Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»


Гидротехникалық құрылыстардағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары



жүктеу 0,9 Mb.
бет4/6
Дата25.05.2018
өлшемі0,9 Mb.
#17212
1   2   3   4   5   6

2. Гидротехникалық құрылыстардағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
105. Каскадта гидротораптарды жобалау және салу кезінде жоғарыда орналасқан гидротораптардың қирау нәтижесінде бұзып өту толқыны өткен кездегі қатты қысымға тұрақтылықты, сондай-ақ су қоймаларының алдын ала үдетілген іске қосылуын есепке ала отырып, осы құрылыстардың шебі арқылы көрсетілген толқынды жіберу жағдайын қамтамасыз ететін іс-шаралар көзделеді.

Қолданыстағы және жобаланатын гидротораптарда соғыс уақытында су қоймасының алдын ала үдетілген іске қосылуын жүргізуді тиісті негіздемеде көздейді.

106. Гидроторапты жобалау кезінде толқынның бұзып өту және құрылыстар қираған жағдайда төменгі бьефте су басуы ықтимал аймақтар шегі параметрлерін айқындайды.

107. Гидротораптың қатты қысымды ұстайтын қақпағы бөгет бұзылған жағдайда қатты толқыннан төменгі бьефте аз мөлшердегі ықтимал қирау мен шығындарды есепке ала отырып, таңдалады.

108. Жоғарыда орналасқан гидротораптан қатты толқынның қалдықтарын шығару көзделетін жобаланатын гидротораптар бөгеттерінде қақпақтарды көтеру үшін крандардың саны қатты толқынның жүріп өту уақытына есептік шығару тесігінің ашылуынан шыға отырып, айқындалуы тиіс.

Қатты қысымға арналған гидротораптар бөгеттерінде су қоймасының тайыздануын алдын ала қамтамасыз ету үшін терең су тастау тесігін көздеу ұсынылады.

109. Азаматтық қорғаныс бойынша санатталған гидротораптардың кеме жүретін қондырғылары қақпақтар шлюздерінің қирауы қатты қысымға арналған құрылыстың қирауына әкеп сықпайтындай етіп шешілуі тиіс.

110. Магистральды су жолдарына шлюздарды жобалаған кезде жылжымалы қоректендіру көзінен оларға электр энергиясын беру мүмкіндігі көзделеді.

Шлюз жұмысын орталық пульттан басқару кезінде басқаруды жергілікті бекеттер қайталау қажет.

Кеме жүретін шлюздарды жобалаған кезде оның соғыс уақытында іске қосылу есебінен су қоймасының төменгі деңгейінде олар арқылы кемелерді өткізу қажеттілігі ескеріледі.

Шлюздарды жобалау кезінде тиісті қондырғылар мен жабдықтар, оның ішінде кеме жүретін құрылыстардың (шлюздардың) жобалық кеме жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ететін айлақты және бағыттаушы құрылыстар, кемелерді жіберу, олардың тұрағы мен жүргенде маневр жасаудың қауіпсіз жағдайы көзделеді.

111. Жұмыс істеп тұрған, жобаланатын және салынып жатқан гидротораптарда республиканың (облыстардың) тиісті басқару пункттеріне қысымды шеп құрылыстары қираған жағдайда олардың төменгі бьефінде су деңгейінің апатты артуы туралы дабыл беруді қамтамасыз ететін, кейіннен су басу қауіпі туралы азаматтық қорғаныстың құлақтандыру жүйесі бойынша дабылды беру үшін аспаптар орнатылады.



6-тарау. Электр байланыстағы, радиохабар тарату мен телевизиядағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық

іс-шаралары
1. Электр байланыстағы азаматтық қорғаныстың

инженерлік-техникалық іс-шаралары
114. Байланыстың магистральдық және кабельдік желілері қатты қирауы мүмкін аймақтардан тыс, ал байланыстың магистральдық радиорелейлік желілері – қирауы мүмкін аймақтан тыс төселуі тиіс.

Байланыстың магистральдық кабельдік желілерінің трассалары, сондай-ақ апатты су басуы ық кабельдік желілер мәжбүрлікпен түскен жағдайда бұл аймақта күшейтілген (қайта өңделген) пункттерді орналастырмай, талшықты-оптикалық және сым кабельдерін төсеу көзделеді.

113. Магистральдық бастапқы желілердің барлық желілік тораптары мен қалаларалық желілердің автоматтық коммутация тораптары қирауы ықтимал аймақтардан және апатты су басуы мүмкін, сондай-ақ қауіпті радиоактивтік зақымдануы (ластануы) мүмкін аймақтардан тыс және қауіпті химиялық зақымдануы ықтимал аймақтар шегінде орналасады. Жекелеген жағдайлардағы ерекшелікке бөлудің желілік тораптары үшін ғана жол беріледі.

Желілік тораптар азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды айналып өтуде транзиттік байланыс желілерін ұйымдастыруды, байланыстың телефондық-телеграфтық арналарын және деректерді беру желілерінің арналарын, сондай-ақ басқа министрліктер мен ведомстволар байланысының желілік станцияларын қамтамасыз етеді.

114. Байланыстың бастапқы желісінің желілік тораптарының беру сымдары, станциялық құрылыстары және оларға қызмет көрсететін персонал ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларынан қорғалады.

Байланыстың қорғалған тораптарының техникалық ғимараты соққы толқынның шебіндегі артық қысым есебін есепке ала отырып, әзірленеді және осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес қабылданады.

115. Сол магистралдық желілік станция үшін арналарды беруді қамтамасыз ететін желілік тораптар, сондай-ақ көрші облыстарда орналастырылатын желілік тораптар бір-бірінен олардың бас жоспары бойынша қалалардың құрылыс аумақтарын кеңейту перспективасын есепке ала отырып, кем дегенде 30 ш.м. қашықтықта орналастырылады.

116. Бір географиялық бағыттағы байланыстың магистралдық кабельдік және радиорелелік желілері қирауы немесе апатты су басуы мүмкін сол бір аймаққа келіп түспейтін тартылған трасса бойынша жобалануы тиіс.

117. Байланыстың магистральдық кабельдік желілер трассасы бойынша байланыстың радиорелелік құрылысын салуға олар арасында ұйымдасатын арналар шоғын бөлу жағдайында жол беріледі, бұл ретте байланыстың бірыңғай автоматтандырылған желісінің желілік тораптары мен торапты радиорелелік станцияларды орнату резервтеудің жылжымалы құралдарын пайдалану мүмкіндігін есепке ала отырып, көзделеді.

118. Әр трасса бойынша тек бір ғана байланыстың магистральдық кабельдік желілерінің құрылысы көзделеді. Байланыстың жұмыс істеп тұрған магистральдық кабельдік желілерімен бір трасса бойынша байланыстың магистральдық кабельдік желілерін қайта төсеу бағыттағы жаңа трассаны қарастыру мүмкін болмаған ерекше жағдайларда жол беріледі.

119. Кеме жүретін өзен арқылы байланыстың магистральдық кабельдік желілерінің өтуі бірінен-бірі тартылған екі қақпақ бойынша көзделеді.

120. Желіні қайта құруда ең маңызды ақпарат берудің сенімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ету үшін пайдалану процесінде нақты туындайтын жағдайды есепке ала отырып, ведомстволық желінің басқару жүйесі жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілерінің жедел-техникалық басқару жүйелерімен өзара іс-қимылы көзделеді.

121. Ведомстволық бастапқы желілерді жобалаған кезде байланыстың бірыңғай автоматтандырылған желісінің ведомстволық тораптары мен жақын орналасқан желілік тораптар арасындағы біріктіру желілерін ұйымдастыру жолымен жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілерімен оларды үйлестіру көзделеді.

122. Желілік тораптарда жедел-техникалық басқару қызметінің жабдығы мен алаңдар резервін және қажет болған жағдайда Қарулы Күштер, басқа да әскерлер және әскери құрамалар объектілеріне байланыстың қосымша арналарын ұйымдастыру үшін электр қоректендіргіш қондырғы орнату мүмкіндігін көздейді.

123. Байланыстың кабельдік немесе радиорелелік магистральдық желілері трассасының әрбір 1000 ш.м. бұзылған желілерді қалпына келтіру кезінде салушы ретінде пайдаланылатын 10 жылжымалы және радиорелелік станция, резервтік кабельдерді сақтау үшін үй-жайымен оларға бір арнайы гараж көзделеді. Арнайы гараж қирауы мүмкін аймақтан тыс орналасқан осы желілердің желілік тораптарының бірінен алаңға орналастырады.

124. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамалары құралдарын қоса алғанда, байланыстың жылжымалы құралдарын олардың аумағындағы тораптарға қосу мүмкіндігі үшін желілік кабельдерімен біріктірілген жылжымалы коммутациялық шкаф көзделеді.

125. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардың жаңа автоматты телефон станцияларын салуды жобалау немесе жұмыс істеп тұрған станцияны реконструкциялау кезінде:

1) автоматты телефон станциясының әр ауданынан абоненттік сыйымдылық бөлігін беру есебімен көрші ауданға шкафаралық байланыс кабельдерін төсемдерін беру;

2) барлық түрдегі автоматты телефон станцияларында азаматтық қорғаныстың құлақтандыру құралдарымен айналымдық шақыру мен қашықтан басқарудың арнайы аспабын, бағдарламалық қосымшаларды, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органда азаматтық қорғанысты құлақтандыру құралдарымен қашықтықтан басқару мүмкіндіктер болмаған кезде станцияларда жергілікті басқару мүмкіндіктерімен айналымдық шақырудың бағдарламалы-аппараттық кешенін орнатуды көздеу қажет.

126. Қалаларда басқарудың қосалқы пункттерін жобалау кезінде оған байланыстың қорғалған тораптарын орнату көзделеді. Ұйымдардың басқару пункттерінен осы байланыс торабына дейін байланыстың жер үсті коммутациялық қондырғыларын айналып өтіп жүргізуге байланыстың кабельдік желілері төселеді.

127. Тарататын және қабылдайтын радиостанциялар (радиоорталықтар) магистральдық радиорелелік желілердің тораптық станциялары (тіке көрінетін және тропосферлік сейілу) және телефондық арналарды бөле отырып, ғарыштық байланыстың жер үсті станциялары, сондай-ақ қабылдау қондырғылары және хабар тарататын радиостанциялар қатты қирауы мүмкін аймақтардан және апатты су басуы мүмкін аймақтардан тыс орналастырылады.

128. Республикалық және қорғаныстық маңызы бар байланысты тарататын және қабылдайтын құралдары (радиоорталықтар) үшін қорғалған құрылыстарда тиісінше электрмен жабдықтаудың автономиялық көздерімен кепілдендірілген радиоқабылдағыштардың жалпы санынан 20-25 кВт және 10-15% жалпы тығыздықпен кем дегенде екі қысқа толқынды таратқыш орнату, сондай-ақ резервтік жылдам айналатын антеннаның қажетті саны көзделеді.

Осы электрмен жабдықтау көздерінің қуаты көрсетілген жабдықпен электр энергиясын тұтыну арқылы белгіленеді.

129.Тарататын және қабылдайтын радиостанциялардан (радиоорталықтардан) байланыстың бірыңғай автоматтандырылған желісінің желілік тораптарына және осы радиостанциялар (радиоорталықтар) жұмысын қамтамасыз ететін басқару пункттерінің қала маңындағы тораптарына қосу желілерін төсейді, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар мен санаттарға жатқызылған ұйымдарды айнала тиісті тарататын және қабылдайтын радиостанциялар арасында қосу желілері көзделеді.

130. Желілік телерадиохабар таратудың қалалық жүйелері құлақтандыру жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда осы желілерді жобалаған кезде:

байланыстың кабельдік желілерін;

станциялық қондырғыны резервте сақтаудың жылжымалы құралын;

барлық қалалар мен аудан орталықтарын телерадиохабар тарату желілерінің резервтік жылжымалы құралын көздейді.

131. Қалалық және ауылдық жерлерде радиохабарын тарату желілері санының есебі бойынша қажет етілетін халықты құлақтандырудың дауыс зорайтқыш құралдарымен қамтамасыз етіледі.


2. Радиохабар таратуда және телевизияда азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
132. Республикалық радиохабар тарату жұмыстарының тұрықтылығын арттыру үшін мыналарды көздейді:

1) хабар таратудың қосалқы орталығының және оларды республикалық байланыс тораптарында құрылған коммутациялық-бөлу аппараттарының кабельді байлау желілерінің құрылысы. Бұл ретте, хабар таратудың қосалқы орталығының қорғау құрылысын қоршайтын конструкциясы: республикалық радиохабар тарату объектілері үшін 200 кПа (2 кгс/см²), қалалық және жергілікті радиохабар тарату объектілері үшін 100 кПа (2 кгс/см²) артық ауа соққы толқынының артық қысымына есептелінеді;

2) бағдарламаларды байланыстың талшықты-оптикалық желілері және кабельді магистральды ішкі аймақтық байланыс желілерінің жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері бойынша ғана беру (бөлу);

3) ықтимал қираулар және апатты су басуы мүмкін аймақтардан тыс орналасқан және аппараттық-студиялық блоктар мен жылжымалы құралдарды қосу пункттерін қайталайтын (күшейткіш пункттерге, радиоорталықтарға және т.б. қызмет көрсететін) объектілердің құрамында құру көзделеді.

133. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың қалалық, жергілікті жерлердің радиохабар тарату жұмысының тұрақтылығын:

1) азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған облыстардың, қалалардың басқару пункттерінің қорғалатын жұмыс ғимараттарында радиохабар тарату кешендері мен коммутациялық-бөлу аппараттарын орналастыру;

2) хабар тарату бағдарламаларын тек қана кабельді магистральды және жалпы пайдаланудағы телекоммуникация байланыс торабының аймақтан тыс желілер, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылатын қалалардың кабельді радиотрансляциялық желілер бойынша ғана беру (бөлу);

3) азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде радиотелеорталықтары мен байланыс кәсіпорындарының радиохабар тарататын сөйлеу студияларын пайдалану жолдары арқылы арттыру қажет.

134. Телевизиялық хабар таратудың тұрақтылығын арттыру мақсатында ықтимал қираулар және апатты су басуы мүмкін аймақтардан тыс торапты радиорелелі станциялар мен ғарыштық байланыс станцияларына жақын қала сыртына орналасқан қорғалмаған телеорталықтардың өндірістік базаларын құрады.
7-тарау. Көліктегі азаматтық қорғаныстың

инженерлік-техникалық іс-шаралары
1. Теміржол көлігіндегі азаматтық қорғаныс

инженерлік-техникалық іс-шаралары
135. Соғыс уақытында істен шығуы мүмкін пойыздар жүрісінің ұзақ іркілісін туғызуы мүмкін азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалаларда орналасқан пойыздардың тораптар мен станцияларға кіруінсіз өткізуге арналған бұрыштық жалғағыш жолдары салынады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, жолдарды бөлшектеу арқылы уақытша толассыз жол төсеуге рұқсат беріледі.

Станциядан айналып өту жолдарының қашықтығы станцияның мәніне және жергілікті жердің жағдайына байланысты белгіленеді.

Разрядты жүктері бар (жарылғыш заттар мен материалдар, қатты улағыш және басқа да заттар) пойыздарды өткізу, өңдеу және тоқтату айналма жол немесе төселген жолдардың барлық бойындағы жақын маңдағы ғимараттар мен құрылыстардан адамдарды көшіру жағдайы кезінде станция немесе тораптардағы уақытша толассыз жолдарға төселген жолдар арқылы ғана жүзеге асырылады.

Осы жүктерді тиеуге (қайта тиеуге) арналған алаңдар, разрядты жүктері бар вагондардың (цистерналардың) жинақталуына (бос тұруы) арналған теміржол жолдары тұрғын үйлерден, өндірістік және қоймалық ғимараттардан, басқа пойыздар тұрағының орындарынан 250 м қашықтыққа алыстатылады. Аталған объектілер күшті әсер ететін улағыш заттарды тасуда су бүркеніштерін қою және су құю (газсыздандыру) жүйесімен, сондай-ақ ықтимал қауіпті химиялық зақымдалу аймақтарда тұратын, жұмыс істейтін персонал мен халықты күшті әсер ететін улағыш заттардан болатын авария туралы құлақтандырудың жергілікті жүйесімен жабдықталады.

136. Азаматтық қорғаныс бойынша ерекше маңызды санаттағы ұйымдарға жатқызылған жол тораптары мен станциялары, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы тораптар мен станциялар арқылы пойыздардың берілген көлемдегі жүрістерінің тоқтаусыз өткізілуін ұйымдастыру үшін ықтимал қатты қираулар аймақтарынан және ықтимал апаттық су басу аймақтарынан тыс орналасқан торап алды станциялары дайындалады.

137. Жаңа желілер азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалаларда орналасқан ірі теміржол тораптарына жалғаспайды, керісінше ықтимал күшті қирау аймақтарынан және ықтимал апаттық су басу аймақтарынан тыс орналасқан торап алды учаскелік немесе аралық станцияларда жүзеге асырылады.

138. Жаңа теміржол желілерін салуда және жұмыс істеп тұрған теміржол желілерін реконструкциялау, сондай-ақ азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалаларда орналасқан тораптар мен станцияларды (немесе азаматтық қорғаныс бойынша ерекше маңызды санаттағы ұйымдар болып табылатын) дамытуда жарамды учаскелер желілерінің өткізілу қабілеттілігі жұмыс ауысымдарын тасу бойынша тасымалдау және халықты көшіруді қамтамасыз етуді есепке ала отырып анықталады. Қозғалыстың есептеу көлемі жобалауға арналған тапсырма арқылы белгіленеді.

139. Ықтимал күшті қираулар аймақтарында орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда және санаттарға жатқызылған ұйымдарда қайтадан жобаланатын жол өткелдерді тораптық станциялар және азаматтық қорғаныс бойынша ерекше маңызды санаттағы ұйымды мүмкіндігінше шашыраңқы орналастыру көзделеді.

140. Жылжымалы құрамның қайтадан жобаланатын автокөліктердің база-тұрақтары, материалдық резервтердің базалары мен қоймалары, жанармай және майлау материалдарының базистік қоймалары, зарарсыздандыру-жуу және жуу-булау станциялары, вагондарды тасымалдауға дайындау станциялары, есептеу орталықтары және басқа да осыған ұқсас өндірістік объектілер ықтимал қирау аймақтарынан және ықтимал апаттық су басулар аймақтарынан тыс орналастырылады.

141. Қайтадан жобаланатын және жаңартылатын зарарсыздандыру-жуу және жуу-булау станциялары, вагондарды тасымалдауға дайындайтын пункттер, локомотив және вагон деполарының жуу қондырғылары, сондай-ақ айналма жолдары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар жылжымалы құрамды залалсыздандыруға бейімделеді.

Бұдан басқа ықтимал қауіпті радиоакивті ластану аймақтары шегінде, атом станцияларының айналасында орналасқан магистральдық теміржол желілерінде, осы аймақтардың кіру және шығу жолдарында жылжымалы құрамды арнайы өңдеудің және халықты санитариялық өңдеудің жылжу пункттерін құру үшін қажет алаңдар және арнайы қондырғылардың болуы көзделеді.

142. Теміржол желілерін электрлендіру кезінде тепловоз шаруашылығын орналастыруды сақтауды, тепловоз қосалқыларына арналған тұрақ базаларын құруды, сондай-ақ жанармай және майлау материалдарына арналған сыйымдылықтарды тепловоздық тартымға ауысу қажет болғанда қамтамасыз ету мақсатында алдын ала ескереді. Тепловоздық шаруашылықтың орналастырылуын, тепловоздардың қосалқыларын сақтау, сондай-ақ электрлік тартымға бейімделген қондырғыларды пайдалану жобалауға белгіленген тапсырмамен қозғалыстың есептелген көлемінің бөлігінің орындалуын қамтамасыз етеді.

143. Темір жолдардың электрлендірілетін учаскелерінің сыртқы электрмен жабдықтау схемаларын құруда электрмен қоректендіру көздерінен тәуелсіз тартым шағын станцияларының екі жақты қоректендірілуі көзделеді.

144. Бұл учаскелердің сыртқы электрмен жабдықтау қондырғылары бойынша өткізу қабілеттілігі сыртқы электрмен жабдықтау көздерінің бірі түсіп қалған жағдайда пойыздар жүрісінің берілген тапсырмасын қамтамасыз етуге есептелген.

145. Қайтадан салынып жатқан тартымдық шағын станциялар ықтимал күшті қирау аймақтары және ықтимал апаттық су басу аймақтары шегінен тыс орналасады.

Тартымдық шағын станциялар жол бөлімдері басқармаларының қала сыртындағы пункттерінің байланысымен қамтамасыз етіледі.

Бұл ретте көршілес тартымдық шағын станциялардың қуаттылығы және түйіспе желілері сымдарының қимасы аталған тартымдық станциялардың бірінің түсіп қалу жағдайында қозғалыстың берілген тапсырмасын қамтамасыз етуге есептеледі.

146. Азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалаларда орналасқан (немесе азаматтық қорғаныс бойынша ерекше маңызды санаттағы ұйымдар болып табылатын) темір жол тораптары мен станцияларының, сондай-ақ осы тораптар мен станцияларға жалғасатын жаңа темір жол желілерінің белгі беру, орталықтандыру, блоктау және байланыстыру қондырғыларының жобалауда және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялауда темір жол тораптары мен станцияларының ықтимал күшті қираулар аймақтар шегінде жер асты (су асты) осы қондырғылардың қоректендірілуінің кабельді жоғары вольтті желілерін салу көзделеді.

Магистральды және жол байланысы желілері азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалаларды айналып өтіп, ықтимал күшті қирау аймақтарынан тыс жерлерде салуды қажет етеді.

147. Белгі беру, орталықтандыру, байланысты және сумен жабдықтауды блоктау қондырғыларын электрмен қоректендіруді қамтамасыз ету үшін электрмен қоректендірудің стационарлық резервтік автономдық көздері алдын ала ескеріледі.

Электрмен қоректендірудің стационарлық резервтік автономдық көздерінің саны, қуаттылығы, қорғаныштығы және орнатылу орындары жобалауға арналған тиісті тапсырмалар арқылы анықталады.

148. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және оның азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалаларда орналасқан филиалдары ықтимал апаттық су басу аймақтарынан тыс орналасқан басқарманың қосалқы пункттерімен қамтамасыз етіледі.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның филиалдары қызметкерлерінің жедел құрамы үшін, сондай-ақ ерекше маңызды объектілерге жатқызылған және тұрақты орналастыру орындарында қалатын азаматтық қорғаныс бойынша санатталған теміржол станцияларының кезекші жедел-басқарушы персоналы үшін теміржолдарды пайдалану жұмысын үздіксіз басқаруды қамтамасыз ететін барынша аз қажетті техникалық құралдармен жабдықталған басқарудың қорғалған пункттерін алдын ала ескеру керек.
2. Метрополитендердегі азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шаралары
149. Жер асты желілерінің немесе метрополитен учаскелерінің жаңаларын жобалауда және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау оларды бейбіт және соғыс уақытында халықты қорғауға арналған пана құралы ретінде бейімдеу көзделеді.

150. Метрополитенге жасырынған халықты станциялар платформаларында, тұйықтарда, түрлі желілер арасындағы жалғастырушы тармақшалар және электр деполарының тармақтарына жайғастыру көзделеді.

Өзен асты арналары мен су қоймаларында орналасқан метрополитен тоннелінің учаскелерінде, сондай-ақ жекелеген жағдайларда суға кенелген орнықсыз жерлерде паналаған халықты орналастыруды көздемейді.

151. Метрополитенде жасырынған халықтың есептік санын жасырынатын бір адам орнының нормасы есебінен анықтау көзделеді.

152. Метрополитен станцияларындағы кіру жолдарының саны мен өткізу қабілеттілігі бейбіт уақытта күтілетін жолаушылар ағыны есебінен анықталады.

Екі аралықтағы қосымша кіру жолдары жасырынушылар санының және олардың осы екі аралықты толтыру уақытының есебінен шығарылған тапсырмаларға сәйкес алдын ала ескерілуі тиіс.

Метрополитеннің барлық кіру жолдары жасырынушылар ағынын реттейтін жергілікті және қашықтан басқару қондырғыларымен жабдықталады.

153. Екі-үш бөлікке осы мақсатқа метрополитендердің жер үстімен жалғасатын жер асты құрылыстарын бейімдей отырып, бір қорғалған эвакуациялық шығудың алдын ала ескерілгені жөн.

154. Пана ретінде бейімделген метрополитендер құрылыстарында жасырынған халықтың үздіксіз болуының есептік ұзақтығы екі тәулік.

Жасырынған халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін резервтік электрмен жабдықтаудың, ауамен жабдықтаудың, кәріз және су төгу, сондай-ақ басқару, белгі беру, хабарлау байланысы және өртке қарсы қорғалатын жүйелері көзделеді. Азық-түлік, медициналық заттарды сақтау үшін, сондай-ақ жасырынған халыққа медициналық қызмет көрсету үшін станцияларда және вестибюльдерде бейімделген жекелеген қызметтік үй-жайлардың болуы көзделеді.

Бейбіт уақытта пайдаланылатын метрополитендер құрылыстары мен қондырғылары жасырынған халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.
3. Автомобиль жолдарындағы азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шаралары
155. Қазақстан Республикасы жалпы желісінің халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалаларды салу жобаларының шекарасынан 2 шақырым қашықтықта салынады.

Аталған жолдар азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалалар арқылы өтетін болса, қалаларды салу жобаларының шекарасынан 2 шақырым шықтықта салынған айналма автомобиль жолдары салынады.

156. Автомобиль желілері дамыған кезде қалалық магистральдардың қала сырты магистральдық жолдарымен түйісуі, сондай-ақ теміржол станцияларына және порттарға – көшірілген халықтың қону (ұшу) пункттеріне автомобильдік айналма жолдарды салу көзделеді.

157. Азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалалардан тыс орналастырылған кеме жүзетін өзендер арқылы өтетін автожол және теміржол көпірлерін олардың бір ядролық жарылыспен бір мезгілде қирауын болдырмайтын қашықтықтарда орналастырылады.

158. Ықтимал қауіпті радиоактивті ластану аймағын кесіп өтетін автомобиль магистральдарында, атом станцияларының айналасында, осы аймақпен қиылысатын жерлерде атом станцияларында авариялар болатын жағдайда автокөліктің жылжымалы құрамын, ауыл шаруашылығы малдарын, үй тұрмысының киімдері мен заттарын, сондай-ақ адамдарға санитариялық өңдеу жасау үшін арнайы өңдеуге бейімделген автокөлікті жуу және қарауға арналған алаңдардың салынуы көзделеді.

159. Атом станцияларының ықтимал қауіпті радиоактивті ластану (зақымдалу) аймақтарында атом станцияларына қарама-қарсы үш-төрт бағыттағы шығуларды қамтамасыз ететін қатты төсемді екі жолды ғана жобалауды қажет етеді.



жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау