«Қазақстан – 2050» Стратегиясында қойған міндетін жүзеге асыруға бағытталғанын да білеміз. Қазіргі таңда елімізде өндіріс саласындағы бірқатар өнім өндіру



жүктеу 1,26 Mb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата23.01.2020
өлшемі1,26 Mb.
#27183
1   2   3   4   5

№7(124), шілде 2013

www.nap.kz



Ұлтық  туризмді  дамтудың 

маңызы  зор.  Тизизимге  қатысты 

көкейде жүрген сауалдарымызды 

«Ұлытау»  ұлттық  тарихи-мәдени 

және табиғи қорық мұражайының 

директоры 

Бақтияр 

Қожахметовпен 

әңгімелескен 

едік.  Қорыж  мұражайының  бас-

шысы таяуда Комбаджаға барып, 

іс-тәжірибе алмасып қайтқан еді. 

Енді соған назар аударсаңыздар.

–  Бақтияр  Сапарбекұлы  әңгімені  сіздің 

сапарыңыздың 

сырынан 

бастасақ. 

Тайландқа  баруыңыз  түсінікті.  Әлем 

жұрты  баратын  туристік  ел.  Ал, 

Камбоджаға сапарыңыздың сыры неде ?

–  Бұл  іс-сапардағы  негізгі  мақсатым 

Ангкор  Ват  діни  храмына  бару  болды.  Ол 

Камбоджа  корольдігінің  оңтүстік-шығыс 

Азия  елінің  солтүстігіндегі  үлкен  Тон-

лесап  көліне  жақын  орналасқан.  Ангкор 

Ват – адам тұрғызған ең ірі діни құрылыс. 

Ғимарат  кез  келген  мұсылман  мешітінен, 

еуропалық  шіркеуден,  кез    келген  пира-

мидадан  анағұлым  үлкен.  Ангкор  әлем 

кереметтерінің  бірі  болып  саналады. 

Ангкора  храмдары,  бұл  тек  әлемге  әйгілі 

Ангкор  Ват  (басты  храм)  ғана  емес.  Храм 

кешені 30 шақырым шаршы аумақты алып 

жатқанымен  ерекшеленеді.  Оның  жанын-

да  200  ұсақ  храмдар  орналасқан.  Ангкор 

әлемдегі  орта  ғасырлық  ірі  қала  болды. 

Оны көлемі жағынан қазіргі заманғы Ман-

хэттенмен  салыстыруға  болады.  Онда  бір 

жарым  миллионнан    аса  адам  тұрған,  ал 

қала  маңында  1  миллионға  жуық  халық 

өмір  сүрген.  Сапар  уақытында  бірінші, 

мынандай қорытынды жасадым – адамдар 

ауыр еңбекпен алып құрылыстарды Ангкор 

Ват  және  пирамидаларды  салды  және  ол 

жерлерді қасиетті санап, пір тұтты. 



– Ел пір тұтып, тәу ететін Ангкор Ват-

ты Ұлытауда немен салыстырар едіңіз? 

–  Мұндай  ұқсас,  тәу  ететін  жерлер 

Қазақстанда  бар.  Бізге  керемет,  алып 

құрылыс салып қажеті жоқ, бізде Алланың 

берген  сыйы  бар  –  Әулиетау.  Ұлытаудың 

ең  биік  шыңы,  жергілікті  халықтың 

ырымдарына,  нанымдарына  сүйенсек, 

Ұлытаудың  төбесі  аспанға  жақын,  жер 

мен көктің кездесетін жерінде орналасқан, 

сондықтан  ежелден  бұл  тау  киелі  жер. 

Құдай  мен  аруақтардың  тұрағы,  қасиетті 

күштердің  мекені,  тағзым  ету  орны, 

табиғат  пен  адамның  байланыс  орны 

деп  саналған.  Ұлытаудың  киелі  тарихы 

өте  ежелден  басталады.  Бұған  дәлел  тау 

маңындағы  археологиялық  ескерткіштер 

– қола тас дәуірінен келе жатқан көптеген 

ескерткіштер, 

ежелгі 

көшпенділер 



дәуіріндегі  құрылыстар  –  «мұртты» 

қорғандар,  түріктердің  ас  беру  дуалдары, 

оғыз – қыпшақ дәуіріндегі тас мұнаралары, 

хандарға арналған қорық алаңдары, тарихи 

тұлғалар мен тау басындағы жеті әулиенің 

жерленген  орындары.  Әулиетау  шыны-

мен  де  Ұлытау  бюджетінің  ең  көп  кіріс 

келтіретін бөлігі бола алады. Камбоджа ке-

дей мемлекет, бірақ Ангкор Ват діни храмы 

маңындағы халықтың тұрмысы мемлекеттің 

басқа аймақтарымен салыстырғанда жақсы 

тұрады.  Сондықтан  Ұлытаудың  болашағы 

– туризмде.

–  Қазақстанда  сыртқы  және  ішкі 

туризмді  дамыту  үшін  қандай  бағыт 

ұстануымыз керек? 

–  Бұл  саланың  даму  үрдістері  мына-

дай,    әлемнің  белгілі  демалыс  орындарын 

жақсы  білетін  туристер  туристік  секторы 

енді  ғана  дамып  келе  жатқан  елдерге  ке-

луге  ұмтылады.  Бұл  көрсеткіш  жағынан 

Қазақстанның  тартымдылығы  өсіп  келе 

жатқан туризм ел экономикасына үш оң әсер 

береді.  Біріншіден,    шетел  волютасының 

құйылуы. Екіншіден, халықтың жұмыспен 

қамтылуы  өркендейді.  Үшіншіден,    елдің 

инфрақұрылымының  дамуына  мүмкіндік 

туғызады. Көптеген елдер өздерінің мәдени 

және  тарихи  құндылықтарын  ақылмен 

пайдалануда.  Олар  тарихи  ескерткіштер 

мен  аңыздарды  айналымға  жіберіп,  олар-

дан  айтарлықтай  пайда  көріп  отыр.  Бұл 

пайда  тек  материалды  тұрғыда  ғана  емес,  

көптеген  елдерде  ішкі  туризмде  жақсы 

дамығанын айта кету керек. Оқушылар мен 

студенттерге  ұлтжандылық  тәрбие  беру-

де, дүниетаным негіздерін қалауда оларды 

саяхатқа  шығарып  отырады.  Шетелде  ту-

ризм  өңдірісін  «алтын  жұмыртқа  әкелуші 

тауық» деп атайды. 

– Бізде туризмді дамытуға не кедергі? 

–  Қазақстанда  туризм  кластерін 

мемлекеттік  тұрғыда  дамыту  әлі  қолға 

алынбаған. Туризмді қаржыландыру дұрыс 

жолға  қойылмаған.  Туризм  министрлігі 

таратылған.  Коммерциялық  туризмнің 

бюджетін  дене  шынықтыру  және  спорт-

пен  жасанды  біріктіру  экономикалық 

тұрғыдан 

да 


ұйымдастырушылық 

тұрғыдан  да  қарағанда  өте  түсініксіз.Ту-

ризм  экономиканың  өз  алдына  жеке  ар-

найы басқару ұйымы бар сала болуы тиіс. 

Сондықтан,  Қазақстандағы  туризмнің 

дамуына  кедергі  жасаушы  себептердің 

бірі  –  бұл  туристік  бизнесті  мемлекеттің 

қолдауының  әлсіздігі,  осыдан  барып,  ту-

ризм  жақын  арада  экономикаға  пайда 

әкелуші саласы бола алмайды. Қолданылып 

жүрген  «ҚР  Туристік  қызмет  туралы» 

заң  барлық  туристік  қызметтің  қырларын 

қамтымайды. Бұны ДАВОСС халықаралық 

форумындағы  рейтингі  бойынша  көруге 

болады. Эксперттердің бағалауы бойынша 

2012  жылы  I  орынды  Швейцария  иеленді. 

Екінші орынды «тартымдылығы» жағынан 

рейтинг  бойынша  Австрия  иеленді.

Көшбасшы  үштікті  Германия  аяқтайды. 

Әлемдік 


туристік 

орталықтардың 

рейтингісінде  Исландия,  Ұлыбритания 

бар. ТМД елдерінің ішінде туристік бизнес 

күшінің  басымдылығы  жағынан  Грузия  – 

66-шы, Армения – 74-ші, Әзірбайжан – 75-

ші, Украина – 78-ші орында. Ал Қазақстан 

–  82  -ші  орында.    Комиссияның  бағалауы 

үш көрсеткіш бойынша – транспорттың да-

муы, туристік инфрақұрылым және ұлттық 

нақыш болып бөлінеді. Өкінішке орай, бізде 

тек үшінші көрсеткіш – ұлттық нақыш қана 

бар,  оның  өзі  әлсіз  күйде  көрсетіледі.  Ал 

этникалық  компоненттер  дегеніміз  –  бұл 

еуропалықтардың  алыс  елдерге  сапар  ба-

рысында ақша аямайтындығы.



Сұхбаттасқан Қайрат Жұмабаев

Таяуда қазақ-герман басқару комитетінің үшінші отырысында 

ҚР  Өңірлік  даму  министрлігі  Кәсіпкерлікті  дамыту  комитетінің 

төрайымы  Ғалия  Жолдыбаева  қазақстандық  кәсіпкерлер  үшін 

Германиядағы  консультациялар  мерзімінің  ұзарту  турасында  өз 

ойын ортаға салды. 

Иә,  кәсіпкерлердің  іс-тәжірибені 

шыңдауы  өте  орынды.  Дегенмен 

біздер  шетелдің  озық  іс-тәжірибесі 

біздің  кәдемізге  де  жарай  бермейтінін 

ұмытпауымыз керек. Айталық, комитет 

төрайымы әңгіме етіп отырған Германи-

яда кәсіпкерлікке қатысты барлық заңдар 

сақталынатыны белгілі. Ал бізге қатысты 

бұлай  деп  айту  қиын.  Қазақстандықтар 

кәсіпкерлер  болса,  орынсыз  тексеру-

лерден  көз  ашпай  келе  жатқаны  жасы-

рын  емес.  Сондықтан  Германияның 

кәсіпкерлік саладағы заңнамалары бізден 

озып кетті деп айту қиын. Бұл жерде ба-

сты мәселе заңының орындалуында ғана 

болып  тұр.  Айтпақшы,  бірде  «Даму» 

кәсіпкерлікті  қолдау  қорының  жиыны-

на  қатысып,  Германиядан  іс-тәжірибе 

жинап  келген  кәсіпкерлердің  әңгімесін 

тыңдағанымызда,  неміс  жерінде  білігін 

шыңдап  келген  кәсіпкер  Германиядағы 

бес жұлдызды қонақүйдің қызмет көрсету 

сапасы,  дәмді-тағамдары  жайында  айта 

бастаған  тұтынушылардың  мүддесін 

қорғаумен  аты  шыққан  Светлана  Рома-

новская әлгі кәсіпкерді әрең тоқтатқаны 

есімізде.  Соңғы  кездері  кәсіпкерлердің 

шетелге  шығып,  біліктілігін  көтеру 

мәселесіне  күдікпен  қарайтын  болдық. 

Олар  үйренген  іс-тәжірибесін  жұрттың 

алдына  шығып,  көрсетіп  жатпаған  соң, 

көңілге күдік ұялайтыны белгілі. Ал ҚР 

Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті 

дамыту  комитетінің  төрайымы  Ғалия 

Жолдыбаева: «Қазіргі күні бұл мерзім 3 

аптадан басталып 1 айға дейінгі мерзім 

аралығымен шектелген. Біз бұл аралықты 

4-тен  6  айға  дейін  ұзартуды  ұсынамыз. 

Бұл  негізінен  біздің  кәсіпкерлеріміздің 

тілегі.  Өйткені,  қазіргі  форматқа  кел-

сек,  топ  нақты  сектордың  бірқатар 

түрлері  бойынша  құрылады.  Сосын 

осы  секторлардың  барлығымен  таны-

сып  шыққан  біздің  кәсіпкерлерімізге 

профильді 

кәсіпорындардың 

жұмысымен аралап танысуға уақыттары 

қалмай отыр», – деді. Біздің ойымызша, 

кәсіпкерлердің алты айлап сыртта жүруі 

тәжірибе алмасу емес, демалыста жүрген 

адамның тірлігіне ұқсайды. 




жүктеу 1,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау