2-параграф. Тұрақты және арнайы бақылаулар мен мәліметтер
64. Әуеайлақта тұрақты бақылау күн сайын тәулік бойғы режімде жүреді. Мұндай бақылаулар 1 сағат интервалмен, ұшу кезеңінде 30 минут сайын өткізіледі. Басқа авиациялық метеорологиялық станцияларда бақылау АНҚКЖ нұсқауымен, АМС болып табылатын құрылымдық бөлімшесі тарапынан және ӘҚҚ органы мен ұшу өндірісі салатын талаптарды есепке ала отырып жүргізіледі.
65. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарда және қону алаңдарында тұрақты бақылаулар авиациялық пайдаланушылардың келісімі бойынша ұшулардың барына қарамастан 1 сағат сайын жасалады.
66. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуеайлақтарда бақылаулар ұшулар кезінде ғана жүргізіледі. METAR ауа-райы мәліметтері АНҚКЖ тапсырмасына сәйкес және ӘҚҰ органдарына және ұшу өндірісі салған талаптарды ескере отырып, әуеайлақта ұшулар басталғанға дейін тұрақты шығарылады.
67. Тұрақты бақылаулардың нәтижелері туралы мәліметтер келесі түрде шығарылады:
1) мәліметтерді жасау тек әуеайлақта таратылатын жергілікті тұрақты мәліметтер (ұшып қонатын және ұшып кететін әуе кемелері, ATIS хабарламалары немесе D-ATIS радиохабарлар тарату үшін арналған);
2) мәліметтерді жасау әуеайлақтың шегінен тыс таратылатын METAR мәліметтері (ұшуларды жоспарлау және VOLMET радиохабарлар немесе D-VOLMET хабарламасы үшін арналған).
68. Әуеайлақ ауданының диспетчерлік пунктіне беру үшін арналған метеорологиялық ақпарат, ATIS радиохабар тарату және D-ATIS хабарлама жергілікті метеорологиялық тұрақты немесе арнайы мәліметтерден алынады.
АДП/АДО диспетчерлік пунктіне беру үшін арналған метеорологиялық ақпарат, VOLMET радиохабар тарату және D-VOLMET хабарлама METAR немесе SPESI мәліметінен алынады.
Ауызша және радиохабар тарату кезінде метеорологиялық ақпарат METAR кодының терминологиясында қабылданған қысқартумен ашық мәтінде беріледі.
69. Арнайы бақылаулар тұрақты бақылауларға толықтыру ретінде жүргізіледі. Жергілікті арнайы бақылауларды жүргізу үшін өлшемдердің тізбесін АМО немесе АМС әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен, пайдаланушылармен және басқа мүдделі тараптармен келісе отырып жасайды.
70. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуеайлақтарда қажет болған жағдайда METAR мәліметтерінің шығарылымы қайта жаңартылғаннан кейін арнайы ауа-райы SPECI мәліметтері шығарылады.
71. Арнайы бақылаулардың нәтижелері туралы мәліметтер келесі түрде шығарылады:
1) жергілікті арнайы мәліметтер - мәліметтерді жасау әуеайлағында тарату үшін ғана (ұшып келетін және ұшып кететін әуе кемелері үшін арналған);
2) SPECI мәліметтері - мәліметтерді жасау әуеайлағының шегінен тыс тарату үшін (ұшуларды жоспарлауға, радиохабарлар VOLMET немесе D-VOLMET хабарламасы үшін арналған).
72. Жергілікті арнайы мәліметтерді шығару үшін өлшемдердің тізбесі келесіні қамтиды:
1) осы әуеайлақты пайдаланатын пайдаланушылардың пайдалану минимумына аса жақын сәйкес өлшемдер;
2) ӘҚҰ органдарының және пайдаланушылардың басқа жергілікті талаптарын қанағаттандыратын өлшемдер;
3) ауа температурасының шектік мәні (әрбір нақты әуеайлақ үшін анықталады);
4) қону және ерекше метеорологиялық жағдайлардың биіктігін алу аймақтарында пайда болатына қатысты, нақтылағанда будақ-жаңбыр бұлттары немесе найзағайдың, орташа немесе қатты турбуленттіктің, желдің ұйтқуының, бұршақтың, алдыңғы шептегі қатты дауылдың, орташа немесе қатты мұзданудың, мұзданатын жауын шашынның, қатты тау толқындарының, шаң және құм дауылының, боранның, құйғыщ түріндегі бұлттардың (торнадо немесе су құйыны)орналасу жері туралы қолданыстағы қосымша ақпаратты;
5) жердегі желдің орташа жылдамдығының (екпін) ауытқу өлшемі секундына 3 метрге (бұдан әрі – м/с) немесе соңғы мәліметте көрсетілгеннен көп мөлшерге өзгерді, бұған қоса өзгеріске дейінгі және одан кейінгі 8 м/с немесе одан көп болады;
6) SPECI мәліметтерді жасау үшін өлшемдер болып табылатын көлемдер осы Қағиданың 1), 2), 4) - 12) тармақшаларында көрсетілген.
73. SPECI мәліметтері келесі өлшемдерде өзгерістер болған жағдайда шығарылады:
1) жерге жақын желдің орташа бағыты 60 градус өзгертілсе, немесе соңғы мәліметте көрсетілген бағытымен салыстырғанда одан да астам болса және/немесе өзгерілгеннен кейін 5 м/с (10 торап) немесе одан астам құрайтын болса;
2) жерге жақын желдің жылдамдығы 5 м/с (10 торап) немесе соңғы мәліметте көрсетілген жылдамдықпен салыстырғанда одан астам өзгертілсе;
3) жерге жақын желдің орташа жылдамдығынан ауытқу көлемі 5 м/с (10 торап) өсіп кетсе немесе соңғы мәліметте көрсетілген көлеммен салыстырғанда одан да асса, осының барысында өзгергенге дейінгі және өзгертілгеннен кейінгі орташа жылдамдық 8 м/с немес одан астам құрайтын болса;
4) желдің өзгерістерін пайдалану жағынан маңызды мағыналарды арттырады.
Шекті көлемдерді ӘҚҰ органымен және мүдделі пайдаланушылармен келісіп, АМО/АМС желдің өзгерістерін ескере отырып белгілейді, олар:
қолданыстағы ҰҚЖ ауыстыруды талап етеді;
ҰҚЖ желдің қуалай соғатын және бүйірден соғатын компоненттерінің өзгерілуі осы әуеайлақта ұшуларды орындайтын типтік әуе кемелері үшін негізгі пайдалану шектері болып табылатын мағыналарды арттыратыны туралы куәландырады.
5) көріну жақсарады және келесі мағыналардың бірін немесе бірнешесіне жетеді немесе арттырады немесе көріну нашарлайды және келесі мағыналардың бірінің немесе бірнешесінен нашарлау болады:
800, 1500 немесе 3000 метр;
5000 метр ШҰЕ бойынша ұшуларды орындау жағдайында.
6) ҰҚЖ көріну қашықтығы жақсарады және келесі мағыналардың бірін немесе бірнешесіне жетеді немесе арттырады немесе ҰҚЖ көріну қашықтығы нашарлайды және келесі мағыналардың бірінен немесе бірнешесінен кем болады: 50, 175, 300, 550 немесе 800 метр;
7) ауа райының келесі құбылыстарының немесе олардың бірігуінің кез- келгенінің басталу, тоқтатылу немесе өзгерілу жағдайы;
мұзданатын жауын шашын;
қатты (көріну 1000 метрден аз) немесе орташа жауын-шашын, оның ішінде нөсерлік түрі;
(жауын шашынмен) найзағай;
шаңды дауыл;
құмды дауыл;
құйғыш түріндегі бұлт (торнадо немесе құйғын);
8) ауа райының келесі құбылыстарының кез келгендерінің басталу немесе тоқтатылу жағдайы;
мұз кристалдары;
қататын тұман;
шаңды, құмды немесе қарлы сырма;
шаңды жаяу боран, құмды жаяу боран, қарлы жаяу боран;
найзағай (жауын шашынсыз);
дауыл;
9) BKN, OVC астам саны барысында бұлттардың төменгі қабатының төменгі шегінің биіктігі ұлғаяды және келесі мағыналардың бірін немесе бірнешеуінен арттырады немесе BKN немесе OVC бұлттардың төменгі қабатының төменгі шегінің биіктігі азаяды немесе келесі мағыналардың бірінен немесе бірнешеуінен кем болады:
30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200, 500 немесе 1000 фут);
450 метр – шолу ұшулар ережелері бойынша маңызды санын орындау жағдайында.
10) 450 метр (1500 фут) төмен қабатта бұлттардың саны өзгереді:
SCT-тен немесе BKN кем немесе ОVC дейін;
BKN немесе OVC-тен кем SCT дейін;
11) аспан жабық және тік көріну жақсарады және келесі мағыналардың біріне немесе бірнешеуіне жетеді немесе арттырады немесе тік көріну нашарлайды және келесі мағыналардың бірінен кем болады:
30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200, 500 немесе 1000 фут);
12) нақты әуеайлақтың пайдалану минимумында негізделген және өкілетті метеорологиялық органның және пайдаланушының арасында келісілген кез келген өлшемдер.
Жергілікті арнайы мәліметтер пайдаланушылардың және басқа әуеайлақтың тұтынушылардың қарауына ұсынылады.
74. Егер бір уақытта ауа райының бір элементінің нашарлауымен басқа элементтің жақсаруы бақыланғанда ауа райының нашарлауы туралы мәлімет болып табылатын SPECI біржолғы мәлімет шығарылады.
3-параграф. Мәліметтердің мазмұны мен форматы
75. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге және METAR мен SPECI мәліметтеріне көрсетілген тәртіпте келесі элементтер енгізіледі:
1) мәліметтің түрін көрсеткіші;
2) орналасу жерінің индексі;
3) бақылау мерзімі;
4) автоматтандырылған немесе қажет болғанда жоғалып қалған мәліметтің көрсеткіші;
5) жерге жақын желдің бағыты мен жылдамдығы;
6) көріну;
7) қажет болған жағдайда ҰҚЖ көріну қашықтығы;
8) ағымдағы ауа райы;
9) бұлттардың саны, түрі (будақ - жаңбырлы және бекініс түрдегі будақ бұлттар) және бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі немесе тік көріну, егер олар өлшенсе;
10) ауаның температурасы және шық нүктесінің температурасы;
11) QNH;
12) осы Қағиданың 184 – 187 - тармақтарында аталған қосымша ақпарат;
13) қону үшін «тренд» түріндегі болжам;
14) RMK тобы - елдің ішінде пайдалану үшін ақпарат:
таулардың, шоқылардың және басқа биік кедергілердің бұлттармен жабылуы (ATIS пен VOLMET тарату үшін);
мұздану (жергілікті мәліметтер үшін);
турбуленттік (жергілікті мәліметтер үшін);
QBB (бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі 200 метр немесе одан төмен кезде);
QFE қысымы.
METAR мен SPECI мәліметтерін жасау кезінде осы Қағиданың 4-қосымшасында келтірілген ауа-райы терминдері мен қысқартылулары қолданылады.
76. Әуеайлақ метеорологиялық органына ҰҚЖ жағдайы және белгіленген ережелерге сәйкес код түрінде ілінісу коэффициенті (немесе тежелу тиімділігі) туралы дұрыс және уақытылы ақпаратты METAR мен SPECI мәліметтеріне енгізу және ATIS мәліметтерін дайындау үшін АМО/АМС әуеайлақ қызметі ұсынады.
77. Азаматтық авиация мамандары бақылауды жүргізетін әуеайлақтарда және қону алаңдарында, сондай ақ метеорологиялық мәліметтер METAR код нысанында жасалады және таратылады немесе METAR кодында көзделген элементтерді енгізу тәртібін сақтаумен қабылданған қысқартуларды ескере отырып ашық мәтінде жасалады және таратылады.
78. CAVOK термині бір мезгілде болған келесі жағдайларда пайдаланылады:
1) көріну 10 километр және одан астам;
2) ұшулар үшін маңызды бұлттылықтың болмауы;
3) осы Қағидалардың 149 және 151 - тармақтарында көрсетілген авиация үшін маңызды ауа райы құбылыстарының болмауы;
Аталған жағдайларда ҰҚЖ көріну және көріну қашықтығы, ағымдағы ауа райы, бұлттардың саны, бұлттардың түрі және бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі туралы ақпарат барлық метеорологиялық мәліметтерде CAVOK терминмен ауыстырылады.
79. Таулы мекендер әуеайлақтарында ауа райы туралы мәліметтерді тарату үшін CAVOK термині пайдаланылмайды.
80. Авиациялық қызметкерлер үшін қысқартулармен ашық мәтінді тарату үшін мәліметтер келесілер арқылы мағынаны нақты жеткізуді қамтамасыз етеді:
1) қабылданған қасқартулар;
2) түсініктемені талап етпейтін сандық өлшемдер.
4–параграф. Метеорологиялық мәліметтерді тарату
81. METAR және SPECI мәліметтері белгіленген адрестерге таратылады:
ОРМЕТ деректерінің халықаралық банктеріне;
Қазақстан Республикасы АМО-ға;
AFS шеңберінде ғаламтор пайдалануға негізделген орталықтарға.
82. Жергілікті тұрақты мәліметтер әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жергілікті органдарына таратылады және пайдаланушылар мен басқа әуеайлақ тұтынушыларға ұсынылады.
83. METAR және SPECI мәліметтері АНҚКЖ тапсырысына сәйкес басқа әуеайлақтарға таратылады.
84. Ауа райы жағдайының нашарлауы туралы SPECI мәліметі бақылаудан кейін тез арада таралады.
Ауа райының жақсаруы туралы SPECI мәліметі 10 мин ішінде жақсару сақталуы кезінде таралады, қажетті жағдайда мұдай мәліметке ол таралғанға дейін 10 минуттық кезеңнің соңында басым болатын ауа райы жағдайының бейнеленуі мақсатында түзету енгізіледі.
Бір элементтің нашарлауы туралы және бір мезгілде басқасының жақсаруы туралы SPECI мәліметі бақылаудан кейін бірден таралады.
85. Жергілікті арнайы мәліметтер әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жергілікті органына белгіленген жағдайлар пайда болған кезде бірден беріледі және метеорологиялық ақпарат бейнеленетін құралдарда автоматты түрде көрінеді (бар болса).
Жергілікті арнайы мәліметтер ӘҚҰ тиісті органымен келісу бойынша мыналарға қатысты шығарылмайды:
1) метеорологиялық станцияда орнатылған дисплейге (индикатор) ұқсас дисплеймен әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жергілікті органы тіркейтін кез келген элементке; осы дисплей (индикатор) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге енгізілетін ақпаратты жаңарту үшін бағытталған;
2) әуеайлақтағы бақылаушы қолданыстағы шкала бойынша бір немесе бірнеше бөлімдердің шегінде барлық өзгерістерді әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жергілікті органға хабарлайтын ҰҚЖ көріну қашықтығы.
Жергілікті арнайы мәліметтер пайдаланушылардың және басқа әуеайлақ тұтынушылардың қарауына ұсынылады.
86. Тұрақты және арнайы мәліметтер әуе кемелері ұшу және қону кезіндегі ресми деректер болып табылады және бұл мәліметтерді әуе қозғалысын басқару органдары тікелей және\немесе ақпаратты дереу тарату қызметінің желісі арқылы әуе кемелерінің борттарына береді (ATIS, VOLMEТ).
5-параграф. Жерүсті желі және биіктіктегі жел
87. Жердегі желдің орташа жылдамдығы және орташа бағыты, сондай-ақ жел бағыттарының және жылдамдығының маңызды өзгерістері өлшенеді, деректерлер нақты градустар мен м/с хабарландырылады.
88. Магниттік қисаюы 5 градусты немесе одан астамды құрайтын әуеайлақта ӘҚҰ органдарына және әуе кемелерінің экипаждарына жіберу үшін желдің бағытының есептеріне түзету енгізіледі. Магниттік қисаюдың оң кезінде оның мағынасы бағыттың есебінен шығарылады, ал теріс қисайғанда – қосылады. Алынған мағына он градусқа дейін дөңгелектенумен үш цифрмен көрсетіледі.
89. Әуеайлақтың шегінен тыс таратылатын мәліметтерде жел бағыты магниттік қисаюна түзетулерсіз жіберіледі.
90. Жерүсті желіне жер деңгейінен 10 метр (30 фут) биіктікте бақылау.
91. Ұшып шығатын әуе кемелері үшін жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерді қалыптастыру үшін арналған жерүсті желін бақылау ҰҚЖ бойына жағдай жасау үшін репрезентативті, ал ұшып келетін әуе кемелері үшін – қонудың барлық аймағы болып табылады.
92. Жердегі желді бақылаулардың репрезентативтігі ҰҚЖ бойына жағдайлар туралы дұрыс деректерді алу үшін осы Қағиданың 3-қосымшасының 11-тармақшасына сәйкес орнатылған көрсеткіштерді пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
93. METAR және SPECI мәліметтері үшін жердегі желді бақылау бір ғана ҰҚЖ болғанда барлық ҰҚЖ үшін, сондай-ақ бірнеше ҰҚЖ болғанда барлық ҰҚЖ кешені үшін репрезентативті болып табылады.
94. ҰҚЖ әр түрлі учаскелерінде жердегі желде маңызды айырмашылықтарға келтіретін ауа райының топографиялық немесе басымды жағдайлары бар әуеайлақтарда қосымша көрсеткіштерді орнату қажет.
95. Тиісті жабдықтар болған жағдайда тұрақты және арнайы мәліметтерге желдің жылдамдығы жылдамырақ нүктеден алынған жел туралы деректер енгізіледі. Қону үшін мәліметтерге – жерге қону аймағына жақын орналасқан көрсеткіштерден алынған деректер, ұшуға бет алу мәліметтерге – жерден жұлыну аймағына жақын орналасқан көрсеткіштерден алынған деректер енгізіледі.
96. АМӨЖ кезде осы жүйенің (аталған жабдық) көмегімен әр көрсеткіш үшін желдің және жылдамдықтарының айтарлықтай өзгеруі және орташа мәндері анықталады және көрсетіледі.
97. Желді бақылауды орталандыру кезеңі мынаны құрайды:
1) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының орналасқан жел дисплейлері (индикаторлары) үшін 2 минут;
2) METAR мен SPECI мәліметтері үшін 10 минут. Осы 10-минуттық кезең кезінде желдің бағыты және/немесе жылдамдығы бойынша байқалған тұрақсыздық болған жағдайда орташа мәндер анықтау үшін осындай тұрақсыздық кезеңде алынған деректер пайдаланылады, көрсетілген уақыт интервалы қысқарады.
98. Байқалған тұрақсыздық 2 минуттың ішінде желдің жылдамдығы 5м/с болып желдің бағыты 30 градусқа шұғыл және тұрақты өзгерілсе немесе жел жылдамдығының өзгерілуі 5 м/с немесе одан астам жағдайда байқалады.
99. 10-минуттік орталандыруды қамтамасыз етпейтін желдің аспаптық өзгеруі барысында әуеайлақ шегінен тыс таратылатын мәліметтер үшін 2 минуттік ортандыру кезеңі пайдаланылады.
100. Жергілікті тұрақты және арнайы, сондай-ақ METAR мен SPECI мәліметтерінде желдің бағыты және жылдамдығы туралы мәлімет 10 нақты градусқа және тиісінше 1 м/с (1 торап) тең көлемде хабарландырылады. Мәліметтер үшін пайдаланылатын деректер шкаласына енгізілмейтін кез келген бақыланудағы мағына осы шкаланың жақын бөлігіне дейін дөңгеленеді.
101. Жергілікті тұрақты мәліметтерінде, жергілікті арнайы мәліметтерде, METAR және SPECI мәліметтерінде:
1) желдің жылдамдығын анықтау барысында пайдаланылатын өлшеу бірлігі көрсетіледі;
2) соңғы 10 минут жел бағытының орташадан ауытқуы егер жалпы өзгеріс 60 градус немесе одан астам болса келесі түрде көрсетіледі:
өзгерістердің толық диапозоны 60 градус немесе одан жоғары, бірақ 180 градус кем, желдің жылдамдығы 2 м/с немесе одан астам құрайды, бағыттың осындай өзгерістер жерге жақын жел бағытының өзгерілуі бақыланған шегінде екі экстремальды көлемінде көрсетіледі;
өзгерістердің толық диапозоны 60 градус немесе одан жоғары, бірақ 180 градус кем, желдің жылдамдығы 2 м/с немесе одан астам құрайды, желдің орташа бағытын көрсетусіз желдің бағыты ауыстырмалы тәрізді хабарландырылады;
өзгерістерді толық диапозоны 180 градус немесе одан астамды құрған жағдайда желдің орташа бағытын көрсетусіз желдің бағыты ауыстырмалы тәрізді хабарландырылады.
3) «METAR және SPECI мәліметтерінде 5 м/с немесе (10 мин.) одан астам және жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде орташа жылдамдық 3 м/с немесе одан астам орташа жылдамдық жоғары жылдамдықтан асса, соңғы 2 минутта байқалған желдің орташа жылдамдығынан (екпін) ауытқуы көрсетіледі:
4) 1 м/с және одан кем жел жылдамдығы туралы хабарландырылған жағдайда, олар «штиль» деп көрсетіледі;
5) 50 м/с жел жылдамдығы туралы хабарландырылған жағдайда олар құрамдас бөлігі деп көрсетіледі;
6) 10-минут кезінде желдің бағыты және/немесе жылдамдығы бойынша елеулі тұрақсыздық болған жағдайда осы кезден кейін желдің орташа бағытынан және орташа жылдамдықтан пайда болған ауытқулар көрсетіледі.
102. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде:
1) егер жердегі желді бақылау ҰҚЖ бойы бірнеше орыннан жүргізілсе, осы көлемдер репрезентативтік болып табылатын бақылаулар орындарының орналасу жерлері көрсетіледі;
2) егер бірнеше ҰҚЖ пайдаланылса және жерүсті желі осы ҰҚЖ қолдана отырып бақыланса, әр ҰҚЖ желдің қолданыстағы мағыналары қосылады және осы мағыналар жататын ҰҚЖ көрсетіледі;
3) егер желдің жылдамдығы 2 м/с болғанда 60 градусқа немесе одан астам, бірақ 180 градустан төмен өзгерістер толық диапазонында желдің орташа жылдамдығынан ауытқулар көрсетілетін болса желдің өзгерісін бақылау шегінде жерүсті желі бағытының екі экстремальды өлшемдері қосылады.
4) осы Қағидалардың 101-тармағының 3) тармақшасына сәйкес орташа жылдамдықтан (екпін) ауытқулар көрсетілсе, олар өлшенген жел жылдамдығының барынша көп және ең аз көлемі ретінде көрсетіледі;
103. METAR және SPECI мәліметтерде осы Қағиданың 101-тармағының 3) тармақшасына сәйкес желдің орташа жылдамдығы ауытқыған жағдайда желдің барынша өлшенген жылдамдығының мағынасы хабарландырылады.
104. Уақытша әуеайлақтарда және қону алаңдарында бақылаулар флюгерлерді, жел конустарын және қол анемометрлерді пайдаланумен жасалады.
105. Техникалық құралдар болған кезде биіктікте желді бақылау ұшу кезінде әр 3 сағат сайын, ал қажет кезде басқа мерзімде жүргізіледі. Бақылаудың мәліметтері бойынша ұшудың әуеайлақтық айналымы деңгейінде және 100 м биіктікте желдің бағыты мен жылдамдығы анықталады.
106. Биіктікте желді аспаптық әдіспен анықтай алмағанда әуеайлақ метеорологиялық органдары 10 шақырым радиуста орналасқан аэрологиялық станциялардың жел туралы мәліметтерін және әуе кемесінің бортынан алынған жел туралы мәліметтерді пайдаланады.
Қажет болған жағдайда АМО желдің болжамдық деректерін әуеайлақтық шеңбер деңгейінде ұсынады.
6-параграф. Көру мүмкіндігі
107. Көру мүмкіндігін бақылау аспаптық құралдарды немесе арақашықтық мәлім көру мүмкіндігінің орнатылған және жинақталған күндізгі және түнгі бағдарларын пайдалана отырып жүргізіледі. Көру мүмкіндігі бағдарларының схемаларын ӘМО/АМС дайындайды және Әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа енгізеді.
108. Көру мүмкіндігі өлшенеді және бақыланады, ал ол туралы деректер метрмен немесе километрмен хабарланады.
109. Көру мүмкіндігін өлшеу үшін аспаптық жүйелер пайдаланылады, көру мүмкіндігін бақылаудың репрезентативтігі датчиктерді пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларды жасау кезінде деректері пайдаланылатын көру мүмкіндігін бақылауға арналған датчиктер неғұрлым расталған ақпарат алу мақсатында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ҰҚЖ бойына және қону аймағында орналастырылады.
110. Ұшып кететін әуе кемелері үшін пайдаланылатын жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда, осы ақпарларды жасау үшін көру мүмкіндігін бақылау ҰҚЖ бойындағы жағдай үшін репрезентативті болып табылады. Ұшып келетін әуе кемелері үшін жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда пайдаланылатын, ҰҚЖ қону аймағы үшін репрезентативті болып табылады.
111. METAR және SPECI ақпарларын жасау үшін көру мүмкіндігін бақылау әуеайлақ үшін репрезентативті болып табылады.
112. Қону жүйелерімен жабдықталмаған әуеайлақтарда көру мүмкіндігін бақылау ҰҚЖ жағына қарай да, басқа бағыттарда да жүргізіледі. Ауа райының ақпарына ҰҚЖ жұмыс бағытында анықталған көру мүмкіндігінің мәні енгізіледі. Кез келген басқа бағыттағы ең аз мән, егер ол ақпарға енгізілген мәннен кем болса, қозғалыс қызметінің диспетчерлеріне және кезекші синоптигіне (компас бойынша сегіз бағыттың бірін көрсете отырып) хабарланады.
113.Көру мүмкіндігін өлшеу үшін аспаптық жүйелерді қолданған кезде көру мүмкіндігі туралы деректерді көрсету дисплейлері метеорологиялық станцияда тиісті ӘҚҚ органдарының осыған ұқсас дисплейлерімен қатар орнатылады.
Дисплейлерде бейнеленетін метеорологиялық деректер әрбір датчиктер бейнелейтін мәндер тиесілі ҰҚЖ-ны және ҰҚЖ учаскесін көрсете отырып анық таңбаланады.
114. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда көру мүмкіндігін өлшеу үшін құралды жүйелер пайдаланылатын кезде:
1) көру мүмкіндігін бақылау осы Қағидалардың 110-тармағында көрсетілгендей ҰҚЖ бойында бірнеше орыннан жүргізілген жағдайда, алдымен жанасу аймағы үшін репрезентативті мәндерді содан кейін, қажет болған кезде ҰҚЖ орта нүктесі мен алыс шеті үшін репрезентативті мәндерді көрсеткен жөн, бұл ретте сондай-ақ осы мәндер репрезентативті болып табылатын орындар көрсетіледі;
2) бірнеше ҰҚЖ пайдаланылса және көру мүмкіндігін бақылау осы ҰҚЖ қатысты жүргізілген жағдайда, әрбір ҰҚЖ үшін көру мүмкіндігінің мәндері қосылады және сы мәндер жататын жолақтар көрсетіледі.
115. Аспаптық бақылау кезінде тұрақты және арнайы ақпарларда ҰҚЖ ұзындығына әуе кемесінің ұшуына (қонуына) шешім қабылдау үшін көру мүмкіндігі туралы ресми деректер болып мыналар қабылданады:
1) ҰҚЖ 1800 метр және одан кем кезде – ҰҚЖ екі шетінен өлшенген көрінудің екі мәнінің азы;
2) ҰҚЖ 1800 метр астам кезде – жұмысшы СДП және ҰҚЖ ортасынан өлшенген көрінудің екі мәнінің азы.
116. Көру мүмкіндігін өлшеу үшін аспаптық жүйелерді пайдалану кезінде олардың шығыс деректері ағымдағы репрезентативті өлшемдерді алуды қамтамасыз ету үшін кемінде әр 60 секунд сайын жаңартылады. Орталандыру кезеңі мыналарды құрайды:
1) жергілікті тұрақты және арнайы ақпарлар және ӘҚҚ органдары пайдаланатын, ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы туралы деректерді бейнелейтін дисплейлер үшін1 минут;
2) бақылау алдындағы тура 10 минуттық кезең ішінде елеулі тұрақсыздық орын алған жағдайларды қосапағанда, METAR және SPECI ақпарлары үшін 10 минут; бұл жағдайда орташа мәндерді анықтау үшін осы тұрақсыздық кезеңінен кейін алынған деректер пайдаланылады.
117. Көру мүмкіндігін көзбен шола бақылау кезінде көру мүмкіндігінің арнайы таңдалған күндізгі және түнгі табиғи бағдарлары пайдаланылады. Көру мүмкіндігін бақылау әуеайлақ және оған жақын өңір үшін репрезентативті болып табылады, мұндай бақылаулар кезінде бағыттар бойынша көру мүмкіндігінің маңызды өзгерістеріне аса көңіл бөлінеді.
118. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда, METAR және SPECI ақпарларында көру мүмкіндігі:
1) кемінде 800 метрден кем көру мүмкіндігінде 50 метр еселі өлшемдерде;
2) 800 метр және одан астам, бірақ 5 километрден кем көру мүмкіндігінде100 метр еселік өлшемде;
3) 5 километр және одан астам және 10 километр және одан астам мүмкіндігінде ол – 1 километр еселік өлшемде;
4) 10 километр және одан астам көру мүмкіндігінде метеорологиялық жағдайлар CAVOK пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қоспағанда, 10 километр ретінде көрсетіледі.
Деректерді хабарлау үшін қолданылатын шкалаға нақты енбейтін кез келген бақыланатын шама шкаланың ең төменгі келесі мәніне дейін төмен жаққа дөңгеленеді.
119. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда ҰҚЖ бойы ндағы көру мүмкіндігінің шамасы оның өлшеу бірліктерімен бірге көрсетіледі.
120. METAR және SPECI ақпарларында, басым көру мүмкіндігі көрсетілген жағдайда, келесі шарттар көрсетіледі. Егер әр бағыттағы көру мүмкіндігі бірдей болмаса және төмен көріну басым көрінуден айырмашылығы болса және:
1) ең төмен көру мүмкіндігінің басым көру мүкіндігінен айырмашылығы болады және 2000 метрден кем болады немесе басым көру мүмкіндігі мәнінің 50 % құрайды, ақпарларда тіркелген ең төменгі көру мүмкіндігі және компас бойынша сегіз бағыттың бірін көрсетумен көрсету арқылы КТА-ға қатысты жалпы бағыты көрсетіледі. .
2) Көру мүмкіндігі тез өзгереді және басым көру мүмкіндігін анықтау мүмкін емес, бағыттары көрсетілместен, тек көру мүмкіндігінің ең төмен мәндері көрсетіледі.
121. Әуеайлақ бетінің жарты шегінде көру мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік беретін, әуеайлақта тиісінше жинақталған және орнатылған көру мүмкіндігінің бағдарлары және/немесе аспаптары болған кезде басым көру мүмкіндігі анықталады. Орнатылған бағдарлар мен аспаптар болмаған жағдайда, басым көру мүмкіндігін анықтау мүмкін емес. Көру мүмкіндігі METAR және SPECI ақпарларында осы Қағидалардың 115-тармағы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес көрсетіледі.
122. Әр алуан көру мүмкіндігі жағдайларында ұшу алаңында тікұшақтардың және басқа да әуе кемелерінің ұшу мен қонуын қамтамасыз ету үшін ӘҚҚ диспетчерінің сұрауы бойынша сұрауда көрсетілген бағытта анықталған көру мүмкіндігінің мәні беріледі (осы бағытта орнатылған немесе жинақталған көру мүмкіндігінің бағдарлары немесе аспатары болған жағдайда).
123. Ымырт кезінде көзбен шола бақылағанда көру мүмкіндігі күндізгі де, түнгі де жарықтық бағдарлар бойынша бағаланады, осы ретте ақпарға көру мүмкіндігінің анықталған мәндерінің ең жоғары мәні енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |