынайылығын іздеуді жалғастырды. Феноменологияның өкілдері адам табиғатының шынайылығын, оның санасының тәжірибесін – идеяның, түсініктің бөлігі өмірдің, әлемнің мәніне сәйкес герменевтика өкілдері, адамның шынайылығын оның әлемдегі пайда болуына, осы әлемнің дүниелерін түсінуде, адамның шекарасымен оның шекарасының бірігуінде жүргізіледі. Постмодернистердің пікірінше адам әкімшілік, ұжымдық, біркелкіліктен құтылу және асқақтықты іздейтін жаратылыс.
Жоғары адам табиғатына түсініктеме берілгендердің қатарына ХХ ғасыр бойы тек философтарды ғана емес, сонымен бірге психолог, биологтардың назарын қаратқан тағы бір түсінікті қосқан дұрыс болар еді.
Бұл түсінікті австриялық дәрігер – психиатор әрі философ З.Фрейдтің негізінде дамыды. Фрейд тұжырымдамасында адам санасыз деп ұсынылған. Адамның түпкі мәні – сексуалдық әуестілік – зауық. Бұл әуестік сана мен оның көптеген тыйымдармен қоршаған әлеуметтік ортаға әсер етуге мәжбүр болатын санамен байланысқа түседі. Сексуалдық әуестілік санадан шығады да, олар санасыздыққа айналады, түс көруде невроздардан құтылу жолдары – психиканың талдамасы. Алдымен санасыздық табылады. Бұл психиатрия негізінде жасалады, сонан кейін егер пациент оған дайын болса, онда санасыз санаға ауысады. Ол қызметін тоқтатады, ауру невроздардың көздері жоғалады. Бірақта ешкім ешқашан адамнан санасызды толығымен арылтуға шамасы келмейді, оның үстіне адам өзінің жаратылысы бойынша саналық емес, санасыздық жаратылысы. Барлық философтар адамды фрейдтік тануға келісе бермейтінін айтқан жөн.
Антропологияның басты мәселелерінің бірі адамның қалыптасуы болып табылады. Бұл сұрақ жөнінде төмендегідей гипотезалар бар. Діни гипотеза идеалистикалық тұжырымдамаларда қалыптасуында басталады.
Эволюциялық адамның гипотезасы XIX ғ. бастап кеңінен танымал бола бастады. Эволюциялық жол негізінде К.Дарвиннің еңбек теориясы жатыр. Ол бізге марксистік нұсқада, нақты айтқанда еңбек құралдарын дайындаудан басталған еңбек адамды қалыптастырады. Еңбек ету барысында қол бірте – бірте икемді және еркін бола бастады. Бұл уақытта ми дамып, адамдардың жақын топтасуы және араласудың қажеттілігі туындап пайда болды. Осындай әрекеттер негізінде еңбек құралдарын жасау әрекеті, қоғамды топтастыру, тіл және ойлау бұның бәрі маймылды адамға айналдырудың маңызды факторлары болды. Антропосоциогенездің жаратылысының ерекшелігі адамның еңбек құралдарын жасау әрекеті арқылы олармен жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Адамның қабілеттілігі дамитын белгілері нысанда мәні берілетін үрдісте жатады. Бұл адаммен қолданылатын мән. Қоғамдық қатынастардан, нысандардан қызметін, әдістерінен басқасының бәрі зым – зия жоғалып кетеді.
Антропосоциогенез жүйенің тұрақты жұмысын реттейтін, қызметін, әдістерін адамдардың әлемге, бір – біріне және өзіне деген қарым – қатынастың әдістерін топтастыратын, тіршілік етудің үздіксіз үрдісі.
Антропосоциогенез проблемасына байланысты әр түрлі көзқарастары бар, бірақ соның негізінде адамның әлеуметтік және биологиялық қарым – қатынас мәселесі жатыр. Адам өз жаратылысында әлеуметтік жаратылыс. Ол сонымен қатар сол уақытта табиғаттың бағасы, ол өз жаратылысында соның шеңберінен шыға алмайды, өзінің биологиялық табиғатына қатыссыз қызмет етеді, тамақ жеу, ішуді тоқтата алмайды. Әлеуметтік және биологиялық әлеуметтік «сапа» ретінде тұлға деп танылатын бірлікте.
Әлеуметтік және биологиялық проблеманы қарастыру кезінде үш нәрседен сақ болу керек:
Адам әлеуметтік ортаның өнімі ретінде орта басынан аяғына дейін адамның дамуын жазатын «таза тақта» ретінде түсінілген кезде әлеуметтік фактордың абсолютизациясы болып табылады. Осы тұжырымдаманы жақтаушылар адамның барлық дамуын әлеуметтік дамумен байланыстырады.
Биологиялық фактордың абсолютизациясы бір кеселден басқа кеселге табиғи артықшылығын бекітетін нәсілшілдік теория болады.
Адамның бірегей генотипі нәсілдік деңгейді емес, дербес деңгейде пайда болады. Табиғатта қандай да бір нәсілдік ұлттың генотипі жоқ.
Теңдік фактордың абсолютизациясы адамның дамуындағы роль оның ген арқылы алып тасталынады. Олар көптеген адамгершілік әрекеттерінің себебі болып табылады. Бірақта адамның дамуы мен тәртібін биологиялық тұрғыда түсіндіру дұрыс емес. Адамның биологиялық және әлеуметтігі жоғарыда айтылғандай өзара байланысты. Сондықтан адамның биологиялығы әлеуметтік формада іске асырылып және қанағаттандырылады. Адамның қалыптасуының табиғи – биологиялық жағы әлеуметтік – мәдени факторлармен «адамға айналады» және қоршаған ортаға бейімделінеді.
Адамды анықтауда жеке адам, жеке даралық, жеке тұлға деген терминдер қолданылады. Жеке адам – адам тегінің жекелік өкілі, адамгершіліктің барлық психологиялық және әлеуметтік белгісі: ақыл, ерік, қажеттілік, қызығушылық нақты тасушысы. Жеке адам түсінігі мағыналық жағынан нақты адам ретінде қолданылады. Әрбір жеке адам балалық шақтан бастап адамзат баласымен қол жеткен ұрпақтар санасы кезінде адам баласы өз жаратылысын иеленеді.
Сонымен қатар адам баласы – тек табиғи, биологиялық жаратылыс қана емес, олар адамдардың қоғамдық өмір сүру әрекетінің ұзақ мерзімді үрдісінің өкілі болып, саналатын екінші табиғатқа ие. Әлеуметтік жеке адам болып табылады.
Жеке адамның бірегейлігін салыстыру үшін осы саладағы адам баласының белсенділігін басқа әрекетпен міндетті түрде салыстыру керек. Сондықтан даралық өзіне жеке адамның өзіне ғана тән биологиялық түр және адамзат қоғамының өнім ретінде жалпы ерекшеліктерді қосады. Өзара байланыспен тұтастықтан алынған бұл жаратылыстар адамның даралығын бейнелейді. Сонымен бірге сондай-ақ даралықты әлемдегі ерекше тұрмыс формасы арқылы анықтауға болады. Адам болашақта қоғамдық жаратылыс ретінде қоғаммен тығыз байланысты.
Жеке өзін анықтауда зейін әлеуметтік сапаға және адамның әлеуметтік белсенділігіне бөлінеді. Қазіргі философияда адамның тұрмыстық мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Адамда екі өмір бар: біреуі - өмір сүретін, қоршаған ортаға және қоғамға дағдыланған; екіншісі – сыртқы әлемнен жасырын жатқан өмір. Философиялық көзқараспен қарасақ, соңғы өмір, шынайы өмір: бұнда біз қуанамыз, қобалжимыз, толық өмірмен ғұмыр кешеміз. Осындай тұрпатта адам екі өмірлік. Адам тұрмысының негізгі категорияларын анықтайтын өмір – бұл бостандық, шығармашылық, махаббат, бақыт, сенім, болып табылады.
Айтылғандарды қарастыра келе, адам қоғамдық – тарихи үрдістің материалды және жан мәдениетінің даму субъектісі өзге формалармен генетикалық байланысты биологиялық жаратылыс дегенді анықтайды. Алайда олардан еңбек құралдарын жасау қабілеті бар адамға тән сөйлеу мен санасының арқасында ерекшелігі арқылы білініп тұратын жаратылыс.

жүктеу 145,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау