Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»



жүктеу 0,9 Mb.
бет1/6
Дата25.05.2018
өлшемі0,9 Mb.
#17212
  1   2   3   4   5   6




Жоба
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық

іс-шаралары көлемі мен мазмұны жөніндегі

нұсқаулықты бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 188–V Заңының 12-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр В. Божко

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2014 жылғы «___»____________

№ ___ бұйрығымен

бекітілген


Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулық «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленген және азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемінің тәртібін белгілейді.

2. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары - бұл халықты қорғау, соғыс уақытында экономика объектілері жұмысының тұрақтылығын арттыру, ықтимал қираулардың және қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарынан халықтың шығынының алдын алу және азайту, зақымдау ошақтарында, авариялар, апаттар және дүлей зілзалалар аудандарында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін жағдай жасау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.

Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының жалпы талаптарына: қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың салдарларынан халықты қорғауды қамтамасыз ету, объектілерде өрт қауіпсіздігін арттыру; электр энергиясымен, газбен, сумен резервтік жабдықтауды ұйымдастыру; зақымдау құралдарынан сумен жабдықтау объектілерін қорғау; объектілерді жарықтан қорғауды жүргізуге дайындық және басқалар жатады.

3. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны қазіргі заманғы зақымдау құралдары мен олардың қосалқы факторларының ықтимал әсер етуі бойынша аумақтарды аймақтарға бөлуді ескере отырып, қалалардың топтары мен азаматтық қорғаныс бойынша ұйымдардың санаттарына, сондай-ақ ықтимал авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың сипаты мен көлемдеріне байланысты айқындалады.

Азаматтық қорғау бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу тәртібі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабымен белгіленеді.

4. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары алдын ала әзірленеді және жүргізіледі.

Өзінің сипаты бойынша алдын ала жүзеге асыру мүмкін емес іс-шаралар соғыс уақытында жедел түрде жүргізіледі.

5. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың аумағы немесе 10 кПА-ға (кгс/см²) тең және одан да көп ауа соққы толқыны шебінде артық қысым туындауы ықтимал азаматтық қорғаныс бойынша санаттағы ұйымдар қатты қирауы ықтимал аймақты құрайды.

Қирауы ықтимал аймақтағы аумақтың бөлігі ауа соққысы толқынының шебінде 30кПа-ға (0,3 кгс/см²) тең және одан да көп қысым шегінде қатты қирауы ықтимал аймақты құрайды.

Қатты қирауы ықтимал аймақ пен қирауы ықтимал аймақ шекараларының арасында орналасқан аумақ аз қирауы ықтимал аймақты құрайды.

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың сыртына орналасқан осы санаттағы ұйымдардың жобалық құрылысының шекараларынан қатты және аз қирауы ықтимал аймақтардың шекараларын бөлу осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың, ал азаматтық қорғау бойынша санатқа жатқызылатын ұйымдардың жобалық құрылысының шекарасы жобалау нормаларының талаптарына сәйкес есеп беру мерзіміне әзірленіп бекітілген бас жоспармен анықталады.

6. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және осы санаттағы ұйымдардың қирауы ықтимал аймағы осы аймаққа ені 20 шақырым болатын аумақ жолағымен іргелес жатқан қауіпті радиоактивті зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақты құрайды. Атом станциясы үшін қауіпті радиоактивті зақымдану (ластану) аймағын қирауы ықтимал аймақ пен осы аймаққа іргелес жатқан қуаты 4 млн. кВт-ға дейін белгіленген атом станциясы үшін ені 20 шақырым аумақ жолағы және қуаты 4 млн. кВт-дан артық қуаты белгіленген атом станциясы үшін ені 40 шақырым аумақ жолағы құрайды.

Қауіпті радиоактивті зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақтың шекарасына іргелес жататын ені 100 шақырым аумақ жолағы радиоактивті зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақты құрайды.

7. Химиялық қауіпті объектілерге іргелес жатқан аумақтағы күшті әсер ететін улы заттары бар ыдыстар қираған жағдайда ерітінділері таралып, қорғалмаған адамдарды зақымдауы ықтимал аумақ қауіпті химиялық зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақты құрайды. Көрсетілген аймақтың шекарасын әсер ететін улы заттар құйылған ыдыстан бөлу осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

8. Ықтимал су тасқыны нәтижесінде жаппай адам шығыны, ғимараттар мен құрылыстардың қирауы, басқа да материалдық құндылықтардың бүлінуі немесе жойылуы апаттық су басуы ықтимал аймақты құрайды.

Апаттық су басуы ықтимал аймақтардың көлемі қалалық және ауылдық елді мекендерді, объектілерді, ғимараттар мен құрылыстарды ғимараттардың құрылыстарын салу үшін алаңды (трассалар) таңдауға негізделетін материалдарды әзірлеу кезінде анықталады.

9. Қирауы ықтимал, қауіпті химиялық зақымдануы ықтимал, апаттық су басуы ықтимал аймақтан тыс, сондай-ақ қауіпті радиоактивті зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақтан тыс және жергілікті және эвакуацияланған халықтың тіршілік әрекеттері үшін жарамды аймақтарда орналасқан облыстардың әкімшілік шекараларының шегіндегі аумақтар қауіпсіз аймақты құрайды.

10. Екі немесе одан да артық аймақтарды салу кезінде олардың ішкі контурлары бойынша бұл аймақтардың жалпы шекарасы белгіленеді.

11. Азаматтық қорғаныстың инженердік-техникалық іс-шаралары:

Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдардың бас схемасын, аумақтық дамудың өңіраралық схемасын, аумаққа қала құрылысын салуды жоспарлаудың кешенді схемасын жасау кезінде;

елді мекенді пункттердің бас жоспарларын жасау кезінде;

аудандық жоспарлау және аумақтарды, елді мекендерді, өнеркәсіптік аймақтарды салу схемалары мен жобаларын жасау кезінде;

ұйымдарды салу, кеңейту, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтау жобаларында;

кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салу жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеу, келісу және бекіту кезінде қажет.

Жұмыс істеп тұрған (салынып біткен) кәсіпорындарда азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жоспарлау осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары әзірленеді және оған тиісті жобалау, жобалау алдындағы және жобалау материалдарының түрлері енгізіледі және қажетті негіздемелерімен жүйелі түрде жеке бөлімге (томға, кітапқа) жинақталады.

Әзірленген іс-шаралардың көлемі мен оларды жүргізу мерзімі республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарымен айқындалады.

12. Жаңадан жоспарланған, кеңейтілген, реконструкцияланған қалалық және ауылдық елді мекендер, кәсіпорындар, ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ техникалық қайта жарақталған кәсіпорындар мен құрылыстар үшін азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жүзеге асырумен байланысты шығындар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалады және ерекше кезеңде орындалған іс-шараларға (жұмыстарға) кеткен шығындардан басқа оларды жекелеген ғимараттар мен құрылыстардың сметаларына, өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа арналған жиынтық сметалардың тиісті тараулары бойынша шығындардың жалпы сомасына қосады.

Қалалық және ауылдық елді мекендерде жұмыс істеп тұрған, құрылысы салынып біткен және реконструкциялауға (кеңейтуге) жатпайтын ұйымдарда азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары жоспарлау және көрсетілген қалалық және ауылдық елді мекендердің жобаларына, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген кәсіпорындардың, ғимараттардың және құрылыстардың жобаларына (жұмыс жобаларына) жеке әзірленген бөлімдердің негізінде орындалады.

Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары көзделмеген, салынып жатқан кәсіпорындар үшін жобаларға (жұмыс жобаларына) жеке бөлімдер әзірленеді.

13. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын әзірлеуге арналған тапсырма осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды әзірлеуге арналған тапсырмалардың құрамдас бөлігі болып табылады.

14. «Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары» бөлімін әзірлеу:


жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау