2-параграф. Ағымдағы жөндеулерді ғана отжүргізу кезінде бұйымдарды пайдалануды жалғастырудың немесе есептен шығарудың экономикалық орындылығын анықтау
35. Орташа және күрделі жөндеулер жүргізілмейтін бұйымдарды пайдалануды жалғастырудың немесе есептен шығарудың экономикалық орындылығын анықтау нақты пайдалану шығындарын жыл сайын есепке алу кезінде мүмкін болады.
36. Бұйымның С жыл сайынғы пайдалану шығындары мына формула бойынша анықталады:
(17)
мұнда
і - шығындары анықталатын пайдалану жылы;
j - шығыстар бабының нөмірі;
Сб - бұйымның бастапқы теңгерімдік құны;
Сij - j шығыстар бабы бойынша і пайдалану жылындағы жылдық шығындар;
n - бұйымды пайдалануға шығыстар баптарының саны.
37. Осы бұйымды пайдалануға шығыстар баптарына мыналар жатады:
1) егер техникалық персонал бірнеше бұйымдарға қызмет көрсетсе, осы бұйымға қызмет көрсетудің нақты еңбекті қажетсінуіне пропорционалды ескерілетін техникалық персоналдың жалақысы (есептеулермен);
2) шығыс материалдарының құны;
3) қосалқы бөлшектердің құны;
4) осы бұйымның жұмысына электр энергиясының құны;
5) бұйымды ұшу кезінде тексерудің құны;
6) осы бұйымға арналған жалпы мақсаттағы бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру және жөндеу құны;
7) үстеме шығыстар (іссапарлар).
38. Егер і пайдалану жылында:
Сk>С(k-1) (18)
болса, пайдалануды жалғастыру экономикалық орынсыз емес.
39. (18) шарты орындалған кезде С(к-1) бұйымды пайдаланудың ең төмен орташа жылдық құнын анықтайды.
5-тарау. Бұйымның техникалық жай-күйі бойынша қорытындылар
40. Егер:
1) бұйымның тактикалық және техникалық сипаттамалары бұйымның нормативтік техникалық құжаттамасында белгіленген талаптарға сәйкес келсе;
2) істен шықпау бойынша шекті жай-күйі басталмаса;
3) орташа немесе күрделі жөндеу талап етілмесе ресурсты (қызмет ету мерзімін) ұзарту мүмкін болады.
41. Егер бұйымның жеке параметрлері мен тактикалық сипаттамалары талаптарға сәйкес келмесе, онда актіде осы сәйкессіздіктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар көрсетіледі және ресурсты (қызмет мерзімін) арттыру жөніндегі шешім актіде көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін қабылданады.
42. Ресурс (қызмет мерзімі) арттырылатын шаманы комиссия осы Әдістеменің 45-54-тармақтарына сәйкес анықтайды.
43. Бұйымдарды орташа немесе күрделі жөндеу ол техникалық негізделген және экономикалық орынды болса жүргізіледі.
44. Шекті жай-күйі басталған кезде бұйым есептен шығаруға жатады.
6-тарау. Қызмет ету мерзімін ұзартудың рұқсатты уақыт аралығын есептеу әдістемесі
45. Қызмет ету мерзімін ұзартудың жол берілетін уақыт аралығын есептеу үшін мынадай деректер пайдаланылады:
n = 6 — бақылау жылдарының саны;
— бақылау кезеңіндегі барлық ақаулықтар сомасы;
- бақылау кезеңіндегі барлық атқарымдар сомасы;
- нақты жылындағы ақаулықтар санының атқарымдар шамасына көбейтінділер сомасы;
mх - бақылау кезеңіндегі бір жылғы ақаулықтар санының орташа мәні;
Тk - есептеуден бастап бағалау сәтіне (белгіленген қызмет ету мерзімінің аяқталуына) дейінгі уақыт;
k - пайдалану қорының коэффициенті (k=0,8);
Ханық - анықтаушы параметр (егер тх < 5, онда Ханық = 10; егер тх < 10, онда Ханық = 20; егер тх < 15, онда Ханық = 30).
46. Анықтаушы параметр ретінде пайдалану процесіндегі жабдықтың ақаулықтар саны алынады.
47. Есептеуді жүргізу үшін бастапқы деректер істен шығу және зақымданудың жинақтауыш картасынан алынады.
48. Бастапқы деректер бойынша регрессия сызықтарын құру үшін а0, а1 коэффициенттері анықталады:
а0 = (В1В4-В3В2)/В5 (19)
а1 = (nВ3-В2В1)/В5 (20)
49. Жылына шекті ақаулықтар саны мына формула бойынша сағаттармен шартты белгіленеді:
Xшек.рұқ. = jmx, j = 1, 2, 3, 4 (21)
50. Жылына шекті жол берілетін ақаулықтар санына жету уақыты мына формула бойынша сағаттармен анықталады:
(22)
51. Жылына ақаулықтар санының таңдалған шекті мәндері кезінде құрал атқарымының жол берілетін уақыт аралығының шамасы анықталады:
(23)
52. Бақылау кезеңіндегі құралдың жылына орташа атқарымы есептеледі:
(24)
53. Регрессия сызығын құру үшін қызмет ету мерзімін ұзарту аралығы жылдармен анықталады:
(25)
54. (21) және (25) формулалары бойынша бұйымды пайдаланудың уақыт кесіндісінде (регрессия сызығында) график салынады. Осы графиктің көмегімен анықтаушы параметрдің белгіленген мәніне (ақаулықтардың жылына жол берілетін санына) қарай қызмет ету мерзімін ұзартудың жол берілетін аралығы жылдармен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |