Қазақстан халықтарының Ассамблеясы және



жүктеу 145,62 Kb.
бет9/13
Дата07.10.2024
өлшемі145,62 Kb.
#45037
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
аза стан халы тарыны Ассамблеясы ж не

Өнер философиясы
Жоспар:
1.Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.
2. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель).
3. Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, ИбнАраби, Руми).
4. Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық
әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин).
5.Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский).
6. XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және көркемдік
практикасы (Д.Локк, Р.Декарт, Вольтер, Д.Дидро, Ж. Руссо).
7.XIX - XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.-П.
Сартр. М. Хайдеггер).
8. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері.

Өнер адамзат өмір қамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада –кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Жекеленген ғылымдар мен рухани, практикалық әрекет салалары әлемнің әр түрлі қырларын игереді, тұлғаның белгілі бір қырлары қалыптасуына жағдай жасайды және соған сәйкес белгілі бір мәдени құндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол әлемді өз тұтастығында қабылдау кепілі, адамзаттың өмірлік тәжірибесі мен мәдениеті тұтастығын сақтаушы. Өнердің бұл бүкіләлемдік тарихи мақсаты адамзат дамуының барлық кезеңдері үшін қажеттілігі мен құндылығын қамтамасыз ететін оның фолифункционалдылығын тудырады. Алайда дамыған қоғамдық жүйелерде көркем шығармашылықтың барша қызметтерінің дерлік өз дублерлері бар:өнер-бұл таным, алайда әлемді танытатын ғылым да бар; өнер-тәрбие, бірақ бұл мәселемен айналысатын педагргика да бар; өнер-тіл және ақпарат құралы, бірақ онымен қатар табиғи тіл мен ақпарат құралдары да өмір сүреді; өнер- әрекет, бірақ еңбек -әлемді өзгертуші адамның әрекеттік мәні көрінісінің ең басты формасы. Алайда өнер адам әрекетінің бірде-бір формасын алмастыра алмайды, көркемдік әрекеттік ерекше үлгілейді. Бұл ерекшелікті түсінудің кілті ешнәрсені де көшірумен айналыспайтын, көркемдік әрекеттік ерекше пререгативасы болып табылатын өнердің эстетикалық және гедонистік функцияларында.Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тәжірибесін тереңдету, кеңейту үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол-адам өмірқамының бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлылығында және көркемдік тәжірибесімен өзара әрекеттесе отырып, адам әрекеті мен санасының барлық құрылымында әсер етеді. Көркемдік шығармашылықта диалектикалық өзара әрекет барысында бейнелік ойлау құрылымын айқындайтын тұлға ұлт-адамзат сияқты әлеуметтік бастаулар қиылысады.


Ақындар, суретшілер, музыканттар, философтар табиғаттан үйлесімділік іздейді. Және үйлесімділіктегі, ырғақтағы, мақсатылықтағы, заңдылық көрінісіндегі эстетикалық құндылықты теріске шығаруға болмайды. Мәселе оның нені білдіретіндігінде. Үйлесімділік бұл-алуантүрліліктің тұтастығы, өінше құндылық еме,с, тек адамға қатынасында ғана құндылық. Табиғаттың өзінде үйлесілімдік те, ырғақ та, тепе-теңділік те заңды өмір сүреді. Алайда мұның барлығының құндылығы, яғни адам үшін маңыздылығы –бұл адамзат мәдениетінің құбылысы. Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу, мүсін, би, ән, графика, сәулет қолданбалы және декоративті өнер, цирк, көркем фотогафия, кино, теледидар. Өнердің түрлерге бөліну принципі-шындықтың эстетикалық байлығына сүйенетін, әлемді көркемдік игеру саласындағы адамның қоғамдық практикасы типтерінің алуан түрлілігі. Адамзаттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек әрекеті үдерісінде дамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін көзі, сұлулықпен шабыттану қабілеттері дамыды. Фарабидің музыкалық мұрасын түсінуде көптеген мәселелер әлі де болса қала бермек. Ең маңыздыларын атап айтсақ, Фарабидің музыкалық –теориялық шығармасының дұрыс интерпретациясын, аудармасын жасау үшін әр түрлі салаларда: теория және музыкалық эстетикасын; музыка ырғағын, жанрларын, формаларын, музыка органологиясын толық түсіну үшін арнайы зерттеулер жүргізу керек екенін айтып кетсек артық болмас.Бүгінгі таңда рухани мәдени дүниетанымды қалыптастыратын нақтылы да терең философиялық маңызы бар міндет.Рухани дүние мен мәдени таным негіздерінің байланысы адам баласының жан дүние байлығының терең де сергек ,сезімтал болып қалыптасуына көмектеседі. Рухани мәдени қалыпты өмірге алып келуде халықтың рухани мұра үлгілері бірден-бір қажетті құрал ретінде қолданылады. Күй өнері және оның мәдениеттанулық ерекшеліктерін «күй», «қоңыр», «саз-сарын», «ырғақ» ұғымдары шеңберінде жан-жақты талдау арқылы қарастырғанда ғана анықтай аламыз. Осы аталған ұғымдардың ішінде әсіресе «саз-сарын», «ырғақ» арақатынастарының негізінде мәдени таным түсінігі қалыптасып, мәдениеттанулық өлшемдер анықталады. Күй өнерін мәдени-философиялық тұрғыдан талдай отырып қажетті таным-түсініктер мен ой-пікірлерді зерделей пайдаланғанда, қажетті түйін-тұжырымдар жасап белгілі нәтижеге қол жеткізуге болады. Күй өнерін мәдениеттанулық тұрғыдан зерттеудің бағыт-бағдарының маңызын есте ұстай отырып, оны халықтың рухани құндылық дүниесі ретінде құрастыру көзделінеді:Біріншіден, халықтың өзімен өмір табалдырығын бірге аттаған мәдени-рухани дүниесі ретінде қарастырып, талай-талай асулардан шыңдала жеткен асыл қазынасы ретінде тану.Екіншіден, өмірдің қилы-қилы кезеңдерінде тірек болған сүйеніші ретінде тану:Үшіншіден; өмір суреттерін шынайы танытып бере алған өнері ретінде халық болмысына арқау болған құбылыс ретінде тану:Төртіншіден, күй өнері мәдени-философиялық ойға, яғни халықтың таным түсініктеріне негіз болған үлгісі ретінде құрастыру көрсеіледі.
Күй-халықтың рухани өмірлік қажеттіліктерінің ерекше формасы. Күй өнері оны мәдениет-танулық ерекшелігі адам жанына ләззат беруімен ғана шектелмейтіндігіне де,ол адам болмысымен, өмірмен күндестігінде. Күй өнер ретінде адамдардың тұрмыс тіршілік қалыптарындағы қарым-қатынас құралы болуымен қатар әлеуметтік жағдайларды реттеушілікте қызметтері бар. Күй өнеріне байланысты айтылатын көзқарастар мәдени таным мәселесі күй сазының сезімдік табиғатына үңілдіредіде, ондағы айтпақ сырдың тереңіне бойлатылады. Сондықтан да күй рухани құндылық дүниесі ретінде жаныңды жай тапқызыдырар күмбірімен халыққа рух,жігер береді, әріділдік қасиеті қалыптастыратын құбылыс ретінде қымбат. Қандай жағдайда болмасын күй өнері –халықтың өткен өмір жолдарының шежіресі ретінде халықтың өмір сү.рі қалыптарына арқау бола білген құбылыс. Қазіргі кезде қазақ халқының өзін-өзі тану сияқты маңызды мәселелеріне, атап айтқанда мәдени, рухани байлығына мән берілмей отырғаны аян. Оған бүгінгі таңдағы халыптасып отырған ұлттық құндылықтар мен батыстан келген құндылықтардың ар-қатынасын айтуға болады. Сондықтан да бізге өзімізді ұлт ретінде сақтап қалу үрдісінде ертеден қалыптасқан озық үлгілі рухани,мәдени байлықтарымызды ұлттық құндылықтар ретінде танытыпқарастырған абзал. Қазіргі таңда ұлттық мәдени мұраларға ерекше ықылас қалыптастыруды алдымызда тұрған мақсат, міндет ретінде түсініп,халықтың өзіндік қадір қасиетін танытатын түсініктер мен көзқарастарды қалыптастырып, халық болмысының құндылық негізін нығайту жауапкершілігі тұр. Әр уақытта халық қалыптастырған руханидүниеге негізделген мәдени мұрамен қаруланып соған арқа сүйеген дұрыс. Себебі бұл дүниенің шынайылығына деген сеніміміз мол.Сондықтан да күй өнері мәдени құндылық ретінде қымбат. Дүние тіршілік,біртұтас ғарыштық жүйеге, ырғаққа бағынады. Тәңірінің жаратуымен биосфера –Жер планетасының генофонды бар, әрбір тірі, жанды, жансыз табиғаттың бір-бірімен құпия жалғасқан өз ұшы бар. Жалғасып, үйлесіп негізгі жүйені құрайды. Адам баласына керек дүниенің барлығы біртұтас жүйеге негізделген табиғи қызметімен орайласып жатады. Адамның табиғи өрісі –қоңырға, сол табиғаттағы өскендердің заңы бойынша анықталады.Сол табиғилық адам тіршілігіне ықпал етеді. Ал адамның да табиғат өрісіне, қоршаған ортасына әсері де зор. Ол табиғи өріске зиян келтірмейтіндей сол заңдылықтарды ұстана өмір сүргенде ғана үйлесімділік ырғағы орнығып, ұлы табиғат өрісі –қоңырдың табиғи айналымы қуаттады. 
Философиялық ойдың қара өлеңмен қойындасуында сыр жатыр. Философиялық зерде мен категолиялар жалпы халықтық тілден оқшаулана алмауына байланысты, философиялық ой қазақша атауға өте ұрымтал. Қазақ тілі философиялық атауларға бай, тек тұспа лын таба біл,» — дейді философ Ақатаев Сәбетқызы. Ғалым С. Ақатаев айтқандай қоңыр сөзінің қатысы тек ән мен күйге ғана емес, сонымен қатар кеңістігіне, тіршілігіне тағы басқаларға қатысы бар. Сондықтан да қазақ дүниетанымының бір тетігі ретінде «қоңыр» ұғымын алуға болады. Қоңыр ең алдымен халықтың тіршілік ету кеңістігі, өзін қоршаған әлемі, қоңыражай қалыпты мекені, соған лайықты іс-әрекеттер: ойлауы, сезінуі, қабылдауы. Географиялық орта дегеніміз –қоғамдық өмірмен тікелей байланысты түсіп, қарым-қатынас жасайтын, дамуына тікелей қажетті болып табылатын табиғат дүниесінің бір бөлігі. Біз тәнімізбен, жанымызбен географиялық ортаға байланыстымыз. деген философ Кішібеков Досмұхамедтің жасаған тұжырымдамасы, ой-пікіріміздің дұрыстығын дәлелдей түседі. Егер де қоңыр сөзінің домбыры мен қобыз үніне жағын қарастыратын болсақ, онда оған тікелей қатысы барын аңғарамыз. Табиғи тіршілік еткен кеңістігімізлегі дүниелердің барлығы адам болмысына әсер ететінін жоғарыда айтқанымыздай, оның барлық іс-әрекетінде көрініс табады. Домбыраның шертілуіне, сазының күмбіріне қарай, домбыра үнін қоңыр үн дейтіні де содан. Мысалы: «Қоңыр саз», «Қоңыр күй», «Назқоңыр» ,«Алқоңыр», т.б. сияқты ән-күй атауларының өзі де көп дүние сырын түсіндіріде. Себебі рухани өрісіміз-қоңырдан негіз алған үндік саз, ол табиғаттың өзі қалыптастырған үндік бояу. Яғни, қоңыр үн –табиғи үн, табиғатқа жақын үн. Қазақ халқы сол табиғаттың аясында көшпелі өмір тіршілігімен өзінің болмыстық қасиетінің бірі ретінде табиғаттың қоңыр үнін еншіленген. Табиғи қасиеті ретінде танылған қоңыр үн, халықтың төл музыкалы аспабы домбыра мен қобыз сарындарында да көрініс тауып,оның дүниетанымтүсініктерімен сабақтасып жатыр. Қорқыт ата да қоңыр үнді қобызымен дүниені таныған.қобызымен емдеген. Қобызымен ойнағанда, оған емделуге келген адамдар, қоңыр сазды қобыз сазды қоңыр күш-қуатымен –ақ айығып кетеді деген аңыздар да бар. Яғни қоңыр ұғымы музыкалық дыбыстардың үндік бояу ерекшелігін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар өзін қоршаған ортаның қалыпты, тіршілікке орай қонымды болғанын да көрсетеді. Күйдің мәдени –философиялық танымы, ондағы көркем шындықты түсіндіргісі келген құбылыс, яғни саз сырын , ол қоңыр күймен түсіндіргісі келген құбылыс , яғни саз-сарын, ол қоңыр күймен түсіндіргісі келген күйшінің санасындағы құбылыс, яғни оның болмыстағы шындығы. Себібі, күйші сол ортаныңтудырған жемісі, ол сол ортамен біте қайнассқан тамырыбір табмғат туындысы ретінде оның дүниетанымы көркемкүй образындағы сазбен өрнектелген. Күйші дүниетанымы оның күйшілік өнерімен дүниеге көзқарасы арқылы өзін қоршаған ортаны қабылдаудан туған. Домбыраны саусақ сөйлетпейді, көңіл күй сөйлетеді. Тәттімбеттің саусақтары өр көңілдің күйін екі етпей орындап, күйшінің жүрегін тербеген құбылыс, сағыныш қоңыр күй болып төгіліп жатты. Сағыныш сезім. Сезім дегеніміз адам мен Алланың арасындағы байланыс. Сезіммен аңсаймыз. Сезім барлықты ұстайды. Шындық сезім арқылы білінеді» дейді Ғарифолла Есім.
Халық күйі –философиясы терең,мәдени танымы жоғары музыкалық шығарма. «Қазақ халқында жүйеленген философия жоқ, Оның философиясы жай қарапайым философия дәстүрінде» -деп филосов Кішібеков Досмұхамед айтқандай, күй өнері оның саз сырыны ырғағының дамуымен үндескен қарапайым философиялық таным. Бұл философиялық таным , саздың мәнін ашатын мына құралдарымен, атап айтқанда үн жүйесімен, саздық сарын және ырғақпен қағыстағы ерекшелікпен,орындаудың экспрессиялылығынмен тығыз байланысады. Ырғақ жүйесі көбінесе халықтың дүние танымымен орайласқан күй өнерінің саздық ерекшелігімен танылады. Күйдегі ырғақ пен саздың іштей қабысуы , айтпақ ойды білдіріп, өзіндік табиғатын танытады. Саздың сарын мен ырғақ жігі байқалмайды. Халық дүние танымында күй сарынын ырғақсыз түсіну мүмкін емес. Себебі күй табиғатында ой,образ, бейне нақтылығы ырғақ арқылы көрініс табады. Сезім қуатын , көңіл күйін, ой толқынын, күй өңін кіргізетін саздық сарын дүниетанымдық түсінігін ырғақ пен саз-сарын, қоңыр бояу, оның дүниетанымдық түсінігін, бейнелеушілік сипатын танытады. Күй-ойға, сезімдік құбылысқа, саздық бояуға мейлінше мол қаныққан, ырғақтық әлем. Күйдегі мәдени-философиялық түсініктер саз бен бірлігімен танылады.
Көне дәуірден тамырын тарататын музыка табиғатының маңызын анықтауда, оның негізгі қызметтері тек эстетикалық ләззәт алумен ғана шектелмейтінін ұғындырады. Эстетикалық негіз кез-келген өнер мәдениетінің негізгі қызметі болғанымен ол еш уақытта тар өрісті мақсат тұтқан емес. Керісінше, музыка- жаратылыс әлемінің сұлулығын сезінуден туған ырғақты сезімдік құбылыстар дүниесі. Адамзат баласы өзін табиғат аясында тіршілік иесі ретінде, әрі өздерін сол табиғаттың бір бөлігі ретінде санағанынан, бұл сезімдек құбылыстарды табиғаттағы түйсік ырғақ пен сұлулықты түйсік арқылы байланысуы деп түсіндіреді. Бұл олардың сезімталдығын, көңіл сергектігін қалыптастырады, әрі мұндай сергектік өмір тіршілінде адамның өмірге сүру тіршілінде адамның өмірге деген құлшынысын арттырады.Табиғаттың сырлы сызын түйсікпен сезіну, өмір сүру үлгілерінің көркемдігін аңғаруына да көмектеседі, әрі адам жанының тепе-теңдігін сақтау мүмкіндігін туғызады.Бір жағынан алып қарасақ, философия статусы жеке ғылымдарға қарағанда кеңірек, яғни ауқымды, сондықтан Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына ,жатқызатыны мәлім. А.Шопенгауер: «Философия ғылымының кемшіліктері – оның ғылым жолымен дамуында, ал шынында философия көркемөнердің бір түрі ғана», деген пікір айтқан болатын.
Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұұсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрәнәп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады,оның жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.Философияны өнерге жақындататын келесі мәселе – Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес.Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешұашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер деректер жетіспеген жағдайда қиял арұылы толыұтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе – тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр.
Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты –дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материалдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері, т.б. түрлері бар.Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі, ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өмір жайлы: «табиғатқа еліктеу», «Құдайды тану», «шындықты бейнелеу», « сезім тілі», т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен саңқырлылығына сай оның мән-маңызың тек танымдық немесе идеалдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар Өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оны эмоционалды күйіне интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдини тәжірибесін, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді.  Өнер-туындысы адам сезіміне қозғау салумен берге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззатқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміз жүйесі арқылы айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамным көркем шығармасының әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлар ретінде таратылады.Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия – біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім. Философия – адамзат мәдениетінің өзегі.



жүктеу 145,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау