6
(эксперименталдық-зерттеу жұмысы), кәсіби тәжірибелер, қорытынды мемлекеттік
аттестаттау көлемін және бақылау түрлерін бейнелейді;
модульдік оқыту – білім беру бағдарламасын, оқу жоспары мен оқу пәндерін
модульдік құру негізіндегі оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;
білім беру бағдарламасын модульдік құру – білім беру бағдарламасының мазмұны
мен құрылымын оқу процесін ұйымдастырудың құзіреті негізінде анықтау жолымен кәсіби
оқытудың мақсаттарына қол жеткізу құралы, онда оқыту мақсаты ретінде білім алушының
кәсіби құзіреттерінің жиынтығы танылады;
пәннің сипаттамасы – өзіне пәннің мақсаттарын, міндеттері мен мазмұнын қамтитын
пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен құралады);
постреквизиттер – оларды оқып-үйрену үшін білім, қабілеттер мен оқыту
аяқталғаннан кейін алынатын дағдылар қажет болатын пәндер;
пререквизиттер – оқытылатын пәнге қажетті білімдер, қабілеттер мен дағдылар бар
пәндер;
білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оқу
аяқталғаннан кейін оның бүкіл көлемінің немесе бөлігінің мазмұнын меңгеру сапасын
бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;
оқыту нәтижелері (ОН) – ресми және бейресми оқу барысында алынған және
біліктілікті алу кезінде расталған және танылған құзіреттер. Олар білім, дағдылар және
құзіреттер түрінде анықталады;
шекті бақылау – бір оқу пәнінің бөлімі (модулі) аяқталғаннан кейін білім
алушылардың оқу жетістіктерін бақылау; білім алушылардың өзіндік жұмысы (БӨЖ) –
білім алушылардың дербес оқып-үйренуіне бөлінген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және
ұсынымдармен қамтылған тақырыптардың белгіленген тізбесі бойынша, тестілер, бақылау
жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар және есептер түрінде бақыланатын
жұмыс; білім алушының өзіндік жұмысының бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті
өзіндік жұмыспен талап етілетін тапсырмалармен расталады;
білім алушының оқытушының басшылығымен өзіндік жұмысы (БОБӨЖ) –
білім алушының кестеде көрсетілген оқытушының басшылығымен жұмысы; білім
алушылардың санатына қарай ол мына түрге бөлінеді: оқытушының басшылығымен
суденттің өзіндік жұмысы және оқытушының басшылығымен магистранттың өзіндік
жұмысы;
типтік оқу жоспары – кәсіптік білім берудің оқу бағдарламасының оқу пәндерінің
тізбесі мен көлемін, оларды оқу тәртібі мен бақылау түрін регламенттейтін құжат;
білім беру бағдарламасының еңбек сыйымдылығы – кредиттермен немесе
байланыс сағаттарымен көрсетілген білім беру бағдарламасын (оқу пәні, емтихан, тәжірибе,
қорытынды мемлекеттік аттестаттауға дайындалу және тапсыру, оқу семестрі, оқу жылы,
модуль) іске асыру шығындары; білім алушының оқу жетістіктері – білім алушылардың
оқыту барысында алатын және тұлғалық дамуының жеткен жетістігін көрсететін білімдері,
қабілеттері, дағдылары мен құзіреттері;
элективтік пәндер – белгіленген кредиттер шегінде таңдау бойынша құрамдасқа
енетін және білім беру ұйымдары енгізетін, білім алушының жеке дайындығын көрсететін,
әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігін және нақты өңірдің қажеттіктерін, жоғары оқу
орнының қалыптасқан ғылыми мектептерін ескеретін оқу пәндері.
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ТАҢБАЛАР
7
БП – арқаулық цикл пәндері
МЖМБС – Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ҚМА – қорытынды мемлекеттік аттестаттау
ТҚП – таңдау бойынша құрамдас пәндері
КОЖ – кредиттік оқыту жүйесі
ЭПК – элективтік пәндер каталогы
ЖПЦ – жалпыға міндетті циклдың пәндері
МҚП – міндетті құрамдас пәндері ББ – білім беру бағдарламасы
ТК – Тіркеуші кеңсесі
КҚ – кәсіби құзіреттер
БЦП – бейінді циклдың пәндері
ПОҚ – профессор-оқытушылар құрамы
БӨЖ – білім алушының өзіндік жұмысы
ОЖ – оқу жоспары
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
8
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (МЖМБС), оқытудың
кредиттік технологиясы қағидаларының талаптарын және басқа нормативтік талаптарды
ескере отырып, ХГТУ университетіндегі бакалавриат және магистратура дайындау
бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі ұсынымдар берілген.
Жаңа буындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу еуропалық оқыту жүйесін
қазақстандық ЖОО-на ендіруге негізделеді және Дублиндік дескриптордарды және
нарықтың талаптарын ескеріп, көп деңгейлі білім беру мазмұнын түсінудің қағидаттарын,
білім беру бағдарламаларын жобалау негізі ретінде құзіреттік тәсілді, Дублиндік
дескрипторлар негізінде білім беру бағдарламаларын қалыптастырудың модульдік
қағидатын ұсынады.
Еңбек нарығының талаптары мәні бітірушілердің пәнаралық және инновациялық
дағдылар мен құзіреттерді қоғамның және еңбек нарығының ұлғаю түскен қажеттіктеріне
үлес қоса алатындай ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес келетін пән
білімдерімен біріктіруі тиіс екендігінде.
Қазіргі заманғы жас маманды қалыптастыру әсіресе бітірушілердің инновациялық,
кәсіпкерлік және зерттеу әлеуетін арттыруға жәрдемдесетін оқу бағдарламаларын әзірлеуде
жұмыс берушілердің, студенттер мен ЖОО-лар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға
негізделген.
ЖОО-лардың білім беру қызметі студентке бағдарланған тәсілдің негізінде оқытудың
кредиттік технологиясымен іске асырылады, онда оқыту нәтижелері мен құзіреттер негізгі
рөл атқарады және студенттің білім алу процесінің негізгі қорытындысына айналады.
Білім бару бағдарламаларын жобалаудың ерекшеліктері – бұл зерттеулер мен жаңа
пәндер саласындағы басымдықтардың өзгерістері көрінісі, сондай-ақ зерттеулер оқыту мен
оқу негізінде жатуы тиіс.
Білім беру бағдарламасын әзірлеуге қойылатын талаптар кредиттерге және
профильдің дәрежесіне, оқыту нәтижелеріне, құзіреттерге, жұмыс жүктемесіне,
ресурстарға қойылатын талаптарды қамтиды.
Білім беру бағдарламасының еңбек сыйымдылығының шартты бірлігі ретінде KZТ
қазақстандық кредиттер мен ECTS кредиттері қолданылады. Олар оқыту нәтижелеріне,
құзіреттерге байлануы тиіс, сондай-ақ оқу барысында және пәнді оқыту қорытындылары
бойынша оқу нәтижелерінің жетістіктерінің бағасын қамтуы тиіс.
Білім беру құрамдастарына кредиттерді тағайындау оқылатын материалдың
күрделілігі дәрежесіне, көлеміне, оқытудың белгіленген нәтижелеріне қол жеткізуге
қажетті жүктеме мен уақытқа байланысты жүргізіледі.
МББ қалыптастыру оқу жоспарлары мен бағдарламаларын үйлестіру және өзара
бейімдеу; әр кезеңдегі білім берудің аяқталғандығы, білім алушылардың білім
қажеттіктерін қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай қанағаттандыру, кәсіби бағдарлау
және кәсіби даярлау жұмысының кешенділігі, еңбек нарығы талаптарын зерттеу секілді
қағидаттарды сақтауға негізделген. Мұндай тәсіл университетке қалыптасып үлгерген
ғылыми-падагогикалық мектептерді дамытуға және жылдам өзгерген жағдайға бейімдеуге,
сондай-ақ бар ақпарат- кітапхана ресурстарын және оқу-зертхана базасын барынша
пайдалануға мүмкіндік береді.
МББ мынадай негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:
- ғылыми негізделген болуы, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сәйкес
болуы; - оқытудың жоғары теориялық, кәсіптік және практикалық бағыттылығын,
мамандық пен маманданудың бейінін барынша ескеруді, іргелі дайындық пен оның
сабақтастығының үздіксіздігін қамтамасыз етуі;
- ағындарды қалыптастыруды және кафедраларды семестрлер бойынша пәндермен
асқын жүктемені болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында модульдерді және оларға
енетін құрамдастарды (пәндерді) бірдейлендіруді қамтамасыз етуі.
1.1МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ