11
Модульдік оқытудың әдіснамалық негізі ретінде модульдік білім беру
бағдарламаларын әзірлеу принциптері, әдістемесі және тәртібі саналады.
Модульдік білім
беру бағдарламасын қалыптастыру мақсаттары мен міндеттерін анықтаудан басталады.
Барлық білім беру бағдарламаларының университет миссиясымен үндесетін анық
тұжырымдалған мақсаттары болуы және ықтимал тұтынушылардың (стейкхолдерлердің)
сұраныстарына сәйкес болуы, тиісті біліктіліктегі мамандарды даярлаудың кәсіби деңгейін
алуға және арттыруға бағытталуы тиіс. ББ мақсаттары бітірушілердің тұлғалық дамуының
теңгерімін қамтамасыз етуге, кәсіби құзіреттерді толыққұнды қалыптастыруға, моралдық-
этикалық өсуге, еңбек нарығындағы жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге
бағытталуы тиіс.Білім беру бағдарламасының сипаттамасы әзірленеді.
Оқыту нәтижелерінің тиімділігіне кешенді тәсілдерді сақтау арқылы қол жеткізуге болады.
Модульдік принцип бойынша білім беру бағдарламалары да, оқу жоспарлары мен оқу
пәндері де құрастырылады.
Еңбекке орналастыру перспективасы бітірушінің еңбекке орналасу мүмкіндігі
болатын негізгі ұйымдар мен құрылымдарды түйіндейді.
Бітірушінің біліктілік сипаттамасы бірқатар тармақшаларға бөлінеді:
Кәсіби қызмет саласы алынған білімдер, қабілеттер мен дағдылар қағидаты бойынша
біріктірілген бітіруші қызметінің салалары мен негізгі бағыттарының жиынтығын
сипаттайды. Кәсіби қызмет объектісі – бітірушінің қызметі бағытталған жүйелер, заттар,
құбылыстар, процестер, ұйымдар.
Кәсіби қызмет мәні – саланың нақты жағдайларында жалпы, жеке және өзгеше
заңдардың әрекеттері мен көріну нысандарын зерделеу.
Кәсіби қызмет түрлері – еңбек нарығының талаптарын ескеріп, кәсіби қызмет
түрлерінің тізбесін білдіреді.
Кәсіби қызмет функциялары – кәсіби қызметті іске асыру үшін атқарылатын
функциялар, сондай-ақ қолданылатын ресурстар.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері – бұл кәсіби қызмет барысында көп мәрте
қойылатын мақсаттар.
Кәсіби қызметтің бағыты – қызмет саласының мақсаттарына, міндеттері мен
функцияларына сәйкес іске асырылатын қызмет.
Кәсіби қызметтің мазмұны – кәсіби қызметтің барысында алынған теориялық
білімдерді, қабілеттер мен дағдыларды қолдану және іске асыру тәсілдері мен әдістерінің
жиынтығы.
Оқыту нәтижелері білім берудің деңгейіне сәйкес Дублин дескрипторлары негізінде
анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Бұл ретте оқытудың бес негізгі нәтижесі
көрсетіледі:
-білім және түсіну;
-білім мен түсінгенін қолдану;
-пікір айтуды қалыптастыру;
-коммуникативтік мүмкіндіктер;
-оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік.
Оқыту нәтижелері барлық бағдарлама бойынша да, жеке модуль мен жеке пән бойынша да
анықталады.
Модульдік оқытудың мазмұны дегеніміз оқытудың мазмұнын жеке ұйымдастыру-
әдістемелік модульдерге айналдыру болып табылады. Олардың мазмұны мен көлемі
дидактикалық мақсаттарға, білім алушылардың бейіндік және деңгейлік саралануына қарай
өзгеріп отыруы мүмкін.
Модульдердің бірігуі білім алушылардың белгілі санаттарының оқуы (және өздігінен оқуы)
үшін және арнайы дидактикалық, кәсіби мақсаттарда іске асуы үшін талап етілетін нақты
оқу материалын таңдау және құрастыру еркіндігі мен икемділігінің қажетті деңгейін
қамтамасыз етеді.
12
Модульдік оқытудың негізгі принциптері мыналар:
1) білім беру бағдарламаларын, нақты пәндерді құрастырудың және олардың мазмұнын
анықтаудың жүйелі тәсілдері;
2) білімді жеке элементтерге бөлшектеу және білім берушілер мен білім алушылар
ынтымақтастығының нақты көрінуі;
3) әр модуль ішінде және олардың арасында оқу сабақтары түрлерінің әдістемелік тұрғыдан
дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету;
4) модульдік курс пен білім беру бағдарламалары құрылымының икемділігі;
5) білім алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі мен бақылау іс-шараларының семестр
барысында дұрыс бөлінуі;
6) студенттердің шығармашылық қызметі үшін алғышарттар құрылатын дамыта оқытудың
әдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып табылады.
Білім беру бағдарламасының әрбір модулі оқытудың белгілі нәтижелеріне, яғни
құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте модульдер пәндердің мазмұндық
бірлігі негізінде «көлденең» немесе «тік» сызба бойынша құрастырылуы мүмкін.
«Көлденең» модульде барлық құрамдас пәндер параллель оқытылуы мүмкін білім беру
нәтижелеріне тең дәрежеде және біршама тәуелсіз қызмет етеді.
«Тік» модуль іргелі және жалпы кәсіби деңгейден арнайы тар қолданбалы деңгейге дейін
белгілі бір білім беру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бірінен кейін бірі (ретімен)
оқытылатын пәндерді қамтиды.
Құзыреттіліктер білім мен түсінікті (академия саласындағы теориялық білім, білу
және түсіну қабілеті), қалай әрекет етуді білуді (нақты жағдайларға білім мен дағдыларды
практикалық және жедел қолдану) және қалай болатынын білуді (әлеуметтік контексте
өзгелермен өмірдің ажырамас бөлігі ретіндегі бағалық аспект) қамтиды.
Оқыту нәтижелері және негізгі құзіреттер.
Модульдік білім беру бағдарламасын мамандық бойынша құру негізі құзірет тәсілі
болып табылады, ол оқыту барысында алынған білімдерді, қабілеттер мен дағдыларды
нақты қолдану қабілетін білдіреді.
Оқыту нәтижелерін әзірлеу бакалаврдың мамандық бойынша
Біктілік сипаттамасымен байланысатындай, кәсіби қызметтің барлық түрлерін
қамтитындай, бітірушінің құзіретіне және білімдарлық деңгейіне қойылатын талаптарды
сипаттайтындай (Е Қосымшасы) жоғары білім біліктіліктерінің еуропалық шеңберінің
Дублиндік дескрипторларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте оқытудың бас басты нәтижесі
бөліп көрсетіледі:
білім және түсіну (А дескрипторы);
білімдер мен түсініктерді қолдану (В дескрипторы);
пікірлерді қалыптастыру (С дескрипторы);
коммуникативтік қабілеттер (D дескрипторы);
оқыту дағдылары немесе оқуға қабілеттіліктер ( Е дескрипторы).
Оқыту нәтижелері бүкіл бағдарламаның деңгейінде және модуль деңгейінде
қалыптасады. Бұл ретте Блум таксономдарын пайдалану қажет (Ж Қосымшасы).
Модульдік білім беру бағдарламалары мамандар даярлаудың құзіреттік моделінің
мәнмәтінінде әзірленеді. Бұл ретте жоғары және жоғары білімнен кейін қалыптасатын
құзіреттер пәндік салаға (кәсіби) жататын және әмбебап (жалпы, пәнүсті) құзіреттер болып
бөлінеді. Әмбебап құзіреттер (ӘҚ) деп бітірушінің жалпы білімдарлығы мен мәдениеті
деңгейін анықтайтын құзіреттер аталады. Олар тіл табысқыштыққа, әлеуметтік-
экологиялық және экономикалық бейімделуге, әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдерді
ауыстыруға дайындыққа, өзгерістер мен белгісіздік жағдайларында географиялық және
әлеуметтік ұтқырлыққа қойылатын талаптар негізінде қалыптастады.
Кәсіби қызметтің нақты түрінде білімдарлықтың деңгейін анықтау құзіреті кәсіби
құзіреттер (КҚ) деп аталады. Олар жалпы кәсіби (арқаулық), арнайы дағдыларға, ғылыми-
зерттеу, педагогикалық саладағы, қолданбалы, жобалау және ұйымдастыру-басқару