«Азаматтыќ ќорєау туралы»



жүктеу 1,81 Mb.
бет8/11
Дата15.05.2018
өлшемі1,81 Mb.
#13782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

65-бап. Өрттерді сөндіру
1. Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған iс-әрекеттер болып табылады.

Қоныстану аумақтарында, стратегиялық, ерекше маңызы бар мемлекеттік объектілерде және мемлекет меншігіндегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өрт сөндіруді мемлекеттік өртке қарсы қызметтер жүзеге асырады.

Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрт сөндіру автомобильдері мен жеке құрамы өрт сөндіру деполарының ғимараттарында орналасады.

Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Басқа объектілердегі өрттерді сөндіруді мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілерде өрт сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет тартылған жағдайда шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпте жүргізіледі.

Өртке қарсы қызмет гарнизонына кіретін күштер мен құралдарды пайдалану тәртібі өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесімен, ал ауылдық жерлердегі аудандарда өрттерді сөндіруге күштер мен құралдарды тарту жоспарымен белгіленеді.

Өрттердi сөндiрудi ұйымдастырудың және оған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тарту тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттердi сөндiруге шығуы бұлжытпай жүзеге асырылады.

Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру үшiн елдi мекендердiң телефон жүйелерiнде «101» бiрыңғай нөмiрi орнатылады.

3. Өртке қарсы қызметтiң өрттi сөндiруге тартылған барлық бөлiмшелерi өрттi сөндiру жөнiндегi басшыға бағынады. Уәкілеттігі жоқ лауазымды тұлғалардың өрттi сөндiру жөнiндегi басшысының әрекеттеріне араласуына тыйым салынады.

4. Өртті сөндіруде тікелей басшылықты өртке келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды тұлғасы жүзеге асырады. Өрт сөндіру басшысы өрт сөндіру бойынша міндеттерді орындауға қатысатын жеке құрамды, сондай-ақ өртті сөндіруге тартылған күштерді дара басшылық қағидаттарында басқарады.

5. Уәкілетті орган басшысы барлық өртке қарсы қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының басшылары тиісті облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), облыстық маңызы бар қаланың, ауданның аумағында орналасқан барлық өртке қарсы қызметтерге қатысты аға жедел бастықтар болып табылады.

6. Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртiпте өтелуі тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажет болған жағдайларда өрт сөндiруге қатысқан өзге адамдар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.

7. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және қорғаныс, қылмыстық атқару жүйесі, әуе, ішкі су және темір жол көлігі, мемлекеттік орман қорының объектілеріндегі өрттерді сөндіру уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдерде белгіленеді.

8. Апаттарды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге төтенше ахуалдарды жою кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқасы) оларды жою жөніндегі басшының қарамағында болады.

9. Өрт сөндiру кезiнде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi:

1) өрт сөндiру үшiн көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды қоса алғанда, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердiң және ерікті өртке қарсы құралымдардың күштерi мен құралдарын тартуға;

2) өрттi сөндiру және жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде цехтер мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға, қажет болғанда қауiптi аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшiруге өкім беруге;

3) өрт кезiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кiруiн шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;

4) өрт кезiнде азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өрттi жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшiн азаматтардың тұрғын және өзге үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, дипломатиялық өкілдіктерден және консулдық мекемелерден, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа аумақтар мен үй-жайларға кедергісiз кiруге;

5) қажет болған жағдайларда адамдарды құтқару және өрттерді сөндiру үшін жабулы есiктер мен терезелердi, сондай-ақ қоршалған құрылыстарды бұзуға;

6) өрт сөндіру кезінде адамдарды құтқару үшін ұйымдардың көлігін, байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын қолдануға құқылы.

66-бап. Өрт сөндіру-техникалық өнімді өндіру
Өрт сөндіру-техникалық өнім Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өндіріледі.

Қазақстан Республикасының аумағында өрт сөндіру-техникалық өнімді қолдануға рұқсатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган береді.



67-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті растау
Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.

68-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері
Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері оның өмірлік циклінің өнімі мен процестері болып табылады.

69-бап. Жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Техникалық реттеу объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру кезінде:

1) объекттерді орналастыру;

2) объекттерді пайдалану;

3) объекттердің өрт сөндіру-техникалық жіктемесі;

4) объекттерді өрт депосының ғимараттарымен және құрылыстарымен қамтамасыз ету;

5) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) өрттің таралуын болдырмау;

7) өрт сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

8) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша талаптар сақталуы тиіс.

70-бап. Пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Техникалық реттеу объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезінде:

1) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;

2) адамдарды эвакуациялау жолдары;

3) өрт пайда болған кезде адамдардың қауіпсіздігін және іс-қимыл тәртібін қамтамасыз ету;

4) инженерлік жүйелердің жарақтандырылуы және жұмыс жай-күйі;

5) өрт автоматикасы жүйелерінің жарақтандырылуы және жұмыс жай-күйі, оған қызмет өрсету және тұрақты қызмет көрсету персоналы бар жерлерге шығару;

6) өрт техникасының жарақтандырылуы жұмыс жай-күйі;

7) өрттің таралуын болдырмау;

8) өртті сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

9) объектілердің аумақтарын, ғимараттар мен құрылыстарын, үй-жайларын ұстау;

10) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету бойынша талаптар сақталуы тиіс.

12-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау
71-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау объектінің меншік иесі мен сарапшы ұйым арасында жасалатын, тараптардың құқықтары мен міндеттері белгіленетін шарт негізінде жүргізіледі.

Тәуекелдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу кезінде сарапшы ұйымның құқықтары мен міндеттері шартта белгіленеді.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Сарапшы ұйым өрт қауіпсіздігі саласындағы өзге қызметті жүзеге асыруға, басқа жұмыстарды орындауға және (немесе) қызмет көрсетуге құқығы жоқ, сондай-ақ өзіне меншік құқығымен тиесілі объектіде өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалауды жүргізе алмайды.

2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау мынадай іс-шараларды:

1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдауды;

2) объектінің өрт қауіпсіздігінің жағдайы туралы объективті ақпарат алу, өрттің шығу және өршу, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету мүмкіндігін анықтау үшін, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін айқындау үшін объектіні тексеруді;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау жөніндегі есептерді жүргізуді;

4) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі немесе  сәйкессіздігі туралы қорытынды дайындауды қамтиды.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері қорытынды түрінде ресімделеді.

Сарапшы ұйым қорытынды жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қорытындының көшірмесін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

Қорытындының қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.

3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау мемлекеттік меншік объектілерінде, адамдар жаппай жиналатын және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде жүргізілмейді.

Тәуекелдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері объектілерді қатер дәрежесі бойынша бөлу үшін негіз болып табылады.



72-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Өзінің штатында мынадай талаптардың біріне сай келетін:

1) өрт қауіпсіздігі саласында жоғары білімі бар;

2) өзге жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, арнайы оқыту курстарынан өткен кемінде үш маманы бар ұйымдар сарапшы ұйымдар бола алады.

Сарапшы ұйымдар үшін мамандарды арнайы оқыту курстары мамандандырылған оқыту ұйымдарында өткізіледі, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

3. Аккредиттеу үшін ұйым мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2) ұйым жарғысының көшірмесін (тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

3) ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;

4) ұйым мамандарының білімі туралы, мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердегі жұмыс өтілі, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткені туралы құжаттарының көшірмелерін (тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

5) ұйымдарға меншік құқығымен немесе өзге заңды негізде тиесілі үй-жай, жабдық туралы мәліметтерді ұсынады.

4. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарастыру және олар бойынша шешім қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, оның құрамы мен қызмет тәртібін уәкілетті органның басшысы белгілейді.

Комиссия аккредиттеу туралы құжаттарды қарастыруды олар уәкілетті органға түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізеді және өтініш берушіге аккредиттеу аттестатын береді.

5. Ұсынылған құжаттар осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде мұндай бас тартудың себептері көрсетіле отырып, дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.

6. Аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде өтініш берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

7. Уәкілетті орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.

Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған кезден бастап есептеледі.

Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты сарапшы ұйым қайта аккредиттеу үшін осы бапта көзделген құжаттарды ұсынады.

8. Аккредиттеу аттестатында:

1) ұйымның атауы (аты және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету), орналасқан жері;

2) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;

3) аккредиттеу аттестатының сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген күні;

4) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі көрсетіледі.

Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.

Аккредиттеу аттестаты жалғыз данада беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.

Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары сарапшы ұйымның уәкілетті органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса) берген күнінен бастап жарамсыз деп саналады.

Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын береді.

9. Аккредиттеу аттестатынан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

10. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы:

1) сарапшы ұйымның аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтату туралы өтініш беруі;

2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуі;

3) заңды тұлғаның таратылуы;

4) аккредиттеу аттестатынан айыру негізінде тоқтатылады.

11. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, сарапшы ұйым аккредиттеу аттестатын уәкілетті органға он күн мерзімде қайтаруға міндетті.



13-тарау. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
73-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарын белгiлеу және орындау;

2) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк нормаларына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiнен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат беру;

3) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қауiпсiздiгiн декларациялау;

4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк бақылау;

5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасау;

6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргізуге ұйымды аттестаттау;

7) өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке мониторинг жүргізу;

8) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсетуі арқылы қамтамасыз етiледi.

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидалары өнеркәсiптiк персоналды, халық пен аумақтарды төтенше ахуалдардан қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық қауiпсiздiк, өрт қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау, құрылыс саласындағы нормаларға сәйкес болуы тиiс.

3. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

74-бап. Аварияларды жою жоспары
1. Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.

2. Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар, персонал мен авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.

3. Аварияларды жою жоспарында:

1) жедел бөлім;

2) аварияларды жоюға қатысатын персоналдың міндеттерін бөлу, олардың іс-қимылдарының дәйектілігі;

3) авария туындаған жағдайда хабардар етілетін және оны жоюға қатысатын лауазымды тұлғалар мен мекемелердің тізімдері көрсетіледі.

4. Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және ол кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен келісіледі.

75-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар
1. Қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі.

Ұйым оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар өткізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша ақпараттандырады.

2. Оқу дабылын ұйым басшысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және кәсіби авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесе отырып, жүргізеді.

3. Оқу дабылының қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйым басшысына жүктеледі.



76-бап. Қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың қабылдану сынақтарын жүргiзу
1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлер, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын техникалық құрылғылар, материалдар, оның iшiнде шетелде өндiрiлгендер өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi бойынша қабылдану сынақтарынан өтуі тиіс.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізу құқығын уәкiлеттi орган мен аттестатталған ұйымдар қабылдану сынақтарын жүргiзедi.

2. Уәкілетті орган аттестаттаған ұйымдар, қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың қабылдану сынақтарын жүргiзу жөнінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша түрде ақпараттандырады.

3. Аттестатталған ұйым қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың қабылдану сынағын мынадай құжаттар:

1) сынақ жүргiзу жөнiндегi комиссияның тағайындалғаны туралы бұйрық;

2) сынақ бағдарламасы мен әдiстемесі болған жағдайда жүргізеді.

4. Тәжiрибелiк үлгiлердің қабылдану сынақтары қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда жүргiзiлуі тиiс.

5. Уәкiлеттi органмен келiсiлу бойынша қабылдану сынақтары әзірлеушіде жүргiзiлуi мүмкiн. Сынақтардың көлемi мен оны жүргiзу тәртiбiн аттестатталған ұйым айқындайды.

6. Шетелде өндiрiлген қауіпті өндірістік объектілер, техникалық құрылғылар, материалдар бойынша Қазақстан Республикасында аттестатталған ұйымның жеткiзушi елінде үлгiлердің қабылдану сынақтарын жүргiзуiне жол берiледi. Мұндай сынақтарды жүргiзу уәкiлеттi органмен келiсiлу бойынша жүзеге асырылады.

7. Қабылдану сынақтарының нәтижелерi бойынша қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптары мен нормаларына сәйкестiгi, кемшiлiктерiнiң бар-жоғы туралы акт, оларды жою жөнiндегi ұсынымдар, өнiмнiң осы түрiн Қазақстан Республикасының аумағында қолдану жөнiнде ұсыныстар берiледi.



77-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді, технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, оның ішінде шетелде өндiрiлгендерді қолдануға рұқсат беру
1. Қауіпті өндірістік объектілерді, технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, оның ішінде шетелде өндiрiлгендерді қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және олардың қолданылу аясы туралы қысқаша ақпараты бар өтінішті технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысын қоса ұсынады.

2. Қауіпті өндірістік объектілер, технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган оларды қолдануға рұқсат бередi. Қауіпті өндірістік объектілерді, технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды оның ішінде шетелде өндірілгендерді қолдануға рұқсат беру бойынша материалдарды қарастыру мерзімі отыз күнтізбелік күнді құрайды.

3. Техникалық құрылғылар құрамына кіретін тораптарды, бөлшектерді, аспаптарды жинақтаушы бұйымдар қосалқы бөлшектерді қолдануға рұқсатты талап етпейді.

4. Пайдалану процесiнде қауіпті өндірістік объектілердің, технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, оның ішінде шетелде өндiрiлгендердің өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған жағдайда, оларды қолдану үшін берiлген рұқсат керi қайтарып алынады.

5. Қауіпті өндірістік объектілерді, технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдану үшін берiлген, керi қайтарып алынған рұқсаттардың есебiн жүргізуді уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

6. Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат барлық құқық субъектiлерi үшiн қолданылады.

7. Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін рұқсат берiлген және керi қайтарып алынған қауіпті өндірістік объектілерді, технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар, оның ішінде шетелде өндірілгендері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
78-бап. Жарылғыш материалдарды, оның iшiнде шетелде өндiрiлгендерді қолдануға рұқсат беру
1. Жарылғыш материалдарды, оның iшiнде шетелде өндiрiлгендерді қолдануға рұқсатты уәкiлеттi орган сынақтар кешенiн өткiзгеннен кейiн бередi, ол:

1) жарылғыш материалдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, оның iшiнде өнеркәсіптік қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуiне бақылау сынақтарын;

2) өндiрiстiк жағдайларда алдын ала және қабылдау сынақтарын;

3) өндiрiстiк сынақтарды бақылау сынақтарының нәтижелерiне байланысты бiр немесе екi кезеңде жүргiзудi қамтиды.

2. Сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссияның құрамына кәсiпорынның, сарапшы ұйымның және уәкiлеттi органның өкiлдерi енгiзiлуі тиiс.

3. Өтініш беруші рұқсат алу үшін уәкілетті органға тәжірибе жасалған партияны қабылдап алу сынақтарының актісімен және жарылыс жұмыстары саласындағы аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысымен қоса өтінішті мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.



79-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша сараптама жасау
1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша сараптама жасауға:

1) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салудың, кеңейтудiң, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың, консервациялаудың және жоюдың жобалық құжаттамасы.

Жобалық құжаттамаға өзгерістер енгiзiлген жағдайда қайта сараптама мiндеттi түрде жүргiзiлуі тиiс;

2) қауіпті өндірістік объектілер;

3) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;

4) өндiрiстiк қауiпсiздiк декларациясы;

5) ғимараттардың, құрылыстардың жағдайы;

6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізуге аттестатты алған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне ұйымдар;

7) жаңадан енгізілетін қауіпті өндірістік объектілердің жоба алды құжаттамалары және қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім қабылдау үшін қажетті қолданыстағы қауіпті өндірістік объектілері істерінің нақты жағдайы жатады.

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша сараптаманы уәкiлеттi орган аттестаттаған, өтініш беруші ұйымнан тәуелсіз ұйымдар қауiптi өндiрiстiк объект иесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.

3. Сараптама қорытындысы өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша жүргізілген сараптаманың нәтижесi болып табылады.

80-бап. Ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге аттестаттау
1. Ұйымдар мынадай:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында сараптама жүргiзу;

2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру;

3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;

4) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу;

5) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету құқығы бойынша аттестатталуға жатады.

2. Аттестаттау үшін ұйым уәкілетті органға өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, ұйым жарғысының көшірмесін, ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін, ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарымен белгіленген өтініш берілген жұмыс түрлеріне сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының түпнұсқасын, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы материалдық-техникалық базасында талаптар бойынша білімі тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы туралы мәліметтерді қоса өтінішті ұсынады.

3. Құжаттарды қарастыру құжаттардың толық көлемде тапсырылған күнінен бастап бiр айдан кешiктiрмей жүзеге асырылады.

4. Уәкiлеттi орган қарастыру қорытындысы бойынша аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

5. Аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы дәлелдi шешiм ұйымға шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмде берiледi.

6. Аттестатты беруден мынадай себептер бойынша:

1) осы баптың 3-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмағанда;

2) ұйым өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмегенде бас тартылуы мүмкiн.

Ұйым көрсетілген себептерді жойған жағдайда аттестаттау туралы өтініш жалпы негізде қаралады.

7. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.

Аттестат бланктері қатаң есептілік құжаты болып табылады, қорғанышы мен нөмірі болады.

Аттестат бір данада беріледі, оларды басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.

Уәкілетті органға субъектінің жазбаша өтініш (аттестаттың жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса берумен) берген күнінен бастап, жоғалған, бүлінген аттестаттар жарамсыз деп саналады.

Уәкілетті орган өтінішті берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аттестаттың телнұсқасын береді.

Ұйым осы баптың 1-тармағында көзделген азаматтық қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзу арқылы қызметін жүзеге асырған, оның ішінде объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы толық емес және/немесе дұрыс емес ақпаратты ұсынған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көзделген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тартады және аттестаттың қолданысын тоқтата тұрады.

Аттестаттың қолданысын тоқтата тұрудың себептері жойылмаған жағдайда аттестаттан айыру сот тәртібінде жүзеге асырылады.

Аттестаттың қолданысы:



  1. ұйым аттестатының қолданылуын тоқтату туралы өтінішін ұсынған;

  2. оның қолданылу мерзімі өткен;

  3. заңды тұлға таратылған

  4. аттестаттан айырған жағдайда тоқтатылады.

8. Аттестат алған ұйымдар немесе аттестат қолданылуының тоқтатылғаны туралы ақпараттарды уәкілетті орган интернет-ресурсында орналастырады немесе мемлекеттік және орыс тілдерінде республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды.

Уәкілетті орган берілген және қолданылуы тоқтатылған аттестаттардың тізілімін жүргізеді.

9. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру жағдайында аттестат құқық мирасқоры болып табылатын заңды тұлғаның атына бес жұмыс күні ішінде құқық мирасқорлық фактілерін растайтын құжаттарына қоса берілген жазбаша өтініші негізінде қайта ресімделеді.


жүктеу 1,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау