Қазақстан халықтарының Ассамблеясы және


Этика және құндылық философиясы



жүктеу 145,62 Kb.
бет7/13
Дата07.10.2024
өлшемі145,62 Kb.
#45037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
аза стан халы тарыны Ассамблеясы ж не

Этика және құндылық философиясы
Жоспары:
1. Этикалық ілімдердің тарихи типтері.
2. Құндылықтар теориясының негіздері.
3.Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Негізгі этикалық категориялар
( парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).
4. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас
императиві (И.Кант).
5. Қазақ халқының озық ұлттық этикалық құндылықтарын сақтап, дамыту – қоғамдық сана жаңғыруының алғышарты және негізі.

Аксиология(гр. құндылық және logos - ілім) құндылықтар және олардың табиғаты туралы ілім, құндылықтар теориясы. Бұл ұғымды XVIII ғ. философы Э. Гартман енгізді, бірақ ХІХ ғ. ортасына дейін құндылықтар мәселесі философиялық талдаудың дербес объектісіне айналмады. Құндылық белгілі бір объектілер мен құбылыстардың тұлғалық, әлеуметтік және мәдени философиялық-социологиялық ұғым. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын айқындайды. Философияда бұл ұғымның өзіндік даму тарихы бар: Сократтың «игілік дегеніміз не?», Платонның «әділеттілік дегеніміз не?» дегеннен бастап бүгінгі түсініктерге дейін жетті.Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", "ізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, қаталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.


Натуралистік психологизм құндылықтарды (Дж. Дьюн. А. Мейнонг, Р. Перри) шындықтың объективтік факторлары, кайнар көзі биопсихологиялық тұрғыдағы қажеттіліктерінде деп есептейді. Аксиологиялық трансцендентализм (В. Виндельбанд. Г. Риккерг)бойынша құндылықтар - идеалды болмыс және адамдардың тілектерінен тәуелсіз нормалар, идеал, ал оның иесі «жалпы сана» («таза сана»), яғни трансденталды (ол жақтық, шектен тыс) субъект. Бұған мынандай құндылықтарды жатқызуға болады: ақиқат, қайырымдылық, сұлулык, әділеттілік. Персоналистік онтологизм (М. Шелер) діни этика принциптерін негізге алады. Құндылықтар әлемінің өз иерархиясы бар: ең жоғарғы құндылық Құдай идеясы, ал Құдайға сүйіспеншілік адам сезімдерінің ең жоғары формасы. Иерархияның келесі баспалдақтарында «сұлулық» және «таным» орналасқан. Құндылықтардың әлеуметтік тұжырымдамасы (концепциясы) - М. Вебер – құндылықты әлеуметтік субъект үшін маңызды норма, болмыс тәсілі ретінде қарастырады. Ал құрылымдық -функционалдық мектебі (Т. Парсонс және өзгелері) құндылықты әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен әлеуметтік байланыстарды анықтаудың құралы деп қарайды.
Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі:табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы). Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабарлылық және т.б.)Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар. 
Негізгі этикалық категориялар:
u Парыз – адамның ел-жұрт, мемлекет пен қоғам алдындағы борышын білдіретін әдептік ұғым.
u Игілік – адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін зат.
u Мән – адамның іс-әрекеті барысындағы заттардың, құбылыстардың маңыздылығы, мәңділігі.
u Қажеттілік – жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мұқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы.
u Ар-ұят –адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті.
u Еркіндік – адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы.
Конфуций іліміндегі адамгершіліктің алтын қағидасы:Адамгершілік алтын қағидасы-бұл белгілі ұстаздар мен ежелгі ойшылдар әзірлеген, қазіргі уақытқа дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған ереже. Ең алғашқы болып «алтын ережені» Конфуций айтып кеткен: "... өзіңе қаламағаныңды басқаға істеме". Конфуций өміріндегі ең маңызды ұғымдардың бірі-жэнь ("ізгілік") деп есептейді, ол адамдар арасындағы этика мен өзара қарым-қатынас жиынтығынан тұрады және ата-бабаларға, жасы бойынша үлкендерге құрмет көрсетуге, мемлекетке және мемлекеттік іске берілуге негізделеді. Конфуций «алтын ереженің» қысқа формуласын беріп қана қоймай, бір мезгілде адамның моральдық қалыптасуында оның орталық орнын белгіледі. Бұл орын адамға саналы адами күш-жігердің жолын, бағытын көрсетеді, адамды адамгершілік жетілдіруге бағыттайды. Ол қандай да бір нақты әрекеттер емес, оларды таңдаудың жалпы негізі екенін көрсетті. Утилитаризм - (лат. utilitas - пайда) өнегелі іс-әрекеттің пайдалығынын мойындайтын буржуазиялық этикалық теория. Утилитаризмнің негізін қалаған және негізгі принциптерін анықтаған И.Бентам болды. Ол адамдарға олардың жеке мүдделерін қанағаттандыра отырып, "көп адамға үлкен бақыт сыйлау" қағидасын ұстанды. Ол мораль өлшемі - пайда, рахат, жақсылық пен бақытқа жету деп есептейді. Утилитаризмнің басқа өкілі , ағылшын философы С. Милль (1806-1873гг.) И. Бентамның эгоистік сәттерін бәсеңдетуге тырысты . Ол қоғамдық өмірде адамдар өзара мүдделерді ескеруі тиіс екенін атап өтті,бұл олардың өзімшілдігін тәртіпке келтіреді деп санады. Сондықтан оның борыш туралы ілімі-ДЕОНТОЛОГИЯ-тұлғаның жоғары құндылық ретінде түсініктерінің айналасында шоғырланады.
И.Канттың этикалық тұжырымдамасы:Кант, өзінің этикалық тұжырымдамасын жасап, кез-келген тұлға өзін-өзі бағалау және жоғары игілікті жүзеге асыру туралы сөз болса да, құрал бола алмайды деді. И. Кант моральдық талаптар рахат, пайдаға әкелмейді деп есептеді. Ол парыз тәуелсіз тұлғалардың өлшемін қамтиды деп. айтты
Жүсіп Баласағұн (Баласағұни) — ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мəшһүр болған данышпан-ойшыл, белгілі қоғам қайраткері. Ал, Жүсіп Баласағұнның есімін əлемдік əдебиет тарихына мəңгілік өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір əдеби мұрасы — «Құтадғу біліг» (Құтты білік») дастаны.«Құтты білік» 1069–1070 жж. жазылған адамгершілік пен имандылыққа, білімділік пен біліктілікке, əділдік пен еңбекке үндеген түркі тіліндегі философиялық, дидактикалық шығармалардың көшбасшысы. «Құтты білікте» көтерілген этикалық-философиялық мəселелердің бірі — қанағат, ынсап мəселесі болып табылады. Ақын «қанағат» ұғымын философиялық категория ретінде қарастырады. Ел басқарған əкімдердің бəрін қанағатшыл, ынсапты болуға шақырады. Сондай-ақ ол дүниеқұмарлықты, ашкөздікті, парақорлықты өлтіре сынайды Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды нақ жаратындай əділ заңның болуы. Автор əділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.Екіншісі, бақ-дəулет, яғни елге құт қонсын, деген тілек. Бақ-дəулет мəселесі дастанда патшаның уəзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролі уəзірдің баласы Ұғдүлміш (Өгдүлміш) бейнесінде жырланады.Төртіншісі, қанағат-ынсап мəселесі. Бұл мəселе дастанда уəзірдің туысы, дəру іш Одгүрміш (Одғұрмыш) бейнесі арқылы əңгіме болады.Кәсіптік этика (профессионалдық этика)- адамдардың нақты еңбек қимылдары шеңберіндегі этикалық принциптер мен нормалар анықтайды.Адам құқығы — адамның мүддесін қанағаттандыруга бағытталған, заңмен қорғалатын демократиялық құндылық. 

жүктеу 145,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау