ҚАЙЫПНАЗАРОВА НҰРГҮЛ АДАЙҚЫЗЫ
ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ Ғ.МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ №17 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
«Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру бағытындағы жұмыстар»
Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған».
«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Сондықтан мектептің, мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты-өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептердің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі.
Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс.
Мұғалім ең алдымен:
-сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек.
-Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек.
- Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу.
- Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.
Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек.
Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді.
Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсіл көмегімен өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру-әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады
2007 жылдан бастап «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технолгиясының стратегияларын сабақтарыма қолдана бастадым. Бұл бағдарламаға дейін мен оқытудың басқа әдістерін пайдаланып сабақтар өткізгенімде көбіне өзім сөйлеп, берген сұрақтарыма қысқа ғана жауап алып,тіпті бір баланың жауабы болмаса, екінші,үшінші баладан сұрап, кей бала,елеусіз қалып отыратын уақыт та жетпейтін. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы. Өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған ойлау оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес оны шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді. Оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал оқушы белсенділігін артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Әрбір стратегияларды өзіміздің жұмыс істей отырып меңгергенімізге қарап, мұндай меңгерудің есте ұзақ, түсінікті түрде сақталатынын байқадық. Тағы қандай жұмыс түрін атқарамыз деген қызығушылық, келесі сабақты асыға күтуге деген ынтаны оянуына мүмкіндік туғызады.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Ағылшын тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы.Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес
Мен оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын өзімнің қазіргі 7 сынып оқушыларыма 5 сыныптан бастап қолданып келемін. Менің ашық сабақтарым әрдайым қызықты және шығармашыл болып келеді. Өйткені, мен сыни тұрғысынан ойлауды бағдарламасын үнемі тәсілдерін қолданып келемін. Сол сыныбымен бірге «British customs and traditions» атты үйірме жүргізіп келеді. 5 сыныпта “Halloween” атты ашық сабақ өттім. Кештің басы «Brainstorming questions», яғни «миға шабуыл» тәсілімен басталды.
І. Brainstorming (Ой қозғау)
Мен 5«а» сыныбында өткен «What do we know about Halloween ?» сабағымда ой қозғау мақсатында сұрақтар дайындадым.
ІІ. INSERT мағынаны тану барысында қолдандым.
«What do we know Halloween ?»
V – I know
|
- I don’t know
|
+- It is new for me
|
-?- It surprised
|
Halloween is a holiday.
|
The history of Halloween.
|
People wear carnival costumes often scary and go out into the streets to celebrate.
|
Children ask from grown-ups “Trick or Treat”
|
III. Realization of the meaning ой толғаныс кезеңінде «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасын» қолдандым. Мысалы 5 жолды өлеңді оқушылар былай жазды:
Halloween
Happy, scary,
To celebrate, to have a fun
Halloween is a big holiday
Great Britain
Келесі жылы 6 сыныпта мен сол сыныбыма «Christmas» атты ашық сабақ өткіздім. Сабақ әдеттегідей «Brainstorming questions», яғни «миға шабуыл» тәсіліменен басталды. Содан кейін “ A Magic stick”, яғни «Сиқырлы таяқша» ойынын қолдандым. Үй тапсырмасы Санта Клаусқа хат жазу болды. Оқушылар тамаша хаттарын оқыды
Мысалы 6 сыныпта өткізген «Christmas» атты ашық сабақ.
Brainstorming questions:
Ой толғаныс.
What is the weather like today?
It is cloudy, frosty and cold.
What season is it now ?
It is winter.
What activities can children do in winter?
Мұнда мәтіннен алған әсері бойынша шығармашылық тапсырма беруге болады.
Play a game: “ A Magic stick”.
Say one sentence about winter. The next pupil must add another sentence after the previous one. The 1st pupil says : “It’s winter now ” . The next pupil repeats the first sentence and add his own sentence about winter. “It’s winter now. It’s very cold in winter”.
Үй тапсырмасы Санта Клаусқа хат жазу болды. Оқушылар тамаша хаттарын оқыды.
To check up homework:
To write a letter to Santa Claus: “How we celebrate New Years’ Day”
Осы жылы мен осы сыныпқа “Bonfire Night” атты ашық сабақ өткіздім. Ол сабақ кешпен жалғасты.
Brainstorming questions:
Have you ever heard about “Bonfire Night”
What do children do on that day?
When do we celebrate “Bonfire Night”
Reflection:
Was the lesson interesting for you ?
What useful facts have you taken from this lesson?
Who was active at the lesson?
Мақсатқа жету оқушылар арқылы жүзеге асады. Оқушы басты тұлғаға айналады, ал мұғалім білімді беруші ғана емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырушы, баланың қабілетін, көзін ашушы тұлға.Мен баланың білімге деген қызығушылығын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Ол жүйе мына төмендегідей:
Тақырыпқа байланысты хабарламалар;
Оқушылардың тақырыпқа, жаңа сөздерге, мәтіндерге байланысты қысқа әңгімелері;
Шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар (мәтіндерге, сөздерге байланысты қысқа әңгімелер, эсселер);
Жарыстар, сайыстар ұйымдастыру;
Әртүрлі танымдық ойындар ұйымдастыру;
Сабақтың әртүрлі формада өтуін қамту.
Шындығында келгенде сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістемесін пайдалануда көмегі көп. Ол арқылы тек қана оқушы емес мұғалім де әркез шығармашыл болып келеді.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушының шығармашылығына бағыт- бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі-деп атап көрсете келіп, ұстаз баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Омарбекова Г.Ә «Шетел тілін меңгеру -уақыт талабы»
Мектептегі шет тілі №2/2008
2.Рамазанова Н «Гуманитарлық цикл сабақтарында оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту»
Ағылшын тілі мектепте №3/2008
3. Оразова Ү.Ж «Нәтижеге бағытталған білім беру моделімен жұмытанатын мектептердегі ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңызы және ерекшеліктері»
Мектептегі шет тілі №3/2008
Достарыңызбен бөлісу: |