«Қазақстан – 2050» Стратегиясында қойған міндетін жүзеге асыруға бағытталғанын да білеміз. Қазіргі таңда елімізде өндіріс саласындағы бірқатар өнім өндіру



жүктеу 1,26 Mb.
Pdf просмотр
бет5/5
Дата23.01.2020
өлшемі1,26 Mb.
#27183
1   2   3   4   5

№7(124), шілде 2013

www.nap.kz



Бейнелеп  айтсақ,  соңғы  жылдары  Алматыда  шағын  кәсіпкерлер  қайда  барып 

тығыларын білмей дал болуда. Қалалық әкімдік қызметкерлері өздері рұқсат беріп, 

жүздеген кәсіпкердің ақшасын шашып, артынша олардың соңына шам алып түсуі 

әдетке айналғандай. Осыған дейін Алматыдағы әйгілі көк базардың айналасын тазар-

ту үшін биләк орындары біраз «тер төккені» есімізде. Дегенмен жабайы сауданы Көк 

базардың айналасын түбірімен жойып жібере алған жоқ. Көшедегі саудамен күресте 

дәрменсіздігін  байқатып  алған  қалалық  әкімдік  енді  аялдамаларда  орналасқан 

дүңгіршектерге қырғидай тиюде. Мемлекетке салық төлеп, қоғамға пайдасын тигізіп 

отырған кәсіпкерлер осылайша қиын жағдайға тап болды. Ал олардың орынын ірі 

монополистер басып жатыр. 

Бір жылда 2 мың сауда 

нүктесі сүрілген

Өткен жылдың өзінде елімізде 

2  мыға  жуық  сауда  нүктесі 

жергілікті билік орындарының ба-

стамасымен  сүріліп  тасталынған. 

Оның  басым  көпшілігі  Алматы 

қаласында  орын  алғаны  белгілі. 

Өз кезегінде билік орындары сау-

да  павилондар  мен  дүңгіршектер 

қаланың  көркін  бұзып  тұр  де-

ген  сылтауды  алға  тартып  отыр  

Қазіргі  таңда  автобус  аядал-

маларында  иесіз,  есік,  терезесі 

шағылған 

сауда 

нүктелерін 



көруге  болады.  Сот  орындау-

шылар  еңгезердей  жіттерімен 

келіп,  сауда  нүктелерінің  айра-

жайрасын 

шығаруы 

әдетке 


айналдырған. 

Олар 


шағын 

кәсіпкердің  жанайқайына  құла 

асқанын  көрген  де,  естіген  де 

емеспіз. Жергілікті билік орында-

ры Алматы қаласы мәслихатының 

IV  шақырылымдағы  IV  сессия-

сында  мәслихат  депутаттары 

«Алматы  қаласы  көріктендіру 

туралы»  ережесін  бекіткенде  ав-

тобус  аялдамаларында  халыққа 

қызмет  көрсететін  сауда  орын-

дарын  орналастыруға  тыйм  салу 

турасындағы  ұсынысты  енгізуі 

кәсіпкерлерге  соққы  болып  тиіп 

отыр.  Қазіргі  таңда  қаланың 

көркіне  кесірін  тигізіп  тұрған 

жүздеген  дүңгіршектерге  қарсы 

демонтаж жұмыстары қызу жүріп 

жатыр. Алматы қаласы мәслихаты 

депутаттары  бекіткен  жоғардағы 

ережеде  кәсіпкерлердің  қаланың 

көркін  қалайша  нұқсан  келтіріп 

тұрғанын 

анықтап 


беретін 

өлшемдер  анық  көрсетілмеген. 

Тек  қана  кәсіпкер  сауда  нүктесін 

өз  қаражаты  есебінен  сносқа 

жіберуі  ғана  анық  жазылған. 

Осылайша 

жергілікті 

билік 


орындары  кәсіпкерлерге  барлық 

жауапкершілікті  арта  салғаны, 

көптеген 

ел 


азаматтардың 

ашу-ызасын 

туғызғаны 

дау-


сыз. 

Мәслихат 

депутаттары 

дайындаған  ержеде  шығын  шек-

кен  кәсіпкерлерге  өтемақы  төлеу 

мәселесі туралы бір ауыз сөз жоқ. 

Алматы қаласы әкімдігі еліміздегі 

іскер азаматтарға біраз жерді жалға 

беріп, қала бюджетінің арттыруға 

күш  салды.  Тіпті,  кезінде  олар 

бұл  әрекетін  әкімдіктің  қала 

аумағындағы  шағын  және  орта 

бизнесті 

дамытудағы 

сүбелі 

үлесі  деп  те  атағаны  жасырын 



емес.  Кезінде  қала  бюджетінің 

бүйрегін  бұлтитуға  бір  кісідей 

атсалысқан  кәсіпкерлер  қазір  та-

станды  бала  сияқты  жергілікті 

билік  орындарына  керек  бол-

май  қалған.  О  басты  жерді  ұзақ 

жылға  алған  кәсіпкерлер  кәсбін 

дөңгелетіп, 

халыққа 

қызмет 


көрсететін  үлкен  орталықтар  са-

лып  алған  еді.  Әрине,  бұл  жерде 

әкімдік  қызметкерлері  айтқандай 

кәсіпкерлер 

қаланың 

көркін 


бұзатындай  қораш  ғимараттар 

салмағына  анық.  Егер  қаланың 

көркіне  нұқсан  келтіретін  нысан-

дар  салынатын  болса,  қалалық 

әкімдік  жанындағы  қадағалаушы 

органдар  бұған  жол  бермес  еді. 

Жаңа  кәсіпкерлік  нысандарда 

салуға  мемлекеттік  қадағалаушы 

органдар  өз  рұқсатын  бергені 

белгілі. 

Шағын 

кәсіпкерлер 



ешқашан 

заңсыз 


құрылыс 

жұмыстарын  жүргізбегені  анық. 

Сондықтан 

Алматы 


қаласы 

әкімдігінің кәсіпкерлерге бұлайша 

теріс көзқарас танытуы қате. 

300 мың доллардың 

орнына 17 мың өтемақы

 

Алматыдағы 

«Шаңырақ-1» 

мөлтек 


ауданында 

Жәмилә 


Тәңірбергенова  есімді  кәсіпкер 

2003  жылы  Алматы  қаласы 

әкімдігінен аталған ауданнан жер 

телімін  жалға  алып,  қаларалық 

сөйлесу  нүктесі  мен  тәулік  бойы 

жұмыс  істейтін  дәріхан,  дүкен 

салады.  Ал  2006  жылы  қалалық 

әкімдік қызметкерлері кәсіпкерге, 

оның  сауда  нүктесі  тұрған  жерге 

автотұрақ  салынатынын  айтып, 

орынды  босату  турасында  үшбу 

хатын  жолдайды.  Сол  жылдың 

6  қарашасында  қалалық  әкімдік 

сауда  нүктесін  сүріп  тастау  ту-

расында  шешім  шығарып,оны  20 

желтоқсанда  іске  асырған.  Осы 

уақытта кәсіпкер сауда нүктесінің 

құнын  тәуелсіз  сарапшыларға 

есептеткенде,  олар  сауда  оры-

нын  нарықтағы  бағасын  300  мың 

долларға бағалаған. Ал жергілікті 

билік орындары болса, кәсіпкерге 

15-17 мың теңге көлемінде өтемақы 

беріп,  мазақ  еткен.  Осыдан-ақ, 

қазіргі таңда жергілікті жерлердегі 

билік 


орындарының 

шағын 


кәсіпкерлерге  деген  көзқарасы 

қандай екенін байқауға болады. 

2001  жылдың  30  мамырын-

да  Алматы  қаласының  тұрғыны, 

Ауған  соғысының  ардагері,  2 

топтағы  мүгедек  Павел  Хижняк 

«28  панфиловшылар  саябағы» 

маңындағы  аялдаманың  жалға 

алып,  кәсіпкерлікпен  айналыса 

бастайды. Ол ісін бастайтын кезде 

екі пәтерін сатып, ақшасын сауда 

нүктесін  көркейтуге  жұмсайды. 

2011  жылы  П.Хижняк  қалалық 

әкімдікке арадағы келісміді ұзарту 

үшін барғанда, олар келісімшартты 

ұзартудан  бас  тартқан.  Артынша 

қалалық әкімдік кәсіпкерге саудан 

орыны  орналасқан  жер  телімін 

мемлекет  қажетіне  кері  қайтару 

турасында  хат  жолдайды.  Міне, 

содан бері кәсіпкер әділдікке жету 

үшін  билік  орындарымен  сотта-

сып  келеді.  Нақты  өмірде  болып 

жатқан  оқиғалардан  ұққанымыз 

Алматы  қаласы  әкімдігіндегі 

қызметкерлер кәсіпкерлердің сау-

да орынын сүру турасында шешім 

шығарғанда қаланың бас жоспары-

на сілтеме жасайтынын байқадық. 

Дегенмен,  бас  жоспармен  жан-

жақты  танысқан  адам  ол  жерден 

қандайдай бір кәсіпкерлік нысанды 

сүріп тастау турасында ешқандай 

сөз  таппасы  анық.  Мұндай 

жағдайда  әкімдік  қала  ішіндегі 

жер телімін бір кәсіпкерден алып, 

келесі  біреуге  беріп  жатқандай 

әсер  қалдырады.  Сондықтан 

қалалық әкімдік қызметкерлерінің 

өз 


істерін 

бас 


жоспармен 

бүркемелеуі  күдік  туғызады. 

Қаланың  орталығындағы  авто-

бус  аялдамалдарындағы  сүріліп 

тастаған  дүңгіршектердің  ор-

нына  соңғы  уақыттары  «РТС 

Деко»  компаниясының  заман  та-

лабына  сай  дүңгіршектері  пайда 

болғанын көріп жүрміз. Мұндайда 

Алматы  қаласы  әкімдігі  шаһрада 

дүңгіршектердің  монополистінің 

пайда  болуына  жол  ашып 

отырғанын байқау қиын емес. Егер 

жергілікті  билік  орындарының 

ойы таза болса, олар қала көркіне 

сай келетін дүңгіршектердің ортақ 

үлгісін  дайындап,  кәсіпкерлерге 

сауда  нүктелерін  сол  бағытта 

қайта  жасақтау  турасында  та-

лап  қойса,  кәсіпкерлер  бұл  та-

лапты  сөзсіз  орындайтын  еді. 

Өкінішке  орай,  қалалық  әкімдік 

тығырықтан  шығар  мұндай  жол-

ды  ойлап  отырған  жоқ.  Тек  қана 

ірі  компаниялардың  мүддесін 

көздеп,  шағын  кәсіпкерлерді 

құрбандыққа шалғаны жанымызға 

батады.  Қазір  шағын  кәсіпкерлер 

әкімдіктің ірі компанияларға мой-

ын  бұрып,  қарапайым  халыққа 

жалын  күжірейтіп  отырғанына 

қапалы. 


Ендігі кезекте Алматы қаласы 

әкімдігінің  басын  айналдырып, 

дегеніне  көндіріп  алған  «РТС 

Деко» компаниясы жайында бірер 

сөз  айта  кетсек.  «РТС  Деко»  Еу-

ропа мен Азхия-тынық жағалауы 

аймағындағы  сыртқы  жарнама-

мен айналысатын бірден-бір ком-

пания  екені  белгілі.  Азуын  айға 

білеген  компания  Алматыдағы 

500-ге  тарта  аялдамадағы  сауда 

нүктесін  жалға  алу  турасында 

қалалық  әкімдікпен  25  жылға 

келсімшартқа  отырып  қойған 

деседі.  Осы  ретте  Алматыда  1,5 

мыға тарта аялдамада орналасқан 

сауда  нүкстесі  бар  екенін  ескер-

сек,  «РТС  Деко»  компаниясы 

Алматыдағы  қаншама  шағын 

кәсіпкердің  жеп  отырған  нанын 

айырғанын байқаймыз. 

Жазира ШАУАҚОВА, жеке кәсіпкер:

–  Мен  аялдамадағы  сауда  нүктесін  2004  жыл-

дан  бері  жалдап,  күнімді  көріп  келемін.  Сауда 

орынының құжатын рәсімдеу, қайта жобалау және 

құрылыс  жұмыстарын  жүргізуге  өз  қалтамнан 

қыруар ақша жұмсадым. Осыдан 2 жыл бұрын аял-

даманы жалдау мерзімі аяқталған болатын. Осыдан 

кейін әкімдікке келсімшартты ұзарту турасындағы 

өтінішіміді  тапсырған  едім.  Арызым  әлі  күнге 

дейін жауап жоқ. Соңғы уақыттары салық пен жал-

дау құнының өсуі көптеген қиындықтар туғызуда. 

Өмір  сүр  күннен-күнге  қиындап  барады.  Қазір 

сауда  нүктесінде  өзім  жұмыс  істеймін.  Табыс  аз 

болғаннан  кейін  сатушы  жалдау  мүмкін  болмай 

тұр. Отбасымыздағы бес адам менің тапқан табысы-

ма қарап отыр. Бұл аз десеңіз басымда ипотекалық 

несием де бар. Егер әкімдік сауда орынын жалдауға 

қатысты  келсімшартқа  қол  қоймаса,  қайда  бара-

рымды  да  білмеймін.  Мұны  ойлау  мен  үшін  тіпті 

қорқынышты.  Қазір  базарлардың  жағдайы  да  мәз 

емес.  Олар  да  қиын  жағдайды  бастан  өткеріп  жа-

тыр. 


Перуза, жеке кәсіпкер:

–  Қалалық  әкімдік  жеке  кәсіпкерлердің 

иелегіндегі  сауда  нүктелерін  сүре  бастағалы  бері 

бізді  үрей  басқанын  жасырып  қайтейін.  Бүгінде 

шенеуніктер  нес  істеп,  не  қойып  жатқандарын 

өздері  түсінбейді.  Олар  аялдама  жанындағы  әрбір 

дүңгіршектердің артында қарапайым азаматтардың 

тағдыры тұрғанын ескеріп отырған жоқ. Егер суда 

орындарын  сүріп  тастаса,  қайда  баратынымыз 

белгісіз.  Орта  жастағы  әйел  адамдарды  ешқандай 

мекеме  жұмысқа  алмайды.  Мұндай  адамдар 

жұмыссыздардың  қатарын  толтыратыны  белгілі. 

Осы ісімізді жолға қою үшін қаншама жыл тер төктік. 

Енді соның бәрі бекер болайын деп тұр. Халықтың 

арқасында күн көріп жүрген шенеуніктердің шағын 

кәсіпкерлердің  жайын  неге  ойламайтыны  мені 

қатты қынжылтады. 

С. ЖҰМАБАЕВ, сауда павильонының иесі:

–  Мен  қарпайым  ғана  суда  орынын 

жалдаушылардың  бірімін.  Сондықтан  әкімдік 

пен  ірі  компанияларға  қарсы  ешқандай  қарсылық 

көрсете  алмаймын.  Соңғы  кездері  Алматы 

қаласында  супермаркеттер  көптеп  ашылғаны 

белгілі.  Олар  шағын  кәсіпкерлерге  сауда  орын-

дарын  ешқашан  жалға  бермейді.  Берген  күннің 

өзінде де оның жалдау ақысын төлеу мүмкін емес. 

Мұндай ірі монополистер шағын наубайханалардың 

жұмысын барынша тұралатып тастады. Кез келген 

шағын  кәсіпкер  өзі  өндірген  өнімін  супармеркет-

терге саудалай алмайды. Олар ірі компаниялармен 

жұмыс  істегенді  жөн  көреді.  Ал  ірі  компаниялар 

көп  жағдайда  сырт  елдердің  азық-түлік  өнімдерін 

елімізге  әкеліп,  пайда  табатыны  белгілі.  Осыдан-

ақ, олардың отандық өндірісті дамытуға ешқандай 

пайда  келтіріп  отырмағанына  байқаймыз.  Ал 

жергілікті билік орындары болса, олармен ауыз жа-

ласып  алған.  Мұндай  жағдайда  елімізде  отандық 

тауар  өндірушілердің  ісі  алға  басады  деп  айтудың 

өзі қиын. Сондықтан бұл мәселені жеделдетіп шешу 

керек. Әйтпесе кейін кеш болады. 

Кәсіпкерлер жанайқайы



№7(124), шілде 2013

www.nap.kz



Еліміздегі білім беру саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығы жарғақ құлағы 

жастыққа тимей жұмыс істеп келеді. Қауымдастық директоры Роза Садықованың бас болуымен «НГ» газеті талай іс атқарылғанын басылым 

бетінде үнемі жазып келеміз. Күні кеше ғана еліміздегі жекеменшік білім беру ұйымдарын оңтайланыдыруға қатысты мәселе көтерілгенде бірінші 

болып, республикалық жекеменшік білім беру ұйымдарының белсенділері өздерінің бұл бастаманың қате екенін, нақты дәлелдермен келтіріп, 

өз уәждерін айтты. Енді қауымдастық еліміздегі жекеменшік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог мамандардың кәсіби біліктілігін 

көтеру мақсатында ұйым жанынан ұстаздарға Кәсіби қосымша біліктілікті көтеру орталығын құрып, тұсауын кесті. Өз кезегінде Роза Садықова 

жаңа орталықтың жұмысын үйлестіруді, педагогика ғылымдарының кандидаты, Петровский атындағы ғылым және өнер академиясының кор-

респондент мүшесі Е.Мусихинова ханымға сеніп тапсырғанын айта кетуіміз керек. 

Маман 


дайындайтын 

ұстаздар 

қауымының  білігін  көтеру  оңай  жұмыс 

емес.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

өзі  Жолдауында  Білім  және  ғылым 

министрлігіне бұл бағыттағы жұмыстарды 

барынша үйлестіруді тапсырғаны белгілі. 

Мемлекеттің  қолдауынсыз,  өз  бетінше 

жұмыс  істеп  жатқан  жекеменшік  мек-

тептер  де  заман  талабына  сай  ұстаздар 

қауымының біліктілігін көтеруді назардан 

тыс қалдырған емес. Қоғамдық өмірге бай-

ыппен қараған адам білім беру саласының 

жүйесі  түбірімен  өзгеріп,  жаңа  сапаға 

көтеріліп бара жатқанын байқайды. Келе-

шектен үміт күткен кез келген ел бірінші ке-

зекте білім беру жүйесі барынша бәсекеге 

қабілетті  болуын    қамтамасыз  етуі  шарт. 

Қазіргі  өлшем  бойынша  кез  келген  адам 

өмір  бойы  білімін  жетілдіріп  өтуі  тиіс. 

Заман  күнде  өзгеру  үстінде.  Сондықтан 

жастардың  көкейіне  білім  нәрін  сеуіп 

жүрген ұстаздар қауымы ізденіп, кәсібінің 

мүмкіндігін кеңейтуі маңызды болып тұр. 

Осындай  жайттарды  жан-жақты  сарапқа 

салған 


Республикалық 

жекеменшік 

білім  беру  ұйымдары  қауымдастығы 

ұстаздардың  біліктілігін  жетілдіретін 

орталық  ашуды  жөн  деп  шешті.  Енді 

қауымдастыққа  мүше  жекеменшік  білім 

ордаларының  педагогтары  қайда  барып 

кәсіби  біліктілігімізді  көтереміз  деп  бас 

ауыртпайды.  Жаңа  орталықтың  ашылуы-

на  мұрындық  болған  Роза  Садықова  бұл 

көптен бері ойында жүрген іс екенін алға 

тартты. 


–  Қауымдастыққа  мүше  жекеменшік 

білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген 

педагог мамандардың біліктілігін көтеретін 

орталық  ашу  турасындағы  ой  көкейімде 

көптен  бері  жүрген  еді.  Бүгін  сол  ойға 

алған  ісіміз  жүзеге  асып,  қуанышымыз 

қойнымызға  сыймай  отыр.  Қазіргі  таңда 

ұстаздар  қауымның  біліктілігіне  қатысты 

көптеген 

сын-ескертпелер 

айтылып 

қалып  жатқанын  байқап  жүрмін.  Әдетте 

көпшіліктің  мұндай  сын  садағы  әдетте 

мемлекет  қарамағындағы  мектептерге 

бағытталып  жататыны  жасырын  емес. 

Ал  жекеменшік  мектептер  бұл  бағытта 

қателік  жіберді  деп  айта  алмаймын.  Де-

генмен  мұндай  сын-ескертпелер  бәрімізге 

ортақ деп есептеймін. Біздер қоғамда осын-

дай  әңгімелер  бас  көтермеуі  үшін  педагог 

мамандардың  білігін  көтеретін  орталық 

ашып  отырған  жайымыз  бар.  Алдағы 

уақытта  орталық  жекеменшік  мектептер-

де  тәлім  беріп  жүрген  ұстаздар  қауымын 

сатылап білігін көтеруді көздеп отыр. Осы 

ретте  біздер  қатарымызға  білікті  маман-

дарды тартып, ұстаздар қауымының ойлау 

қабілетін, білігін, пайымын, жекелеген ада-

ми қасиеттерін барынша дамытуды көздеп 

отырмыз.  Бұдан  басқа  орталықта  білігін 

шыңдаған  ұстаздардың  қоғамдық  өмірде 

алғы  шепте  жүріп,  сабақ  беру  тәсілімен 

өзгелерден  оқ  бойы  озық  тұруын  басты 

мақсатқа айналдырып отырмыз.

Орталық  мамандары  бірінші  кезек-

те  жекеменшік  мектепке  дейінгі  білім 

беру  ұйымдары  тәрбиешілерінің  басын 

қосып,  білігін  көтеруге  күш  салғанын 

айта кетуіміз керек. Бірінші кезекте біздер 

балабақша мен шағын орталықтардан кел-

ген  тәрбиешілерге  өз  жұмысына  қашанда 

шығармашылық  тұрғыдан  қараудың  мәні 

мен  мазмұны  түсіндірілмек.  Сол  себепті, 

алғашқы семинардың тақырыбын «Дамыған 

қоғамдық 

ортада 


мектепке 

дейінгі 


мекемелердің жұмыс дұрыс ұйымдастыру» 

деген  тақырыпта  өтіп  отыр.  Шара  бары-

сында    жекеменшік  балабақшалардан  ар-

найы  келген  тәрбиешілер  қауымы  көкейге 

түйген ойларын ортаға салып, біліктілігін 

көтеруге күш салды. Осы ретте семинарға 

жиналған  тәрбиешілер  алдында  орталық 

жетекшісі,  психология  ғылымдарының 

кандидаты  Е.Мусихинова  мен  педагоги-

ка  ғылымдарының  кандидаты  Т.Авдеева 

дәріс  оқығанын  айта  кетуіміз  керек.  Өз 

кезегінде  сала  мамандары  бірінші  кезек-

те  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 

психофизиологиялық  жағына  баса  назар 

аудару  керектігін  алға  тартты.  Семинарға 

қатысушыларды мектеп жасына дейінгі ба-

лаларды құда ойнатудың әдістемелік жүйесі 

қатты қызықтырғанын айта кетуіміз керек. 

Бұдан  басқа  дәріскер  Е.Мусихинованың 

балғындарға мәдени ғұрыптар арқылы ру-

хани  жан-дүниесін  кемелдендіру  турасын 

жобасы да көпшіліктің назарын өзіне аудар-

ды. Осылайша алғаш рет ұйымдастырылған 

біліктілікті жетілдіру курсы қатысушылар 

тарапынан зор қолдауға ие болғанын айтуға 

тиіспіз. Өз кезегінде біліктілігін шыңдаған 

тәрбиешілер мұндай іс-шаралар жұмыстың 

жаңа  сапаға  көтерілуіне  айтарлықтай 

септесетінін  алға  тартты.  Тіпті  кейбір 

қатысушылар  осындай  әдіс-тәсілдерді 

білмей,  қалай  жұмыс  істеп  жатқандарына 

таңданысын  білдіріп  жатты.  Орталық 

мамандары  алдағы  уақытта  мұндай 

біліктілікті  көтеру  курстарын  жиі  өткізіп 

тұруға кеңес бергенін айта кетуіміз керек.  

Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы мен Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдары еліміздегі 

жекеменшік білім беру ошақтары арасында жыл сайын «Қарқаралы» фестивальін өткізуді дәстүрге 

айналдырғаны белгілі. «Тасбұлақ» таулы демалыс кешенінде өтетін бұл шара қазір мектеп оқушылары 

арасында кеңінен танымалдыққа ие болғанын айта кетуіміз керек. 

Фестиваль  байқаудың  негізгі  мақсаты  талантты  ба-

лалар  арасында  жаңа  есімдерді  елге  танытып,  өнер  сүйер 

балалардың таланттарын шыңдау болатын. Республикамыздың 

әр  түкпірінен  келген  талантты  деген  балалар  өз  өнерлерін 

көрсетіп, түрлі сыйлықтарға ие болып, демалыстарын көңілді 

өткізуге «Тасбұлақ» таулы демалыс кешенінде барлық жағдай 

жасалынған.  Осы  ретте  «Қарқаралы»  балалар  ән  байқауына 

жезтаңдай  әншілеріміз  Бибігүл  Төлегенова,  Роза  Рымбае-

ва.  Мақпал  Жүнісовалар  төрелік  айтып,  жас  әншілерге  сәт-

сапар  тілеген-ді.  Ал  биыл  бағын  сынайтын  жастарға  қазақ 

эстрадасынның  белгілі  әншісі  Гүлбаршын  Тергеубекова  өз 

бағасын беретін болады. Сондай-ақ, байқаудың құрметті қонағы 

ретінде Қазақстанның белгілі актері Асанәлі Әшімов қатысады 

деп  күтілуде.  Ал  Тәуелсіз  кәсіпкерлер  қауымдастығының 

президенті  Талғат  Акуов  пен  Қарқаралы  ауданы  әкімі  Хәлел 

Мақсұтов қатысып, жас жеткіншектерге ізгі тілегін арнайтынын 

айта  кетуіміз. Осы ретте Республикалық жекеменшік ұйымдары 

қауымдастығы Қарқаралы ауданындағы мектеп оқушыларының 

бұл жарысқа тегін қатыстырып отыр. Қауымдастық жетекшісі 

Роза Садықова 200-ге таяу өнерлі жастар қатысатын мерекелік 

шараның  соңы  үлкен  гала  концертке  ұласатынын  алға  тарт-

ты.  Бүгінде  мектеп  оқушыларына  арналған  республикалық 

шара  мүлде  жоқ.  Алдағы  уақытта  елімізде  дәл  осындай  жас 

жеткіншеткердің  талантын  елімізге  паш  ететін  байқаулардың 

саны көбейсе нұр үстіне нұр болар еді. 



жүктеу 1,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау