Қазан Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе


Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің облыстық кеңесі



жүктеу 474,69 Kb.
бет3/3
Дата21.12.2017
өлшемі474,69 Kb.
#5476
1   2   3

Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің облыстық кеңесі
2012 жылдың 25 желтоқсанында облыстың агроөнеркәсіп кешені қызметкерлердің кеңесі өткізілген болатын. Аталған кеңеске облыстық барлық аудандарынан 300 жуық агроқұрылымдар басшылары қатысты.

Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің облыстық кеңесінде облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы А.Нұралиев «Облыстың ауыл шаруашылығы жұмыстарының 2012 жылғы алдын-ала қорытындылары және агроөнеркәсіп кешені салаларының 2013 жылға арналған міндеттері туралы» баяндама жасады.

Жылдың алдын-ала қорытындыларына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары М.С. Жолдасбаев бірқатар озат шаруашылықтарға «МТЗ-2112», «МТЗ-80.1» тракторларын, «Нива» жеңіл автокөлігін сыйға тартты. Сондай-ақ, бірқатар еңбек озаттары мен аграрлық салаға озық ғылыми жаңашылдықтар енгізген агроғалымдар және сала жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрақты насихаттауда ерекшеленген облыс журналистері облыс әкімінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, бағалы заттай сыйлықтармен, Алғыс хаттармен марапатталды. Кеңес аяқталған соң мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Үздік көрнекі ақпарат-2012» облыстық конкурсын өткізу
2012 жылғы 21 желтоқсан күні«Үздік көрнекі ақпарат-2012» облыстық конкурсы» «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалымен бірлесе ұйымдастырылды.

Конкурстың қорытындысы бойынша ереже талаптары мен шарттарын толық орындағаны үшін «Бас жүлде» - Шу ауданына, 1, 2, 3 орындар Жамбыл ауданы, Тараз қаласы және Сарысу аудандарына берілді. Жеңімпаздар «Дипломдар» мен бағалы заттай сыйлықтарымен марапатталды.

Сонымен қатар, басқарманың тағайындаған номинациялары бойынша Жуалы ауданы «Қоғамдық-саяси тақырыптағы көрнекі ақпараттары үшін», Жамбыл ауданы «Үздік деректемелік ақпарат», Талас ауданы «Ең үздік насихаттаушы» және«Ең үздік ауыл келбеті»номинациясы бойынша Шу ауданы Далақайнар ауылдық округі (әкім А.Ошанов) марапатталып, ынталандыру мақсатында бағалы заттай сыйлықтар тапсырылды.

Ал, Байзақ, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарына конкурсқа қатысуда белсенділік танытқаны үшін «Алғыс хат» тапсырылды.



Облыстық «Ақ жол» газетінің 90 жылдығына арналған

салтанатты жиын ұйымдастыру
Облыстық «Ақ жол» газетінің 90 жылдығына арналған салтанатты жиын ұйымдастырылып өткізілді. 2012 жылдың 6 желтоқсанында «Баласағұн» ОКЗ-да басылымның 90 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Бозымбаев, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы С.Матаев және өзге де басшылар мен қонақтар қатысты.
желтоқсан
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға

арналған Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту

мемлекеттік бағдарламасы, оның ішінде индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламалары аясында жүзеге асырылған іс-шаралардың орындалуы туралы
Елбасы а.ж. тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына Жолдауында - 2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс» деп қадап айтты.

Сондай – ақ, Елбасы Үкіметке Үдемелі индустриялық - инновациялық даму Бағдарламасы 2 жылдан кейін бітетінін ескере отырып, екінші фазасын даярлауға нақты тапсырма берді.

Осы бағдарлама аясында Жамбыл облысында Индустрияландыру картасына жалпы құны 482,2 млрд. теңгені құрайтын 31 инвестициялық жоба еніп отыр. Егер осы жобалар нақты жоспарға сәйкес орындалса, онда облысымызда қосымша 6,0 мыңнан астам жаңа, сапалы және де тұрақты жұмыс орындары ашылатын болады.

Тараз қаласында өндірістің 70% шоғырланған болса,қазіргі таңда 31 жобаның 61,0% (19) аудандарда шоғырланған болса, ал қалған 39%-ы (12) Тараз қаласында іске асырылуда.

Бағдарлама қабылданғалы бері Жамбыл облысында 22 инвестициялық жобалар іске қосылды. Олардың жалпы сомасы шамамен 82,0 млрд. теңгені құрап, қосымша 2000 нан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылып отыр. 22 жобаның ішінен 16 жоба ағымдағы жылы 40 млрд. теңгеге өнім өндірді.

Іске қосылған 22 жобаныңішінен 9 жоба - 70% қуаттылығына жетті, оның ішінен 4 жоба 100%-ға жетті. Қосымша 4 жоба 50%-70% көрсеткішке жестсе, қалған 3 жоба белгілі себептермен 50%-дан төмен болып отыр, өйткені бұл жобалардың ішінде 2012 ж. қосылған жобаларда бар.

Іске қосылған 22 жобаның екеуі проблемалық жобаларға айналып отыр, олар:

1.«Запчасть» АҚ-ышағын электро метталлургиялық зауытының құрылысы 2010 жылдың 30 желтоқсанында іске қосылды.Бүгінгі таңда іс-шара жоспарына сәйкес 2 қытай мамандары келіп, іске қосу жұмыстарын бастап тоқтаусыз дайындаманы құйатын машинаны (МНЛЗ) сынақтық айналымна өткізді, сонымен қатар, осы жылдың аяғына дейін тағы 3 қытай маман келіп №4 пешті іске қосыу жұмыстарын бастайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жоспар бойынша 2013 жылдың тамыз айында 100% жобалық қуаттылығын игерірлуі қарастырылуда.

2. «ACIG» АҚ-ы 2011 жылдың 6 желтоқсанында инвестициялық жоба іске қосылу туралы актісін алған болатын. Алайда жобаның іске қосылмаған мәселесі – қосымша қаржыландыруды талап етеді. Қазақстанның даму банкінан алынған қарызды реструктуризациялау немесе жобаны басқа банкпен қаржылындару.Осы мәселеге байланысты мекеме басшысымен бірлесіп Іс-шара жоспары жасалынып 2012 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосу жұмыстарын жүргізу үшін қытай мамандарының келуі күтілуде. 2012 жылдың желтоқсан айында зауытты іске қосу жоспарлануда, ал 2013 жылдың тамыз айында 100%-ға шығу жоспарлануда.

31 жобаның ішінен 15 жобаға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілген.

Атап айтсақ, бағдарламының 1-ші бағыты аясында «Пайыздық ставкаларын субсидиялау» құралы бойынша 10 жоба өтті (Супер Фарм, ЛКЗ, База сервис, Энерджи Тараз, ЭнергоСтройПроект, Карат V, Куликов сүт өнімі, Та-Мақ, Құрылыс Полимер, ТМЗ), ал 1-ші бағыты аясында «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 4 жоба өткен (ACIG, Тараз құбыр зауыты, БиномСтройДеталь, Алтыналмас).

Сонымен қатар, 2013-2014 жылдары индустриаландыру Картасы бойынша жалпы соммасы 400,2 млрд. теңге құрайтын 9 инвестициялық жоба қосылулары жоспарланып, қосымша 2600 жаңа жұмыс орындары ашылмақ.



  1. «Үміт Қордай» ЖШС –сүт өнімдерін қайта өңдеу өндірісі. Жобаның сомасы – 100,0 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның қуаты – жылына 4,8 мың тонна сүт өнімдерін өндіру.

  2. «Компания A & T - энерго» ЖШС –Тасөткел су қоймасында кіші ГЭС құрылысы. Жобаның сомасы – 1050,0 млн. теңге, 20 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның қуаты – 9,2 млн. мВт.

  3. «Бірлік Энерго» ЖШС –шикі мұнайды өңдейтін зауыттың құрылысы. Жобаның сомасы – 199,0 млн. теңге, 38 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның қуаты - жылына 35,0 мың тонна мұнайды қайта өңдеу.

  4. «Тараз құбыр зауыты» ЖШС-і – полиэтилендік құбырлар, фитингтер және тамшылап суару құбырларын өндіретін зауытының құрылысы. Жобаның құны – 2424,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 3,5 мың тонна қысымды полиэтилендік құбырларды және тамшылай суаруға арналған құбырларды өндіру. Жоба бойынша 20 жаңа жұмыс орындары ашылды.

  5. «Казфосфат» ЖШС-і – Күкірт қышқылы цехінің құрылысы, жобаның құны – 8,1 млрд.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 600,0 мың тонна моногидрат өндіру. Жоба бойынша 138 жаңа жұмыс орындары ашылады.

  6. «Жамбылгипс» ЖШС-і – гипс және гипс өнімдерін өндіретін зауытының жаңаландыруы және қайта жаңғыртуы. Жобаның құны – 1715,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 11,0 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларды және гипсті бұйымдарды өндіру.

  7. «Тараз металлургия зауыты» ЖШС – Тараз қаласында ферробалқыма өндірісі мен оның шикізат қорының ауқымын кеңейту. Жобаның сомасы – 29,0 млрд. теңге құрайды, 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның қуаты – жылына 300 мың тонна ферро балқымаға дейін көбейту.

  8. «Энергостройпроект» ЖШС –Т.Рысқұлов ауданында Қарақыстақ өзенінде кіші ГЭС құрылысы. Жобаның сомасы – 1,0 млрд. теңге құрайды, 10 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның қуаты – жылына 10,13 млн. кВт/сағ.

  9. «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС –Талас ауданы Қаратау қаласында минералды тыңайтқыштарды өндіру зауытының құрылысы. Жобаның сомасы – 356,5 млрд. теңге құрайды, 2000 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның қуаты – жылына 1400 млн. тонна минералды тыңайтқыштарды өндіру.

ҚР ИЖТМ тарапынан Индустряландыру картасына енген жобаларды онлайн режимінде қадағалау мақсатында «Жобалық кеңсе» ақпаратты-талдау басқару жүйесі іске қосылған. Бүгінгі күнге «Жобалық кеңсе» формасы 100%-ға толтырылды.


Облыстық іс-шаралар
Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа-жылдық шыршасы
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өтетін жаңа жылдық шырша 2012 жылдың 26 желтоқсан күні облыстық «Баласағұн» концерт залында өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасына барлық аудандардан және Тараз қаласынан барлығы 200 бала қатысты. Қатысушылар құрамына 46 көп балалы және 101 аз қамтамасыз етілген отбасы балалары, 26 жетім балалар, 27 ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ оның ішінде 9-13 жас аралығындағы ата-аналары мүгедек балалар қамтылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өткен жаңа жылдық шыршаға жергілікті бюджет есебінен 14 млн. 907 мың теңге бөлінді.

Шыршаға қатысушылардың әрқайсысына Президенттің атынан 58 мың теңгенің көлемінде жаңажылдық сыйлықтар жасалды. Оның құрамына дубленка, спорттық киім, бас киім (спорттық шапка),спорттық аяқ киім (кроссовка), мектеп құралдары салынған рюкзак, тәтті сыйлық, жұмсақ ойыншықтар кіреді.


Облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасы
Облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасы 2012 жылдың 27 желтоқсан күні облыстық «Баласағұн» концерт залында өтті.

Облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасына барлық аудандардан және Тараз қаласынан 100 бала қатысты. Қатысушылар 34 көп балалы және 54 аз қамтамасыз етілген отбасы балалары, 2 жетім балалар, 10 ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде жалпы білім беру мекемелерінде және арнайы мектеп-интернаттарында оқитын 9-13 жас аралығындағы мүгедек балалар қамтылған.

Облыс әкімінің атынан өтетін жаңа жылдық шыршаға жергілікті бюджет есебінен 3 млн 727 мың теңге бөлінді. Оған қатысушы балалардың әрқайсысына 22 мың 500 теңге көлемінде сыйлықтар жасалды. Оның ішінде сырт киім (пуховик), тәтті сыйлық, жұмсақ ойыншықтар бар.
Елбасының қатысуымен өтетін Жалпыұлттық Телекөпір аясында Индустрияландыру картасындағы негізгі және резервтік

инвестициялық жобалардың іске қосылу

шараларын ұйымдастыру
2012 жылдың 25 желтоқсан күні де есте калатын бір жағдай, Елбасының қатысуымен өтетін Жалпыұлттық Телекөпірде Жамбыл облысының Шу ауданы бойынша 2 жоба ұсынды, олар:

1) Шу локомотив жөндеу зауытында – Маневрлік тепловоздардың өндірісі. Ағымдағы жылдың 25 мамырында Елбасының Жамбыл облысына іс-сапары кезінде бұл жоба бастамасын алып Казақстан және Қытай Халық Республикасының өкілдері арасында ортақ келісімге қол қойылған болатын. Бұл жоба қысқа мерзімде іске асырылып алдағы уақытта жылына 50 тепловоз шығаратын болады.

2) Аймақтық дамыту бағдарламасы аясында «ҚазТрансГаз» компаниясы газ секторын кеңейтіп Қордай ауданынан Шу қаласына дейін жүргізілген газ құбыры іске қосылуда. Бұл жоба Шу қаласын толықтай көгілдір отынмен қамтамасыз етеді.
«Үздік басқарма» облыстық байқауы
2012 жылғы 5 желтоқсан күнімемлекеттік тіл бағдарламасының талаптарын іске асыру жолында, ісжүргізуді мемлекеттік тілге көшіруде нәтижелі жұмыстар атқарып отырған үздік мекемелерді анықтау және оларға моральдық қолдау көрсетіп, үздіктерін өзге мекемелерге үлгі етіп, насихаттау мақсатында «Үздік мемлекеттік мекеме»атты облыстық байқауы өтті.

Аталғанбайқау жыл сайын «Үздік басқарма» деген атпен тек облыс әкімдігінің 17 басқармасының арасында өткізіліп келген. Биылғы жылы тұңғыш рет республикалық «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы аясында облыстағы барлық басқармалар мен республикалық бағыныстағы аумақтық мекемелер(барлығы 42) арасында ұйымдастырылды.

Мекемедегі мемлекеттік тілдің ахуалы мен тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында атқарып отырған жұмыс көрсеткіштері бойынша бас жүлде – Жамбыл облыстық ішкі істер департаментіне (Б.Аймағанбетов), І орын – Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментіне (М.Кулдиков), ІІ орын – Жамбыл облыстық кедендік бақылау департаменті (Е.Өмірзақов) мен облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасына (Б.Көпбосынов), ІІІ орын - Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті(Қ.Қазанғапов) мен Жамбыл облысы бойынша экология департаментіне (М.Қонысбеков) берілді.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы ішкі істер департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тілді ендірудегі жұмыстарға жауапты қызметкерлері өздерінің озық іс-тәжірибелерін баяндап, атқарған жұмыстарын көрсетті.


Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықты жою үшін

халықаралық күрес күніне «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн»

науқаны аясында іс – шаралар циклын өткізу

Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын

жою туралы халықаралық конвенцияның қабылдаған

күніне дөңгелек үстелдер өткізу
20 желтоқсанда өткен облыстық комиссияның отырысының күн тәртібінде Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының жұмыстары туралы тыңдалды. 2012 жылдың 23-26 желтоқсанда «Сен бақытты болуға туылдың» атты облыстық қоғамдық акция өтті. Акция кезеңінде үгіт автокөлігі плакаттармен безендіріліп, Тараз қаласының көшелерінде, аялдамаларында көпшілік арасында әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы насихаттау жұмыстары жүргізілді, бұл іс-шара барлық аудандарда да өтті. Жалпы білім беретін мектептерде «Менің бақытты жан ұям» атты сурет байқауы өтті.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы

Тұңғыш Президентінің күніне орай «КЕМЕЛДІ КЕЛЕШЕККЕ – КЕМЕҢГЕР БАСШЫСЫМЕН» атты жастар Форумын өткізу
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесіне орай30 қараша күні «Баласағұн» ОКЗ-даоблыс әкімі Қ.Бозымбаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыс әкімдігінің басқарма басшылары, құқық қорғау органдардың басшылары, аумақтағы қоғамдық-саяси ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени орталықтардың жетекшілері, «Жас Отан» жастар қанаты мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен«Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!»атты патриоттық Форумы болып өтті.Форумға 1000-нан аса патриоттар қатысты.

Форум Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлт бірлігін нығайту, өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялатуға, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін насихаттау мен ондағы Тұңғыш Президенттің, Ұлт көшбасшысының рөлін жеткізуге бағытталды.


«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай

16-17 желтоқсан күндері салтанатты жиналыс,

мерекелік шаралар ұйымдастыру
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесіне арнап, Тараз қаласы мен аудандарда, жоғарғы оқу орындары мен коллдеждерде, орта білім беру мекемелерінде, кітапханаларда, мұражайларда Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан жаңғырығы -Тәуелсіздік бастауы!»,«Егемендік пен елдің шежіресі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, «Тәуелсіз елдің бейнесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырыстары, «Тәуелсіздік құрдастары!»,«Тәуелсіздік – ұлы ұғым»акциялар т.б. көптеген іс-шаралар өткізілді. Мерекелік іс-шаралар Тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктердің негізінде қазақстандық қоғамның бірлігін нығайтуға бағытталды.

Сонымен қатар, 14 желтоқсанда облыс әкімі ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ азаматтарға мемлекеттік наградаларды салтанатты жағдайда табыс етті.Осы күні «Баласағұн» ОКЗ-да Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған облыс жұртшылығының қатысуымен салтанатты жиналыс өтті. Жиналыста облыс басшысы баяндама жасап, қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтады. Салтанатты жиын соңы облыс өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Іс-шараның өзекті мазмұны ретінде жыл нәтижелері қорытындыланып, әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған Елбасы тапсырмаларының өзекті аспектілері белгіленді.

Аудандар мен Тараз қаласында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыстар мен мерекелік концерттер ұйымдастырылып, еңбек ұжымдарында елдің дамуына айтарлықтай үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсету мен сыйлықақы беру қарастырылды. Барлық аудандардың орталық алаңдарында қоғамдық саяси, мәдени көпшілік және спорттық шаралар, сауда - саттық және көпшілік серуендер өтті.

Сонымен қатар, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші алдында Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды еске алып, оларға тағзым етіп, гүл қою шарасынан басталып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент саябағында мерекелік концерт және отшашумен жалғасты.


«Қазақстан - 2030» Даму Стратегиясын жүзеге асыру барысында Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында шығармашылық конкурс өткізу
2012 жылғы 26 желтоқсан күні Жамбыл облысының әлеуметтік - экономикалқ тыныс - тіршілігін түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында шығармашылық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс қорытындысы шығарылды. жергілікті журналистер арасында өткізілген конкурста 7 номинация бойынша 19 жеңімпаз анықталды. Үздік деп танылған журналистер облыс әкімінің арнайы грамотасы мен ақшалай сыйақысымен марапатталды.


Облыс әкімінің Қазақстан жазушылар одағы

облыстық филиалының мүшелерімен, зиялы қауым

өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру
26 желтоқсанда облыс әкімінің Қазақстан жазушылар одағы облыстық филиалының мүшелерімен, облыстағы зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында бір топ зиялы қауым өкілдерін облыс әкімі ақшалай сыйлықтармен марапаттады.



жүктеу 474,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау