2
«ХГТУ» университеті Оқу-әдістемелік жұмыстары және инновациялық
технологиялар бөлімі ӘЗІРЛЕГЕН.
Модульдік білім беру бағдарламасын дайындау және бекіту мамандықтардың
білім беру бағдарламаларын модульдік технология бойынша құру және Дублиндік
дескрипторларға сәйкес жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Болонья
процесінің талаптарын іске асыру кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етуге арналған.
3
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
4
Негізгі атаулар және олардың анықтамалары
5
Қысқартулар мен таңбаланымдар
7
1
Модульдік білім беру бағдарламасы туралы жалпы
ережелер
8
1.1
Модульдік білім беру бағдарламасының құрылымы 9
1.2
Модульдік білім беру бағдарламасының әзірлеу
механизмі
11
1.3
Магистратура бойынша МББ әзірлеуге қойылатын
талаптар
18
1.4
МББ бекіту тәртібі
18
Қосымшалар
20-24
4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі № 319-III ҚРЗ «Білім
туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындағы № 1080
Қаулысы. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындағы № 1080
Қаулысы. Жоғары білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті
стандарты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 17 мамырындағы № 499
Қаулысы. Жоғары және жоғары білімнен кейін білім беретін ұйымдар қызметінің типтік
қағидалары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 17 мамырындағы № 499
Қаулысы. Жоғары және жоғары білімнен кейін білім беретін ұйымдар қызметінің типтік
қағидалары.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылдың 20
сәуіріндегі № 152 бұйрығы. Оқу процесін оқытудың кредиттік технологиясы бойынша
ұйымдастыру қағидалары.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 18
наурызындағы № 125 бұйрығы. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық
және қорытынды аттестаттау өткізудің типтік қағидалары.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылдың 29
қарашасындағы № 583 бұйрығы. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және іске асыру
қағидалары.
5
НЕГІЗГІ АТАУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ
Академиялық кезең – білім беру ұйымының семестрдің бірін таңдайтын
теориялық оқу кезеңі;
академиялық еркіндік – білім беру субъектілерінің білім алушылардың,
оқытушылардың шығармашылық дамуына жағдай туғызу және оқытудың инновациялық
технологиялары мен әдістерін қолдану мақсатында өздеріне оқытуды таңдау, қосымша
түрлері және білім беру қызметін ұйымдастыру жөнінде білім беру мазмұнын өздігінен
белгілеу үшін берілетін өкілеттіктер жиынтығы;
академиялық сағат – білім алушының оқытушымен оқу сабақтарының барлық
түрлеріндегі кесте (аудиториялық жұмыс) және бөлек бекітілген кесте бойынша байланыса
жұмыс істеу уақыты;
білім алушыларды қорытынды бақылау –аралық аттесттау кезеңінде емтихан
түрінде жүргізілетін білім алушылардың оқу пәні бағдарламасын меңгеру сапасын бақылау
мақсатында олардың оқу жетістіктерін бақылау; егер пән бірнеше академиялық кезеңдер
бойына оқытылса, онда қорытынды бақылау осы академиялық кезеңде оқытылғкан пәннің
бөлігі бойынша өткізілуі мүмкін;
дескрипторлар – біліктіліктер шеңберіне жататын атау. Жалпыланған түрде
біліктіліктің түрлі деңгейлерінің оқылу нәтижелерін сипаттайды. Дескрипторлар жүйесі
өзгермейтін, яғни нақты білім беру мәнмәтініне байланбаған болып табылады, бұл
біліктіліктерді салыстыруды жеңілдетеді. Болонья процесінде жоғары білім
біліктіліктерінің Еуропалық шеңберінің құрамдас бөлігі болып табылатын Дублиндік
дескрипторлар іске асырылады. Дублиндік дескрипторлар жоғары білім берудің әр
циклындағы оқыту нәтижелерін бағалауға келісілген талаптар ұсынады; еуропалық
трансферт (көшіру) және кредиттерді жинақтау жүйесі (ECTS) – білім беру траекторясы,
оқу орны және оқыту елі өзгерген жағдайда оның көмегімен білім алушылардың
меңгерген оқу пәндерін салыстыру және қайта есептеу (кредиттермен және бағалармен
бірге) жүргізілетін білім беру бағдарламаларының құрамдастарына (пәндерге,
курстарға, модульдерге) есептеу бірліктерін (кредиттерді) тағайындау тәсілі;
жеке оқу жоспары – типтік оқу жоспарының және элективтік пәндер каталогының
негізінде эдвайзердің көмегімен білім алушылардың өз бетінше әр оқу жылына
қалыптастыратын оқу жоспары;
элективтік пәндер каталогы – таңдау бойынша құрамдастың барлық пәндерінің,
оқыту мақсаттары, қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдері) және оқытудың болжалды
нәтижелері (студенттердің ие болатын білімдері, қабілеттері, дағдылары мен құзіреттері)
көрсетілген қысқаша сипаттамалары бар жүйеленген аннотацияланған тізбесі. Элективтік
пәндер каталогында әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі;
кредит – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшеудің бірдейленген
бірлігі;
оқытудың кредиттік технологиясы – білім алушыларды таңдау және өз бетінше
жоспардау негізінде кредитті білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшеудің
бірдейленген бірлігі ретінде пайдаланып, пәндерді оқытудың кезектілігіне баулу;
құзіреттер – кәсіби және тұлғалық даму үшін еңбек және оқу жағдайларында
дәлелденген қабілеттерді, білімдерді, тұлғалық, әлеуметтік, әдістемелік қабілеттерді
пайдалану;
модуль – оқыту нәтижелері тұрғысынан білім алушылардың бағалаудың сәйкес
критерийлері бар айқын қалыптастырылған алған білімдері, қабілеттері, дағдылары бар
білім беру бағдарламасының автономдық, аяқталған құрылымдық элементі.
модульдік білім беру бағдарламасы – білім алушылардың белгілі бір академиялық
дәрежені және/немесе біліктілікті алуға қажетті негізгі құзіреттерді меңгеруге бағытталған
оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын бағдарлама; пәндер тізбесі арқылы көрсетілген
білім алушылардың дайындығы мазмұнының жалпы сипаттамасын, оқу, ғылыми-зерттеу